19) тармақшадағы «су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға» деген сөздер «су тарту және ағызу құрылыстарына түсуін болғызбауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) тармақша алып тасталсын;
40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«40) жануарлар дүниесі объектілерін қолдан өсіру - көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;»;
43) және 44) тармақшалардағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның, ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 59-1), 60-1) және 62-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«59-1) ихтиологиялық байқаулар - балық шаруашылығы су айдыны ихтиофаунасының жай-күйі туралы деректерді жинау және зерделеу;»;
11-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«60-1) кәсіпшілік күш-жігер - балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға тікелей бағытталған өндірістік операциялар көлемі, оның ішінде ол кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулау құралдары мен техникалық құралдардың, жүзу құралдарының, балықшылардың рұқсат берілетін санын қамтиды;»;
«62-1) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;»;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) су айдындарына балық жіберу - өз өсімін өзі молайтатын популяцияларды жасау, балықтардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және (немесе) тауарлы өнім алу мақсатында су айдындарына және (немесе) учаскелерге балық өсіру материалы мен балықтар жіберу;»;
мынадай мазмұндағы 71-1) және 73-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«71-1) сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылығы - сумен қамтамасыз етудің тұйықталған циклі технологиясы қолданыла отырып, балықтар мен басқа да су жануарларын қолдан өсірумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;»;
«73-1) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы - табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;»;
75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«75) уәкілетті органның және жергілікті атқарушы органдардың мамандандырылған ұйымдары (бұдан әрі - мамандандырылған ұйымдар) - жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер және республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 78-1) тармақшамен толықтырылсын:
«78-1) фермерлік аңшылық шаруашылығы - жеке меншіктегі жануарларды аңшылық мақсатында қолдан өсіруге маманданатын аңшылық шаруашылығы;»;
79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«79) шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру - жобаланатын аңшылық шаруашылығы үшін аңшылық шаруашылығының шекарасы мен санаттарын айқындау, оның алаңын есептеу, жануарлар дүниесi мен ол мекендейтiн ортаның жай-күйiн, жануарларды есепке алу әдістемелерін, жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын айқындау;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар түрлерiн санаттарға жатқызу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру жануарлар дүниесiнiң түрлiк саналуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында биологиялық негіздеме негізінде ведомствоаралық зоологиялық комиссияның ұсынымы бойынша жүргiзiледi.»;
3) 6-баптың 3) тармақшасындағы «экспорттау» деген сөз «өткізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 6-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;»;
5) 6-2-баптағы «оның аумақтық бөлімшелері бар ведомстволарын» деген сөздер «аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 8-бапта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;»;
9) тармақшадағы «ерiксiз немесе» деген сөздер «ерiксiз және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті»;
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердi әзiрлейдi және бекітеді;»;
6) тармақшадағы «уәкiлеттi органның» деген сөздер «уәкiлеттi орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7), 12) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерiн айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;
«12) аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітедi;»;
«17) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;»;
20) тармақшадағы «су тарту құрылыстарының балық» деген сөздер «су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) және 44) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;»;
«44) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;»;
50) тармақшадағы «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын, айырым белгілері бар (погондарсыз) нысанды киімді киюге құқығы бар» деген сөздер «айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
54) тармақша алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланудың және (немесе) пайдалануға тыйым салудың белгіленген мерзімдерін ауыстыру туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 65-1) тармақшамен толықтырылсын:
«65-1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн қайта бекітіп беру жөніндегі қағидаларды және олар бұдан бұрын бекітіп берілген тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзірлейді және бекiтедi;»;
69) тармақшадағы «еріксіз және» деген сөздер «еріксіз және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«71) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
72) және 73) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1), 77-2), 77-3), 77-4), 77-5), 77-6), 77-7) және 77-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«77-1) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
11-тармақтың 7) тармақшасының жиырма тоғызыншы абзацы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
77-2) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
77-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-4) балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-5) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
77-6) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-7) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызудың өлшемшарттарын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
екінші бөліктегі «Аумақтық бөлімшелер» деген сөздер «Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiтедi;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;»;
5-3) тармақшадағы «, халықаралық және республикалық» деген сөздер «және халықаралық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-4) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;»;
мынадай мазмұндағы 5-11) және 5-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;»;
9) 11-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс.
