4) 340-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мүлкі тәркіленіп, бір жүз сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.»;».
5) 343-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау»;
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Адам өліміне әкелу қатерін төндірген не адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген не ірі залал келтірген, экологиялық залалға ремедиация (жою) жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу міндеті жүктелген тұлғалардың оларды жүргізуден жалтаруы немесе тиісінше жүргізбеуі -»;
үшінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші немесе екінші бөліктерінде» деген сөздер «екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-І, 15-ІІ, 88-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118, 119-құжаттар; № 24-II, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 17 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
191-баптың он алтыншы бөлігіндегі «343 (бірінші бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын.
7. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) қалдықтармен жұмыс істеу.»;
2) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-2) «жасыл» жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;»;
«6-2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес шығарылған және «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының тізіміне енгізілген «жасыл» облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;»;
3) 137-баптың 3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау және қадағалау органы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласында, табиғи монополиялар салаларында - осы Кодексте белгіленген баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі міндеттерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырған кезде, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында I санаттағы объектілерде бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғайды.»;
4) 146-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiгi қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiгiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.»;
5) 148-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сынамалардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.».
8. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV, 112-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-II, 124-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 273-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою»;
8-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 12-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылыс және өзге де шаруашылық мақсаттарында табиғи күйінде немесе болмашы өңделумен және тазартыла отырып пайдаланылатын және жер қойнауында кеңінен таралған кендік емес пайдалы қатты қазбалар кең таралған деп танылады. Кең таралған пайдалы қазбаларға мыналар жатады:
метаморфалық жыныстар, оған қоса, оның ішінде мәрмәрларды, кварциттерді, кварцты-далалық шпат жыныстарын қамтитын метаморфалық жыныстар;
магмалық тау жыныстары, оның ішінде граниттерді, сиениттерді, диориттерді, габброны, риолиттерді (липариттерді), андезиттерді, диабаздарды, базальттарды, вулкандық туфтарды, шлактарды, пемзаларды, вулкандық шыныларды және шыны тектес жыныстарды (перлиттерді, обсидианды) қамтитын магмалық тау жыныстары;
шөгінді тау жыныстары, оның ішінде ұсақ жұмыр тастар мен қиыршық тастарды, қиыршық тас-құм (құм-қиыршық тас) қоспаларын, құмдар мен құмдауықтарды, саздақ пен саздақты жыныстарды (суглинкілерді, алевролиттерді, аргиллиттерді, саздақты тақта тастарды), ас тұзын, гипстік жыныстарды, мергельдерді, әктастарды, оның ішінде ұлутастарды, бор жыныстарын, доломиттерді, әктас-доломит жыныстарын, кремний жыныстарын (трепелдерді, опокаларды, диатомиттерді), табиғи пигменттерді, торфты, емдік балшықтарды қамтитын шөгінді тау жыныстары.»;
8-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тау-кен өндіру өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия немесе жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия бойынша пайдаланудағы жер қойнауы учаскелері шегінде ғана жүзеге асырылады.
Техногендік минералдық түзілімдердің ресурстық әлеуетін пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі өндірістердің (тау-кен өндіру, тау-кен байыту, химия-металлургия өндірістері) қызметі нәтижесінде оларды бір объектіде орналастыруға, егер мұндай техногендік минералдық түзілімдердің біртекті физикалық-химиялық қасиеттері болмаса және мұндай орналастыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе, тыйым салынады.»;
4) 40-баптың 3-тармағында:
8-тармақтың 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны қайта ресімдеу немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгеріс енгізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) иеленуші мен жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алушы жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны берген немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан мемлекеттік органға бірлесіп өтініш жасайды.»;
үшінші бөлікте:
8-тармақтың 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге не уран өндіруге арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алуға үміттенетін тұлғаларға қойылатын осы Кодекс талаптарына иемденушінің сәйкестігін растайтын құжаттар;»;
8-тармақтың 4) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) егер жер қойнауын пайдалану құқығына (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлеске) кепіл ауыртпалығы салынса, кепіл ұстаушының жазбаша келісімі;
5) жер қойнауын пайдалану құқығын барлық бірлескен иеленушілердің жазбаша келісімі қоса беріледі.»;
8-тармақтың 5) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
5) 41-баптың 3-тармағының екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы баптың мақсатында заңды тұлғаның немесе өзге де ұйымның жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде айқындау мүмкіндігін белгілеу үшін осы баптың 2-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылмайтын акциялар, қатысу үлестері, пайлар және үлестік қатысудың басқа да нысандары ескерілмейді.»;
6) 45-бапта:
8-тармақтың 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) алу ниеті бар тұлғаның жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беру кезінде қойылатын осы Кодекс талаптарына сәйкестігін растайтын оның қаржылық және техникалық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді;»;
8-тармақтың 6) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде құқықтардың шоғырлануы деп Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшартта жер қойнауын пайдалану құқығының ортақ иелерінің бірінің осындай қатысушыға келісімшартқа сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қызметі бойынша шешімдерді айқындауға мүмкіндік беретін үлес шамасы түсініледі.»;
8-тармақтың 7) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) 48-баптың 4-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодексте тыйым салынбаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілі жер қойнауын пайдаланудың осындай құқығын беретін тиісті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жатады.»;
«Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) кепілін тіркеу жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;
8) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген жағдайларда, тиісті экологиялық рұқсатсыз немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынады.»;
8-тармақтың 9) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
9) 54-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша зерттеп-қарау нәтижелері мен жұмыстарды қабылдап алу тәртібін құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайды.»;
8-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 55-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудың ұсынылатын қамтамасыз етуі (тиісінше қамтамасыз ету) осы Кодекстің және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
9. Мемлекеттік орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етулерді ұсыну және есепке алу тәртібін құзыретті орган айқындайды.»;
8-тармақтың 11) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) 57-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілі ретінде банктік салымның кепіл шарты үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жасалады.
