2) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 1.1. | 136 000 килограмнан астам | 450 |
| 1.2. | 75000 килограмнан астам 136 000 килограмды қоса алғанға дейін | 437 |
| 1.3. | 2 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 328 |
| 1.4. | 3 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 364 |
| 1.5. | 4 қозғалтқышымен 30 000 килограмнан астам, 75 000 килограмды қоса алғанға дейін | 401 |
| 1.6. | 2 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30 000 килограмды қоса алғанға дейін | 291 |
| 1.7. | 3 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін | 328 |
| 1.8. | 4 қозғалтқышымен 10 000 килограмнан астам, 30000 килограмды қоса алғанға дейін | 364 |
| 1.9. | 5 700 килограмнан астам 10 000 килограмды қоса алғанға дейін | 54 |
| 2. | Тікұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 2.1. | 10 000 килограмнан астам | 145 |
| 2.2. | 1 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін | 91 |
| 2.3. | 2 қозғалтқышымен 5 000 килограмнан астам, 10000 килограмды қоса алғанға дейін | 127 |
| 2.4. | 1 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін | 54 |
| 2.5. | 2 қозғалтқышымен 3 180 килограмнан астам, 5000 килограмды қоса алғанға дейін | 72 |
| 3) азаматтық әуе кемесінің типіне сертификаттар бергені үшін: |
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақ | 10 000 |
| 2. | Тікұшақ | 5 000 |
| 3. | Басқа да ұшу аппараттары | 1000 |
| 4) азаматтық әуе кемесінің данасына сертификаттар бергені үшін: |
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ұшақ | 10 |
| 2. | Тікұшақ | 20 |
| 3. | Басқа да ұшу аппараттары | 5 |
5) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымға сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету: |
| 1.1. | 10 адамға дейін | 346 |
| 1.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 364 |
| 1.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 382 |
| 1.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 400 |
| 1.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 419 |
| 1.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 437 |
| 1.7. | 201 адамнан көп | 455 |
| 2. | Әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету |
| 2.1. | 10 адамға дейін | 418 |
| 2.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 436 |
| 2.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 454 |
| 2.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 472 |
| 2.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 491 |
| 2.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 509 |
| 2.7. | 201 адамнан көп | 527 |
| 3. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, демонтаждалған компоненттеріне техникалық қызмет көрсету | 218 |
| 4. | Жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелерін қоспағанда, бұзбай бақылау | 145 |
| 5. | Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріндегі, авиақозғалтқыштардағы және авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): |
| 5.1. | 10 адамға дейін | 47 |
| 5.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 69 |
| 5.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 272 |
| 5.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 290 |
| 5.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 309 |
| 5.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 327 |
| 5.7. | 201 адамнан көп | 345 |
| 6. | Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) | 145 |
| 7. | Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауды орындау | 218 |
| 8. | Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатыла отырып күрделі жөндеу: |
| 8.1. | 10 адамға дейін | 528 |
| 8.2. | 11-ден 40 адамға дейін | 546 |
| 8.3. | 41-ден 70 адамға дейін | 564 |
| 8.4. | 71-ден 100 адамға дейін | 582 |
| 8.5. | 101-ден 150 адамға дейін | 601 |
| 8.6. | 151-ден 200 адамға дейін | 619 |
| 8.7. | 201 адамнан көп | 637 |
6) әуеайлақтың жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Әуеайлақ сыныбы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | А немесе Б немесе В сыныбы /санатталмаған | 1 349 |
| 2. | А немесе Б немесе В сыныбы - І санат | 1 604 |
| 3. | А немесе Б немесе В сыныбы - ІІ немесе ІІІ санат | 2 078 |
7) тікұшақ айлағының жарамдылығына сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының сыныбы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 364 |
| 2. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 419 |
| 3. | Жабдықталған I, II, III сынып | 510 |
| 4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 328 |
| 5. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 382 |
| 6. | Жабдықталған I, II, III сынып | 437 |
| 7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III сынып | 255 |
| 8. | Ішінара жабдықталған I, II, III сынып | 309 |
| 9. | Жабдықталған I, II, III сынып | 328 |
8) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттарды бергені үшін:
| Р/с № | Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеру бөлімшесінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі(АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 251 адамнан және одан көп | 235 |
| 2. | 201 адамнан 250 адамға дейін | 224 |
| 3. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 213 |
| 4. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 202 |
| 5. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 191 |
| 6. | 50 адамға дейін | 180 |
9) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге сертификаттар бергені үшін:
| Р/с № | Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 201 адамнан және одан көп | 12 600 |
| 2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
| 3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
| 4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
| 5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
| 6. | 10 адамға дейін | 180 |
| Ескертпе: сертификаттың қызмет аясы кеңейтілген кезде | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесінен 10% |
8. Банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат құжаттарын, келісім бергені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Рұқсат құжаттарының түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат | 50 |
| 2. | Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат | 50 |
| 3. | Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына елеулі қатысуына рұқсат | 50 |
| 4. | Банк холдингі немесе банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім: | |
| 4.1. | жеке тұлғалар үшін | 100 |
| 4.2. | заңды тұлғалар үшін | 500 |
| 5. | Сақтандыру холдингі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім: | |
| 5.1. | жеке тұлғалар үшін | 50 |
| 5.2. | заңды тұлғалар үшін | 50 |
| 6. | Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін сайлауға (тағайындауға) келісім | 25 |
9. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
69-тарау. ТӨЛЕМАҚЫЛАР
1-параграф. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
555-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) мынадай:
1) ойын бизнесі саласында;
2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;
3) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.
