3. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.
4. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде салық сомасын қайта есептеу уәкілетті мемлекеттік орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 526-бабы 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының ережелерін қолдану құқығы салықтық кезең ішінде туындаған немесе тоқтатылған жағдайда, осындай ережелер:
құқық туындаған кезде - осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезең аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күніне дейін қолданылады;
құқық тоқтатылған кезде - осындай құқық тоқтатылатын айдың 1-күнінен бастап қолданылмайды.
6. Егер осы баптың 7-тармағында өзгеше белгіленбесе, бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі.
7. Меншік құқығын беретін тұлға салық салу объектісін иеленуінің іс жүзіндегі кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы меншік құқықтары мемлекеттік тіркелген күннен кешіктірілмей бюджетке енгізілуге тиіс.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мақсатында салық салу объектісіне меншік құқығын беру жүргізілген жылдың алдындағы салықтық кезең үшін айқындалған салықтық база қолданылады.
8. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесiнде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтың елдi мекенiндегі жеке тұлғалардың мүлкіне салық осындай өзгерiс жүргізілген салықтық кезең үшін осындай өзгерiс күніне дейін осы елдi мекен орналасқан шекаралардағы елдi мекен санаты үшін белгіленген базалық құн негізге алына отырып есептеледі.
533-бап. Салықтық кезең
1. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есеп-қисабына кiредi.
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
66-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
534-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
535-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатордың кассасы;
4) тотализатордың электрондық кассасы;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы.
536-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Салық салу объектісінің бір бірлігінен ойын бизнесі салығының мөлшерлемесі мыналарды құрайды:
1) ойын үстелі - айына айлық есептік көрсеткіштің 1 660 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматы - айына айлық есептік көрсеткіштің 60 еселенген мөлшері;
3) тотализатордың кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің
300 еселенген мөлшері;
4) тотализатордың электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 4 000 еселенген мөлшері;
5) букмекерлік кеңсенің кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшері;
6) букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы - айына айлық есептік көрсеткіштің 3 000 еселенген мөлшері.
Осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
537-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан ойын бизнесі салығы үшін салықтық кезең болып табылады.
538-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, әрбір салық салу объектісіне осы Кодекстің 535-бабында айқындалған тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда пайдалануға берілген кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-күніне дейін қоса алғанда шығып қалған кезде ойын бизнесі салығы - белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күннен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
539-бап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
539-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі
1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған кірістің сомасы кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен жағдайда есептеледі.
2. Қосымша төлемді есептеу мақсаттарында ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салықтық кезеңдегі кірістің шекті мөлшері мыналарды құрайды:
1) казино қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 135 000 еселенген мөлшері;
2) ойын автоматтары залы қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшері;
3) тотализатор қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшері;
4) букмекерлік кеңсе қызметінен - айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшері.
3. Осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті мөлшерлері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салықтық кезең ішінде ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған кіріс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлемдер сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған кіріс деп танылады.
540-бап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
540-бап. Қосымша төлемді есептеу мен төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кететін сомаға осы Кодекстің 313-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы бірнеше қызмет түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған кірістен жеке-жеке есептеледі.
3. Осы Кодекстің 534-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
541-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
542-бап. Салықты төлеу мерзімі
Ойын бизнесі салығы есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
17-бөлім 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
67-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
543-бап. Осы тарауда қолданылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын негізгі ұғымдар мыналарды бiлдiредi:
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) арнайы аймақ - аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері бар елді мекендер (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы және облыстардың әкімшілік орталықтарын қоспағанда);
2) бильярд үстелi - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
3) карт - шанақсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерiнде серпiндi аспа жоқ, жұмыс көлемi 250 текше сантиметрге дейін және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километр болатын екiтактiлi қозғалтқышы бар, көлемi шағын жарыс автомобилi
4) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
5) уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбастау пункті (айырбастау пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар заңды тұлға;
6) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткiзу үшiн пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлi, электрондық және өзге де техникалық жабдық).
544-бап. Төлеушілер
Уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) карттарды (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады.
545-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi;
7) уәкілетті ұйымның айырбастау пункті тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
546-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
| Р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 | 12 |
| 2. | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 | 18 |
| 3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 | 4 |
| 4. | Ойын жолы | 5 | 83 |
| 5. | Карт | 2 | 12 |
| 6. | Бильярд үстелі | 3 | 25 |
| 7. | Уәкілетті ұйымның Астана немесе Алматы қалаларында орналасқан айырбастау пункті | 30 | 100 |
| 8. | Уәкілетті ұйымның арнайы аймақта орналасқан айырбастау пункті | 1 | 20 |
| 9. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 | 50 |
2. Салық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салықтық кезеңнің 1-күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
3. Бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде жергілікті өкілді органдар бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілейді.
Тіркелген салық мөлшерлемелеріне өзгерістер енгізуді салық органы ұсынған хронометраждық зерттеу деректерінің негізінде жергілікті өкілді органдар жүргізеді.
Жергілікті өкілді органдар белгілеген тіркелген салық мөлшерлемелері болмаған жағдайда, салықты есептеу кезінде тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төмен мөлшерлері қолданылады.
547-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан тіркелген салық үшін салықтық кезең болып табылады.
548-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі
1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 545-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2. Салық салу объектілері айдың 15-күнін қоса алғанға дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық - белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектiлерi айдың 15-күнін қоса алғанға дейін шығып қалған кезде тiркелген салық - белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-күнінен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Тіркелген салық есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнін кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша бюджетке төленуге жатады.
4. Кәсіпкерлік қызметтің осы Кодекстің 543-бабының 5) тармақшасында және 544-бабында көрсетілмеген өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
549-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзімі
Тіркелген салық бойынша декларация жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі жеріндегі салық органына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
18-БӨЛІМ. БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН ТӨЛЕМДЕР
68-тарау. АЛЫМДАР
550-бап. Алымдар туралы жалпы ережелер
1. Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:
1) тіркеу әрекеттері;
2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін, рұқсаттарға қатысы жоқ келісімдер де түсініледі.
2. Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;
4) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;
7) 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;
9) микроқаржы ұйымдарын есептік тiркеу.
3. Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;
3) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі - автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;
4) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;
6) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.
4. Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.
5. Осы Кодекстің 26-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алымды төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәлімет ұсынады.
551-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген әрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын жағдайларда жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
552-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.
2. Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
553-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы тараудың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшерінде айқындалады.
2. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: * | |
| 1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.2. | шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 2 |
| 1.3. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кәсіпорындарды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің кооперативтерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметінің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық және өңірлік ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 3.2. | қызметтің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) қайта тіркегені, мемлекеттік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | 1 |
Ескертпе.
*Нөлдік мөлшерлеме шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген және олардың қызметінің тоқтатылуын тіркеген кезде қолданылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу әрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1 - 16. | 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) |
| 17. | Жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 17.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: | |
| 17.1.1. | жеке тұлғалардан** | 1 |
| 17.1.2. | заңды тұлғалардан | 5 |
| 17.1.3. | екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан | 0 |
| 17.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін** | 0,5 |
Ескертпе.