Осы бөлімнің мақсаттары үшін ағынды жүйелерді және кәрізді тазалау бойынша жұмыстар, қалдықтарды жинау бойынша көрсетілетін қызметтер (қоқысты жою), лифтілерге, домофондарға қызмет көрсету бойынша қызметтер коммуналдық көрсетілетін қызметтер деп түсініледі.
6. Жүзеге асырылуы кезінде құжаттар Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес ресімделетін жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде (теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және поштаны тасымалдаудан басқа) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта көрсетілген неғұрлым кеш болатын күн жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
7. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастыруды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде мерзімді баспасөз басылымы берілген күн немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне жіберілген күн және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарының өнімі жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылған күн айналымды жасау күні болып табылады.
8. Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауарлар уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
9. Бұрын экспорт кедендік рәсіммен орналастырыла отырып әкетілген тауарлар кері импорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкелінген жағдайда:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, тауар мерзімдік немесе уақытша декларациялау пайдаланылмай, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын өткізу пунктінде іс жүзінде кесіп өту күні;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) тауарлар уақытша декларациялау пайдаланыла отырып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген кезде кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгілері бар тауарларға арналған толық декларацияның тіркелген күні;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілетін, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерге өзгерістер (толықтырулар) және өзге де жетіспейтін мәліметтер енгізілген күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
10. Кепiл берушi кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алуды қолдану процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына немесе кепiл ұстаушыға ауысқан күн кепiл беруші үшiн өткізу бойынша айналымды жасау күнi болып табылады.
11. Мүлік қаржы лизингіне берілген кезде:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлем сомасы бөлігінде - осындай төлемді алу мерзімі басталған күн;
2) сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шарты бойынша алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленген барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасы бөлігінде - мүлік қаржы лизингіне берілген күн;
3) осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталған кезде, сыйақы сомасы есепке алынбай, лизинг шартында көзделген лизингтік төлемдердің мерзімінен бұрын өтелген сомалары бөлігінде - осындай төлемді (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күні;
4) сыйақының есепке жазылған сомасы бөлігінде - неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі:
есепті салықтық кезеңнің соңғы күні;
қаржы лизингі шарты бойынша сыйақыны есепке жазу тоқтатылған соңғы күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
12. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде, салық төлеуші жоғалу фактісін анықтаған күн тауарды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
13. Бейрезидент орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер осы Кодекстің 373-бабына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің айналымы деп танылған жағдайда, мынадай күндердің бірі осындай айналымды жасау күні болып табылады:
шарттың тараптары болып табылатын өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қойған күн;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын өзге де құжат болған кезде - бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша шығындарды бухгалтерлік есепте тану күні.
14. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде:
1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын тапсырған күннің;
2) осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген, салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннің алдындағы күн осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген айналымды жасау күні болып табылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Егер осы баптың 3 және 13-тармақтарында айқындалған құжаттарда бірнеше күн көрсетілсе, онда көрсетілген күндердің неғұрлым кеш болатыны құжатқа қол қойылған күн болып табылады.
43-тарау. АЙНАЛЫМНЫҢ ЖӘНЕ ИМПОРТТЫҢ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ
380-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымның мөлшері
1. Егер осы Кодекстің 381-бабында өзгеше көзделмесе, өткізу бойынша айналымның мөлшері, егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, мәміле тараптары бағалар мен тарифтерге қосылған құн салығын қоспай қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ретінде айқындалады.
Тауар төлемді бөліп төлеу талаптарымен өткізілген кезде өткізілетін тауардың құны шарттың талаптарында көзделген барлық төлемдер ескеріле отырып айқындалады.
2. Үшінші тұлғалар үшін төлеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері комиссиялық сыйақы мөлшерінде айқындалады.
3. Осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын беру кезінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсететін осындай акцизделетін тауарды өндірушінің өткізу бойынша айналымының мөлшеріне енгізілмейді;
2) қалған жағдайларда - өткізу бойынша айналымның мөлшеріне енгізіледі.
4-тармақтың қолданысы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 35-2-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
4. Осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген айналымының мөлшері осындай тауарлардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін қосылған құн салығын төлеушідегі тауардың баланстық құны:
1) қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде - тауардың бөлу балансында немесе беру актісінде көрсетілген, бірақ айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құнынан төмен емес құны;
2) қалған жағдайларда - тауардың айналым жасалған күнге қосылған құн салығын осындай төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) баланстық құны болып табылады.
