4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерiне бөлiнедi.
Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын прокатқа алу пункттерін орнатуға, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруға жол беріледі.
5. Шектеулi шаруашылық қызмет аймағында әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктi қорғау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, оған келушiлерге қызмет көрсету үшiн қажетті шаруашылық қызмет жүргiзiледi, рекреациялық орталықтарды, қонақүйлерді, кемпингтерді, музейлерді және туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салу және пайдалану жүзеге асырылады.»;
15) 46-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердегі туристік және рекреациялық қызметті өзінде туристік операторлық қызметке арналған лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парк, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
16) 46-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің әкімшілігімен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және сызбаға (сызба жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.»;
2-тармақ алып тасталсын;
17) 47-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы;»;
7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «аумақтарда орналасқан» деген сөздер «аумақтардың құрамына кіретін» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының режимi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;
2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
4) аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерді қалпына келтіру;
8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.
3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.»;
19) 52-баптың 1-тармағында:
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) көшпелі және стационарлық омарталар пайдаланыла отырып, бал ара шаруашылығы.»;
20) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың қорғау аймақтарының режимi
Мемлекеттік табиғи резерваттардың қорғау аймақтарында табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің осы Заңның 48-бабында белгіленген түрлеріне рұқсат етіледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады.»;
21) мынадай мазмұндағы 9-1-тараумен толықтырылсын:
«9-1-тарау. Биосфералық резерваттар
53-1-бап. Биосфералық резерваттардың міндеттері
Биосфералық резерваттар:
1) мәдени және табиғи мұраға бай табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;
2) табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуі ескеріле отырып, аумақтардың ұзақ мерзімді, орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуын, оның ішінде олардың рекреациялық пайдаланылуын қолдау;
3) ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг пен экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халықты экологиялық тұрғыдан ағарту және тәрбиелеу мақсатында құрылады.
53-2-бап. Биосфералық резерваттардың аумағын функционалдық аймақтарға бөлу және оны қорғау режимі
Биосфералық резерваттардың аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөліп көрсетіледі:
1) ұйытқы аймақ - биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға арналған, осы Заңның 40-бабының 1-тармағында, 45-бабының 2 және 3-тармақтарында және 51-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қорықтық қорғау режимi бар аймақ;
2) аралық аймақ - экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстардың өсімін орнықты молайту үшін пайдаланылатын, осы Заңның 45-бабының 4 және 5-тармақтарында және 52-бабында көрсетілген аймақтарға сәйкес келетін қаумалдық қорғау режимі бар аймақ;
3) сыртқы өтпелі аймақ - экологиялық бағдарланған шаруашылық қызметті жүргізу үшін пайдаланылатын, осы Заңның 43, 48 және 53-баптарында көрсетілген қорғау аймақтарына сәйкес келетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтан тыс аумақ учаскесі.»;
22) 57-баптың 2-тармағындағы «қамауда немесе жартылай қамау жағдайларында» деген сөздер «еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 65-баптың 2-тармағында:
«түрiн Қазақстан Республикасының Үкiметi» деген сөздер «түрiн - уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түрлерiн - уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша» деген сөздер «түрiн» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 68-баптың 3-тармағындағы «орман шаруашылығы мекемелерi», «күзету» деген сөздер тиісінше «орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар», «қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 69-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк табиғи қаумалдарда мынадай қызметке:»;
«2) зоологиялық мемлекеттiк табиғи қаумалдарда - уәкілетті органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, аң аулауға, балықтарды қоспағанда, кез келген тәсiлдермен және құралдармен жануарларды аулауға, жануарлардың бөтен түрлерiн интродукциялауға, ұяларды, iндердi, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдiруге, жұмыртқалар жинауға;»;
1-1-тармақтағы «Кешенді зоологиялық», «мөлшерлі» деген сөздер тиісінше «Кешенді», «жол берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда белгіленген режимді сақтай отырып, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыруға (ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, шөп шабу, мал жаю) және бал ара шаруашылығына рұқсат етіледі.»;
26) 72-баптың 5-тармағындағы «орман шаруашылығы мекемелерi», «қызметiнiң» деген сөздер тиісінше «орман шаруашылығы мекемелерi, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар», «қызметтерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар
1. Құстардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің едәуір жиынтығының, белгілі бір ландшафтарға тән құстар қауымдастықтарының, құрлықтағы немесе суда жүзетін және су маңындағы құстардың ұя салу немесе қоныс аудару кезінде едәуір тобының мекендеу орындары қызметін атқаратын учаскелер негізгі орнитологиялық аумақтар болып табылады.
2. Негізгі орнитологиялық аумақтарда қаумалдық режим белгіленеді.»;
28) 78-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі: үйреншікті мекендеу ортасында жойылып кеткен, толық жойылып кету алдындағы, жойылып кету қаупі төнген түрлерді қамтиды.»;
4-тармақта:
бірінші абзацтағы «оның ішінде олардың дириваттарын» деген сөздер «олардың бөліктерін немесе дериваттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін;»;
29) 81-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экологиялық дәлiздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық әртүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мен жайластыру мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiнiң басқа да элементтерi арасындағы кеңiстiкті байланысты қамтамасыз ету үшiн құрылады.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Экологиялық дәліздерді табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның шешімімен жүргізіледі.»;
30) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын:
«84-1-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтiк қорғалуға жатады.
13-тармақтың 30) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2. Ауылдық жерлерде табиғат қорғау функцияларын жүзеге асыратын табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар белгіленеді.
3. Табиғат қорғау мекемелерінің лауазымды адамдары мен мамандарына жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскелері беріледі.».
14. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-қосымшада:
236 және 261-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
236. | Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат беру | Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат | |
»;
«
261. | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру | Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат | |
»;
312-жол алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 29) тармақшасының үшінші абзацын, 31) тармақшасын, 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларын;
2) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 11-тармағы 1) тармақшасының он төртінші абзацын, 7) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацын, 24) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 25) тармақшасының төртінші абзацын, 38) тармақшасының төртінші абзацын, 7 және 12-тармақтарын, 13-тармағы 30) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 30) тармақшасының үшінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«1. Жергiлiктi халықтың сүрекке қажеттілігін қамтамасыз ету одан өтiнiмдер болған кезде, басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және басқа да мақсаттарда ағаш кесу кезiнде жергiлiктi халықтың қатысуымен дайындалған сүректi мемлекеттiк орман иеленушiнiң өткiзуi есебiнен жүзеге асырылады.
Жергiлiктi халықты отындық сүрекпен қамтамасыз ету өтiнiмдер болған кезде өтеусiз негiзде, мемлекеттiк орман иеленушi айқындайтын жерлерде, сексеуіл екпелерін қоспағанда, кеспеағаш аймағынан тыс қоқысты жинау есебiнен де жүзеге асырылуы мүмкiн.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтың қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
3. Осы Заңның 1-бабы 3-тармағының 2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:
«2) 94-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Су объектiлерiн әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен келiсу бойынша рұқсат бepeдi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның қолданысы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2017 жылғы маусымның 15-і.
№ 73-VІ