7. Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы былайша айқындалады:
кіші топтың (І топтың), топтың алдыңғы салықтық кезеңнің аяғындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
алу
осы Кодекстің 273-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер.
Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансының мәні теріс болмауға тиіс.
8. Кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің аяғындағы құндық балансы былайша айқындалады:
кіші топтың (І топтың), топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы
қосу
салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер
алу
салықтық кезеңде шығып қалған тіркелген активтер
қосу
осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулер.
9. Сенімгерлік басқарушы осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) жеке құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстің 194 және 195-баптарының негізінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізуге міндетті.
10. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес корпоративтік табыс салығын төлеуден босату ұсыныла отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін және (немесе) одан кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерімге жатқызылмаған құн бөлігінде топтардың (кіші топтардың) жеке құндық баланстарын қалыптастыруға міндетті.
268-бап. Тіркелген активтердің келіп түсуі
1. Лизинг шарты бойынша, сондай-ақ запастардың құрамынан аудару арқылы келіп түсуді қоса алғанда, тіркелген активтер келіп түскен кезде топтардың (кіші топтардың) құндық балансын аталған активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.
Тіркелген активтердің келіп түсуін салық салу мақсаттарында тану келіп түскен активтерді тіркелген активтердің құрамына қосуды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтердің бастапқы құны тіркелген актив осы Кодекстің 266-бабының 1-тармағына сәйкес танылған күнге дейін салық төлеуші шеккен шығындар сомасы ретінде айқындалады. Мұндай шығындарға:
осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерімге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан басқа, тіркелген активті сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ оның құнын халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ұлғайтатын басқа да шығындар жатады.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамынан аудару арқылы келіп түскен тіркелген активтің бастапқы құны оның осындай келіп түсу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құны болып табылады.
Бұрын өзі бойынша тіркелген актив ретінде тану тоқтатылған, запастардың немесе сатуға арналған активтердің құрамынан аудару арқылы келіп түскен тіркелген активтің бастапқы құны оның осындай келіп түсу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған, осы Кодекстің 270-бабының 2-тармағында көрсетілген құннан аспайтын баланстық құны болып табылады.
4. Тіркелген активтер өтеусіз алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, оның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, өтеусіз алынған мүлік түрінде осы Кодекстің 238-бабына сәйкес жылдық жиынтық кіріске қосылған құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
5. Мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеден осындай кәсіпорынға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында бекітіп берілген тіркелген активтерді алған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, алынған активтердің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген баланстық құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
6. Жарғылық капиталға салым ретінде алу кезінде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде мұндай активтердің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, қабылдап алу-беру актісінде немесе ондай акт болмаған кезде, салымның және актив құнының іс жүзінде енгізілгенін растайтын өзге құжатта көрсетілген активтің құны тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
Жарғылық капиталға салымның төлемі ретінде алынған активтердің құны өзіне төлем ретінде осы актив алынған жарғылық капиталға салым сомасы шегінде ескеріледі.
7-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 31-1-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
7. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушіні бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыруға байланысты тіркелген актив алынған кезде, осы баптың 2-тармағының негізінде тіркелген активтердің бастапқы құнына қосылмайтын шығындарды (шығыстарды) қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бастапқы тану кезінде осындай активтің құнын ұлғайтатын іс жүзіндегі шығындар есепке алына отырып, осындай активтің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құны оның бастапқы құны болып табылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабының 6-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, бірігу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның немесе өзіне басқа заңды тұлға қосылған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансы осындай құнға ұлғайтылады.
Берiлетiн тiркелген активтердiң салықтық есепке алу деректерi бойынша құны осы Кодекстiң 270-бабы 6-тармағының екінші және үшiншi бөлiктерiне сәйкес беру актiсiнде көрсетiлген жағдайда, осындай құн Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы құрылып, жаңадан пайда болған заңды тұлғаның кiшi тобының (тобының) құндық балансына қосылады.
