26) 30-баптың 1) және 5) тармақшалары алып тасталып, 6) тармақшасындағы «берiлген рұқсаттар жойылған;» деген сөздер «арналған рұқсаттардан айырылған жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер
1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерде жануарлар дүниесiнiң, мекендеу ортасының сақталуын және оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi көрсеткiштердiң жол берiлетiн шектi сандық және сапалық мәнi айқындалады.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi және шаруашылық пен өзге де қызметті жоспарлау және жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.»;
28) 33-бапта:
1-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аңшы куәлігі болған;
4) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсат немесе жолдама алған жағдайда берiледi.»;
2-тармақтағы «және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берiлген құжаттың» деген сөздер алып тасталсын;
29) 33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 7) және 9) тармақшаларындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 34-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Балық аулауды жүзеге асыру тәртібі балық аулау қағидаларында айқындалады.»;
31) 35-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) балық шаруашылығын жүргізуге жергілікті атқарушы органмен жасалған шарты болған кезде берiледi.»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ғылыми-зерттеу және мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатында аулау құқығын жеке және заңды тұлғалар - жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаты, ал әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсаты немесе жолдамасы болған кезде иеленеді.
3. Бақылау үшін аулауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсатсыз балық аулау қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.»;
32) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Қолдан жасалған су айдындарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балық шаруашылығы қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Өздерi қолдан жасаған су айдындарында немесе сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында балықтар мен басқа да су жануарларын өсiрген жеке және заңды тұлғалар осы балықтар мен су жануарларының меншiк иелерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға иелiк етедi.»;
33) 37-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргiзу құқығын беру және тоқтату»;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргiзу шартының» деген сөздер «аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «немесе балық аулау» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар:
1) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуден өз еркімен бас тартқан;
2) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың қолданыс мерзімі аяқталған;
3) аңшылық, балық шаруашылықтары субъектілерінің қызметі тоқтатылған;
4) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың талаптары жүйелі түрде бұзылған;
5) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптары жүйелі түрде бұзылған;
6) аңшылық алқаптар немесе балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік мұқтаж үшін алып қойылған жағдайларда тоқтатылады.»;
34) 38-баптың 5-тармағында:
22) тармақшадағы «уәкiлеттi органмен келісiм» деген сөздер «уәкiлеттi органның ведомствосымен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) және 25) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«24) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілген жануарлар санынан асырып;
25) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатта немесе жолдамада көрсетілмеген жануарлардың басқа түрлерін;»;
35) 39-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері биологиялық негіздемеге және балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы үшін пайдаланылуы мүмкін.»;
4-тармақта:
5) тармақша «балықтарды» деген сөздің алдынан «осы Заңның 11-1-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) балық аулау қағидаларында белгiленген кәсiпшiлiк өлшемнен кем мөлшерде балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға-сатуға, тасымалдауға және сақтауға;»;
11) тармақшадағы «уәкілетті органмен келісусіз двигательдері» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісусіз қозғалтқыштары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көлде тауарлы балық өсіру және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін белгіленген тәртіппен бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттерге тыйым салынады.»;
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсатқа сәйкес ұйымның атауы және балық аулау құралдарының өлшемдері көрсетiлген жапсырмалары жоқ кәсіпшілік балық аулаудың балық аулау құралдарымен;»;
36) 40-бапта:
1-тармақта:
екінші бөлік «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «аңшылық және балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттың» деген сөздер «аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін қоспағанда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен қайта бекітіп беріледі.»;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Екі және одан көп облыс аумағында орналасқан, бекітіп беру мерзімі өткен су айдындарының балық шаруашылығы учаскелері бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғалардың өтінімі бойынша, біліктілік талаптарына сай келген және шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда, конкурс өткізілместен уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы бойынша қайта бекітіп беріледі.»;
жетінші бөліктегі «уәкілетті органның ұсынымы» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жатқызылған су объектісінде немесе оның бір бөлігінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын бүкіл су объектісін пайдалану құқығынсыз беру болып табылады.»;
«5. Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері кәсіпшілік балық аулау үшін үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейді.»;
37) мынадай мазмұндағы 42-1-баппен толықтырылсын:
«42-1-бап. Жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану
Сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
38) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Мамандандырылған ұйымдар
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және орнықты пайдалануды жүзеге асыру үшін мамандандырылған ұйымдар құрады.»;
39) 43-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде жүзеге асырады.»;
40) 45-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздемеге сәйкес жүргізіледі.»;
41) 46-бап алып тасталсын;
42) 49-баптың 2-тармағының бірінші абзацы «уәкiлеттi орган» деген сөздерден кейін «, ведомство» деген сөзбен толықтырылсын;
43) 50-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жануарлар дүниесi объектілерін аулау құралдары, әдістері және (немесе) тәсілдері;»;
«5) жануарлар дүниесiн пайдалану құқығын растайтын құжаттама (аңшы және (немесе) балықшы куәлігі, аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар, аң аулауға арналған шарт, жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған шарт пен рұқсат, жолдама, кәсiпшiлiк журнал);»;
44) 51-бапта:
1-тармақтағы «Ведомство» деген сөз «Уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Ведомстволар басшыларының» деген сөздер «Уәкілетті орган ведомствосы басшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Ведомствоның» деген сөз «Уәкілетті орган ведомствосы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Аумақтық бөлімше» деген сөздер «Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 6-тармақтардағы «Ведомстволардың», «ведомстволардың», «Ведомстволардың аумақтық» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган ведомствосы», «уәкілетті орган ведомствосының», «Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 52-бапта:
1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) су жинау және ағызу құрылыстарын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақта:
4) тармақшадағы «ерiксiз немесе» деген сөздер «ерiксiз және» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «нормативтердiң» деген сөз «нормалар мен нормативтердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 53-баптың тақырыбындағы, 1-тармағының бірінші абзацындағы және 2-тармағындағы «уәкiлеттi орган», «заңдары талаптарының бұзылуының белгiлi болуына байланысты», «уәкiлеттi органның» деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi орган ведомствосы», «заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай», «уәкiлеттi орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 54-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «уәкiлеттi органның және аумақтық бөлімшелердің», «заңдарына» деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің», «заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 56-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кейiннен уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне мiндеттi түрде беру үшiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;».
