45. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілеріне», «осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерімен», «заңнамалық актілерінде» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында», «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 16) тармақшасындағы «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «(астананың, республикалық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 15-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «ғылыми немесе өзге де шығармашылық» деген сөздер «ғылыми, шығармашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «қандай да бір саяси партияны қолдауға» деген сөздер «қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерді» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті» деген сөздермен ауыстырылсын.
46. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, астананың, республикалық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың мемлекеттік мүлкін, мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі қатынастарға қолданылады.».
47. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 15) тармақшасындағы және 51-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
48. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
«құрылысының» деген сөз «құрылыс негіздерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәуелсіздігін, біртұтастығы» деген сөздер «Егемендігін, Тәуелсіздігін, унитарлығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«басқару нысанын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын» деген сөздер «басқару үлгісін, аумақтық тұтастығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмауын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
1-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерінің, оның ішінде елдің Егемендігінің, Тәуелсіздігінің, унитарлығы мен президенттік басқару үлгісінің, аумақтық тұтастығының, Мемлекеттік шекарасына қол сұғылмауы мен аумағының бөлінбеуінің мызғымастығы;»;
10) тармақшадағы «Қазақстанның бүкіл» деген сөздер «біртұтас Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «заңнамалық актілерімен» деген сөздер «заңдарымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 6-баптың 1-тармағында:
5) тармақшадағы «халқының мәдени» деген сөздер «біртұтас халқының тарихи-мәдени» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «ұлтаралық» деген сөз «этносаралық» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «құрылысты» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшада:
«ұлттық,» деген сөзден кейін «этностық,» деген сөзбен толықтырылсын;
«, тектік-топтық астамшылықты» деген сөздер алып тасталсын;
«республиканың» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шетелдіктерден» деген сөз «шетел азаматтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тараудың тақырыбындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 12-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Парламентінің» және «Парламенті» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының» және «Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 13-баптың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15-баптың 1-тармағында:
1) тармақшада:
«құрылысты» деген сөз «құрылыс негіздерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік егемендікті, аумақтық тұтастықты» деген сөздер «мемлекеттің Егемендігін, Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жөнінде» деген сөзден кейін «барлау,» деген сөзбен толықтырылсын;
«қарсы барлау» деген сөздерден кейін «, жедел-іздестіру» деген сөздермен толықтырылсын;
«шекарасын» деген сөзден кейін «қорғауды және» деген сөздермен толықтырылсын;
«іс-қимыл» деген сөзден кейін «, мемлекеттік құпияларды қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуды, Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайтуды, Қазақстан Республикасының Егемендігін, ұлттық қауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан азаматтарын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау» деген сөздер «конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтау» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «заңнамалық» деген сөз «заңдарды» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 19-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «ұлтаралық» деген сөз «этносаралық» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «халықтың денсаулығы мен имандылығына» деген сөздер «азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«қоғам саламаттылығына» деген сөздер «азаматтардың денсаулығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 20-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «егемендікті» деген сөз «Егемендікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы «немесе» деген сөзден кейін «оның негіздерін» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
«Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«егемендігіне» деген сөз «Егемендігіне» деген сөзбен ауыстырылсын;
«қарсы шығатын шетелдіктер» деген сөздер «қарсы шығатын шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жол беретін шетелдіктер» деген сөздер «жол беретін шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 22-бапта:
2-тармақта:
2) тармақшадағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «тәуелсіздігін» деген сөз «Тәуелсіздігін» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақшадағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан экономикасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының экономикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 23-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «Парламентін, Үкіметін және ұлттық қауіпсіздікті» деген сөздер «Құрылтайын, Үкіметін және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
4) тармақшадағы «шетелдіктердің» деген сөз «шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «шетелдіктердің» деген сөз «шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 24-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 25-баптың 1-тармағындағы «ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болып табылатын» деген сөздер «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі болып саналатын» деген сөздермен, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларындағы «Қазақстанның» деген сөз «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-1-тармағындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын.
50. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 2-тармағындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «ғылыми немесе өзге де шығармашылық» деген сөздер «ғылыми, шығармашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «қандай да бір саяси партияны қолдап әрекет етуге» деген сөздер «қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 51-баптың 15-тармағындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын.
51. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 16) тармақшасындағы «егемендікті» деген сөз «Егемендікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағының 16) тармақшасындағы «педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «қандай да бір саяси партияға қолдау» деген сөздер «қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық» деген сөздер «оқытушылық, ғылыми, шығармашылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 14-1-баптың 3-тармағында:
екінші бөліктің үшінші абзацындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 28-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
екінші және төртінші абзацтардағы «ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 29-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада» деген сөздер «астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 33-баптың 2) тармақшасындағы «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздер «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 35-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 36-баптың 2-тармағының 10) тармақшасында:
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
51-тармағының 10) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
«аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;
11) 46-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.
52-тармақ 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
52. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың 4-тармағының 1-2) тармақшасындағы «оның міндетін атқарушы адам» деген сөздер «бірінші басшының активтерді қайтару жөніндегі жұмысқа жетекшілік ететін орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын.
53. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 3-тармағында:
2) тармақшада:
екінші абзацтағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «облыстардағы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы қауымдастықтар (одақтар), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар» деген сөздер «астананың, облыстардың және республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың кәсіпкерлік қызмет саласындағы қауымдастықтары (одақтары), өзін-өзі реттейтін ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы «тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» деген сөздер «астананың, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасында:
«заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламентімен» деген сөз «Құрылтайымен» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Парламентінде» деген сөз «Құрылтайында» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 15-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада» деген сөздер «астанада, әрбір облыста және республикалық маңызы бар қалада» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер «Астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада» деген сөздер «Астанада, тиісті облыстардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың аудандарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құрылады» деген сөз «құрылуы мүмкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 21-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың 15) тармақшасындағы «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың» деген сөздер «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 25-баптың 1-тармағындағы «әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздер «астана, әрбір облыс және республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
33-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының» деген сөздер «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 1) тармақшасындағы «Парламенті Палаталарының бірлескен отырысының» деген сөздер «Құрылтайы отырысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 11-бапта:
3-тармақтағы «53-бабының 5) тармақшасына» деген сөздер «56-бабының 4) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 21-баптағы «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматы» деген сөздермен ауыстырылсын.
56. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қоғамдық кеңес құрамындағы азаматтық қоғам өкілдерінің саны:
1) республикалық деңгейде - оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін;
2) жергілікті деңгейде оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс, олардың кемінде төрттен бірін этномәдени бірлестіктердің өкілдері құрауға тиіс.»;
10-тармақтағы «облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы» деген сөздер «астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) «Қазақстан Халық кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесінің шешімдерін басшылыққа алу.»;
3) 11-баптың 3-тармағындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 5-тармағындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 20-баптың 2-тармағындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың 4-тармағындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын.
57. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 2), 3), 5), 13) тармақшаларын және 57-баптың 1-тармағын қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 3) тармақшасындағы «заңнамалық актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 18-баптың 5-тармағының 1-1) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 27-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 28-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 30-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 32-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 39-баптың 2- тармағының бірінші бөлігіндегі «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 44-баптағы «Парламентімен», «Парламентіне» және «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі» деген сөздер тиісінше «Құрылтайымен», «Құрылтайына» және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 47-баптың 2 және 3-тармақтарындағы «тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруге жол бермеу;»;
3) 5-баптың 1-тармағындағы «конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын» деген сөздер «конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылтайының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «Парламенті Палаталарының» деген сөздер «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылтайы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 16-бапта:
3-тармақтың 14-1) тармақшасындағы «азаматтардың, шетелдіктердің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
58-тармағының 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамы;»;
8-тармақта:
1) тармақшаның сегізінші абзацындағы «заңнамалық актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын;