мынадай мазмұндағы 441-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу»;
701-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган»;
2) 80-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, медициналық көмек көрсету қағидаларын өрескел бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан немесе денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатынан айыра отырып, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лицензиядан немесе лицензияға қосымшадан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
3) мынадай мазмұндағы 80-1-баппен толықтырылсын:
«80-1-бап. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру
1. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:
1) қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;
3) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;
4) медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту -
жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер -
жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
4) 81-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
5) 82-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып не онсыз, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
6) 133 және 197-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«133-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
«197-бап. Темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың маркасын пайдалану
1. Темекі бұйымдарының өздерін қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың немесе осы бұйым сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қораптың, қаптаманың маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 199-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекiні және темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату, темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ темекi бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды имитациялайтын тауарларды өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын бұзу»;
бірінші бөлікте:
«133-бабында көзделген жағдайды», «бұйымдарын» деген сөздер тиісінше «133 және 423-1-баптарында көзделген жағдайларды», «бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац «темекі бұйымдарын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) мынадай мазмұндағы 423-1-баппен толықтырылсын:
«423-1-бап. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату
1. Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
9) 424-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында оны ақылы негізде ұсыну -»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістері тәркілене отырып лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Емшілік сеанстарын екі және одан көп адамды тарта отырып, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өткізу -»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - денсаулық саласындағы маман сертификатынан айыра отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
10) мынадай мазмұндағы 424-1-баппен толықтырылсын:
«424-1-бап. Клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу
Медицина қызметкерінің клиникалық зерттеулер жүргізу және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не жиырма тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.»;
11) 426-бапта:
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«фармацевтикалық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруге алып келген, вакциналарды әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау қағидаларын бұзу -
лауазымды адамдарға - бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2-2. Вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүргізетін дәрілік заттарға сараптама жүргізу тәртібін бұзу -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың бiрiншi, 2-1 және үшінші бөлiктерiнде көзделген, адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келген іс-әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -»;
12) 429-бапта:
тақырып «сондай-ақ» деген сөздерден кейін «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар не дәрiгердiң тағайындауынсыз есiрткi немесе психотроптық заттарды тұтынып жүргенi туралы жеткiлiктi деректер бар адамдардың медициналық зерттеп-қаралудан және емделуден жалтаруы -»;
13) 433-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Денсаулық сақтау субъектілерінің ақпаратты:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға - айналадағыларға қауіп төндіретін инфекциялық аурулар, уланулар жағдайлары туралы;
медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға - жүкті, босанатын әйелдердің, босанған әйелдердің босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болу, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы;
азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға - төтенше ахуалдардың медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы туралы;
ішкі істер органдарына - жаңа алған жарақаттар, жаралар, жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу, тұрмыстық зорлық-зомбылық себебі бойынша жүгінген адамдар туралы, айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар жағдайлары туралы мәліметтерді беру (шұғыл хабарлау) жөніндегі міндеттерді бұзуы -»;
14) 437-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін тыныштықты бұзу, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысы жоқ шу шығаратын жұмыстарды жүргізу, сол сияқты тұрғын ғимараттарда және тұрғын үй құрылысы аумақтарында орналасқан ойын-сауық орындарының жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін тыныштықты бұзуы -»;
15) 441-бапта:
тақырып және бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
1. Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-2-бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Әуе кемесінің бортында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -;»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс берушiнiң темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды бұл үшiн арнайы айқындалмаған орындарда тұтынатын адамдарға шаралар қолданбауы -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.»;
16) мынадай мазмұндағы 441-1-баппен толықтырылсын:
«441-1-бап. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу
1. Автомобиль көлік құралында кәмелетке толмаған адамдар болған кезде оларда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
7) 455-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - алпыс, лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөлікте:
4) тармақтағы «темекі өнімдеріне» деген сөздер «темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - отыз бес, лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бір жүз, лауазымды адамдарға - бір жүз жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бір жүз жетпіс, лауазымды адамдарға - екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
18) 684-баптың бірінші бөлігінде:
«80 (төртiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «80 (2-2 және төртінші бөліктерінде), 80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«423,» деген цифрлардан кейін «423-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«424 (үшінші және бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «424-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
19) 685-бапта:
бірінші бөлікте:
«441» деген цифрлар «441, 441-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы «438 (бірінші және екінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «441-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
20) 700-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «426 (бiрiншi бөлiгiнде)» деген сөздер «426 (бірінші, 2-1 және 2-2-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (2-1 және үшінші бөліктерінде), 80-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 432, 433 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
21) 701-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 428, 429, 430 (бірінші бөлігінде), 431, 433 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
22) 804-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшада:
«85» деген цифрлар «80-1 (екінші, төртінші және бесінші бөліктері), 85» деген сөздермен ауыстырылсын;
«423,» деген цифрлардан кейін «423-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «462» деген цифрлар «433 (екінші бөлігі), 462» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«22) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның (193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (тағамдық өнiмдерге, ойыншықтарға, химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 433 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);»;
«52) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның (80 (2-2 және төртінші бөлiктерi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 127-1, 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 424-1 (профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану тәртібін бұзу бойынша), 433 (екінші бөлігі), 462, 463-баптар);»;
53) тармақшадағы «426» деген цифрлар «424-1 (клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу бойынша), 426» деген сөздермен ауыстырылсын;