Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып табылатын
шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да
қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегiн болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердiң тiзбесi бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 929 қаулысымен
бекітілген
Байланыс қызметтерiн пайдаланушылар үшiн қосылуы тегін болып
табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және
басқа да қызметтердiң тiзбесi
№ | Қызметтер тізбесі | Нөмірлеу |
1. | Медициналық қызмет | 03 |
2. | Құқық қорғау қызметі | 02 |
3. | Өртке қарсы қызмет | 01 |
4. | Авария қызметі | 04 |
5. | Құтқару қызметі | 051 |
6. | Анықтама қызметі | 09 |