төртінші бөліктің бірінші абзацындағы «Осы Кодекстің осы бабының және 260-бабының» деген сөздер «Осы баптың, осы Кодекстің 260 және 722-1-баптарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көзделген шығыстардың сомалары осы баптың 6-тармағында белгіленген, бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қатысты осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстардың мөлшері осындай шығыстарға мынадай шартты коэффициентті қолдану жолымен айқындалады:
құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 1,5;
күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 2,0.»;
1-тармақтың 64) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
64) 260-баптың 2-тармағында:
үшінші бөліктің оныншы абзацындағы «жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген запастарының» деген сөздер «өндірілген уранның» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөліктің сегізінші абзацындағы «жер қойнауындағы нормаланатын ысыраптар ескеріле отырып, уранның өтелген запастарының» деген сөздер «өндірілген уранның» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «уранның өтелген запастарының» деген сөздер «өндірілген уранның» деген сөздермен ауыстырылсын;
65) 268-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы активтердің бастапқы құнын осы бапта белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 258-бабының 6-тармағында көзделген тиісті коэффициентті қолдана отырып айқындайды.»;
66) 270-бап мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
«15. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген активі шығып қалған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы Кодекстің 268-бабының 2-1-тармағында белгіленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып, шығып қалу күніне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады.»;»;
67) 271-бапта:
7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың мақсаттары үшін жерасты суларын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай жерасты суларын өндіру құқығын иеленгендіктен ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын және өндірілген жерасты суын алкогольсіз сусындар өндіру үшін пайдаланатын жағдайда, жерасты суларын өндіруге арналған келісімшарт, сондай-ақ күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп танылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Күрделі жобалар (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір кіші топ, топ бойынша амортизациялық аударымдарды тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық баланстарын айқындау және тіркелген активтер жөніндегі кейінгі шығыстар бойынша салықтық тіркелімде көрсетілген, осы тармақта белгіленген шекті нормалардан аспауға тиіс амортизация нормаларын кіші топтың, топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансына қолдану арқылы айқындайды:
р/с № | топтың № | Тіркелген активтердің атауы | Амортизацияның шекті нормасы (%) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | І | Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар | 15 |
2. | ІІ | Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық | 37,5 |
3. | ІІІ | Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық | 60 |
4. | ІV | Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы | 22,5 |
»;
68) 289-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«пәтерлер, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін ақша жинақтауға бағытталған міндетті шығыстары;»;
69) 293-бапта:
1-тармақ 6) тармақшасындағы «салық төлеушілер қолданады.» деген сөздер «салық төлеушілер;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар қолданады.»;
1-тармақтың 69) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4-3-тармақтың үшінші бөлігі «кірістер бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер, өсімпұлдардың және айыппұлдардың сомасы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:
«4-4. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықта газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекстің 722-1-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай келісімшарт бойынша бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.»;
70) 305-баптың 2-тармағы 10) тармақшасындағы «ұйым орындамайды.» деген сөздер «ұйым;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 2-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер орындамайды.»;
71) 317-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бірыңғай төлем төлеушінің төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы Кодекстің 89-1-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізеді.»;
72) 319-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде» деген сөздер «ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы - жеке тұлға соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде хабарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы - жеке тұлғаға бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген, сондай-ақ қарыз алушы - жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы - жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы - жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы, ипотекалық ұйым) алдында қарыз алушы - жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының атқарушылық құжатты банкке (микроқаржы ұйымына, ипотекалық ұйымға) қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағаға сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін мұндай мүлік «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтелмеген кредиттің (ипотекалық қарыздың, ипотекалық тұрғын үй қарызының, микрокредиттің) сомасына кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші және алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (ипотекалық ұйымның, микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (ипотекалық ұйыммен, микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (ипотекалық ұйым, микроқаржы ұйымы) берген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кезде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін жеке тұлғаның шотына банктің және (немесе) Ұлттық пошта операторының қаражаты есебінен банк және (немесе) Ұлттық пошта операторы есепке жатқызатын сома;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) осы Кодекстің 22-бабының 14-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес алынған сыйақы сомасы;»;
73) 331-бапта:
1-тармақта:
1-тармақтың 73) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшадағы «гараждар,» деген сөз «гараждар, тұрақ орындары,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерлі-зайыптылардың біреуі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мұраға алған кездегі құн өсімін айқындау мақсаттары үшін осы тармақшаларда көрсетілген кезең ерлі-зайыптылардың осындай мүлікке ортақ бірлескен меншік құқығы тіркелген күннен бастап айқындалады.»;
7-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның өзі салған, өткізетін ғимарат, ғимараттың бір бөлігі өткізілген кезде осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен осындай ғимаратты, ғимараттың бір бөлігін салу үшін сатып алынған жер учаскесінің құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Ғимараттың бір бөлігін өткізу кезінде жер учаскесінің құны ғимараттың өткізілетін бөлігіне пропорционалды түрде айқындалады.
