2. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шығарылған электрондық шот-фактуралар жазып беруді шектеу туралы шешімнің негізінде жүргізіледі.
3. Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінің ішінде электрондық тәсілмен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, веб-қосымшаға, пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.
4. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша шектеудің күшін жою туралы шешім шығару арқылы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеудің күшін жоюды жүргізеді.
5. Салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімге шағым жасауы оның қолданысын тоқтата тұрмайды.»;
32) 123-бапта:
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, осындай хабарламаны жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін ұсынуға міндетті.
Соттардың дебиторлардан салық төлеушінің (салық агентінің) пайдасына берешек сомаларын өндіріп алу туралы заңды күшіне енген шешімдері болған кезде соттың осындай шешімі де беріледі.
Бұл ретте салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында салық органдарының ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалануға, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) тексеру жүргізуге құқылы. Салық органы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында дебиторларға қарсы тексеру жүргізуге құқылы.
Салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешекті өтеген жағдайда, дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісі ұсынылмайды.»;
«4. Дебиторлар өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісін осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде ұсынбаған не дебиторлық берешек сомасы расталмаған жағдайда, салық органы көрсетілген дебиторларға салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дау айтылатын дебиторлық берешек сомасын растауға құқылы емес. Дебиторлық берешек болмаған жағдайда дебитор өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісімен бір мезгілде салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешекті өтеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актісінің және (немесе) дебиторлық берешек сомасын растайтын дебиторды тексеру, оның ішінде осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген қарсы тексеру актісінің және (немесе) ұсынылған сот шешімінің негізінде салық органы дебитордың банктік шоттарына салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.»;
1-тармақтың 33) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
33) 132-бапта:
2-тармақтың бесінші бөлігіндегі «хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік бес күн» деген сөздер «хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы бапта көрсетілген талап, хабархат немесе уәжді шешім, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеушіге қолын қойғызып жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзгеше тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген талап, хабархат немесе уәжді шешім салық төлеушіге мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде - салық төлеуші пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы талапты, хабархатты немесе уәжді шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;
талап, хабархат немесе уәжді шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады.
Талаптың, хабархаттың және уәжді шешімнің нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
34) 136-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;»;
35) 137-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 136-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру мақсатында құпия өлшемшарттармен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар қолданылады. Тәуекел өлшемшарттарын және мұндай өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
36) 145-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылады.
Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Уәкілетті орган тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде интернет-ресурста орналастырады.»;
3-тармақта:
4) тармақшаның бірінші бөлігі «анықталған» деген сөзден кейін «тәуекел дәрежесі орташа» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері бойынша;»;
37) 146-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде нұсқамада көрсетілген мерзім отыз жұмыс күнінен аспайды.
Осы бапта көзделген салықтық тексеру мерзімінің өтуін ұзарту және (немесе) тоқтата тұру хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде қолданылмайды.
Хронометраждық зерттеп-қарау, егер тексерілетін тұлға өз қызметін көрсетілген уақытта және күндері жүзеге асыратын болса, жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс, мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.»;
38) 147-бапта:
1-тармақта:
«тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүргізілетін салықтық» деген сөздер «мерзімдік салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салықтық» деген сөз «мерзімдік салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бірінші бөлікте:
«тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салықтық» деген сөз «мерзімдік салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін» деген сөздер «тәуекел дәрежесін бағалау негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«салықтық» деген сөз «мерзімдік салықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 150-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру жүргізу кезінде - нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;»;
40) 158-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру актісін алудан бас тартқан кезде осы Кодекстің 71-бабында көзделген хаттама (акт) жасала отырып, салықтық тексеру актісінде тиісті жазба жүргізіледі.
