ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 1-баптың 1-тармағында:
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға;»;
1-тармақтың 1) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) тармақшадағы «жер қойнауының» деген сөз «құнарсыздануды есепке алмағанда, жер қойнауының» деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) өндіру - минералды шикізатты немесе пайдалы қатты қазбаларды жер қойнауынан жер бетіне шығаруға және (немесе) пайдалы қазбалар жатқан жерлерден, оның ішінде техногендік минералды түзілімдерден олардың бөлінуіне тікелей байланысты, сондай-ақ жерасты суларын алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) бүкіл кешені;»;
49-1) тармақша алып тасталсын;
53) тармақша «салықтарды» деген сөзден кейін «және (немесе) бірыңғай төлемді» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 16-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Электрондық салық төлеуші салық органдарының веб-қосымшасы арқылы өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін салық төлеушінің электрондық құжатын ресімдеу жолымен уәкілетті өкілді айқындауға құқылы.»;
3) 19-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 120-1-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураларды жазып беру шектелген;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салықтық тексеру барысында қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлеуден жалтару, сондай-ақ әдейі банкроттық фактілері анықталған кезде салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес процестік шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына олардың тергеуіне жататын материалдарды жібереді.»;
4) 24-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
бірінші бөліктегі «бір жұмыс күнінен» деген сөздер «екі жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшада:
бірінші бөліктегі «бір жұмыс күнінен» деген сөздер «екі жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «үш» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) тармақшаның сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«туындаған күнінен бастап екі ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салықтық берешегі бар, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің;»;
15) тармақшада:
бірінші абзац «шарт бойынша банктік шоттарды» деген сөздерден кейін «, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін ақы төлеу мақсатында төлемдермен субсидияларды, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан есепке жатқызылатын біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттарды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк салық төлеушінің салықтық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін, оның ішінде берешектің осы түрлерін көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы толық өтегеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен банктік шот ашуға құқылы.»;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 25-баптың 3) тармақшасының үшінші абзацындағы «, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді» деген сөздер алып тасталсын;
6) 29-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардың тізілімін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.»;
7) 30-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшадағы «19-бабында» деген сөздер «19 және 29-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигі туралы;»;
18) тармақшадағы «туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез кезген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.» деген сөздер «туралы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:
«19) салықтық есептілікте көрсетілген жалдамалы жұмыскерлердің саны туралы мәліметтерді қоспағанда, салық органы салық төлеуші (салық агенті) туралы алған кез келген мәліметтер салықтық құпияны құрайды.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы мәліметтер бөлігінде мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне ұсынады.
Осы тармақшада көрсетілген уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) жеке тұлғаның көлік құралы салығын төлеуі үшін көлік құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру;
5) осы Кодексте көзделген салықтық міндеттемелерді орындау үшін дара кәсіпкердің заңды мекенжайы туралы мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге беру салықтық құпияны жария ету болып табылмайды.»;
8) 44-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
9) 49-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «салығы,» деген сөзден кейін «қол қою бонусы,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 51-бапта:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша мерзімін ұзартуды беру туралы шешімге салықтық міндеттемені орындау графигі қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Салықтық міндеттемені орындау графигі салық төлеушінің уәжді өтініші негізінде қайта қаралуы мүмкін.
Бұл ретте салықтық міндеттемені орындау графигі бір реттен асырылмай қайта қаралуы мүмкін.»;
11) 52-баптың 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік кіріс органдары қойған шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік органдар шектеулер қойған мүлік;»;
12) 54-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «бойынша тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.» деген сөздер «бойынша;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау графигінде белгіленген мерзім бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылған жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.»;
13) 55-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылған кезде салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігін орындауды талап етеді.»;
14) 59-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері негізінде іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген;»;
15) 66-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген, қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктерін белгілейді.»;
16) 67-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ;»;
6-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру кезеңі аяқталған;»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында және 5-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер (қызметті тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда) есептелген және төленген соңғы ай өткен күннен кейінгі күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған болып танылады.»;
17) 69-бапта:
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «және жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер «органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.»;
18) 73-баптың 1-тармағы 8) тармақшасындағы «өткізу жолымен жәрдемдеседі.» деген сөздер «өткізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы, оның ішінде басшыға және (немесе) бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты жұмыскерге ақпараттық хабарлар жіберу жолымен жәрдемдеседі.
Осы тармақшаның ережелері ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.»;
19) 79-баптың 3-тармағындағы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы» деген сөздер «сервистік бағдарламалық өнімдер арқылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 80-баптың 3-тармағындағы «электрондық үкімет» веб-порталы» деген сөздер «сервистік бағдарламалық өнімдер» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 85-бапта:
4-тармақтың 1) тармақшасы «қосылған құн салығы» деген сөздерден кейін «немесе ойын бизнесі» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі «тоғызыншы абзацында» деген сөздер «сегізінші және тоғызыншы абзацтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 95-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Камералдық бақылау шот-фактуралар электрондық нысанда жазып берілгеннен кейін және (немесе) осы Кодексте белгіленген осындай кезең үшін салықтық есептілікті ұсыну мерзімі өткеннен кейін тиісті салықтық кезең үшін жүргізіледі.»;
23) 96-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда:
тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.