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, бұрын жеке тұрғын үйден реконструкцияланған ғимарат өткізілген жағдайда, осындай мүлікті өткізу бағасы (құны) мен оны жеке тұрғын үй ретінде сатып алу құнының арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.»;
8-тармақтың 1) тармақшасы «баға (құн) мен» деген сөздерден кейін «кедендік және кәдеге жарату төлемдері, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 74) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
74) 332-баптың 4-тармағындағы «Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның бағалы қағаздар өткізген кезде» деген сөздер «Жеке тұлғаның цифрлық активті, борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздарды өткізу кезінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
75) 341-баптың 1-тармағының 45) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«45) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан берілетін субсидиялар;»;
76) 348-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжат ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжат болып табылады.»;
77) 358-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері бірыңғай төлемнің есептелген сомаларын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияда көрсетеді.»;
1-тармақтың 78) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
78) 372-бапта:
2-тармақ 8) тармақшасындағы «қаржыландыруын білдіреді.» деген сөздер «қаржыландыруын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының уақытша теңгерімдеу төлемақысын алуын білдіреді.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 38) тармақшамен толықтырылсын:
«38) Ұлттық инфрақұрылым операторының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуі.»;
79) 379-бап мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Берешекті өтеу есебіне бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының балансына бұрын қабылданған кепілге салынған мүлікті төлемді кейінге қалдыру шарттарымен өткізу кезінде сатып алу-сату шарты бойынша осындай төлемді алу мерзімі басталған күн немесе оқиғаның қайсысы бұрын басталатынына қарай осындай төлемді алған күн өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады.»;
80) 381-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «белгілейтін» деген сөзден кейін «, қосылған құн салығы қосылмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
81) 388-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«388-бап. Халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізуге салық салу»;
1-тармақта:
бірінші бөлік «әуежайлар» деген сөзден кейін «, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «әуежайларға» деген сөзден кейін «, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілерге» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзац «әуежайлар» деген сөзден кейін «, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде - әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде - шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілердің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).»;
төртінші бөліктің екінші абзацында:
«қызметін» деген сөз «қызметі» деген сөзбен ауыстырылсын;
«реттейтін» деген сөз «туралы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары.»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;»;
82) 394-баптың бірінші бөлігінде:
1-тармақтың 82) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«48) мынадай шарттар сақталған кезде:
өткізуші заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі болып табылса;
көлік құралдары және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасы, тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары осы баптың бірінші бөлігінің 38) тармақшасына немесе 53) тармақшасына сәйкес өндірушіден қосылған құн салығынсыз сатып алынса, көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшаны қолдану мақсатында көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушімен жасалған мәміле шеңберінде уәкілетті өкіл тағайындаған және өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізіліміне енгізілген заңды тұлға көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын өндірушінің уәкілетті өкілі деп танылады;»;
мынадай мазмұндағы 51), 52) және 53) тармақшалармен толықтырылсын:
1-тармақтың 82) тармақшасының сегізінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«51) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның қайырымдылық көмегі шеңберінде өтеусіз негізде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
52) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілеріне аффинирленген алтынды және (немесе) күмісті;
1-тармақтың 82) тармақшасының оныншы - он екінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2028 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
53) мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:
өткізілетін тұрмыстық аспаптың және (немесе) тұрмыстық электроника аспабының, сондай-ақ олардың құрамдастарының құрамына бұрын әкелінген, осы Кодекстің 399-бабының 3-тармағына немесе 451-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын шикізат және (немесе) материалдар, сондай-ақ олардың құрамдастары кірсе;
тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, өткізілуі қосылған құн салығынан босатылатын тұрмыстық аспаптар және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптары, сондай-ақ олардың құрамдастары тізбесіне енгізілсе, тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.»;
83) 395-баптың бірінші бөлігінің алтыншы абзацындағы «қызметін реттейтін» деген сөздер «қызметі туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 399-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«19) шикі құрақ қантының;
20) бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде:
көрсетілген тауарлар өндірісі Қазақстан Республикасының аумағында болмаса немесе Қазақстан Республикасының қажеттіліктерін жаппаса;
әкелінген тауарлар уәкілетті органмен, салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге енгізілсе;
әкелінген тауарлар тек қана пестицидтерді өндіруге арналса және одан әрі өткізуге арналмаса, пестицидтерді өндіруге арналған химиялық заттардың (шикізаттың) импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін тауарлар шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын тауарларға қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде, импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып, төленуге жатады;
1-тармақтың 84) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
21) мемлекеттік емес музейлер әкелетін өнер туындыларының импорты қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетілген өнер туындыларының тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
1-тармақтың 85) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
85) 400-бапта:
6-тармақтағы «Осы» деген сөз «Осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсету үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы пайдаланған немесе пайдаланатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған кезде есепке жатқызылуға жатады.»;
86) 402-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«шот-фактура осы Кодекстің 412-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 412-бабы 1-тармағының талаптары бұзыла отырып, қағаз жеткізгіште жазып берілген;»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«шот-фактура осы Кодекстің 412-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 2-1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіште жазып берілген және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;»;