Бұл ретте хаттама (акт) жасалған күн салықтық тексеру актісін табыс ету күні болып табылады.»;
41) 172-баптың 10-тармағының бірінші абзацындағы «импорттаушының таңдауы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
42) 175-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«175-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау»;
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «Уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздерден кейін «және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «және жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 43) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43) 189-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы он төртінші абзацындағы «орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.» деген сөздер «орналастырғаны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«цифрлық майнинг үшін төлемақылар қолданылады.»;
44) 190-бапта:
1-тармақтың 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2018 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың мақсатында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде ресімделген бухгалтерлік құжаттама немесе бастапқы есепке алу құжаттары да есепке алу құжаттамасы болып танылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметке байланысты салықтық есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректеріне негізделеді.»;
1-тармақтың 45) тармақшасы 2018 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
45) 193-баптың 2-тармағы «шот-фактураларды» деген сөздерден кейін «, бухгалтерлік құжаттаманы және бастапқы есепке алу құжаттарын» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 46) тармақшасы 2018 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
46) 202-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аталған дара кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы.»;
47) 208-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
48) 209-баптың 5-тармағы 11) тармақшасындағы «ұсынылмаса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.» деген сөздер «ұсынылмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) салықтық есептілікті тіркелуі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жарамсыз деп танылған дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ұсынса;
13) қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 85-бабының 4-тармағы 6) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғалар ұсынса, салық органдарына ұсынылмады деп есептеледі.»;
49) 211-баптың 5-тармағында:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жеке тұлғаның декларация ұсыну жөніндегі міндеттемесі туындаған жыл басталғанға дейін Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған мәмілелер бойынша берешектерден, сондай-ақ сот шешімі бойынша танылған берешектерден басқа жеке тұлғамен арада туындаған қатынастар бойынша қалыптасқан, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегін (дебиторлық берешекті) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегін (кредиторлық берешекті) жеке тұлғалардың декларацияларында көрсету бөлігінде;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Салық агентінің осы Кодекстің 648 және 657-баптарында көрсетілген салықтық есептілікке салық органы:
төленген табыс салығын бюджеттен осы Кодекстің 672-бабында көзделген халықаралық шарт негізінде қайтаруға арналған өтінішті;
осы Кодекстің 672-бабының негізінде ұсынылған өтінішке сәйкес жүргізілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға берілетін шағымды қарамайтын бейрезиденттер бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі құқығына осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережесі қолданылмайды.»;
50) 214-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өткен кезде дара кәсіпкер осындай арнаулы салық режимінің қолданылуы басталған күннен бастап қызметін қайта бастаған деп танылады.»;
51) 225-баптың 2-тармағында:
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) мынадай:
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылған, энергия беруші ұйым өтеусіз негізде меншікке қабылдаған;
энергия беруші ұйым мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органдардан, басқа да энергия беруші ұйымдардан немесе электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайтын электр желілерінің меншік иелерінен балансқа өтеусіз негізде қабылдаған электр желілерінің құны;»;
мынадай мазмұндағы 26-1) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-1) осы Кодекстің 258-бабының 6-тармағына және (немесе) 268-бабының 2-1-тармағына сәйкес күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының шартты коэффициентті қолдануы салдарынан пайда болған амортизацияланатын активтер топтарының (кіші топтарының) құндық балансының ұлғайтылуы;»;
1-тармақтың 51) тармақшасының сегізінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«28-1) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан қайырымдылық көмек шеңберінде өтеусіз алған мүліктің құны, мемлекеттік меншік объектілерін күрделі жөндеу, реконструкциялау құны;»;
52) 231-бапта:
1-тармақта:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін ұлғайту;»;
«4) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін төмендетуі;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты кірістер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректерінің негізінде айқындалады.»;
3-тармақтағы «құрылған» деген сөз «есептелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
53) 232-баптың 6-тармағындағы «құрылған» деген сөз «есептелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
54) 243-бапта:
1-тармақтың 54) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде ірі кәсіпкерлік субъектісі шеккен тауарлардың бүлінуі, жоғалуы қылмыстық қудалауды жүргізетін органның салық төлеушіні төтенше жағдайға байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп тану туралы қаулысының көшірмесі болған кезде төтенше жағдай қолданылған кезеңде келтірілген, төтенше жағдай күніне бухгалтерлік есепке алуда ескерілген және:
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген тауардың бүліну, жоғалу фактілерін растайтын құжат;
осы Кодекстің 215-бабының 7-1-тармағына сәйкес жасалған салықтық тіркелімде көрсетілген мәліметтер бар тауарлардың құнындағы залал сомасында шегерімге жатады.
