38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттардан, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау
1. Бала психикаға белсенді әсер ететін заттарды, күштi әсер ететiн немесе улы заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудан, оларды дайындаудан, сатудан немесе өзге де таратудан қорғалуға тиiс.
2. Баланы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тартқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылық шаралары қолданылады.».
16. «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):
1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) темекi өнімдері - шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер;»;
17. «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 174-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; № 16, 102-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 79, 82-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 11-құжат; № 11, 65-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 44-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2017 ж., № 15, 55-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37-құжат; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша «бұйымдарын» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «бұйымдарына» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;»;
1-1-тармақ «бұйымының» деген сөзден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, аудиокөрінім туындыларды, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларды көрсету кезінде хабар таратушы немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны, бағдарламаны тікелей көрсету алдында немесе көрсету кезінде темекі тұтынудың зияны туралы сүйемелдеуші мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.».
18. «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 104-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат):
1) 5-баптың 6-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың басталуы (психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылық (ауру), Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сәйкес айналадағылар үшiн қауiп төндiретiн өзге де ауру не қайтыс болу).»;
2) 7-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құқық бұзушылық, психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну профилактикасы жөнінде түсiндiру және құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;».
19. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 24-II, 122-құжат):
1) 11-баптың 7-тармағындағы «күйіндегі», «психикалық аурудың айқын белгiлерi бар» деген сөздер тиісінше «күйдегі», «психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) көріністері бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 2-тармағындағы «нашақорлық аурулардан емделу курсынан өтуді белгілеудің» деген сөздер «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығынан (ауруынан) емдеуден өтуді тағайындаудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәмелетке толмағандар, олардың заңды өкiлдерi арасында санитариялық-эпидемиологиялық бiлiмдi таратуды, сондай-ақ саламатты өмiр салтын насихаттауды;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтыну және осымен байланысты құқық бұзушылықтар профилактикасы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуді және iске асыруды;»;
3) тармақшадағы «ата-аналарының немесе» деген сөздер алып тасталсын;
4) тармақшадағы «ата-аналарына немесе» деген сөздер алып тасталсын;
8) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар кәмелетке толмағандарды анықтауды, есепке алуды, зерттеп-қарауды және медициналық-әлеуметтiк оңалтуды;»;
«10) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларға кәмелетке толмағандар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) таралуы, сондай-ақ осы бапта көрсетілген функцияларды жүзеге асыратын денсаулық сақтау мекемелерiнiң орналасқан жерi, олардың қызметiнiң мүмкiндiктерi мен нәтижелерi туралы хабарлауды;»;
4) 23-баптың 5) тармақшасындағы «алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi құралдарын, психотроптық және адамның психикасына және дене мүшелерiнiң функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн өзге де күштi әсер ететiн заттарды құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты тексерiлудi, қаралуды немесе емделудi қажет ететiн» деген сөздер «адамның психикалық және дене мүшелерінің функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануына байланысты тексерілуге, қаралуға немесе емделуге мұқтаж» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 18-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамдар енгізілмейді.».
21. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 23, 106-құжат):
18-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына қатысы жоқ ақпаратты бермеуге құқылы.
5. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сәйкес келуін конкурсты ұйымдастырушы концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды.
Әлеуетті концессионер біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.».
22. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«34) клиникалық база - білім беру ұйымы бірлескен қызмет туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;»;
мынадай мазмұндағы 50-3) тармақшамен толықтырылсын:
«50-3) резидент-дәрігер - резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;»;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) резидентура - мақсаты дербес клиникалық практикаға жіберу үшін тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту болып табылатын, жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру деңгейі;»;
51-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 56-3) тармақшамен толықтырылсын:
«56-3) үздіксіз интеграцияланған білім беру - деңгейаралық интеграцияланған білім беру бағдарламалары шеңберінде біліктілігі жоғары кадрлар даярлауға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;»;
2) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Дәрігер кадрларды даярлау үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бакалавриатты, интернатураны және магистратураны қамтиды.
Үздіксіз интеграцияланған білім беру шеңберінде интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгеру «дәрігер» біліктілігін алудың міндетті шарты болып табылады.
Интернатурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
3) 22-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша үздіксіз интеграцияланған білім беру бағдарламасын аяқтаған азаматтарға дербес клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.»;
4) 30-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жоспарлы профилактикалық екпелерді алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Жоспарлы профилактикалық екпелердің және оларды жүргізу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бала бекітілген жердегі медициналық ұйым береді.»;
5) 36-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Резидентурада тиісті мамандық бойынша дәрігердің кәсіптік біліктілігін алу немесе өзгерту мақсатында клиникалық мамандықтар бойынша резидент-дәрігерлерді даярлау жүзеге асырылады. Резидентурада медицина кадрларын даярлау қағидаларын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
6) 37-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
7) 40-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Білім беру ұйымдары қаржыландырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылатын клиникалық базасы болған кезде ғана клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары болып табылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары медицина және фармацевтика кадрларын өтеусіз негізде даярлау үшін тиісті жағдайлар ұсынады.
Клиникалық мамандықтар бойынша медициналық білім беру бағдарламаларын іске асыруға мыналар да міндетті шарттар болып табылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симмуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы;
2) білім беру ұйымының білім беру бағдарламасының барлық курстарын (оқу жылын) іске асыруы;
3) дәрігер кадрларды даярлау кезінде - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында үздіксіз интеграцияланған білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура, докторантура) бағдарламаларды іске асыру;
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері арасынан тәлімгерлерді тарту;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен жасалатын шарттар негізінде жұмыс істейтін университеттік ауруханаларды және (немесе) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды қалыптастыру.
Университеттік аурухана, интеграцияланған академиялық медициналық орталық және клиникалық базалар туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
8) 47-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «резидентура тыңдаушылары» деген сөздер «резидент-дәрігерлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «резидентура тыңдаушыларына» деген сөздер «резидент-дәрігерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 51-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) медициналық қарсы көрсетілімдері, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған;».
23. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 114-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 16, 56-құжат):
1) 12-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы «және әлеуметтік дамыту» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша алып тасталсын;
2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.»;
3) 22-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салынуы мүмкін.».
24. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106-құжаттар; № 24-I, 118-құжат):
1) 6-баптың 3-1-тармағындағы «психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 96-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, медициналық ұйымдарда динамикалық байқауда тұрған адамдардан өндiрiп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.»;
3) 140-баптың 2-тармағындағы «наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда» деген сөздер «психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
25. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат; № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 21-I, 125-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):
1) 12-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды жүйелі түрде медициналық емес мақсатта тұтынуды ерте анықтау және олардың профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;»;
2) 13-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды анықтауды, есепке алуды және байқауды жүзеге асырады;».
26. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
89-баптың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну жатады.».
27. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 16, 55-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):