5. Жер қойнауын пайдаланушы жою жөніндегі жұмыстардың құнын есептеуге өзгерістер енгізуді қоса алғанда, жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындыларын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей өзгерістер енгізуге міндетті.
6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жою жоспарында салдарын жою көзделмеген тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдері объектілерін орналастыруға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.»;
«10. Қамтамасыз ету сомасы жүргізілген операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс.»;
8-тармақтың 54) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
54) 265-баптың 3-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.»;
55) 273-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілік жоспары болған кезде ғана кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы. Өзен арналарында немесе су қоры жерлерінде механикаландыру құралдарын пайдалана отырып көзделетін кен іздеушілік Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес әсер етуді скринингтеуге жатады.»;
8-тармақтың 56) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
56) мынадай мазмұндағы 273-1-баппен толықтырылсын:
«273-1-бап. Кен іздеушілік салдарын жою
1. Кен іздеушілік салдарын жою бүлінген жерлерді Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес рекультивациялау арқылы жүргізіледі.
2. Кен іздеушілік учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға кен іздеушілікке арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей мұндай учаскеде кен іздеушілік салдарын жоюды аяқтауға міндетті.
Аталған тұлғаның өтініші бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы, егер жоюды жүргізу ауа райына және (немесе) табиғи-климаттық жағдайларға байланысты мүмкін болмаған немесе айтарлықтай қиындық туғызған болса, кен іздеушілік салдарын жою мерзімін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткен күннен бастап төрт айға дейінгі кезеңге ұзартады.
3. Кен іздеушілік учаскесінің жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 275-бабына сәйкес кен іздеушілікке арналған лицензияның қолданылу мерзімі өткенге дейін бас тартқан бір бөлігінде кен іздеушілік салдарын жою осындай бас тартуға дейін жүргізіледі.
4. Егер жер қойнауын пайдаланушы кен іздеушілікті жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) жүзеге асырмаса, мұндай кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді.
Бұл жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажет еместігін растайтын кен іздеушілік учаскесін (оның бір бөлігін) зерттеп-қарау актісі жасалады, оған осы баптың 5-тармағында аталған тұлғалар қол қояды.
5. Жою актісіне қол қойылғаннан кейін кен іздеушілік учаскесінде (оның бір бөлігінде) операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.
6. Кен іздеушілік салдарын жою актісіне қол қою кен іздеушілік жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен беру мақсатында мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.»;
8-тармақтың 57) тармақшасы 2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
57) 277-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын ауыстыруға рұқсат беруді және осындай жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін тіркеуді көрсетілген жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратынын ескере отырып, 5-тарауда;»;
8-тармақтың 58) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
58) 278-бапта:
4-тармақтың он екінші бөлігіндегі «5» деген цифр «6» деген цифрмен ауыстырылсын;
12-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган келіп түскен өтінішті осы Кодекстің 45-бабына сәйкес құрылатын жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шығарады. Тарапы өзге мемлекеттік орган болып табылатын келісімшарт бойынша сараптама комиссиясы сол мемлекеттік органның шешімімен құрылады. Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша өтініштерін қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында құзыретті органның (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сараптама комиссиясы өтінішті келіп түскен күнінен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) өз ұсынымдарын жібереді.»;
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құзыретті орган (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік орган) келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, құзыретті органға (келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға) осы Кодекске сәйкес әзірленген, келісілген, бекітілген және сараптамалардың оң қорытындыларын алған жобалау құжаттарын және жою жоспарын (жобасын) жұмыс тобының қарауына ұсынуға тиіс.»;
14-тармақта:
бірінші және екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға немесе бірлескен барлау мен өндіруге (барлау кезеңінде) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша барлау кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге келісімшартта барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануы (байқалуы) табылған жағдайда, осындай табуды бағалау үшін жол беріледі.
Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартқа оның қолданылу мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзарту мақсатында өзгеріс енгізуге, егер мұндай ұзарту келісімшартта көзделген болса, жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш келісімшарт тарапы болып табылатын мемлекеттік органға тиісінше барлау кезеңі немесе өндіру кезеңі өткенге дейін берілуі мүмкін.»;
үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт мерзімін ұзарту туралы өтінішке, осы баптың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерден басқа, ұзарту кезеңінде жұмыстар жүргізудің және оларға арналған шығыстардың жазбаша негіздемесі қоса беріледі.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша барлау мерзімін ұзарту туралы өтінішке келісімшарт талаптарында барлануы көзделген пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың табылған минералдануын (байқалуын) бағалау үшін, осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, осындай табылуды растайтын мәліметтер (жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның бағалауды талап ететін минералдану (байқалу) табылғаны туралы қорытындысы) және табылған минералдануға (байқалуға) бағалауды жүзеге асыру болжанатын жер қойнауы учаскесінің географиялық координаттары қоса беріледі. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша пайдалы қатты (кең таралған) қазбалардың минералдануын (байқалуын) растау тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.»;
алтыншы бөліктегі «бесінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды барлауға (барлау кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт табылған минералдануды (байқалуды) бағалау үшін жұмыс бағдарламасында көзделген табылған кен орнын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті, тараптар келіссөздер нәтижелері бойынша айқындайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт өндіруге арналған келісімшарттың бастапқы мерзімінен (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндірудің бастапқы кезеңінен) аспайтын, бірақ осы Кодексте белгіленген өндіруге арналған лицензияның барынша ұзақ мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Уранды қоспағанда, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшартты ұзарту мерзімі көрсетілген шектеулер ескеріле отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстар негізінде айқындалады.»;
тоғызыншы бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, ірі кен орны бар жер қойнауы учаскесінде пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт он жылдан астам мерзімге ұзартылған жағдайда, құзыретті орган осындай ұзарту шарттарына жер қойнауын пайдаланушының мынадай міндеттемелерінің бірін енгізуді талап етуге құқылы:»;
оныншы бөліктегі «жетінші» деген сөз «сегізінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған, шарттары осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне жер қойнауын пайдаланушының осындай келісімшарттың мерзімін (бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша өндіру кезеңін) ұзартуға құқығын көздемеген, пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге (өндіру кезеңінде бірлескен барлау мен өндіруге) арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осы Кодекстің 201-бабына сәйкес пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған лицензия (232-бабына сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия) алуға айрықша құқыққа ие болады. Айрықша құқық бойынша өндіруге арналған лицензия алуға өтініш келісімшарттың қолданылу мерзімі өткеннен кемінде үш жыл бұрын берілуі мүмкін. Егер өтінішті қарау кезеңінде келісімшарт мерзімі өтіп кетсе, келісімшарт осындай қарау кезеңіне қайта жаңартылды деп есептеледі.»;
16-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің аумағын кеңейтуге осы Кодекстің қолданысқа енгізілу күніне айқындалған жер қойнауы учаскесінің жартысынан аспайтын мөлшерінде жол беріледі.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уранды қоспағанда, осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты (кең таралған) қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауы учаскесінің шекараларын өзгерту геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлулерді қайта ресімдеу арқылы жүзеге асырылады. Геологиялық және тау-кендік бөлулерді беру және қайта ресімдеу тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат):
1) 6-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орман пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.»;
2) 27-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өз құзыреті шегінде тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастырады, II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;».
10. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 14, 71-құжат):
14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе бұрыннан барын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жатады. Ортақ пайдаланылатын бұрыннан бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.».
11. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
«38-1) жануарлар дүниесі мониторингі - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен динамикасын байқау, бағалау және болжау жүйесі;»;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;»;
3) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай төгілген жағдайда жануарларға көмек көрсету жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 26-баптың 1-2-тармағының 2) тармақшасындағы «болмаған;» деген сөз «болмаған жағдайларда бас тартылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
5) 43-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсімін молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.».
12. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 14, 73-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2), 28-3) және 28-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
28-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
28-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
28-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;»;
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-3) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізу;
1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындау;
1-5) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
1-6) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзету;»;
3) 17-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған әзірлемелерді қоса алғанда, өндіріске ғылыми әзірлемелерді тарату мен енгізуді;».
13. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) авария - ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарындысы;»;
2) тармақша алып тасталсын;
3), 13), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті экологиялық сақтандыру - авария нәтижесінде экологиялық залал келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік басталған кезде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырылушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;»;
«13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімдерге тартылған құқықтық қатынастар субъектілері;»;
«15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;
16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың авария болған жағдайда салдарынан экологиялық залал келтірілуі мүмкін қызметі.»;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, авария салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.»;
4) 4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.»;
2-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.»;
5) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1 бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Авария салдарынан экологиялық залал келтірілген жағдайлар мен оның салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;