Бұл ретте тауарлардың бүлінуінің, жоғалуының шегеріміне жатқызылатын сома осы тауарлардың баланстық құнынан аспайды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшерде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына есепке жазылған аударымдар бойынша шығыстары шегерімге жатады.»;
1-тармақтың 54) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 14-2-тармақпен толықтырылсын:
«14-2. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар шегерімге жатады.»;
55) 244-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
56) 246-баптың 4-тармағының оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Д - мынадай:»;
мынадай мазмұндағы он бірінші және он екінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында құрылған кредиттік серіктестік беретін, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банк беретін кредиттер (қарыздар) үшін;
ұстаушысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылатын борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан алынатын сыйлықақыны ескере отырып) түріндегі сыйақы сомасы;»;
57) 249-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «есепке жазылған» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «резервтерін құру жөніндегі шығыстарды» деген сөздер «резервтерін ұлғайтуды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты шегерімдер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректері негізінде айқындалады.»;
58) 250-баптың 5-тармағында:
«сақтандыру резервтерін құру» деген сөздер «есептелген сақтандыру резервтері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құрылған» деген сөз «есептелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
59) 251-баптағы «құрылған» деген сөз «есептелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
60) 252-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарату қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында белгіленеді.»;
1-тармақтың 61) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
61) 255-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Осы бапта» деген сөздер «Осы баптың 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторына төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.»;
62) 257-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасындағы «танылатындарды қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерімге жатады.» деген сөздер «танылатындарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) салық төлеушінің осы баптың 2-тармағында көзделген шығыстарын қоспағанда, жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген, салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыскердің осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген кірістері бойынша жұмыс берушінің шығыстары) шегерімге жатады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеушінің осы Кодекстің 319-бабы 2-тармағының 1), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1), 10-2) және 12) тармақшаларында, 341-бабы 1-тармағының 42) және 44) тармақшаларында көрсетілген шығыстары, оның ішінде жеке тұлғаларға төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады.»;
63) 258-бапта:
2-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден бастап жылдық жиынтық кірістен амортизациялық аударымдар түрінде шегеріледі. Амортизациялық аударымдардың сомасы салықтық кезеңнің соңында осы тармақта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бірақ:
1) осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген мерзімге күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 37,5 пайыздан;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар бойынша, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 25 пайыздан аспайтын амортизация нормасын қолдану арқылы есептеледі.
Көрсетілген тәртіп сондай-ақ:
егер жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде кен орнын табу мен бағалау негізінде жасалған өндіруге арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асырған жағдайда қолданылады. Барлауға арналған осындай келісімшарт бойынша соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасы көрсетілген өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде амортизациялық аударымдар түрінде жылдық жиынтық кірістен шегеруге жатады;
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін, өзінен барлау учаскесінің бір бөлігін бөліп беру жүргізілетін барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа өзгерістер енгізу арқылы осындай учаскенің бір бөлігі бөліп берілген және бөліп берілген жер қойнауы учаскесі бойынша өндіруге арналған жеке келісімшарт жасалған жағдайда қолданылады. Бұл ретте амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстардың өндіруге арналған келісімшарт бойынша шегерімге жатқызу мақсаттары үшін ауыстырылуға жататын сомасы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған тиісті келісімшарт бойынша бөліп беру кезіне дейін жұмсаған тікелей шығыстардың жалпы сомасында барлау учаскесінің осындай бөліп берілетін бөлігіне тиесілі тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша айқындалады.»;