2. Лицензиарлар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет береді.
556-бап. Төлемақы төлеушілер
Осы Кодекстің 555-бабының 1-тармағында көрсетілген тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
557-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай төлемақы төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - АЕК) мөлшерінде айқындалады және мыналарды құрайды:
| Р/с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері, жылына (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | |
| 1.1. | казино және ойын автоматтары залы үшін | 3 845 |
| 1.2. | тотализатор және букмекерлік кеңсе үшін | 640 |
| 2. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу, әрбір қызмет объектісі үшін | 200 |
| 3. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу, қызметті мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге әрбір қызмет объектісі үшін: | |
| 3.1. | астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында | 100 |
| 3.2. | басқа да қалалар мен кенттерде | 60 |
| 3.3. | ауылдық елді мекендерде | 20 |
558-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.
2. Егер есепті салықтық кезеңде лицензияны пайдалану кезеңі бір жылдан аз болса, төлемақы сомасы бір жылға есептелген төлемақы сомасын он екіге бөлу және бір жылда лицензия пайдаланылған (толық немесе толық емес) айлардың тиісті санына көбейту жолымен айқындалады.
Бұл ретте лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды.
3. Төлемақы алу көзделген лицензияны беру бойынша тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақыны есептеуді, есепке жазуды жүргізеді және төлемақы мөлшерлемелерін қолдану дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ өндіріп алудың толықтығы, төлемақыларды бюджетке төлеудің уақтылығы үшін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
2-параграф. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
559-бап. Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) мемлекет:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін бергенi үшiн алынады.
2. Жер учаскелерiн және жер қойнауы учаскелерін беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына белгiленедi.
3. Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде өзiнiң тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері және жер учаскелері уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген кезеңдер туралы мәлiметтерді ұсынады.
4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде төлемақы төлеушілердің тұрған жерiндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер, салық салу объектілері, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияның қолданылу кезеңі, блоктардың сәйкестендіруші координаталары және олардың дара кодтары туралы мәлiметтерді ұсынады.
560-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Мыналарды:
жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға);
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлға өз шешімімен заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесін төлемақыны дербес төлеуші ретінде таныса, онда мұндай шешім осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған салық төлеушілерге қолданылмайды.
3. Мыналар төлемақы төлеушілер болып табылмайды:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша - осы арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессия шартында көрсетілген мерзім, бірақ жергілікті атқарушы орган уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзім ішінде - концессионер.
2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
4. Заңды тұлғалардың жекелеген санаттарымен жасалған шарт бойынша сенімгерлік басқаруда тұрған мүлік алып жатқан жер учаскелері бойынша пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуші осы Кодекстiң 41-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалады.
561-бап. Салық салу объектісі
Мыналар салық салу объектісі болып табылады:
мемлекет уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беретін жер учаскесі;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі.
562-бап. Салықтық кезең
Салықтық кезең осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалады.
563-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды.
| Р/с № | Кезең | Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін | 15 |
| 2. | барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін | 23 |
| 3. | барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін | 32 |
| 4. | барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін | 60 |
| 5. | Өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2 | 450 |
Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаттары және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.
2. Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 510-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей, жер салығының мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.
564-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен, ал арнайы экономикалық аймақ аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.
Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жыл сайынғы төлемақы сомалары - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасайтын есеп-қисаптарда белгiленедi.
Жер салығы сомаларының өзгеруіне алып келетін, шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген жер салығын есептеудің тәртiбi өзгерген жағдайларда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасының есеп-қисаптарын -жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері қайта қарайды.
