2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік ресімдеу аяқталатын орындарда өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;
3) жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) жүргізілуіне;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтауына;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) осы Заңның 6-бабының талаптары және ішкі істер органдары жүргізетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуына;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға,
сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;
13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
16) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды
21) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттардың және әкімдіктердің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау талаптарын сақтауына;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамалары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар күзететін Қазақстан Республикасының объектілерін қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарының сақталуына;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның объектіге жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында баруына;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 14), 15), 18) және 21) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге жатады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тексерулерді жүргізу кезінде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледі.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтата тұру мерзімдері, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) топтарға бөлу
1. Бақылау және қадағалау тексерілетін субъектілерді (объектілерді) төрт топқа бөлу ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Бірінші топқа өздеріне қатысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары қолданылатын тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі мынадай бақылау және қадағалау салаларында жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған субъектілерге (объектілерге) қатысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде:
1) халықтың радиациялық қауіпсіздігі саласында;
2) атом энергиясы саласында;
3) өрт қауіпсіздігі саласында;
4) жарылғыш және улы заттардың, радиоактивті материалдар мен заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
5) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданылады.
Осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы талаптардың сақталуын тексеру үшін эпидемиялық маңыздылығы жоғары обектілерде тексерулер жүргізудің мерзімділігі:
1) тәуекел дәрежесі жоғары болған кезде - жарты жылда бір реттен;
2) тәуекел дәрежесі орташа болған кезде - жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді тәуекел дәрежелері бойынша бөлу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген ережелер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген қызмет салалары үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерімен айқындалады.
Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Реттеуші мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган бекіткен жартыжылдық график тексерулер жүргізудің ерекше тәртібін тағайындау үшін негіз болып табылады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 15 сәуіріне дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерінің жобаларын келісу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тексерулердің жартыжылдық графиктерінің жобаларында сол бір тексерілетін субъектілер (объектілер) белгіленген кезде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган график жобаларын реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға мұндай субъектілерді (объектілерді) тексерулер жүргізудің графиктерінен алып тастау үшін не осы баптың талаптарын ескере отырып, оларды жүргізу мерзімдерін түзету үшін қайтарады.
Тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде реттеуші мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар тексерулер жүргізудің бекітілген жартыжылдық графиктерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін қалыптастыруы үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктерін ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
Тексерулер жүргізудің жартыжылдық графиктеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық графигін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.
3. Екінші топқа өздеріне қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.
Ішінара тексеру жүргізу үшін бақылау және қадағалау органдары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілері ұсынатын есептілікке;
2) жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелеріне;
3) өзге де ақпаратқа талдау жүргізеді.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, реттеуші мемлекеттік органдар ішінара тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
4. Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Үшінші топқа өздеріне қатысты осы Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген негіздер бойынша жоспардан тыс тексерулер мен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.
6. Төртінші топқа өздеріне қатысты тексерулер жүргізілместен бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандары ғана жүргізілетін тексерілетін субъектілер (объектілер) жатқызылады.
7. Бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын осы баптың 2, 3, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген топтарға жатқызу әрбір бақылау және қадағалау саласы үшін тәуекелдерді бағалау ескеріле отырып жүзеге асырылады.
8. Екінші топқа жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер), егер мұндай тесерілетін субъектілер үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасқан болса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші топқа ауыстырылуы мүмкін.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Ведомстволық есепке алу
1. Реттеуші мемлекеттік органдар міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді.
Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексеру мәселелері бойынша міндетті ведомстволық есептіліктің нысандарын және бару арқылы жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын - реттеуші мемлекеттік орган, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган басшыларының бірлескен актісімен бекітіледі.
2. Бақылау және қадағалау органдары тексерілетін субъектілерді (объектілерді) тексерулердің санын және барумен жүргізілетін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үзіліссіз негізде жүргізуге міндетті.
Ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері орталық және жергілікті атқарушы органдардың ресми интернет-ресурстарында ай сайын жарияланады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер бойынша ведомстволық есептіліктің жиынтық деректері реттеуші мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын жарияланады.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары бойынша ведомстволық есепке алу жүргізілмейді.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Тексеру парақтары
1. Тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртектес топтары үшін реттеуші мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде тексеру парақтарын бекітеді.
Тексеру парақтарының нысандары реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның бірлескен актісімен бекітіледі және мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
2. Тексеру парағы тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге әкеп соғатын талаптарды ғана қамтиды.
3. Тексеру парақтарында белгіленген талаптар тексерілуге жатады.
16-бап. Тексеру түрлері
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тәуекел дәрежесі негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулер;
2) ішінара;
3) жоспардан тыс.
Ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.
Ішінара тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нәтижелерін талдау нәтижелері бойынша, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.
Жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру.
2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тексерулер көлемі бойынша:
1) кешенді;
2) тақырыптық болып бөлінеді.
Кешенді тексеру - тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтау мәселелерінің кешені бойынша тексеру.
Тақырыптық тексеру - тексерілетін субъектінің (объектінің) қызметін осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша тексеру.
4. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-1. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. Тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге:
1) тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын бақылау;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру қатерінің туындауы туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2), 2-3) және 2-4) тармақшалармен толықтырылды
2-1) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
2-2) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;
2-3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;
2-4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені не келтіру қатері туралы нақты фактілер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;
3) тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алу мақсатында, тексерілетін субъектінің азаматтық-құқықтық қатынастары болған үшінші тұлғағаларға қатысты жүргізілетін қарсы тексеру;
4) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) тексерілетін субъектінің бастапқы тексеруге келіспейтіні туралы өтінішіне байланысты қайталама тексеру;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында айқындалған мәліметтер мен мәселелер;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) тексерілетін субъектінің «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметті немесе белгілі бір іс-әрекеттерді жүзеге асырудың басталғандығы туралы хабарлама беруі;