23) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «333 (екінші бөлігінде),» деген сөздер «333 (екінші бөлігінде), 426 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;2020 жылғы 26 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 138-бапта:
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) көрсетiлетiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң сапасына;»;
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;»;
2) 141-баптың 2-тармағында:
төртінші бөліктің 6) тармақшасындағы «саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.» деген сөздер «саласында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;
8) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндіруді, дайындауды және көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде қолданылады.»;
бесінші және алтыншы бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы салаларындағы бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.»;
3) 144-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен және 12) тармақшадағы «нәтижелері негіздер болып табылады.» деген сөздер «нәтижелері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болғаны туралы ақпарат (шұғыл хабархат);»;
«13) денсаулық сақтау субъектісі эпидемияның, карантиндiк объектiлер мен аса қауiптi зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттiк аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың туындағаны немесе туындау және таралу қатерi туралы беретін ақпарат (шұғыл хабархат) негіздер болып табылады.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшесінің ақпаратты (шұғыл хабархатты) алуы негіз болып табылады.»;
4) 147-баптың 1-тармағында:
екінші бөліктегі «3-тармағының 3), 4), 9) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «3-тармағының 3), 3-1), 4), 9), 10) және 13) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың күші вакциналар әкелуді, сапасы мен қауіпсіздігіне сараптаманы, сатып алуды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында жүргізілетін тексерулерге қолданылмайды.»;
5) 151-баптың 6) тармақшасындағы «3-тармағының 3), 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында» деген сөздер «3-тармағының 3), 3-1), 4), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 154-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) тексеру немесе профилактикалық бақылау және қадағалау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалануға;».
8. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 11 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 38-тараудың, 335, 336, 337, 338, 339, 340-баптардың, 39-тараудың, 341, 342, 343, 344, 345-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«38-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
335-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
336-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру мерзімі
337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
338-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
340-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
345-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі»;
2) 302-баптың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы;
8) азаматты туберкулезден мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы;»;
3) 38-тараудың тақырыбы, 335 және 336-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«38-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
335-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызудың негізділігі және оны емдеу туралы шешім қабылдаған, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының уәжді қорытындысы қоса беріледі.
336-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру мерзімі
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап жетпіс екі сағаттан кешіктірілмей сотқа беріледі.
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды сот шешім шығарғанға дейін психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға тек «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 137-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген салдарға жол бермеу мақсатында ғана жол беріледі.
Сот шешімінсіз мәжбүрлеп емдеуге жатқызудың әрбір жағдайы бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның әкімшілігі адам психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына орналастырылған кезден бастап қырық сегіз сағат ішінде прокурорға жазбаша хабарлама жібереді.
2. Іс қозғай отырып, судья бір мезгілде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарында болуын арызды сотта қарау үшін қажетті мерзімге ұзартады.»;
4) 337-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«337-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья іс қозғалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Сот отырысы соттың немесе адам емдеуге жатқызылған психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізіледі. Егер психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның өкілінен алынған мәліметтер бойынша адамның психикалық жай-күйі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның үй-жайында өткізілетін сот отырысына өзінің қатысуына мүмкіндік берсе, осы адамның өзін мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы іс бойынша сот отырысына өзінің қатысуына құқығы бар.»;
екінші бөлікте:
«бастамашы болған» деген сөздерден кейін «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін» деген сөздермен толықтырылсын;
«психиатриялық стационарға» деген сөздер «психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 338, 339 және 340-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«338-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына заңда белгіленген мерзімге емдеу және одан әрі ұстау үшін мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
339-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
1. Психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін алты айдан астамға ұзарту туралы арызды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым орналасқан жердегі сотқа береді.
2. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға психиатр-дәрігерлер комиссиясы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен шығарған мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы қорытынды қоса беріледі.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арыз осы Кодекстің 337-бабында көзделген тәртіппен қаралады.
340-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қанағаттандыру жөніндегі сот шешімі мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін заңда белгіленген мерзімге ұзартуға негіз болып табылады.
3. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты емес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу және емдеу мерзімін ұзарту туралы арызды қабылдамау жөніндегі сот шешімі психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарынан шығаруға негіз болып табылады.»;
6) 39-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«39-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу
341-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз беру
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды оның келісімінсіз психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымының өкілі осы адамның тұрғылықты жері бойынша медициналық қорытындылары болған кезде ғана науқастың жұбайының (зайыбының), туыстарының, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, ішкі істер, прокуратура органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органының бастамасы бойынша береді.
Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы мәселені шешу жағдайында арызды осындай арыз берілген кезде аталған адамның орналасқан жеріндегі ішкі істер органдары береді.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу үшін заңда көзделген негіздер көрсетілуге тиіс арызға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның психиатр-дәрігерлер комиссиясының оны психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам деп тану және оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігі туралы уәжді қорытындысы қоса беріледі.
342-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды қарау
1. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арызды судья арыз іс жүргізуге қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның орналасқан жері бойынша қарайды.
2. Іс мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберілетін, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның, істің қозғалуына бастамашы болған денсаулық сақтау және ішкі істер органдары өкілдерінің, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамның туыстарының, жұбайының (зайыбының), қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен қаралады.
Өзіне қатысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызуға жіберу туралы іс қозғалған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адам сот отырысына келуден жалтарған жағдайда, сот оны ішкі істер органдары арқылы мәжбүрлеп әкелдіреді.
343-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы арыз бойынша сот шешімі
1. Сот арызды мәні бойынша қарап, шешім шығарады, ол бойынша арыз қабылданбайды не қанағаттандырылады.
2. Арызды қанағаттандыру туралы шешім психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды заңда белгіленген мерзімге психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына емдеуге жатқызуға негіз болып табылады.
344-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызды беру және қарау
1. Заңда көзделген жағдайларда, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімі осы ұйымның орналасқан жері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйым әкімшілігінің арызы бойынша ұзартылуы мүмкін.
2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығы (ауруы) бар адамды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту туралы арызға мәжбүрлеп емдеуге жатқызу мерзімін ұзарту қажеттігі туралы медициналық қорытынды қоса беріледі.