5. Қосылған құн салығын төлеуші бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жасайтын айналымның мөлшері осы Кодекстің 382-бабына сәйкес айқындалады.
6. Осы бөлімнің мақсатында шетел валютасындағы операция айналымды жасау күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.
381-бап. Жекелеген жағдайларда өткізу бойынша айналымның мөлшерін айқындау ерекшеліктері
1. Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне берген кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері кепіл берушіде:
1) кепіл мүлкін өткізу кезінде - оған қосылған құн салығы қосылмай, қолданылған өткізу бағасы негізге алына отырып, өткізілетін кепілге салынған мүліктің құны мөлшерінде;
2) кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының меншігіне айналдыру кезінде - мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаның қорытындысы негізінде сот шешімімен белгіленетін немесе сенім білдірілген тұлға белгілейтін ағымдағы бағалау құны мөлшерінде айқындалады. Бұл ретте сенім білдірілген тұлға кепілге салынған мүлік соттан тыс мәжбүрлі тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізілген кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
2. Бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде салық төлеушідегі өткізу бойынша айналымның мөлшері тауарды экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде қолданылған өлшем бірліктерімен, қосылған құн салығы бойынша декларацияда тауарды экспортқа өткізу жөніндегі айналым көрсетілген осы тауардың құны негізінде кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылатын тауардың көлеміне пропорционалды айқындалады.
3. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сату кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері бұрын қосылған құн салығы есепке жатқызылған, сату кезінде берілетін мүліктің:
1) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырмаға ұлғайтылған;
2) кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен өткізу күніне бухгалтерлік есептің деректері бойынша берілетін міндеттемелердің баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырмаға азайтылған баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
4. Мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері:
1) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне - қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлемнің мөлшері негізінде;
2) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне - қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шартына сәйкес оларды алу мерзімінің басталу күні мүлік лизинг алушыға берілетін күнге дейін белгіленген барлық мерзімді лизингтік төлемдердің сомасы негізінде;
3) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне - қаржы лизингі бойынша сыйақының және қосылған құн салығының сомасы енгізілмеген, қаржы лизингі шарты бойынша алынған (алынуға жататын) барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы мен осы шартқа сәйкес өткізу бойынша айналымды жасаудың алдыңғы күндеріне тура келетін салық салынатын айналымдар мөлшерлерінің сомасы ретінде айқындалатын салық салынатын айналымның мөлшері арасындағы айырма ретінде;
4) осы Кодекстің 379-бабы 11-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, айналымды жасау күніне - сыйақының есепке жазылған сомасы мөлшерінде айқындалады.
5. Егер Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды өтеусіз беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері оларды беру күніне салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген) берілетін тауарлардың баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
Өтеусіз орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша өткізу бойынша айналымның мөлшері бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда:
жұмыстарды өтеусіз орындауға, қызметтерді көрсетуге пайдаланылса;
осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығы, пропорционалды әдіспен айқындалғанды қоса алғанда, есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы ретінде есепке алынса;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде шығыстарға жатқызылуға тиіс болса (жатқызылса), тауарлардың баланстық құны, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алына отырып айқындалады.
Тіркелген активтер, сондай-ақ осы Кодекстің 228-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген активтер салық салынатын айналымға қосу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:
Қа = (ҚҚС са/Мп) х Тн/мөлшерлеме,
мұнда:
Қа - өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін актив құны;
ҚҚС са - өтеусіз пайдалануға берілетін активті сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
Мп - күнтізбелік айлармен есептелген активті пайдалану мерзімі, ол:
бухгалтерлік есепте амортизацияға жататын активтер бойынша - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес амортизация үшін бухгалтерлік есепте айқындалған активті пайдалы пайдалану мерзімі ретінде;
өзге активтер бойынша - активке техникалық құжаттама негізінде айқындалған актив қызметінің мерзімі ретінде, ал мұндай құжаттама болмаған кезде - 120 ай деп айқындалады;
Тн - есепті салықтық кезеңге тура келетін пайдалануға берілетін айлардың нақты саны;
мөлшерлеме - пайдалануға беру күніне қолданыста болатын қосылған құн салығының пайызбен мөлшерлемесі.
6. Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша талап ету құқығын басқаға беру кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері ол бойынша басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес талап ету құқығын басқаға беру күніне борышкерден алуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7. Өткізу бойынша айналымның мөлшері мыналарда:
1) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келіскен кезде - кәсіпкерлік қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шартта;
2) кредит (қарыз, микрокредит) берілген кезде - кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шартта;
3) сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде - тапсырма шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған қосылған құн салығы қосылмай айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкі осы Кодекстің 372-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландырған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері ислам банкінің алуына жататын кіріс мөлшерінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсатында ислам банкі алуға тиіс кіріске Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған ислам банкінің коммерциялық кредит туралы шартының талаптарында айқындалатын, сатып алушыға өткізілетін тауарға үстеме бағаның сомасы жатады.
Осы тармақтың ережелері сатып алушы коммерциялық кредит туралы шартты орындаудан бас тартқан кезде ислам банкі тауарды үшінші тұлғаға өткізген жағдайларға қолданылмайды.
9. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың бірінің:
оған қосылған құн салығын қоспай оның комиссиялық сыйақысының;
бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Тасымалдаушы және (немесе) басқа да өнім берушілер көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен кезде экспедитордың өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың:
көлік экспедициясы шартында көзделген, оған қосылған құн салығын қоспай оның сыйақысының;
бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, қызметтердің құны мөлшерінде айқындалады.
11. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғанды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу бойынша айналымның мөлшері мәмiле тараптары қолданатын бағалар мен тарифтердi негiзге ала отырып, оларға қосылған құн салығын қоспай, есепті салықтық кезеңде берілген (тиеп-жөнелтілген, орналастырылған) мерзімді баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу құны ретінде айқындалады.
12. Жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде өткізу бойынша айналымның мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
Аө = Жж х 100/(100+мөлшерлемесі), мұнда:
Аө - жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезіндегі өткізу бойынша айналым;
мөлшерлеме - қосылған құн салығының тауар берілген күнге қолданыста болатын пайызбен мөлшерлемесі;
Жж - жұмыскерге төлеуге жататын, өтеу есебіне тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жүзеге асырылатын сома.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауар жоғалған кезде өткізу бойынша айналымның мөлшері салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында көрсетілуге жататын (көрсетілген) тауарлардың жоғалған күнге баланстық құны мөлшерінде айқындалады.
14. Осы Кодекстің 372-бабы 5-тармағының 5) тармақшасына сәйкес қайтарылатын ыдыс деп танылған және белгіленген мерзімде қайтарылмаған ыдысты өткізу бойынша айналымның мөлшері бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын (көрсетілген), осындай ыдысты қайтару күніне оның баланстық құны ретінде айқындалады.
15. Қалған жағдайларда, осы баптың 1 - 14-тармақтарының ережелеріне қарамастан, өткізу бойынша айналымның мөлшері:
1) заңды тұлға жеке тұлғалардан сатып алған автомобильдер жеке тұлғаға өткізілген кезде - автомобильдерді өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде;
2) туроператордың шығу туризмі бойынша қызметтері көрсетілген кезде - туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, оның ішінде егер осындай тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы оң айырма ретінде;
3) бағалы қағаздармен, қатысу үлесімен жасалатын операциялар жүзеге асырылған кезде - осы Кодекстің 228-бабына сәйкес айқындалатын, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізу кезіндегі құн өсімі ретінде;
4) тауарларды сатып алу күніне қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осы тауарларды сатып алу кезінде жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы деп танылмайтын тауарлар өткiзілген кезде - тауардың өткiзу құны мен ол берілген күнге бухгалтерлік есепте көрсетілген баланстық құны арасындағы оң айырма ретiнде;
5) тауар:
заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капиталды азайту кезінде мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде - қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен мүлікті бөлу соларға пропорционалды жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялардың санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде;
заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде осындай қатысушыға, құрылтайшыға берілген кезде - қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын қатысу үлесіне тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде;
эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде акционерге берілген кезде - қайта бағалау мен құнсыздануды есепке алмай, оны беру күніне осындай тауарды беретін заңды тұлғаның бухгалтерлік есебінде көрсетуге жататын (көрсетілген), берілетін тауардың баланстық құны мен сатып алынатын акциялар санына тура келетін төленген жарғылық капиталдың мөлшері арасындағы оң айырма ретiнде айқындалады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)