8. Сенімгерлік басқарушы тіркелген активтерді сенімгерлік басқаруға алған кезде:
1) егер беретін тұлғада осы активтер тіркелген активтер болып табылған жағдайда - осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда - аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінің деректері бойынша айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
9. Сенімгерлік басқару бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына байланысты сенімгерлік басқарушыдан тіркелген активтерді алған кезде:
1) егер сенімгерлік басқарушыда осы активтер тіркелген активтер болып табылған жағдайда - осы Кодекстің 270-бабының 11-тармағына сәйкес айқындалған құн;
2) өзге жағдайларда - осы Кодекстің 270-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады. Бұл ретте, амортизациялық аударымдар сенімгерлік басқарудың есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезеңі үшін осы Кодексте тіркелген активтердің тиісті тобына көзделген, алдыңғы кезеңдердегі амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, бастапқы құнға қолданылатын амортизацияның шекті нормасы негізге алына отырып есептеледі.
10. Концессионер (құқық мирасқоры немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлға) концессия шарты бойынша тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 270-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалған құн, ал мұндай құн болмаған жағдайда - уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
11. Концессия шарты тоқтатылған кезде концендент тіркелген активтерді алған кезде осы Кодекстің 270-бабының 13-тармағына сәйкес айқындалған құн осындай тіркелген активтердің бастапқы құны болып табылады.
12. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының тіркелген активтерінің 2012 жылғы 1 қаңтардағы бастапқы құны осындай күнгі қайта бағалау мен құнсыздану есепке алынбай, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған негізгі құралдардың, жылжымайтын мүлікке инвестициялардың, материалдық емес активтердің баланстық құны болып табылады.
13. Кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылуы уақытша тоқтатылуына байланысты бұрын шығып қалған тіркелген активтер осындай тіркелген активтерді кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалану үшін пайдалануға енгізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде тіркелген активтер тобының құндық балансына осы Кодекстің 272-бабына сәйкес осындай активтердің құнын ұлғайтуға жатқызуға жататын шығыстар есепке алына отырып, шығып қалу құны бойынша қосуға жатады.
14. Өздері бойынша преференциялардың күші жойылған активтер осы Кодекстің 276-бабының 4-тармағында көрсетілген жағдайларда, топтың (кіші топтың) құндық балансына осы бапқа сәйкес айқындалатын бастапқы құны бойынша қосуға жатады.
15. Осы баптың 13-тармағында көрсетілген активтерден басқа, преференциялар объектісі, осы Кодекстің 276-бабының 6-тармағында көрсетілген жағдайда осы объект пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең өткен соң топтың (кіші топтың) құндық балансына нөлдік құн бойынша қосуға жатады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16. Лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған мүлікке қатысты салық төлеуші шеккен жөндеу, реконструкциялау, жаңғырту, күтіп-ұстау жөніндегі шығындар және басқа да шығындар осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтің бастапқы құны болып табылады. Осы тармаққа сәйкес бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған күнге дейін шегілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын шығындар есепке алынады.
17. Өзі бойынша лизингтің нысанасы алынған құн лизинг шарты бойынша келіп түскен тіркелген активтің бастапқы құны болып табылады.
18. Лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг берушіге қайтарған кезде, лизинг нысанасын лизинг шарты бойынша берген құн мен лизинг нысанасын берген күннен бастап қайтарған күнге дейінгі кезеңдегі лизингтік төлемдер сомасына қосылған лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырма тіркелген активтің бастапқы құны болып табылады.
269-бап. Жекелеген жағдайларда топтың (кіші топтың) құндық балансын қалыптастыру
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде, тіркелген активтердің амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған сатып алыну құны олардың бастапқы құны болып табылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 264-бабының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, активтің пайдаланылуы басталғанға дейін жасалған сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы активті сатып алу құны болып табылады.
Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсаттары үшін оның осы Кодекстің 681-бабының 2-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүлік түрінде салық салу объектісіне қосылған құны осындай активті сатып алу құны болып табылады.
Қайырымдылық көмек, мұрагерлік түрінде алынған активтер бойынша, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, активтің осы активке меншік құқығы туындаған күнгі Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны активті сатып алу құны болып табылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:
осы тармаққа сәйкес айқындалған активті сатып алу құнының;
осы баптың 3-тармағында көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;
осындай салық төлеуші активті алғаш пайдалануға енгізген күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тіркелген активтің пайдалануы басталғаннан кейін жасалған оны реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар, амортизацияның есеп айырысу құнына азайтылған, осы Кодекстің 264-бабының 1) - 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, осындай шығыстардың сомасына тең бастапқы құны бар жеке тіркелген актив болып танылады.
Амортизацияның есеп айырысу сомасы мынадай шамалардың:
осы тармаққа сәйкес айқындалған реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығыстар сомасының;
осы баптың 3-тармағымен көзделген амортизацияның шекті айлық нормасының;
реконструкциялау, жаңғырту аяқталған күннен бері өткен айлар санының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
Осы тармақтың, осы Кодекстің 334-бабы 3-тармағының және 520-бабы 6-тармағының мақсаттары үшін реконструкциялау және жаңғырту деп нәтижелері бір мезгілде:
негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңарту;
негізгі құралдың қызмет мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылатын реконструкциялау және жаңғырту танылады.
3. Тіркелген актив осы Кодекстің 267-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілуге жататын топқа қарай амортизацияның мынадай айлық нормалары қолданылады:
| Р/с № | Топтың № | Тіркелген активтердің атауы | Амортизацияның айлық нормасы % |
| 1. | I | Мұнай, газ ұңғымаларын және беру құрылғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылысжайлар | 0,83 |
| 2. | II | Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықтарды қоспағанда, машиналар мен жабдық | 2,08 |
| 3. | III | Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер, бағдарламалық қамтылым және жабдық | 3,33 |
| 4. | IV | Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер, оның ішінде мұнай, газ ұңғымалары, беру құрылғылары, мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдығы | 1,25 |
Реконструкциялау және жаңғырту нәтижесінде құрылған тіркелген актив осы баптың 2-тармағын қолдану мақсаттарында реконструкциялауға және жаңғыртуға ұшыраған тіркелген актив енгізілуге жататын топқа енгізіледі.
4. Тіркелген активтердің бастапқы құны мынадай шарттар бір мезгілде орындалған:
шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан;
салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін күнтізбелік 12 айдан аз уақыт қолданған;
салық төлеуші шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміне немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режиміне ауысқанға дейін жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданған кезде осы тармаққа сәйкес айқындалады.
Тіркелген активтердің бастапқы құны шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданыла бастаған күннің алдындағы күнгі құндық топтардың (кіші топтардың) және шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі немесе шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылған кезеңде осы Кодекстің 266 - 268 және 270 -273-баптарына сәйкес айқындалған тіркелген активтер бойынша шегерімдердің мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
270-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуы
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) танылуы толық амортизация және (немесе) құнсыздану нәтижесінде тоқтатылған, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген жағдайларды қоспағанда, осы активтерді бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде тануды тоқтату;
2) осы активтерді лизинг шарты бойынша беру;
3) осы активтерді сатуға арналған активтердің, запастардың құрамына ауыстыру тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады;
4) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты - егер мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда танылған актив тіркелген активтерге жатпаса, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының тоқтатылуы тіркелген активтердің шығып қалуы болып табылады.
Тіркелген активтердің шығып қалуын салық салу мақсаттарында тану шығып қалған активтерді тіркелген активтердің құрамынан алып тастауды білдіреді.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіші топтың (топтың) құндық балансы:
1) шығып қалатын тіркелген активтердің;
2) осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тіркелген активтерге қатысты мүліктік жалдау (жалға алу) шарты тоқтатылған кезде есепке алынған активтің шығып қалу күніндегі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады.
3. Тіркелген активтерді, лизинг шарты бойынша беруден басқа, өткізу кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы, қосылған құн салығын қоспағанда, өткізу құнына азайтылады.
Егер кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шартын қоса алғанда, сатып алу-сату шартында өткізу құны тіркелген активтердің объектілері бөлінісінде айқындалмаса, кіші топтың (топтың) құндық балансы шығып қалатын тіркелген активтердің өткізу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнына азайтылады.
Тіркелген активтерді лизинг шарты бойынша беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы шартқа сәйкес лизинг нысанасы берілген құнға азайтылады.
4. Тіркелген активтерді өтеусіз беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы аталған активтерді қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген берілген активтердің құнына, бірақ аталған активтердің беру күнінде бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнынан кем емес құнға азайтылады.
5. Тіркелген активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде кіші топтың (топтың) құндық балансы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалатын құнға азайтылады.
6-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 31-2-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, тіркелген активтер бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде шығып қалған кезде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілген активтердің беру актісінде немесе бөлу балансында көрсетілген баланстық құнына азайтылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес заңды тұлғаны бөлініп шығу арқылы немесе қайта ұйымдастырылу күнінде ірі салық төлеушілер мониторингінде болған заңды тұлғадан бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ бірігу, қосылу арқылы қайта ұйымдастыру кезінде салық төлеушілер салықтық есепке алу мақсаттары үшін, беру актісінде берілетін тіркелген активтердің қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның салықтық есепке алу деректері бойынша құнын:
1) I топтың тіркелген активтері бойынша - тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнын;
2) II, III, ІV топтардың тіркелген активтері бойынша топтың барлық тіркелген активтерін беру шартымен - топтың құндық балансының осы Кодекстің 267-бабының 8-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген шамасын көрсетуге құқылы. Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 194-бабында көзделген бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын топтардың құндық баланстарына қатысты да қолданылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, бірігу, қосылу, сондай-ақ бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның кіші тобының (тобының) құндық балансы берілетін тіркелген активтердің осы тармаққа сәйкес беру актісінде көрсетілген салықтық есепке алу деректері бойынша құнына азайтылады.
7. Құрылтайшы, қатысушы мүлікті алып қойған кезде, кіші топтың (топтың) құндық балансы құрылтайшылардың, қатысушылардың келісуі бойынша айқындалған құнға азайтылады.
8. Өзіне байланысты активтің бухгалтерлік есепке алуда танылуы тоқтатылатын тіркелген активтер жоғалған, бүлінген кезде:
1) тіркелген активтер сақтандырылған жағдайларда - кіші топтың (топтың) құндық балансы сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру ұйымы сақтанушыға төлеген сақтандыру төлемдерінің сомасына тең құнға азайтылады;
2) І топтың тіркелген активтерін сақтандыру болмаған кезде - тиісті кіші топтардың құндық балансы тіркелген активтердің осы Кодекстің 267-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен есептелген қалдық құнына азайтылады;
3) І топтың тіркелген активтерінен басқа, тіркелген активтерді сақтандыру болмаған кезде шығып қалу көрсетілмейді.
9. Лизинг алушы лизинг нысанасын лизинг берушіге қайтарған кезде кіші топтың (топтың) құндық балансы осы актив салықтық есепке алуда танылған бастапқы құн мен лизинг нысанасы алынған күннен қайтарылған күнге дейінгі кезеңде лизингтік төлемдер сомасына енгізілген лизинг нысанасының құны арасындағы оң айырмаға азайтылады.
10. Тіркелген активтер сенімгерлік басқаруға берілген кезде топтың (кіші топтың) құндық балансы:
1) І топ бойынша - тіркелген активтердің қалдық құнына;
2) ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша - берілу күнінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған баланстық құнға азайтылады.