1) мазмұнындағы 21-тараудың, 107 және 108-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
108-бап. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану»;
3-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 2-баптың 3-тармағының редакциясында қолданылды
2) 94-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
3) 21-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«21-тарау. Су объектілерін немесе олардың бөліктерін балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалану
107-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн пайдалану
1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының осы Кодекске сәйкес су объектілерін немесе олардың бөліктерін пайдалануға алуға құқығы бар.
2. Балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау үшiн су объектiлерi немесе олардың бөліктері пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн балық жіберуді және балық шаруашылығы мелиорациясын және балық ресурстары мен басқа су жануарларының өсімін молайтуды жүргiзуге;
2) өздері пайдаланатын жерлерде су объектiлерiнің жағалауларын немесе олардың бөліктерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.
3. Мемлекеттік табиғи қорықтар, балық питомниктері, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін жеке тұлғалар белгiленген балық аулау қағидаларын сақтай отырып, әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшiн пайдалана алады.
108-бап. Су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану
1. Су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша бередi.
2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерiн немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.
3. Балық шаруашылығы мелиорациясын жүргiзу, жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктерді су объектiлерiнде немесе олардың бөліктерінде өсiру уәкiлеттi органмен және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жүзеге асырылады.
4. Жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлері мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ фаунаның өсімін молайту және оны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерiнің немесе олардың бөліктерінің жай-күйiн нашарлататын басқа да әрекеттерге және аңшылық шаруашылығын жүргiзуге шектеу қоюы мүмкін.».
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
240-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар»;
мынадай мазмұндағы 240-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету»;
252-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру»;
2) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру кезіндегі экологиялық талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме негізінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жол беріледі.
2. Будандастырылған жануарларды үйреншікті ортаға интродукциялауға тыйым салынады.
3. Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар түрлерін өз бетінше интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға тыйым салынады.
4. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен шағылысуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болғызбау жөнінде іс-шаралар жүргізуге міндетті.»;
3) мынадай мазмұндағы 240-1-баппен толықтырылсын:
«240-1-бап. Жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен берілетін рұқсат бойынша жол беріледі.
Жануарларды Қазақстан Республикасынан үшінші елдерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар санын реттеу қағидаларын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.»;
5) 246-баптың 3) тармақшасындағы «ережелерін, нормаларын» деген сөздер «қағидаларын, нормаларын, нормативтерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 249-баптың 2-тармағындағы «еріксіз немесе» деген сөздер «еріксіз және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 250-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударту;»;
8) 251-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар мекендеу ортасынан алып қойылған, жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері дара нұсқаларының санына сәйкес келетін, қолдан өсіру жолымен алынған жануарларды белгіленген мерзімдерде мекендеу ортасына жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарының қатысуымен акт бойынша жүзеге асырылады.»;
9) 252-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«252-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мамандандырылған питомниктерге және азаматтарға, олар:» деген сөздер «Жеке және заңды тұлғаларға, олар мынадай:» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсатының болу талаптарын сақтаған кезде жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге рұқсат етіледі.»;
3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтардағы «еріксіз және», «экологиялық питомниктерде», «еріксіз немесе» деген сөздер тиісінше «еріксіз және (немесе)», «зоологиялық питомниктерде», «еріксіз және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 255-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «интродукциялауға және жануарларды жерсіндіруге» деген сөздер «және жануарларды интродукциялауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 15 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 499-бапта:
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «көшiру, жерсiндiру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып» деген сөздер «қоныс аударту, қолдан өсіру және шағылыстыру мақсаттары үшiн алып қойып» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынады.»;
5-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 503-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы «көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы» деген сөздер «бау шаруашылығы, бақша шаруашылығы, бақ шаруашылығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы тараудың мақсаттары үшін орман пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою да жатқызылады.
Табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде мұндай алып қою көлемдерін, төлемақы мөлшерін және оны төлеу мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір жекелеген жағдайда белгілейді.»;
5-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 504-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою құқығын алған жеке және заңды тұлғалар да төлемақы төлеушілер болып табылады.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 507-бапта:
1-тармақтағы «Төлемақы» деген сөз «Мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын төлемақыны қоспағанда, төлемақы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацы «орман пайдаланудың өзге түрлері кезінде» деген сөздердің алдынан «төлемақы мөлшері осы Кодекстің 503-бабының 1-1-тармағына сәйкес айқындалатын орман пайдалануды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 3) тармақшасындағы «кешіктірілмей төленеді.» деген сөздер «кешіктірілмей;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қойғаны үшін - әрбір жекелеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі негізінде белгіленетін мерзімдерде төленеді.».
6. 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы 378-баптың тақырыбындағы «жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру» деген сөздер «жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 378-баптың тақырыбындағы және бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру» деген сөздер «жануарлар түрлерін заңсыз қоныс аударту, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат):
1) 18-баптың 2) тармақшасындағы «және ветеринария» деген сөздер «, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 139-баптың 9-тармағының екінші және үшінші бөліктеріндегі «және ветеринария» деген сөздер «, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат):
6-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Туризм түрлері - әлеуметтiк, экологиялық, аңшылық, балық аулау, шытырман оқиғалы, спорттық, iскерлiк, конгрестiк, емдеу-сауықтыру, мәдени-танымдық, дiни, медициналық, балалар-жасөспірімдер, оқиғалы және басқа да түрдегі туризм.».
9. «Өсiмдiктердi қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат, № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша тіркеу - пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша мемлекеттік тіркеу;»;
2) 14-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Таралуы өсімдіктер мен өсімдік шаруашылығы өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауiптi зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.».
10. «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат):
32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын;
4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде;».
11. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
1) 1-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) аушы жыртқыш құс - аң аулауда пайдаланылатын қыран, сұңқар, қаршыға және жыртқыш құстардың басқа да түрлері;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) балық өсіру материалы - балық өсіру объектісіне қарай, су айдындарына балық жіберуге арналған дернәсілдер, құртшабақтар, шабақтар және балықтардың жасына байланысты басқа да топтары;»;