Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысы
(2009.24.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.24.09. № 1436 қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 929 қаулысымен
бекітілген
Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып
табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария,
анықтама және басқа да қызметтердің
тізбесі
Р/с № | Қызметтер тізбесі | Нөмірлеу |
1 | 2 | 3 |
1. | Ішкі істер органдары | 102 |
2. | Жедел медициналық жәрдем қызметі | 103 |
3. | Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі | 101 112 |
4. | Авариялық, коммуналдық, қалалық қызметтер | 104 109х |
5. | Жергілікті байланыс операторларының анықтамалық қызметі | 118хх |
Ескертпе:
х - 0-ден 9-ға дейінгі қосымша сандық мәндер;
хх - 00-ден 99-ға дейінгі қосымша сандық мәндер.