2. Салықтық кезеңде төлеуге жататын уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы баптың 1-тармағында көрсетілген есеп-қисаптарда белгіленген төлемақы мөлшерлемелері және салықтық кезеңде жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі негізге алына отырып айқындалады.
Бұл ретте жер учаскесiн пайдаланудың нақты мерзімі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер жер учаскесі салықтық кезең басталатын күні бастапқы өтеулі жер пайдалану құқығында болса) немесе жер учаскесіне мұндай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап мұндай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер жер учаскесі салықтық кезең аяқталатын күні осындай құқықта болса) айқындалады.
3. Уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi осы Кодекске сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.
4. Егер осы баптың 5, 6, 9, 10 және 12-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, төлемақы төлеушiлер ағымдағы жылғы 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен төлемақы сомасын бюджетке төлейдi.
Мемлекет төлемақы төлеудiң жоғарыда санамаланған мерзiмдерiнің бірінен кейiн жер учаскелерiн уақытша өтеулі жер пайдалануға берген жағдайларда, төлеудің келесi кезектi мерзiмi төлемақыны бюджетке енгiзудiң алғашқы мерзiмi болып табылады.
5. Жеке тұлғалар өтеулі жер пайдалануға алынған және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын (пайдалануға жатпайтын) жер учаскелері бойынша төлемақы сомасын 25 ақпаннан кешіктірмей төлейді.
Уақытша өтеулі жер пайдалану шарты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кейін жасалған жағдайда, жеке тұлғаның осындай шарт жасалған салықтық кезең үшін төлемақы төлеуі осындай шарт жасалған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
6. Уақытша өтеулі жер пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен немесе салықтық кезең аяқталғанға дейін ол бұзылған жағдайда, уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы сомасы шарттың қолданылу мерзімі өткен немесе осындай шарт бұзылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей сол жылы жер пайдаланудың нақты кезеңі үшін бюджетке төленуге жатады.
7. Төлемақы сомасы:
1) жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша бюджетке төленеді.
8. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
9. Жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақының жылдық сомасын есепті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша лицензия қолданылған және оның қолданылуы аяқталған жағдайда - есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірмей немесе лицензияны есепті жылдың 1 ақпанын қоса алғанға дейін алған кезде - осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемелер бойынша айқындалатын төлемақының жылдық сомасы мөлшерінде төлейді.
10. Егер есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанындағы жағдай бойынша пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылу мерзімі ағымдағы салықтық кезеңде өтетіні белгілі болса, онда есепті салықтық кезеңнің 25 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде мұндай лицензияның нақты қолданылу мерзімі үшін осы баптың 11-тармағына сәйкес есептелген төлемақы төленуге тиіс.
11. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін алынған немесе есепті салықтық кезең ішінде лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы төлемақы сомасын осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және осындай лицензияның есепті салықтық кезеңде нақты қолданылу кезеңін негізге ала отырып айқындайды.
Бұл ретте лицензияның нақты қолданылу кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер мұндай лицензия салықтық кезең басталатын күнге қолданыста болса) немесе мұндай лицензия қолданыла бастаған айдың 1-күнінен бастап мұндай лицензияның қолданылуы тоқтатылған айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер мұндай лицензия салықтық кезең аяқталатын күнге қолданыста болса) айқындалады.
12. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы есепті салықтық кезеңнің 1 ақпанынан кейін тоқтатылған жағдайларда, осындай лицензияның нақты қолданылу кезеңі үшін төлемақы сомасы лицензияның қолданылу мерзімі өткен тоқсаннан кейінгі тоқсанның екінші айының 25-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке енгізілуге жатады.
565-бап. Салықтық есептілік
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салықтық база осы Кодекстің 529-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер салық органдарына:
1) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша - уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскесі бойынша есептелген төлемақы бойынша;
2) жер қойнауы учаскесінің орналасқан жері бойынша - жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесінің төлемақысы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушiлер ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын есептi салықтық кезеңнiң 20 ақпанынан кешiктiрмей ұсынады.
3. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлем сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған немесе лицензия алынған айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей ұсынады.
4. Есепті салықтық кезеңнің 20 ақпанынан кейін жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен уақытша жер пайдалану туралы шарт бұзылған немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде шарт қолданылуының мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлем сомаларының қосымша есеп-қисабы ұсынылады.
3-параграф. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
566-бап. Жалпы ережелер
1. Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында - төлемақы) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның рұқсат құжаты негізінде жүзеге асырылатын арнайы су пайдалану түрлерi үшiн алынады.
2. Ресімделген рұқсат құжатынсыз арнайы су пайдалану суды алудың нақты көлемдерін белгіленген лимиттерден асып кететін су пайдалану ретінде қаралады.