2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
10) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы, гигиеналық нормативтер және техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған жағдайларда, адамның өміріне, денсаулығына және мекендеу ортасына қауіп төндіретін өнімдерді іріктеу және олардың санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасының нәтижелері негіздер болып табылады.
8. Жоспардан тыс тексерулер иесі көрсетілмеген өтініштер болған жағдайларда жүргізілмейді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Жоспардан тыс тексеруге нақты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады.
10. Эпидемия, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтары, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда объектілерге жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүргізіледі.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Жалған пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер тексерілетін субъектіге алдын ала хабарлама жасалмай жүргізіледі.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Бақылау және қадағалау органдары және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден шалғайда тұрған объектілерде немесе субъектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде табыс ете отырып жүзеге асырылады.
Тексеруді тағайындау туралы акті тіркелетін жерден тексеру жүргізілетін жерге дейін жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу болып есептеледі.
12. Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін санамаланған негіздер мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, резидент емес заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында тіркелмей жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
13. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Заңда белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
17-бап. Тексерулерді тағайындау туралы акт
1. Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
2. Тексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда) және лауазымы;
4) тексерулер жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлімет;
2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 2-тармақтың 5) тармақшасындағы «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деп есептелсін
5) тексерілетін субъектінің атауы немесе өзіне қатысты тексеру тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болғанда), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, аумағының учаскесі көрсетіледі.
Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы және орналасқан жері көрсетіледі.
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексеру жүргізудің мерзімі;
8) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
9) тексерілетін кезең;
10) осы Заңның 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.
18-бап. Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес жүзеге асыратын үстеме тексерулердi қоспағанда, тексерудi тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда мiндеттi түрде тiркеледi.
Тексерулердi тағайындау туралы актiнi тiркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдердi басқарудың ведомстволық жүйелерiн қалыптастыру мен жетiлдiру үшiн пайдаланылады.
Тексерудi тағайындау туралы актiнi тiркеудің болуы осындай тексерудiң заңдылығына дәлел болып табылмайды.
Жұмыскерлердің өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда мемлекеттік еңбек инспекциясының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы талаптардың сақталуы бойынша жоспардан тыс тексерулерін, мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын үстеме тексерулердi тағайындау туралы актiлер жөніндегі жалпы мәлiметтер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бөлінісінде тоқсан сайын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бақылау және қадағалау органының тексеруді тағайындау туралы актісі тексерулер басталғанға дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда, оны тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсыну, оның ішінде электронды форматта ұсыну арқылы тіркеледі.
Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну туралы хабарлау тәртiбiн тiркеуді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.
3. Тексеруді жүргізу қажеттігі қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған жағдайда, сондай-ақ тексерулерді жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізген кезде бұзушылықтарды жасау кезінде тікелей олардың жолын кесу қажеттігіне қарай және айғақтарды бекіту үшін кейінге қалдыруға болмайтын іс-қимылдар жасау үшін тексерулер тағайындау туралы актіні тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулер басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
19-бап. Тексеруді жүргізу тәртібі
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бақылау және қадағалау органы тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, осы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексеру, ішінара тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіге жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
Жоспардан тыс тексеру жүргiзу кезiнде, осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында, 10 және 10-1-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бақылау және қадағалау органы тексеру жүргiзу нысанасын көрсете отырып, жоспардан тыс тексеру жүргiзудiң басталатыны туралы осы тексеру басталғанға дейiн кемiнде бiр тәулiк бұрын тексерiлетiн субъектiге хабарлауға мiндеттi.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара және жоспардан тыс тексерулер, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тексерілетін субъектінің (объектінің) ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу қажеттілігі болған жағдайларда, жұмыстан тыс уақытта (түнде, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
2. Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркелгені туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болған кезде режимді объектілерге баруға арналған құзыретті органның рұқсатын;
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген, объектілерге бару үшін қажет болатын медициналық рұқсаттаманы;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) тексеру парағын көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін субъектіге берген күннен бастап тексеру жүргізу басталған болып есептеледі.
3. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.
Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеруді жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды.
4. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады. Бұл ретте тексеру жүргізуші лауазымды адамдардың құрамы бақылау және қадағалау органының шешімі бойынша өзгеруі мүмкін, бұл туралы тексерілетін субъект және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі орган тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін, ауыстыру себебі көрсетіле отырып, хабардар етіледі.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бірнеше бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде, осы органдардың әрқайсысы тексеруді тағайындау туралы актіні ресімдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге міндетті.
Сол бір мәселе шеңбері бойынша бірнеше тексерілетін субъектіге (объектіге) бір мезгілде бір бақылау және қадағалау органының тексеру жүргізуі қажет болған кезде мынадай:
1) салық органдарында тіркеу есебіне қою;
2) бақылау-кассалық машиналардың болуы;
3) акциздік және есептік-бақылау таңбаларының болуы және олардың төлнұсқалығы;
4) алкоголь өніміне, мұнай өнімдеріне және биоотынға ілеспе жүкқұжаттарының болуы және олардың төлнұсқалығы;
5) лицензияның болуы;
6) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болуы мәселелерi бойынша жүргiзiлетiн салықтық тексерудi қоспағанда, осы орган әрбiр тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексерудi тағайындау туралы актiнi ресiмдеуге және оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеуге мiндеттi.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Тексеру жүргізу мерзімі
1. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін - бес жұмыс күнінен, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын тексерілетін субъектілер үшін - отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс, ол Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексеруді, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы, құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды қоспағанда, олар үшін салалық ерекшеліктер ескеріле отырып, тексерулер жүргізудің мынадай:
1) санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы тексерулер - он бес жұмыс күніне дейін болатын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
2) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық және мақта нарығы саласында - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
3) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық жағынан күрделілігін ескере отырып:
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға - бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;
техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға - жұмыс күнінің 4 сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің 8 сағатына дейін ұзартылатын мерзімдер белгіленеді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салықтық тексерулерді жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды және осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргізудің мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.
Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркей отырып, тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.
Тексеру бір айдан аспайтын мерзімге бір рет тоқтатыла тұруы мүмкін.
Тексеру жүргізу аясында шет мемлекеттерден елеулі маңызы бар мәліметтер және құжаттар алу, осы бапта көрсетілгеннен асатын мерзімдерде арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайларда, тексеру жүргізу мерзімі оларды алғанға не орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.
Тексерілетін субъектіні тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы хабардар ету құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды хабардар ете отырып, тексеруді тоқтата тұруға не қайта бастауға дейін бір күн бұрын жүргізіледі.
Тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау кезінде тексеруді тоқтата тұру не қайта бастау туралы акт шығарылады.
Тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
Тоқтатыла тұрған және осы бапта белгіленген мерзімдерде қайта басталмаған тексеру бойынша тексерілетін субъектіні тексеруді қайта жүргізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізудің, ұзартудың және тоқтата тұрудың тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалады.
21-бап. Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу, оның ішінде іріктеп алынатын үлгілердің саны нормативтік құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының өнімге және өнімдерді сынақтан өткізу әдістеріне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.
2. Өнімдердің үлгілерін іріктеуді бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерілетін субъект басшысының немесе өкілінің және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамының қатысуымен жүргізеді және өнімнің үлгілерін іріктеу актісімен расталады.
Өнімдердің іріктеп алынған үлгілері жинақталған, буып-түйілген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиіс.
3. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі үш данада жасалады. Актінің барлық даналарына өнімдердің үлгілерін іріктеп алған лауазымды адам және тексерілетін субъектінің басшысы не өкілі қол қояды.
Іріктеу актісінің бір данасы жолдамамен және тиісті түрде іріктеп алынған өнімнің үлгілерімен бірге сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген ұйымға жіберіледі.
Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің екінші данасы тексерілетін субъектіде қалады.
Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінің үшінші данасы өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Іріктеп алынған өнімдердің үлгілерін сақтау және тасымалдау осы үлгілерді сараптау (талдау, сынақтан өткізу) жүргізілетін өлшемдерді өзгертуге тиіс емес.
Сараптау (талдау, сынақтан өткізу) үшін өнімдердің үлгілерін іріктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы, олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етеді.
5. Өнімдердің үлгілерін іріктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерімен тексерілетін субъектінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптарды бұзу фактісі расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараптама жүргізу жөніндегі шығыстарды өтеуге міндетті.
7. Тексерілетін субъекті өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргізуге уәкілетті ұйымда өзінде қалған үлгіге сараптама (талдау, сынақ) жүргізе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерілетін субъект жүргізген сараптамалар нәтижелерінің алшақтықтары туралы дау сот тәртібімен шешіледі.
22-бап. Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісі
Өнімдердің үлгілерін іріктеу актісінде:
1) жасалу орны және күні;
2) соның негізінде өнімдердің үлгілерін іріктеу жүзеге асырылатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешімінің нөмірі және күні;
3) өнімдердің үлгілерін іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;
4) өнімдердің үлгілерін іріктеу жүргізілетін тексерілетін субъектінің атауы және орналасқан жері;
5) тексерілетін субъект уәкілетті адамының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты;
6) өндірушіні, өндіру күнін, партияның сериясын (нөмірін), үлгілердің жалпы құнын көрсете отырып, іріктеп алынған өнімдер үлгілерінің тізбесі және саны;
7) буып-түю түрі және мөрдің (пломбының) нөмірі көрсетіледі.
23-бап. Тексеру жүргізу кезіндегі шектеулер
Тексеру жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы лауазымды адамдарының:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттік органның атынан әрекет ететін лауазымды адамдардың құзыретіне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеу сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және олардың зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар күшіне енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алынуы туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асып кетуге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) осы Заңның 16-бабы 7-тармағының 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бір кезеңде сол бір мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргізген тексерілетін субъектіге (объектіге) тексеру жүргізуге;
7) мемлекеттік бақылау мақсатында тексерілетін субъектілердің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізуге құқығы жоқ.
24-бап. Тексерулерді ресімдеу тәртібі
1. Тексерудің нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы екі данада тексеру нәтижелері туралы акті жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) оның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы акті жасалған күні мен оның нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы;
5) тексерілетін субъектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тексеруді жүргізу кезінде сол жерде болған жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
6) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі;
7) тексерудің нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мәліметтер;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) тексеру парағының атауы және бұзушылықтар анықталған талаптардың тармақтары;
8) тексерілетін субъекті өкілінің, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолы немесе қол қоюдан бас тартуы;
9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы көрсетіледі.
Тексерудің нәтижелері туралы актіге олар болған жағдайда өнімдердің үлгілерін (сынамаларын) іріктеу, қоршаған орта объектілерін зерттеу туралы актілер, жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерімен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері қоса беріледі.
2. Тексерудің нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізудің нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.
3. Тексерілетін субъектіде түпнұсқа ретінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелері бар тексерудің нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және басқа да іс-қимылдар үшін заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкілдеріне тапсырылады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерілетін субъект үш жұмыс күнінен кешіктірмей, тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органының басшысымен келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат беруге құқылы.
5. Тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабын жүргізуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерілетін субъектілердің келушілер мен тексерулерді есепке алу кітабында тегін, лауазымдарын және актіде баяндалған деректерді көрсете отырып, жүргізілген іс-әрекет туралы жазба жасауға міндетті.
6. Түпнұсқалық бухгалтерлік және өзге де құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.