эмитент-заңды тұлға акционерден осы эмитент шығарған акцияларды сатып алған кезде - сатып алынатын акциялар санына тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде беру;
3) егер тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, осындай тауарды жарнама мақсатында өтеусіз беру;
4) тапсырыс берушінің мердігерге дайын өнімді соңғысының дайындауы, қайта өңдеуі, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп-жөнелтуі. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімінде жүзеге асырылса, көрсетілген тауарларды тиеп-жөнелту өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына енгізілмейтін және осы өнiмдi жеткізуге арналған шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмдерде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны осы Кодекстің 381-бабының 14-тармағына сәйкес өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
6) қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын алушының (сатып алушының) тауарды қайтаруы;
7) бұрын «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының аумағына еркін кедендік аймақ кедендік рәсімінде әкелінген тауарды тиеп-жөнелту;
8) егер мұндай әкету Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес уақытша әкету кедендік рәсімінде ресімделсе, шартта белгіленген талаптармен және мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарды көрмелер, басқа да мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу үшін Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерге әкету;
9) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан жасаған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылған және жер қойнауын пайдалануға арналған жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
10) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
11) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негізгі құралдарын, материалдық емес активтерін және өзге де мүлкін, оның ішінде осы Кодекстің 369-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым танылған тауарларды оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беру;
12) концессия объектісін концедентке беру, сондай-ақ концессия шарты шеңберінде пайдалану үшін концессия объектісін кейіннен концессионерге (құқықтық мирасқорға немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) беру;
13) дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның жеке мүлкін осындай жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;
14) сенімгерлік басқару құрылтайшысының мүлікті сенімгерлік басқарушыға беруі;
15) сенімгерлік басқарудың туындау негізі қолданылуын тоқтатқан кезде сенімгерлік басқарушының мүлікті қайтаруы;
16) сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқарудан түсетін таза кірісті сенімгерлік басқару құрылтайшысына беруі;
17) салымшының (клиенттің) банктік шот және (немесе) банктік салым шарттары бойынша өзіне есепке жазылған және (немесе) төленген сыйақы сомасын алуы;
18) концессионердің мемлекеттік меншіктегі объектіні пайдалануды тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып жүзеге асыруы;
19) концессионердің концессия объектісін тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақыны қолдана отырып басқаруы;
20) тауарлардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне (өткізілуіне) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету;
21) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторларының қалдықтарды жинауды, тасуды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы алуы;
22) Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сай келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының өндірісін ынталандыру шеңберінде кәсіпорындардың қаржыландыруды алуы:
23) жер қойнауын пайдаланушының салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;
24) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізуі;
25) мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін осындай пайдалы қазбаларды өткізу бойынша қызметтер көрсетуі;
26) қаржыландырылуы өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген нысаналы салым есебінен қамтамасыз етілетін қызмет;
27) Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың тек қана трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде бюджеттен төлемдер алуы;
28) тармақша 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
28) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының бюджеттік субсидиясы;
29) демеушілік көмекті алушының шартта көзделген оны көрсету талаптарын орындауы;
30) кірістер мен шығыстар арасындағы теріс айырма түрінде айқындалған залалдар және (немесе) шығыстар бойынша бюджеттік субсидия.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін кірістер мен шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;
31) энергия беруші ұйымдардың жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын субъектілерге электр энергиясын беру бойынша қызметтерді өтеусіз көрсетуі;
32) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
32) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржыландырылуын қамтамасыз ету үшін ғана қор ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның осындай коммерциялық емес ұйым нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде алған ақшаны алуы;
33) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
33) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның осы тармақтың 32) тармақшасында көрсетілген ұйымнан осындай коммерциялық емес ұйым нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама шеңберінде алған ақшаны алуы;
34) 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
373-бап. Бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы өткізу орны болып танылатын бейрезидент өтеулі негізде орындаған жұмыстарды, көрсеткен қызметтерді қосылған құн салығын төлеуші сатып алған кезде олар осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салуға жататын, қосылған құн салығын осындай төлеушінің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, егер:
1) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 394-бабында санамаланған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер болып табылса;
2) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын, әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес қайтаруға жатпайтын импортталатын тауарлардың кедендік құнына енгізілсе;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
3) мыналарға:
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында айқындалған қызмет түрлері бойынша осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартымен осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға жұмыстар орындалса және қызметтер көрсетілсе;
4) осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын салық салынатын импорттың мөлшеріне енгізілсе;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер осы Кодекстің 372-бабының 4-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің айналымы болып табылса, бейрезиденттен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым болып табылмайды.