4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 13-баптың 1) тармақшасындағы «ережелер мен нормаларды» деген сөздер «қағидаларды, нормалар мен нормативтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 14-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «қажеттігі негіз болып табылады.» деген сөздер «қажеттігі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негiз болып табылады.»;
3-тармақта:
7) тармақшадағы «сирек кездесетiн және жойылып кетуi қаупi төнген жануарлар түрлерiн және олардың дериваттарын», «алуға» деген сөздер тиісінше «жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын», «алып қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен артық және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтарында аулауға;»;
12) тармақшадағы «бүлдiруге тыйым салынады;» деген сөздер «бүлдіруге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) балықтарды қорғау құрылғыларынсыз, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су жинау және ағызу құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады.»;
12) 15-баптың 3-тармағының бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша:
1) ғылыми, өсімін молайту, коммерциялық мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіру, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу;»;
13) 17-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.»;
14) 18-1-бап алып тасталсын;
15) 19-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерін қолдан өсіру мақсаттары үшін өсімін молайту кешенінің мемлекеттік тапсырысты орындайтын мемлекеттік кәсіпорындары кездейсоқ ауланым ретінде алынған балықтарды балықтардың уылдырық шашуын гормондық демеу препараттарын өндіру, сондай-ақ оларды ұстауға азық өндіру үшін пайдалануы мүмкін.»;
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жануарлар түрлерін қолдан өсiру, оның ішінде көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз ету циклі тұйықталған балық өсіру шаруашылықтарында қолдан өсіру жеке және заңды тұлғалардың қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен кәсiпкерлiк қызмет мақсатында жүзеге асырылады.»;
«6. Үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
16) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
17) 21-баптың 3-тармағындағы «оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 22-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «нормативтердi және ғылыми ұсынымдар әзірлемелерін негіздеу» деген сөздер «нормалар мен нормативтердi негіздеу және ғылыми ұсынымдарды әзірлеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «шегіндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларына сәйкес,» деген сөздер «шегінде» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізеді.»;
19) 3-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Ихтиологиялық байқаулар
1. Ихтиологиялық байқауларды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
2. Ихтиологиялық байқаулардың негізгі бағыттары: балық шаруашылығы су айдындарының жай-күйін бақылау; бақылау үшін аулауды жүргізу; ихтиофаунаның жай-күйі туралы биологиялық материалдарды жинау; өріс аудару жолдарын, уылдырық шашу мерзімдерін және су айдындарына кәсіпшілік жүктемені зерделеу; балық құртшабақтарының кездейсоқ ауланымын, уылдырық шашатын орындарды және қыстау шұңқырларын айқындау; гидрометеорологиялық жағдайларға қарай уылдырық шашу кезеңіндегі тыйым салу мерзімдерін ауыстыруды қоса алғанда, балық аулау режимін реттеу бойынша, балық аулау құралдары бойынша, балық өсіру-мелиорациялық жұмыстарды және су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау; балықтың қырылу қаупі бар су айдындарын есепке алу және балықтардың қырылуының профилактикасы және оны жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; су тарту, ағызу құрылыстарын қарап-тексеру және балықтарды қорғау құрылғылары болмаған кезде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды айқындау болып табылады.
3. Ихтиологиялық байқаулардың деректері балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар дайындау үшін қолданылады.»;
20) 23-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда, жануарлар дүниесiн арнайы пайдалануға жануарлар дүниесi объектiлерiн және олардың тiршiлiк ету өнiмдерiн мекендеу ортасынан алып қоя отырып пайдалану жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Фермерлік аңшылық шаруашылықтарында еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалануды олардың иеленушілері айқындайды.»;
21) 24-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану;»;
22) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның», «аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің», «қырылу» деген сөздер тиісінше «уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствоның», «аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының», «балықтың қырылу» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 26-баптың 1-3-тармағының бірінші бөлігіндегі «балықтардың және басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алуға ұсыным жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері өтініш түскен сәттен» деген сөздер «өтініш беруші жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатын берген кезде балықтар мен басқа да су жануарларының ауланған жері бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өтініш келіп түскен кезден» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 27-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес қорықшыларды қызметтік қарумен қамтамасыз етуге;»;
7) тармақшадағы «аң-құсты өсіруді жүзеге асыруға» деген сөздер «аң-құс өсіруді жүзеге асыруға және аң-құс (еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда) өсіру үшін бөлінген аумақта әуесқойлық (спорттық) аң аулауды жүргізуге, сондай-ақ аң-құс өсіру нәтижесінде өсімі молайған жануарларды өз бетінше пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
4) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастыруға және балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өсiмiн молайтуды қамтамасыз ететiн қажеттi iс-шараларды жүргiзуге;»;
11) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бақылау үшін аулауды - уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне;»;
14) тармақша «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ведомствоның аумақтық бөлімшесіне жеке және заңды тұлғалармен жануарлар дүниесін пайдалануға жасалған шарттар туралы, оның ішінде оларды бұзу туралы ақпарат жіберуге;»;
18) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға және қағидаларға сәйкес», «қызметтік қару-жарақпен,» деген сөздер алып тасталсын;
22) тармақшадағы «уәкілетті органға хабарлауға міндетті.» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосына хабарлауға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 24) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға міндетті.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш берушілер уәкілетті органның ведомствосына хабарламалар беруді «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қызметтің немесе әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғанға дейін кемінде он жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.»;
25) 29-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бір бөлігі жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы болып табылады.»;