12-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат):
1) 7-баптың 3-тармағының 4) тармақшасындағы және 4-тармағының 8) тармақшасындағы «және агроөнеркәсіптік кешен», «қызметкерлерге», «қолдану» деген сөздер тиісінше «, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар», «жұмыскерлерге», «көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерінiң» деген сөздер «, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 және 7-тармақтардағы «және ветеринария» деген сөздер «, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) биосфералық резерват - Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорық, мемлекеттік ұлттық табиғи парк немесе мемлекеттік табиғи резерват және олардың қорғау аймақтары;»;
«2-1) дәстүрлі жер пайдалану - табиғи кешендерге, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне зиянды әсер етпейтін, сондай-ақ сол экологиялық жүйеге бейімделген, жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы қызметінің сол өңірде тарихи қалыптасқан түрлері;»;
«21-1) үйлестіру кеңесі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелерін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жасақталып, табиғат қорғау мекемелерінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;»;
2) 3-баптың 9) тармақшасындағы «ынтымақтастық болып табылады.» деген сөздер «ынтымақтастық;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) үйлестіру кеңестерінің ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы болып табылады.»;
3) 7-бапта:
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;»;
4) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;»;
сегізінші абзацтағы «тізбесін бекіту;» деген сөздер «тізбесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту;»;
6-3) тармақша алып тасталсын;
4) 8-баптың бірінші бөлігінде:
6-1) тармақшада:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын;»;
жетінші абзацтағы «сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін» деген сөздер «сирек кездесетіндер және жойылып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тыс жерге әкетуге рұқсат беру қағидаларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы «ережесін әзірлеу және бекіту;» деген сөздер «ережесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын;
заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру және рұқсат беру қағидаларын;
республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
14-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;»;
14-2) тармақша алып тасталсын;
14-3) тармақшада:
«мемлекеттік экологиялық» деген сөздердің алдынан «осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
«аумақтарда орналасқан», «ғылыми-зерттеулік», «молайту мақсатындағы» деген сөздер тиісінше «аумақтардың құрамына кіретін», «ғылыми-зерттеу үшін», «өсімін молайту мақсатында» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу;»;
16-3) тармақша алып тасталсын;
5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асырады;»;
6) 14-баптың 6-тармағының үшінші бөлігіндегі «Ерекше» деген сөз «Республикалық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштерін қоспағанда, ерекше» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 20-баптың 3-1-тармағындағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі» деген сөздер алып тасталып, «адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып» деген сөздер «тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының, мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың және мемлекеттiк қорық аймақтарының табиғи кешендерi мен объектiлерiн қорғау
1. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының, мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік орман қоры жерінде және оларға іргелес жатқан жерде орналасқан табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттардағы жерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға бекітіп беру уәкілетті органның және өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.»;
9) 32-1-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер (биік және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлері (кіші түрлері, таралымдары)» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына үйреншікті мекендеу ортасында жойылып кеткендерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін өсімдіктердің (биік және аласа) және жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері (кіші түрлері, популяциялары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасындағы «сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін» деген сөздер «өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 34-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) гранттар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының қаражаты;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) жеке және заңды тұлғалардың қайырмалдықтары, ерiктi жарналары, оның ішінде өздері шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне келтірілетін және (немесе) болмай қоймайтын зиян үшін жасайтын қайырмалдықтары, ерiктi жарналары есебiнен жүргiзiледi.»;
11) 35-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Iс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерiн басқару жоспарларына сәйкес табиғат қорғау мекемелерiн дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына қарай бөлiнетiн бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады және мыналарға:»;
9) тармақшадағы «жүргiзуге жұмсалады.» деген сөздер «жүргiзуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктің туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында және мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында инфрақұрылымды дамыту объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) салуға жұмсалады.»;
12) 38-баптың 1-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу;»;
2) тармақшаның алтыншы абзацы «өткiзуден» деген сөзден кейін «, балықты және балық өнімін өткiзуден» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 43-1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғылыми ұсынымдар негізінде мелиорациялық аулауды жүргізуге жол беріледі.»;
14) 45-баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Реттелмелі экологиялық туризмді қоспағанда, қорық режимi аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттiк ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттiк табиғи қорық режимiнiң түрiне сәйкес келетiн қорықтық қорғау режимi белгiленедi.
Қорық режимі аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағының он пайызынан қырық пайызына дейінгі жерін құрайды.
3. Реттелмелi экологиялық туризмдi, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар жүргiзудi, бал ара шаруашылығымен айналысу үшін қажетті уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыруды қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салына отырып, қорықтық қорғау режимi белгiленедi.