374-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
1. Сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сенім білдірілген өкілдің сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi:
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметті құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-сенiм бiлдiрушiден алынған тауарларды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген өкілдің өткiзу бойынша айналымы болып табылады;
2) осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда оператордың тауарларды өткізуіне, жұмыстарды орындауына, қызметтерді көрсетуіне, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуына қатысты қолданылмайды.
375-бап. Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен жүзеге асырылатын өткізу бойынша айналымдар
1. Мыналар комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды:
комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;
комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;
осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелері Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асырмайтын бейрезидент-комитенттен алынған тауарды өткізуге қатысты қолданылмайды. Бұл жағдайда тауарды өткізу комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылады.
376-бап. Көлік экспедициясы шарты бойынша жүзеге асырылатын өткізу (сатып алу) бойынша айналымдар
Тасымалдаушының және (немесе) басқа да өнім берушілердің көлiк экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін көлiк экспедициясы шартында айқындалған жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі экспедитордың өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
Экспедитор бейрезиденттен көлік экспедициясы шартында айқындалған, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін сатып алған кезде олар экспедитордың бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылады.
377-бап. Мүлікті сенімгерлік басқаруды құру нәтижесінде жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар
Мүлікті сенімгерлік басқару шартына сәйкес немесе мүлікті сенімгерлік басқару туындайтын өзге де жағдайларда сенімгерлік басқарушы жүзеге асыратын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенімгерлік басқарушының өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.
378-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны
1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:
1) өнім берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) тауарлар бойынша - тасу басталған орын Қазақстан Республикасы болып табылса;
2) қалған жағдайларда - тауар алушыға Қазақстан Республикасының аумағында берілсе, Қазақстан Республикасы тауарларды өткізу орны болып танылады.
2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін, егер:
1) жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiкке тiкелей байланысты болса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу орны немесе осындай мүлікті мемлекеттік тіркеу жөніндегі міндеттеме болмаған жағдайда нақты орналасқан жері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері болып танылады.
Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың пайдаланылу мақсатына мөлшерлес емес нұқсан келтірмей көшіру мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ құбыржолдар, электр беру желілері, ғарыш объектілері, мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жылжымайтын мүлік болып танылады. Бұл ретте осы баптың мақсатында осы тармақшада жылжымайтын мүлікке жатқызылмаған мүлік жылжымалы мүлік деп танылады;
2) жылжымалы мүлікке байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Мұндай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін қызметтер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, білім, дене шынықтыру немесе спорт саласындағы көрсетілетін қызметтерге жатса және іс жүзінде Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақшаның мақсаттарында ойын-сауық саласындағы көрсетілетін қызметтерге, ойын мекемелерін, түнгі клубтарды, кафе-барларды, мейрамханаларды, интернет-кафелерді, компьютер, бильярд, боулинг клубтарды және кинотеатрларды қоса алғанда, ойын-сауық орындарында көрсетілетін ойын-сауық-демалу мақсатындағы көрсетілетін қызметтер жатады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асырса, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақшаның мақсатында жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны болып танылады.
Егер бейрезидент жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушы болып табылған, ал есептік тіркелуі Қазақстан Республикасының әділет органдарында жүргізілген оның құрылымдық бөлімшесі алушы болып табылған жайдайда, онда Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақшаның ережелері мынадай жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты қолданылады:
зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын беру; бағдарламалық қамтылымға техникалық қызмет көрсету және оны жаңарту бойынша;
интернет-ресурстарға қол жеткізуді беру;
консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлік, маркетингтік, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратудан, сондай-ақ интернет-ресурста орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қол жеткізуді беруден басқа, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
персоналды беру;
жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) мүліктік жалдауға (жалға) беру;
агенттiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту бойынша көрсетілетін қызметтері;
байланыс қызметтері;
сыйақы үшін кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісу;
радио көрсетілетін қызметтері және телевизиялық көрсетілетін қызметтер;
жүк вагондары мен контейнерлерді жалға және (немесе) пайдалануға беру бойынша көрсетілетін қызметтер;
5) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік немесе кез келген басқа да қызметті жүзеге асыратын тұлға орындаса немесе көрсетсе, Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін тұлғаның:
осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда және мынадай шарттардың бірі немесе бірнешеуі сақталған кезде:
жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінсе;
жолаушылар, тасылатын тауарлар (пошта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге әкетілсе;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар тасымалданса, тауарлар (пошта, багаж) тасылса - жолаушылар мен багажды тасымалдау, тауарларды, оның ішінде поштаны тасу бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты;
осындай тұлға Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелу негізінде немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қойылу негізінде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда - өзге жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты кәсіпкерлік немесе басқа да қызметті жүзеге асыру орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының мақсаттары үшін жұмыстарды, қызметтерді көрсететін тұлғаның болатын орны осындай жұмыстарды, қызметтерді көрсетудің іс жүзіндегі орны деп танылады.
3. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа да негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге қатысты көмекші сипатта болса, негізгі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осындай өткізу орны болып танылады.
4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің жұмыстарын орындаған, қызметтерін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
5. Осы баптың 2-тармағы қолданылған кезде көрсетілген баптың біреуден артық тармақшасының ережелеріне сәйкес келетін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орны осы тармақшалардың реті бойынша біріншісіне сәйкес айқындалады.
379-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні
1. Осы баптың 2, 5, 7 - 12 және 14-тармақтарында көрсетілген айналымдарды қоспағанда, мыналар:
1) егер шарттың талаптарына сәйкес өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе - мынадай күндердің бірі:
өнім беруші (сатушы) айқындаған, тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға, оның ішінде оның сенім білдірілген тұлғасына тауар берілген күн;
тауар өнім берушінің (сатушының) көлік құралына тиелген күн;
2) егер шарт бойынша өнім берушінің (сатушының) тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса:
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тауарды беру фактісін растайтын құжат ресімдеуге жататын кезде - өнім беруші (сатушы) және алушы (сатып алушы) осындай құжатқа қол қойған күн;
қалған жағдайларда - Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес алушының (сатып алушының) немесе ол айқындаған адамның, оның ішінде осындай тауарды жеткізуді жүзеге асырған адамның билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сатып алушының билігіне сәйкестендірілген тауарлардың берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде осындай тауарлар сатып алушыға іс жүзінде берілген күн өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
3. Осы баптың 4, 5, 6 және 13-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.
Бұл ретте:
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде;
орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету күні деп танылады.
4. Банк операцияларын жүзеге асыру, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк багажын және пошта жөнілтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтерді, ойын автоматтарын ұтысынсыз, дербес компьютерлерді, ойын жолдарын (боулинг (кегельбан), карттарды (картинг), бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалануға беру бойынша қызметтерді көрсету кезінде неғұрлым ерте болатын мынадай күндердің бірі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады:
1) әрбiр төлем (есеп айырысу нысанына қарамастан) алынған күн;
2) бухгалтерлік есепте қызметтерді көрсету танылған күн.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерiн, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесi арқылы тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде тауарлар жеткізілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күнтізбелік айдың соңғы күні тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады.