6) 7-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушы арасында осы Заңға, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрін сол бір объектінің екі және одан көп иесі жүзеге асырған кезде міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру полисінде объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.
2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залал салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
7) 7-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігі 4) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың мөлшеріне бағалау жүргізу;»;
8) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті тұлғаларға қатысты қолданылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
9) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) авария кезінде ықтимал экологиялық залалды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қолдануға;
5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан авария жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретін ескере отырып (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;»;
10) 12-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде бұрынғы міндетті экологиялық сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретін ескере отырып, сақтандыру жағдайының басталу фактісін, экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын растайтын құжаттарды сұратуға;
3) сақтанушы мен сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері және салдары туралы толық және анық ақпарат алуға;
4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына бағалау жүргізуге;
5) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың ауқымын бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;»;
«7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда экологиялық залал келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
5), 6-1) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) авария салдарынан болған экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны пайда алушыға танысу үшін беруге;»;
«6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтанушының (пайда алушының) экологиялық залалды жоюы мақсатында сақтандырушы өтеуге тиісті төлемнің мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл жөнінде хабарлауға;
7) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;»;
11) және 12) тармақшалардағы «жәбірленушіден,» және «жәбірленушінің,» деген сөздер алып тасталсын;
11) 13-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Пайда алушының құқықтары»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайда алушы:»;
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға ұсынуға;
3) авария салдарынан келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын анықтау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;
4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;»;
6) тармақшадағы «жіберуге;» деген сөз «жіберуге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 7) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
12) 14-баптың 2) тармақшасындағы «көрсеткіштен;» деген сөз «көрсеткіштен кем болмауға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
13) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Заңның 14-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.»;
14) 17-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушының авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ өзіне келтірілген шығындарды дәлелдеу сақтанушыға (пайда алушыға) тиесілі.
3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген экологиялық залалды жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап басталды деп есептеледі.
4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін осы Заңның 7-бабы 2-тармағының ережелерін ескеріп, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын негізге ала отырып айқындайды.»;
15) 18-бап алып тасталсын;
16) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып жазбаша нысанда қояды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиациялау бағдарламасының көшірмесі;»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру жағдайы басталған кезде экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар - олар болған кезде;
6) жекелеген жағдайларда - сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Экологиялық залалды жоюға, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.
4. Сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.»;
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі жұмыстарды орындаған (орындайтын) және қызметтерді көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.»;
17) 20-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.»;
18) 21-бапта:
тақырыптағы «Зиян» деген сөз «Залал» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады, залалды жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.»;
19) 22-баптың 2-тармағының 1), 4), 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушының экологиялық залал келтіруге кінәлі тұлғадан шығыстардың тиісті өтемін алуы;»;
«4) сақтанушының сақтандыру жағдайы бойынша шығыстарды азайту жөнінде шараларды қасақана қолданбауы;
5) сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын анықтауына сақтанушының кедергі келтіруі;
6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға кері талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.»;
20) 22-1-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «жәбірленуші,» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақтағы «жәбірленушіден,» деген сөз алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
14. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 жылғы 10 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1-баптың 1-4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;».
15. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 ж., № 11, 54-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
96-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген, қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын І санаттағы объект операторының банктік салымы, сондай-ақ шығарындыларды, сертификатталған шығарындыларды қысқарту, шығарындыларды ішкі қысқарту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері;».
16. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 ж., № 10, 44-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 52-2), 70-38), 70-39) және 70-40) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;»;
«70-38) климаттық қатерлерден болатын дүлей зілзала тәуекелдерін бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
70-39) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, оның ішінде жаңа тәуекелдерді болғызбауға, қазіргі қауіптілікті төмендетуге және орнықтылықты нығайтуға бағытталған шараларды өз құзыреті шегінде және басымдылықты ескере отырып, жүзеге асырады;
70-40) өз құзыреті шегінде іске асырылатын, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және осы шараларды түзетеді;»;
2) 41-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) ықтимал төтенше жағдайлардың, оның ішінде климаттың өзгеруінің әсер етуінен туындаған немесе ушыққан қауіптілігін, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;».
17. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар, № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 14, 68, 72, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):
«1) 1-қосымшаның 84-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
«
84. | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензия | 1. I санаттағы объектілер үшін табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау 2. Қауіпті қалдықтарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, кәдеге жарату және (немесе) жою | Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып |
»;
2) 2-қосымшада:
47-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
47. | Әсер етуге экологиялық рұқсат беру | Әсер етуге экологиялық рұқсат | |
»;
мынадай мазмұндағы 96-1-жолмен толықтырылсын:
«
96-1. | Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу | Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу-хат | |
»;
3) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 59, 60 және 61-тармақтармен толықтырылсын:
«59. Метеорологиялық мониторинг жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
60. Қалдықтарды жинау, сұрыптау және (немесе) тасымалдау, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және (немесе) жою жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
61. Қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация.».
18. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2020 ж., № 16, 77-құжат):
5-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы «бағдарламалардың» деген сөзден кейін «, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларының» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
Осы Заң:
1) 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 57) тармақшасын;
2) 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 7), 9), 10), 11), 12), 14), 23), 24), 25), 26), 27), 30), 31), 32), 33) және 35) тармақшаларын, 37) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 38) тармақшасын, 39) тармақшасының үшінші абзацын, 40), 43), 44), 45), 46), 47), 48), 49), 51), 52), 54), 56) және 58) тармақшаларын қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 2 қаңтар
№ 401-VІ