101) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 102) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
102) рұқсаттық бақылау саласында;
103) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалатын бұйымдардың айналымы саласында;
104) өнеркәсіп саласында;
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 105) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi) (бұр.ред.қара)
105) ұйымдардың, әскери міндеттілердің және әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына;
2013.21.01. № 72-V ҚР Заңымен 106) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiлдi); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 106) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
106) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 107) тармақшамен толықтырылды
107) қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуына жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметіне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында;
6) ішкі су көлігі саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) өсімдіктер карантині саласында;
10) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласында;
11) қаржы нарығына және қаржы ұйымдарына;
2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) микроқаржы ұйымдарының қызметіне;
12) кредиттік бюролар қызметіне;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) инвестициялық қорлар қызметіне;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылды
14) жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында;
15) орман қорын сақтау, қорғау, пайдалану, ормандарды молайту және орман өсіру саласында;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүзеге асырылады.