Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы
(2012.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жалпы құқықтық негіздерін реттейді және бақылау мен қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау органдары - заңнамаға сәйкес лицензиялауды және (немесе) өзге де рұқсат беру құжаттарын беруді, тіркеу есебіне қоюды, сондай-ақ тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және олардың аумақтық бөлімшелері;
2) жедел ден қою шаралары - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, тексерілетін субъектілерге қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және тексерулердің нәтижелері бойынша қолданылатын ықпал ету тәсілдері;
3) мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - бақылау) - мемлекеттік органның тексерілетін субъектілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға олардың қызметінің сәйкестігі нысанасында тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша жедел ден қоймастан құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
4) мемлекеттік қадағалау (бұдан әрі - қадағалау) - мемлекеттік органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
5) тәуекел - тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекелдерді бағалау жүйесі - бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның тексерулерді жоспарлау мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені;
7) тексерілетін субъектілер - қызметіне бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
2-бап. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы баптың 3, 4-тармақтарында және осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заң құқықтық мәртебесіне, меншік нысанына және қызмет түрлеріне қарамастан, тексерілетін субъектілерге бақылау және қадағалау жүргізуді ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейді.
2. Осы Заңда:
1) бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі;
2) бақылау және қадағалау органдарының тексерулер жүргізу кезіндегі өзара іс-қимылының тәртібі;
3) тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар;
4) бақылау және қадағалау органдарының және олардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері белгіленеді.
3. Осы Заңның 4 және 8-баптарын қоспағанда, осы Заңның күші:
1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауға;
2) жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға, не жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарттар талаптарын сақтауын бақылауға;
3) кеден ісі саласындағы мемлекеттік бақылауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
4. Осы Заңның күші, осы Заңның 8-бабын қоспағанда, мынадай:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысындағы бақылау және қадағалау;
3) сот әділдігі;
4) жедел-іздестіру қызметі;
5) Қазақтан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының сақталуын бақылау салаларына қатысты қолданылмайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға байланысты бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде туындайтын қатынастар көрсетілген салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
4-бап. Бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары мен міндеттері
1. Бақылау және қадағалау:
1) заңдылық;
2) бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;
3) жеке немесе заңды тұлғаның адалдық презумпциясы;
4) жариялылық;
5) бақылаудың және қадағалаудың жоспарлылығы мен жүйелілігі;
6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіптік біліктілігі мен құзыреттілігі;
7) бақылау және қадағалау органдары лауазымды адамдарының өз лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жауаптылығы;
8) жазалау алдында құқық бұзушылықтың алдын алудың басымдығы;
9) қажеттілік пен жеткіліктілік;
10) мемлекеттік органдар арасындағы бақылау өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
11) адал тексерілетін субъектілерді көтермелеу, құқық бұзушыларға бақылау мен қадағалауды шоғырландыру;
12) тексерілетін субъектілер мен тұтынушылардың өз заңды құқықтарын дербес қорғауға қабілеттілігін арттыру;
13) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің есептілігі мен ашықтығы;
14) тәуелсіздік;
15) объективтілік және турашылдық;
16) дәйектілік қағидаттарына негізделеді.
2. Бақылаудың және қадағалаудың мiндетi экономикалық қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды әрі жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қоса алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн және сататын өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мемлекеттік органдарға, осы Заңның 13-бабының 3-тармағында, 14-бабының 1-тармағында, 15-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектiлеріне тексеру жүргiзу тәртібі мәселелерi бойынша заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға тыйым салынады.
4. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейтін мемлекеттік органдар оларды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
5. Жеке кәсіпкерлікті бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңның қосымшасында көрсетілген қызмет салаларында жүзеге асырылады.
5-бап. Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар
Тексерілетін субъектілердің қызметіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленеді.
6-бап. Құқық қорғау органдарының бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруы кезіндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кепілдіктері
Құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау және (немесе) қадағалау іс-шараларын жедел-іздестіру қызметі, қылмыстық қудалау, әкімшілік іс жүргізу және (немесе) құқық қорғау органдары жүзеге асыратын реттеу функцияларын іске асыру шеңберінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге да жағдайларда жүргізеді.
7-бап. Бақылау
1. Бақылау ішкі бақылау және сыртқы бақылау болып бөлінеді:
2. Ішкі бақылау - мемлекеттік орган өз құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды жүзеге асыратын бақылау.
Ішкі бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 8-бабында айқындалады.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жүргізілетін ішкі бақылау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган жүзеге асыратын ішкі бақылауға қолданылмайды.
3. Сыртқы бақылау - бақылау және қадағалау органы тексерілетін субъектілер қызметінің осы Заңның 5-бабында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру және қадағалау бойынша жүзеге асыратын бақылау.
Сыртқы бақылауды жүргізу тәртібі осы Заңның 10-бабында және 2-тарауында айқындалады.
Сыртқы бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде әкімшілік, тәртіптік іс жүргізуді қозғайды не өз құзыреті шегінде тиісті талап арызға бастамашылық жасайды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қабылдайды.
8-бап. Ішкі бақылау
1. Ішкі бақылау:
1) құқықтық актілердің орындалуын бақылау (орындалуы құқықтық актілерде көзделген іс-шаралар). Бұл жағдайда орындалуға тиіс іс-шаралар қамтылған барлық құқықтық актілер бақылауға алынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және мемлекеттік органның басшы лауазымды адамдарының қызметтік сипаттағы өзге де құжаттардан туындайтын тапсырмаларының орындалуын бақылау болып бөлінеді.
2. Ішкі бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептерді және баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерлерге шыға отырып, тексерулер;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүргізіледі.
3. Ішкі бақылау мынадай өлшемдер:
1) құрылымдық, аумақтық бөлімшелер, ведомстволық бағаныстағы мемлекеттік органдар мен ұйымдар және лауазымды тұлғалар қызметінің олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкестігі;
2) орындаудың уақтылығы және толықтығы;
3) орындау кезінде заңнама талаптарын сақтау бойынша жүргізіледі.
4. Күшіне енген құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі қажеттігіне қарай бақылау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Бұл ретте ішкі бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түскен ақпаратты:
1) құқықтық актінің деңгейін және орындалу сапасын;
2) құқықтық актіні орындауда ауытқушылықтардың бар-жоғын, олардың себептерін және ауытқушылықтарды жою үшін ықтимал шараларды белгілеуді;
3) бақылаудан алу не орындалу мерзімін ұзарту мүмкіндігін;
4) құқықтық актіні орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін нақты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін айқындау үшін талдайды.
Ақпаратты талдау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстар тиісті шешім қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылығына баяндалады.
Ақпаратқа талдау жүргізген мемлекеттік органның орындаушылары қабылданған шешім туралы хабардар етіледі.
5. Құқықтық актіде көзделген іс-шаралардың орындалуын бақылаудан алуды және мерзімдерін ұзартуды мемлекеттік органның басшылығы жүзеге асырады.
6. Жоғары тұрған мемлекеттік органның не орындаушы органның бақылау қызметі құқықтық актіде белгіленген орындау мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік органның регламентінде айқындалған тәртіппен орындаушыға тиісті жазбаша ескерту жібереді.
Ішкі бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың қосымша мәселелерін мемлекеттік органның өзі не одан жоғары тұрған мемлекеттік орган айқындауы мүмкін.
9-бап. Қадағалау
1. Қадағалау уәкілетті мемлекеттік органның әкімшілік іс жүргізуді қозғамастан, жедел ден қоюдың құқық шектейтін шараларын қолдануы болып табылады.
Жедел ден қоюдың құқық шектейтін шаралары Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделеді және мемлекеттік органдар, егер тексерілетін субъектінің қызметі, тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жағдайда қолданады.
2. Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес мемлекет атынан прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын қадағалау болып бөлінеді.
10-бап. Бақылау және қадағалау нысандары
1. Тексерілетін субъектілердің қызметін бақылау және қадағалау:
1) ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы Заңда айқындалатын тексерулер;
2) егер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, ұйымдастырылу және жүргізілу тәртібі осы бапта және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалатын алдын алу-профилактикалық сипатта болатын бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде тексерілетін субъектіні алдын ала хабардар ету, сондай-ақ құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу талап етілмейді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындылары бойынша олардың түріне қарай, бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ тексерілетін субъектіге осы бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, нұсқама, қорытынды және басқалары) жасалуы мүмкін.
Осы тармақтың екінші бөлігі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын бақылаудың өзге де түрлеріне қолданылмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бақылау және қадағалау органдары:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген;
егер объектінің (субъектінің) орналасқан жері бойынша оған барғанға дейін бір тәулік бұрын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарға міндетті түрде хабарлама жасай отырып, рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) алумен (өтумен) байланысты болған;
құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тіреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкес келуіне инспекция жүргізу;
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылау;
ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасында қару мен оның патрондары айналымы қағидаларын сақтау мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыруы;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын қажеттiлiк пен жеткiлiктiлiк қағидаттарына сәйкес бақылау объектiлерiне (субъектiлерiне) бармай жүргiзедi.
11-бап. Бақылау және қадағалау органдарының құзыреті
Бақылау және қадағалау органдары:
1) мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тиісті бағыттағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде бақылау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) бақылау мен қадағалау тиімділігі мониторингін ұйымдастырады және жүргізеді;
6) Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау органдарының қызметін өзара үйлестіруді жүзеге асырады;
7) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2-тарау. ТЕКСЕРУЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
12-бап. Тексерулердің жалпы мәселелері
1. Тексерілетін субъектіні тексеру - бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттік органның лауазымды адамының тексерілетін субъектіге баруы;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде қажетті ақпаратты талап етуді қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажетті ақпаратты сұрату;
3) осы Заңның 5-бабына сәйкес тексерілетін субъектінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту сияқты іс-әрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізетін бақылау және қадағалау нысандарының бірі.
2. Тексерілетін субъектілердің осы Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
3. Осы Заңның 26-бабының 2 және 3-тармақтарын, 29-бабын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге;
2) кеден одағының кедендік шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде өсімдіктер карантині, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргізуге;
3) жол жүрісі қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға;
4) көліктегі қауіпсіздік талаптарын сақтау нысанасында көліктік бақылау бекеттерінде автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуіне;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі және сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңдарына сәйкес кемелерді қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан, өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклда өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсімдіктер дүниесі объектілерінің санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) карантиндік аймақтарда және қолайсыз мекендерде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
10) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі және авиация қауіпсіздігі талаптарын сақтауына;
11) ішкі істер органдарының жүргізілетін жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде қарудың, жарылғыш және улы заттардың, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттардың және олар пайдаланылған бұйымдардың заңды айналымы саласындағы бақылауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді жүзеге асыратын субъектінің аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес орнатылған акциздік бекеттер арқылы бақылауға,
сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спирті мен алкоголь өніміне бақылау есебінің жүргізілуіне;
13) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалауға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14) монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
16) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
17) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуды, кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болу тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желілерін, белгіленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желілері мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйі жөніндегі талаптарды сақтауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жол бойындағы жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды
20) жергілікті атқарушы орган белгілеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;