44) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«55-бап. Цифрлық объектілерді қорғау шаралары
1. Цифрлық объектілерді қорғаудың құқықтық шараларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жəне Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын цифрландыру саласындағы стандарттар;
2) Қазақстан Республикасының цифрландыру заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) цифрлық объектілердің меншiк иесi немесе иегері жасасатын, оларда осы объектілердің жұмыс істеу, оларға қол жеткiзу немесе оларды пайдалану шарттары, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауаптылық белгіленетін келісімдер.
2. Цифрлық объектілерді қорғаудың ұйымдастырушылық шараларына цифрлық объектілерге қол жеткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумаққа (ғимараттарға, үй-жайларға) кіру режимін белгілеу жəне қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға қол жеткізуді шектеу жатады.
3. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларына мыналар жатады:
1) ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану, ал мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерге қатысты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес əзірленген, дайындалған жəне (немесе) пайдалануға қабылданып алынған, мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратты қорғау құралдарын қолдана отырып қана пайдалану;
2) цифрлық объектілерге қол жеткізуді бақылау жəне қол жеткізу фактілерін тіркеу жүйесін пайдалану;
3) цифрлық объектілердің меншік иелерінің немесе иегерлерінің қорғау шараларын айқындауы үшін бекітілген қорғау бейіндерінің негізінде қауіпсіздік жөніндегі тапсырманы əзірлеу.
4. Цифрлық объектілерді қорғаудың техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын пайдалану жеке тұлғалардың өміріне, денсаулығына жəне мүлкіне, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкіне жəне мемлекеттік мүлікке зиян келтірмеуге немесе зиян келтіру қатерін туғызбауға тиіс.»;
45) 56-бапта:
тақырыптағы «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктегі «ақпараттық жүйелердің» деген сөздер «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 3-бөлімнің тақырыбы алып тасталсын;
47) 10-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
48) 57-бап алып тасталсын;
49) 59-бапта:
тақырыптағы «Ақпараттандыру жəне ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «Цифрлық орта жəне кибер- қауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
1 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін құруға жəне дамытуға арналған техникалық тапсырманы келісуді киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган цифрландыру саласындағы уəкілетті орган бекіткен «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға жəне дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау жəне қарау қағидаларында айқындалған тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге асырады.»;
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік əріптестік саласындағы заңнамасына сəйкес цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік əріптестіктің республикалық жəне жергілікті жобалары шеңберінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құру жəне дамыту кезінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган жекеше əріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік əріптестік жобасына бизнес-жоспарды келіседі.»;
50) 60-бап алып тасталсын;
51) мынадай мазмұндағы 10-1-тараумен толықтырылсын:
«10-1-тарау. Цифрландыру саласындағы, сондай-ақ электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
60-1-бап. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылау осы Заңның 60-3-бабына сəйкес жүзеге асырылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне оның құрылымына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
60-2-бап. Цифрландыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тəртібі
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уəкілетті орган бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай, цифрлық жүйелерді, ашық дереккөздерді, бұқаралық ақпарат құралдарын талдаудың жəне олардың деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мəліметтердің негізінде жүзеге асырады.
2. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу жəне оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын бақылау субъектісіне беру жəне бақылау субъектісіне əкімшілік жүктемені азайту бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады.
3. Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салдарын жоюға болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою тəртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, оларды жою туралы ұсыным жасалады.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту жəне алу фактісін растайтын өзге тəсілмен табыс етілуге тиіс.
6. Төменде санамаланған тəсілдердің бірімен жіберілген, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тəсілмен - уəкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына уəкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
8. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген уəкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізіміне енгізуге алып келеді.
10. Бақылау субъектісіне ( объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
60-3-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - тексерілетін мемлекеттік органдар) қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.
Тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелеріне;
2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелеріне;
4) мемлекеттік техникалық қызмет мəліметтеріне сəйкес жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексерулер киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі.
Уəкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уəкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы;
4) тексерілетін мемлекеттік органның тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) тексерудің нысанасы;
7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері тексерілетін мемлекеттік органдар арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Уəкілетті орган мынадай:
1) тексерілетін мемлекеттік органға қатысты жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Уəкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Тексерілетін мемлекеттік орган не оның уəкілетті өкілі тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның лауазымды адамдарының аумаққа жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уəкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне цифрлық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.
7. Тексеру тексеруді тағайындау туралы акт негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі тексерілген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен тұрған жері көрсетіледі;
6) тексерудің нысанасы;
7) тексеру түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексеру жүргізу кезінде уəкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын тексерілетін мемлекеттік органды тексеру жүргізудің басталатыны туралы хабардар етуге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
8. Уəкілетті органның объектіге тексеруге келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
3) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
9. Тексеру жүргізу мерзімі тексерудің нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.
Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы акт бұйрығының күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі.
Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті орган табыс етілгені туралы хабарламамен тексерілетін мемлекеттік органға ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс етеді.
10. Тексеру нəтижелері бойынша уəкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы электрондық нысанда өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттiк органға, екінші данасы тексерілетін мемлекеттік органда түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар мен басқа да əрекеттер қабылдау үшін қағаз жеткізгіште қол қойғызып немесе электрондық нысанда тексерілетін мемлекеттік органға (басшысына не оның уəкілетті адамына) табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органда қалады.
11. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:
1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде оның) күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың тексеру жүргізуге тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мəліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексеру түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар жəне олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) орындалу мерзімі көрсетілген, Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.
Тексеру нəтижелері туралы актіге тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар (олар болған кезде) жəне олардың көшірмелері қоса беріледі.
12. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады. Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі жасалады.
Уəкілетті орган тексерілетін мемлекеттік органның тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне он бес жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уəкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін мемлекеттік орган бас тарту себебі туралы жазбаша түсіндірме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.
13. Тексеру нəтижелері туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне əсер ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ тексеру нəтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.
15. Тексеру нəтижелері туралы актінің орындалу мерзімдерін айқындау кезінде:
1) тексерілетін мемлекеттік органда бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктердің болуы;
2) мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.
16. Тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органға растайтын құжаттармен бірге анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат берілмеген жағдайда уəкілетті орган осы баптың 3-тармағының 6) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
17. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган уəкілетті органның лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жоғары тұрған лауазымды адамға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа шағым жасауға құқылы.
60-4-бап. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жəне оның құрылымына кіретін ұйымдарға жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды.
60-5-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі
1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - бақылау субъектілері) қатысты электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды уəкілетті орган тексерулер нысанында жүргізеді.
Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс болып бөлінеді.
Бақылау субъектілеріне қатысты мерзімдік тексерулер мынадай ақпарат көздеріне:
1) алдыңғы тексерулердің нəтижелеріне;
2) есептілік пен мəліметтер мониторингінің нəтижелеріне;
3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдау нəтижелеріне;
4) «цифрлық үкімет» операторының мəліметтеріне сəйкес жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексерулер уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиі болмайтын кезеңділікпен жүргізіледі.
Уəкілетті орган мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары уəкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) бақылау субъектісінің атауы;
4) бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) тексерудің нысанасы;
7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері бақылау субъектілері арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Уəкілетті орган мынадай:
1) бақылау субъектісіне қатысты жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы расталған жолданымдар болған;
2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген;
3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурор талап еткен;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған;
6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
4. Уəкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алуға;
3) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты жəне өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.
5. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:
осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;
осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) тексеру нəтижелері туралы актіге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
6. Бақылау субъектілері не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уəкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің нысанасына сəйкес қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат беруге;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің жəне тексеру нəтижелері туралы актінің екінші данасына тексеру аяқталған күні белгі жасауға міндетті.