Банктік салымның кепіл шартын жасасу тәртібін және оның үлгілік нысанын құзыретті орган бекітеді.»;
8-тармақтың 12) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
12) 58-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.
Сақтандыру ұйымына сақтандыру сомасын төлеу туралы қойылатын талап сақтандыру ұйымы осындай талапты алған күннен бастап бір ай ішінде бұлжытпай және міндетті түрде орындалуға жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған не орындау мерзімдерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру шарты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес жасалады. Бұл ретте сақтандыру шартының мерзімі:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия үшін кемінде сегіз жылды (ол берілген кезде) немесе кемінде лицензияның қалған мерзімін және барлауға арналған лицензияның мерзімі аяқталған күннен бастап есептелетін қосымша екі жылды;
2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
4) тау-кен өндіру және (немесе) тау-кен байыту өндірістерінің техногендік минералдық түзілімдері орналастырылатын объектілерді орналастыру және (немесе) пайдалану мақсатында жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия үшін кемінде үш жылды;
5) кен іздеушілікке арналған лицензия үшін кемінде төрт жылды құрауға тиіс.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы бапта көзделген сақтандыру қатынастары осы Кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.»;
13) 61-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақтың 14) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
14) 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының талаптарын немесе жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан жер қойнауы ресурстарына залал келтірген тұлғалар келтірілген залалды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен өтеуге міндетті.
Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп бекітеді.»;
15) 88-бапта:
3-тармақтың бесінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес бұл өзгерістер экологиялық рұқсат немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, геологиялық зерттеу жөніндегі өзгертілген жобалау құжаттары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға экологиялық рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін ұсынылады.»;
16) 121-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Елді мекендердің, қала маңындағы аймақтардың, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінің аумақтарында көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану адамның өміріне және (немесе) денсаулығына қатер төндіруі, экологиялық залал немесе шаруашылық объектілеріне залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, мұндай пайдалануға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.»;
17) 122-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) шикі газды стратегиялық маңызды энергия көздерін не мұнай-химия өнеркәсібі үшін шикізат ресурстарын алу және қоршаған ортаның ластануын барынша азайту мақсатында қайта өңдеу арқылы оны барынша пайдалану көмірсутектерді барлау мен өндіру кезінде жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау саласындағы талаптар болып табылады.»;
18) 139-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздемейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) хабарлама тәртібімен құзыретті органға жіберіледі.
3. Ұңғымалардың бұрғылануын және (немесе) сыналуын көздейтін барлау жұмыстарының жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар), сынамалап пайдалану жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) және кен орнын әзірлеу жобасы (оған өзгерістер мен толықтырулар) тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жобалау құжаттарының мемлекеттік сараптамасына жатады.»;
19) 154-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізетін жер қойнауын пайдаланушы теңізде жүргізілген көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған теңіздің ластануы жағдайында экологиялық залал, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға келтірілген зиян үшін, егер экологиялық залалдың, зиянның еңсерілмейтін күштің әсерінен немесе зардап шегушінің жасырын пиғылы салдарынан келтірілгені дәлелденбесе, кінәсінің болу-болмауына қарамастан жауапты болады.»;
20) 155-бапта:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) объектілік жоспарлар - кемелердің меншік иелерін қоспағанда, мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілетін, ұлттық және тиісті облыстардың аумақтық жоспарлары негізінде, сондай-ақ мұнайдың төгілу тәуекелін бағалау және жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде әзірлейтін теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою бойынша әзірлікті және іс-қимылдарды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлар;»;
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Объектілік жоспарларды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілгеннен кейін мұнайдың төгілу тәуекелі бар объектілердің меншік иелері бекітеді және бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлама тәртібімен көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға жібереді.»;
21) 156-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою кезінде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әдістерді таңдауға басымдық беру керек. Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау және келісу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақтағы «нәтижесінде қоршаған ортаға» деген сөздер «салдарынан экологиялық залалды толық көлемде жоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 182-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер Қазақстан Республикасы экология заңнамасының ережелерінен өзгеше туындамаса, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасы және кен орнын әзірлеу жобасы өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі сараптама мен мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.»;
8-тармақтың 23) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
23) 187-баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы үш ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;»;
«3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында барлауға арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;»;