Бұл ретте тауарларды өткізу, жұмыстар мен қызметтер көрсету бойынша нақты айналым жасауды белгілеу мақсатында электрондық нысанда шот-фактуралар жазып берілгеннен кейін жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар болып табылады;
тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;
тәуекел дәрежесі төмен бұзушылықтар бойынша - анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы және олардың тәуекел дәрежесі қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат ресімделеді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархат салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық есептілікте бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мәлімет үшін жіберіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабархаттың нысанын уәкілетті орган белгілейді.»;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) анықталған бұзушылықтарды:
салық органдарында тіркеу есебіне қою;
анықталған бұзушылықтар жататын салықтық кезең үшін хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсыну;
салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтару туралы талабы бойынша бұрын бюджеттен қайтарылған қосылған құн салығының сомасын бюджетке төлеу, сондай-ақ салық төлеушіге осындай сомалар аударылған күннен бастап әрбір күн үшін осы Кодекстің 104-бабының 4-тармағында көрсетілген мөлшерде өсімпұл төлеу;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларды кері қайтарып алу, түзету немесе толықтыру арқылы жоюы;
2) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі орташа бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына салықтық есептілікке енгізілген деректердің анықтығын растайтын салықтық және (немесе) бухгалтерлік есепке алулар (есепке алу) тіркелімдерінен үзінді көшірмелерді және (немесе) көрсетілген бұзушылықтарға қатысты құжаттарды қоса бере отырып, бұзушылықтардың жоқтығы туралы түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) хабарламада көрсетілген тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтармен келіспеген жағдайда - салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органына бұзушылықтарда көрсетілген операцияларды (мәмілелерді) жүзеге асыру фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсінікті қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынуы салық төлеушінің (салық агентінің) камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауы болып танылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген түсініктерде:
салық төлеушінің (салық агентінің) түсінікке қол қойған күні;
түсінікті ұсынған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (тұрған жері);
салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген салық органының атауы;
түсінік ұсынылатын хабарламаның күні мен нөмірі;
түсінікті ұсынған тұлғаның осы баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды міндетті түрде қоса бере отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеу мән-жайлары көрсетілуге тиіс.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны түсінік ұсыну арқылы орындау шеңберінде хабарламада сипатталған бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.»;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бұзушылық жойылмаған немесе бұзушылық толық көлемде жойылмаған жағдайларда орындалмады деп таниды.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмады деп танылған кезде салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешім шығарады және оны салық төлеушіге мынадай тәсілдерінің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) электрондық тәсілмен веб-қосымшаға немесе пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді;
3) оны салық төлеушіге қолын қойдыра отырып табыс етеді.
Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген шешім салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай жағдайларда:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберілгенде - салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымы мұндай шешімді пошта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеткізуге тиіс;
2) электрондық тәсілмен жіберілгенде:
салық органы шешімді веб-қосымшаға жеткізген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес салық органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеушіге қолданылады;
шешім пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген салық төлеушіге қолданылады;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жіберілгенде - оны келу тәртібімен алған күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.»;
«6. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жою туралы хабарламаның осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде орындалмауы осы Кодекстің 118-бабына сәйкес салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау және (немесе) орындалмады деп тану осы Кодекстің 120-1-бабына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуге алып келеді.»;
24) 97-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмені салық төлеушінің сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде береді.»;
1-тармақтың 25) тармақшасы 2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25) 101-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «азаматтық авиация саласындағы сертификаттарды,» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 26) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 108-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «талап арыз немесе өзге де өтініш (шағым) қайтарылған» деген сөздер «азаматтың жолданымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, талап арызды немесе өзге де өтінішті (шағымды) сот қайтарған» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша:
«егер іс» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында,» деген сөздермен толықтырылсын;
«іс бойынша» деген сөздерден кейін «конституциялық іс жүргізу,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) азамат Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өз жолданымын кері қайтарып алған, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан;»;
1-тармақтың 27) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 11-тараудың 1-параграфы мынадай мазмұндағы 108-1-баппен толықтырылсын:
«108-1-бап. Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша заттай нысанда есепке жатқызу ерекшеліктері
1. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемі есепке жатқызуды жүргізу күніне салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілген пайдалы қазбалардың көлемі мен салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілуге жататын пайдалы қазбалардың көлемі арасындағы оң айырма болып табылады.
2. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі жеке шотты жүргізу орны бойынша осындай жеке шоттың мәліметтері негізінде жүргізеді.
3. Жеке шот заттай нысанда жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың артық берілген көлемін есепке жатқызуды салық органы мерзімінде орындалмаған Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда өтеу есебіне жер қойнауын пайдаланушының есепке жатқызуға салықтық өтінішінсіз жүргізеді.»;
28) 116-бапта:
5-тармақтағы «Тексеру нәтижелері» деген сөздер «Егер осы баптың 5-1-тармағында өзгеше көзделмесе, тексеру нәтижелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне билік етуін шектеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығарылған кезден бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.»;
29) 117-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық салықтық кредит туралы келісім болған кезде оның қолданылу мерзімі ішінде және осындай кредит берілген салықтар бойынша;»;
30) 118-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «4-3-тармағында» деген сөздер «4 және 4-3-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 13-тарау мынадай мазмұндағы 120-1-баппен толықтырылсын:
«120-1-бап. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу
1. Салық органдары тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған жағдайда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жүргізеді.