345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.»;
7) 467-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасында:
«психиатриялық стационарға мәжбүрлеп» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«психикасының бұзылуынан зардап шегетін азаматты ауруханаға мәжбүрлеп» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туберкулезден, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу туралы арыз берген» деген сөздер «туберкулезден мәжбүрлеп емдеу туралы арыз берілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған кепілдіктер
126-2-бап. Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскерлерге арналған кепілдіктер»;
2) 23-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:
«26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге;»;
3) 87-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, скринингтік зерттеулерден өтуге, балалар күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) бір жыл ішінде үш жұмыс күнінен аспайтын көлемде скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс;
6) кемінде үш жұмыс күні көлемінде он екі аптаға дейін жүктілігі бойынша медициналық есепке қоюға арналған демалыс.»;
4) мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-баптармен толықтырылсын:
«126-1-бап. Жүктілігінің мерзімі он екі аптаға дейінгі әйелдерге арналған кепілдіктер
Жүкті әйелдердің қарап-тексеру және он екі аптаға дейін жүктілік бойынша медициналық есепке қою уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.
126-2-бап. Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскерлерге арналған кепілдіктер
Трансплантаттау үшін ағзалардың (ағзалар бөліктерінің) және (немесе) тіндердің (тін бөліктерінің) донорлары болып табылатын жұмыскердің қарап-тексеру және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөліктерін) алу уақытына жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес өзге де кепілдіктер беріледі.»;
5) 186-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кәсіптік аурулар жағдайларын тергеп-тексеруді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс беруші халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бірлесіп жүргізеді.».
10. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
14-баптың г) тармақшасындағы «арнаулы емдеу-алдын алу мекемесiне ерiксiз емделуге» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 56-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 23, 88-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) мәжбүрлеп емдеу - психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды өз еркімен емделуден жалтарған немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынуды жалғастырған кезде сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;»;
27), 28) және 29) тармақшалар алып тасталсын;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) өз еркiмен емделу - психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарын (ауруларын) науқастың немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен жүзеге асырылатын емдеу;»;
2) 4-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасын қамтамасыз ету;
7) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну және сонымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы үшін әлеуметтiк базаны, оның iшiнде қоғамдық, дiни, халықаралық және басқа ұйымдар мен азаматтарды ерiктi негiзде тарту арқылы кеңейту;»;
3) 5-баптың 3-тармағының 4), 12) және 22) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруда және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуде жәрдемдеседi;»;
«12) қызметi есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасымен байланысты қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың жұмысын үйлестiреді;»;
«22) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнiндегi өңiрлiк комиссиялардың қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi жүзеге асырады;»;
4) 7-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне қарай есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға тiкелей қолжетімділік алатын жұмыскерлерге психиатр және нарколог дәрiгерлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) жоқ екендігі туралы, сондай-ақ олардың арасында жекелеген кәсiптік қызмет түрлерiн және қауiптiлiгi жоғары көздермен байланысты қызметтi орындауға жарамсыз деп танылған адамдардың жоқ екендiгi туралы қорытындылары қажет.»;
5) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету»;
6) 32-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестердi заңсыз тұтыну салдарынан есiрткiге масаю фактiсiн анықтау медициналық куәландыру (зерттеп-қарау) жүргiзу жөнiндегi мiндет жүктелген дәрiгердiң құзыретi болып табылады, ал «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылық (ауру)» диагнозын дәрiгерлiк-консультативтік комиссия анықтайды.»;
7) 34, 35, 36 және 37-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«34-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу
Өз еркімен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелерi, адамның психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар деп тану тәртiбi және оны психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға емдеуге жiберу негiздерi, мәжбүрлеп емдеудi тоқтату негiзi мен тәртiбi, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды есепке алу және демеп емдеудi жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында регламенттеледі.
35-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаттары
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) профилактикасын, адамдарды зерттеп-қарауды, бұзушылықтар диагностикасын, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) зардап шегетiн адамдарды емдеудi, күтудi, медициналық-әлеуметтiк оңалтуды қамтиды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмекке мемлекет кепiлдiк бередi және ол заңдылық, ізгілік және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау қағидаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға медициналық көмекке өз еркімен жүгінген кезде көрсетiледi. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамға медициналық-санитариялық көмек олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
4. Өз еркiмен емделуден жалтарып жүрген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда мәжбүрлеп емдеуге жатады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен көрсетiледi.
6. Ерiктi стационарлық емдеу кезеңiнде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамға - еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақ, ал емдеу аяқталғаннан кейiн оның өтiнiшi бойынша емдеу мақсаты көрсетілген анықтама берiледi.
7. Емдеу курсынан өту үшiн психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға өз еркiмен жүгінген адамға оның өтiнiшi бойынша жасырын емдеу қамтамасыз етiледi. Мұндай емдеу туралы мәлiметтер осы адам қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған жағдайда, тек қана iшкi iстер органдары мен өзге де мемлекеттiк органдарға берiлуi мүмкiн.
36-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету құқығы бар жеке және заңды тұлғалар
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық көмекті осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың ғана көрсетуге құқығы бар.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдар жүзеге асыратын медициналық-санитариялық көмек түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Медициналық-санитариялық көмекті қаржыландыру
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады.».
12. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
15-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес азаматтық және қызметтік қарудың, азаматтық пиротехникалық заттардың айналымы саласындағы рұқсаттарды алу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.».
13. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат)
10-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған;»;
14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бапта:
2-тармақ «бекіту және» деген сөздерден кейін «медицина қызметкерлерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-3-тармақ «айқындау» деген сөзден кейін «, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағының 14-1) және 14-2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы іс-шараларды, оның ішінде өңірді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету нормативтерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
14-2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін, медицина қызметкерлері біліктілігінің уақтылы арттырылуын бақылауды жүзеге асырады, жас мамандарды бөлуге қатысады;»;
3) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-3) тармақшамен толықтырылсын:
«14-3) қажет болған жағдайда жатқан науқасты денсаулық сақтау ұйымының стационарынан тұрғылықты жеріне дейін тасымалдауды ұйымдастырады;».
15. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 173-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 46-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат):