Осы тармақты қолдану үшін резидентте осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болуға тиіс.
360-бап. Резидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі
1. Резидент-еңбекші көшіп келушілер салықтық кезең ішінде еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді жүргізеді.
2. Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде резидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде есептеледі.
3. Резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
4. Салықтық кезең аяқталғаннан кейін резидент-еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығының сомасын есептеуді кірістің салық салынатын сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді.
5. Кірістің салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) алынған (алуға жататын), еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстар орындалатын (қызметтер көрсетілетін) әрбір айы үшін есептелген, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшерінің сомасына азайтылған кірістер сомасы ретінде айқындалады.
6. Резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде бюджетке төлеген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
7. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және қайтаруға немесе есепке жатқызуға жатпайды.
8. Егер салықтық кезең ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдер сомасы есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салықтық кезең қорытындысы декларациясы бойынша жеке табыс салығын төлеуді резидент-еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.
361-бап. Салықтық кезең
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Жеке тұлға күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркелген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жыл соңына дейінгі уақыт кезеңі ол үшін бірінші салықтық кезең болып табылады.
3. Дара кәсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Жеке тұлғаны күнтізбелік жыл басталғаннан кейін дара кәсіпкер ретінде тіркеген және осы жылдың соңына дейін дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарған кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі ол үшін салықтық кезең болып табылады.
5. Дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде кәсіпкерлік қызметін шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезде салықтық кезеңге кәсіпкерлік қызметі шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асырылған уақыт кезеңі кірмейді.
362-бап. Салықты төлеу мерзімдері
1. Салықтық кезең қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны:
1) дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам - тұрған жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсыруы үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүзеге асырады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес жүргізеді.
363-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мынадай резидент-салық төлеушілер тапсырады:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көздерден кірістер алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес салық агентіне қатысты емес кірістер алатын үй жұмыскерлері;
6) салық агенттері болып табылмайтын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiмен, шет мемлекеттің консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
7) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған, халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер кірісін алатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
8) еңбекші көшіп келушіге рұқсат негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша кірістерді алатын (алуға жататын), Қазақстан Республикасының резидент-еңбекші көшіп келушілері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер;
9) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой медиаторларды қоспағанда, салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алатын медиаторлар;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін, салық салуға жататын, жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғаның салық агентіне анық емес мәліметтерді ұсынуына байланысты төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалу жүргізілмеген кірістерді алатын жеке тұлғалар;
11) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетел банктеріндегі банктік шоттарында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 141 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар;
12) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мынадай мүлік бар Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар:
шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында (құқықтары және (немесе) мәмілелері) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге (есепке алуға) жататын жылжымайтын мүлік;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.
Бұл ретте, осы тармақта көрсетілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқу, тағылымдамадан немесе практикадан өту мақсатында жүрген тұлғалар осы тармақта көзделген негіздер болмаған жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырмайды.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген жеке тұлғалар кірістері және салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, оның шегінен тыс жердегі де мүлкі туралы декларацияны тапсырады.
3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 77-тарауына сәйкес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырмайды.
364-бап. Декларацияны тапсыру мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнде және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей тапсырылады.
2. Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған, Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салықтық кезең үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда тапсырады.
Осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резидент-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
Бұл ретте осы Кодекстің 360-бабында көзделген кірістерді алған резидент-еңбекші көшіп келуші салықтық кезең ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кететін күніне дейін тапсырылады.
3. Егер жеке табыс салығы бойынша декларация ұсынылған күнге қаржылық есептіліктің бекітілген аудиторлық есебі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей ұсынылатын жеке табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.
9-бөлімнің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлім 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 33-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
9-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АДАМНЫҢ ЖӘНЕ ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ КІРІСТЕРІНЕН ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
40-тарау. ЖЕКЕ ПРАКТИКАМЕН АЙНАЛЫСАТЫН АДАМНЫҢ ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ БЕЛГІЛЕНГЕН САЛЫҚ САЛУ РЕЖИМІН ҚОЛДАНАТЫН ДАРА КӘСІПКЕРДІҢ КІРІСІ
365-бап. Жеке практикамен айналысатын адамның кірісі
1. Жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кірісі жеке практикамен айналысатын адамның осы Кодекстің 336-бабына сәйкес айқындалған кірісінің мөлшерінде айқындалады.
2. Жеке практикамен айналысатын адамдардың кірістері бойынша жеке табыс салығының сомасы жеке практикамен айналысатын адамның салық салынатын кіріс сомасына осы Кодекстің 320-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы әр айдың қорытындысы бойынша бір айға алынған кірістер бойынша есептеледі.
3. Есептелген салық сомасы кірістер бойынша салық есептелген айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей ай сайын төлеуге жатады.
366-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 288-бабында белгіленген салық салынатын кірісті азайтуды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған дара кәсіпкердің салық салынатын кірісін азайту,
қосу
бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялар тұрақты мекемелерінің осы Кодекстің 340-бабына сәйкес айқындалатын жиынтық пайдасы,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 299 және 300-баптарында белгіленген залалдарды ауыстыру тәртібіне ұқсас тәртіппен ауыстырылатын залалдар.
2. Дара кәсіпкердің салықтық кезеңдегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 226 - 240-баптарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 225-бабында белгіленген жылдық жиынтық кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған дара кәсіпкер кірісі,
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында, осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 241-бабының 1-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету,
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 241-бабының 3-тармағында белгіленген жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған, дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алынған кірісін түзету.
алу
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 242 - 276-баптарында белгіленген шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
қосу (алу)
корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында осы Кодекстің 287-бабында белгіленген кірістер мен шегерімдерді түзетуді айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.
10-БӨЛІМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
41-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
367-бап. Төлеушілер
1. Мыналар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген мынадай тұлғалар:
дара кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;
мемлекеттiк мекемелердi және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, резидент-заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасында қызметiн құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;
2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар.
2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес жүргізіледі.
368-бап. Салық салу объектілері
Мыналар қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт.
369-бап. Салық салынатын айналымды айқындау
1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 35-1-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:
1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеуші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша жасайтын айналым.
Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;
2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;
3) осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, өздері бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен:
қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде - осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;
салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде - осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.
Осы тармақшаның ережелері сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде бұрын бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде пайда болған заңды тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару күніне бар болған, бұрын беру актісі бойынша алынған тауарлардың қалдықтары бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке қойғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды;
4) жаңадан пайда болған заңды тұлға бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген жағдайда, осындай қайта ұйымдастыру кезінде беру актісінде көрсетілген берілетін тауарлар бойынша айналым.
Қайта ұйымдастырылатын тұлға осы тармақшаның ережелерін беру актісінде көрсетілген, өздері бойынша қосылған құн салығын осындай тұлға есепке жатқызуға жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алған тауарларға қолданады.
2. Мыналарды:
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жатады.
370-бап. Салық салынбайтын айналым
Мыналар салық салынбайтын айналым болып табылады:
1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым;
2) өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 378-бабына сәйкес айқындалады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 441-бабына сәйкес айқындалады;
3) осы Кодекстің 394-бабында санамаланған тауарлар болып табылатын тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым.
371-бап. Салық салынатын импортты айқындау
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (осы Кодекстің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
42-тарау. ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ӨТКІЗУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ ЖӘНЕ БЕЙРЕЗИДЕНТТЕН ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ БОЙЫНША АЙНАЛЫМ
372-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым
1. Тауарларды өткізу бойынша айналым:
1) мыналарды:
тауарды сатуды, тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды сатуды, тиеп-жөнелтуді;
кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде тұтастай сатуды;
тауарды өтеусіз беруді;
жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге тауарды беруін;
кепіл берушінің кепілге салынған мүлікті сатып алушының немесе кепіл ұстаушының меншігіне беруін қоса алғанда, тауарға меншік құқығын беруді;
2) тауар экспортын;
3) тауарды тиеп-жөнелтуді, оның ішінде төлемді бөліп төлеу шарттарымен және (немесе) басқа тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге айырбастай отырып, тауарды тиеп-жөнелтуді;
4) лизинг нысанасы берілген құн бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беруді;
5) тауарды комиссия шарты немесе тапсырма шарты бойынша тиеп-жөнелтуді;
6) бұрын экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген тауарды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыруды;
7) осы Кодекстің 394-бабында көрсетілген тауардан басқа, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, қосылған құн салығынсыз сатып алынған тауарды жоғалтуды білдіреді.
2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызметтер көрсетуді, оның ішінде өтеусіз орындауды немесе көрсетуді, сондай-ақ тауарды өткізуден ерекшеленетін, сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
1) лизинг шарттарынан басқа, мүліктік жалдау шарттары бойынша мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға беруді;
2) лизинг шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне беру кезіндегі сыйақыны;
3) зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар беруді;
4) жұмыс берушінің жұмыскер алдындағы берешекті өтеу есебіне жұмыскерге жұмыстарды орындауын, қызметтер көрсетуін;
5) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге байланысты талап ету құқықтарын басқаға беруді;
6) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісуді;
7) кредит (қарыз, микрокредит) беруді;
8) Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ислам банкінің үшінші тұлғаға тауарды кейіннен сату шарттарымен не мұндай шарттарсыз коммерциялық кредит беру арқылы сауда делдалы ретінде жеке және заңды тұлғаларды қаржыландыруын білдіреді.
3. Шет мемлекеттің аумағында тіркелген резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің өткізу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымы болып табылмайды.
4. Қазақстан Республикасында қызметін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер мынадай шарттардың бірі сақталған кезде:
бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жасасқан келісімшарт болса;
бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша жазып берген шот-фактура болса;
бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі болса;
бейрезидент-заңды тұлғамен жасалған, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді осындай бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады деп көзделген келісімшарт болса;
бейрезидент-заңды тұлға қол қойған орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде осындай бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі жұмыстарды орындады, қызметтерді көрсетті деп көрсетілсе;
орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін кірісті төлеу бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне жүзеге асырылса, осындай құрылымдық бөлімшенің жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымын таниды.
5. Мыналар өткізу бойынша айналым болып табылмайды:
1) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру;
2) мүлікті бөлу кезінде акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға тауарды:
заңды тұлға таратылған кезде немесе жарғылық капитал азайтылған кезде - жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылатын қатысу үлесіне, акциялар санына тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде;
заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғадағы қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған кезде - сатып алынатын қатысу үлесіне тура келетін, төленген жарғылық капитал мөлшерінің шегінде;