Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 Қаулысы
(2015.11.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.24.09. № 1436 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.11.09. № 772 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 929 қаулысымен
бекітілген
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып
табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария,
анықтама және басқа да қызметтердің
тізбесі
Р/с № | Қызметтер тізбесі | Нөмірлеу |
1 | 2 | 3 |
1. | Ішкі істер органдары | 102 |
2. | Жедел медициналық жәрдем қызметі | 103 |
3. | Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі | 101 112 |
4. | Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер | 104 109х |
5. | Жергілікті байланыс операторларының анықтамалық қызметі | 118хх |
6. | Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы | 1414 88000807777 |
Ескертпе:
х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;
хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.