8-тармақтың 24) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
24) 188-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құзыретті орган өтінішті келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруден бас тартуға осы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер болмаған кезде, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып, өтініш берушіге осы Кодекстің 198-бабында көзделген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Өтініш беруші пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді хабарлама жіберілген күннен бастап қырық жұмыс күнінен кешіктірмей құзыретті органға ұсынуға тиіс.
Құзыретті орган өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз ету ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді не хабарлама құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап отыз бес жұмыс күні өткен соң оны беруден бас тартады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияда толық емес (ішінара) блок қамтылса, блоктар санын есептеу мақсаттары үшін бұл блок толық болып қаралады.»;
8-тармақтың 25) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
25) 189-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензия беруге өтінішті қарау кезіне пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған басқа лицензияға енгізіліп қойылған блоктарды ғана қамтитын осы өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.»;
8-тармақтың 26) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
26) 190-баптың 1-тармағы 8) тармақшасындағы «орындамаса лицензия беруден бас тартады.» деген сөздер «орындамаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) өтініш беруші осы Кодекстің талаптарына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындауды тиісінше қамтамасыз етуді құзыретті органға ұсыну мерзімін сақтамаса, лицензия беруден бас тартады.»;
8-тармақтың 27) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
27) 192-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Барлаудың кез келген жылы ішінде барлау учаскесінен бас тартылған кезде ең төмен шығыстар көрсетілген жылдағы барлау мерзімінің әрбір толық айы үшін пропорциналды түрде есептеледі.»;
5-тармақта түзету орыс тіліндегі мәтінге енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
28) 194-баптың 7-тармағының үшінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтінішке пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау мақсаттары үшін алынатын тау-кен массасының және (немесе) орны ауыстырылатын топырақ көлемінің сұралатын асып кетуінің негізділігін растайтын құзыретті тұлғаның қорытындысы, сондай-ақ экологиялық рұқсат немесе қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізудің қажет еместігі туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсер ету скринингінің нәтижелері туралы қорытынды қоса беріледі.»;
«Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға көрсетілген жұмыстардың салдарын жою құнын жабатын қосымша қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда ғана көлемі бір мың текше метрден асатын тау-кен массасын алуға және (немесе) топырақтың орнын ауыстыруға кірісуге құқылы.»;
29) 196-бапта:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер барлау жоспарында көрсетілген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсатты немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, барлау жоспарының көшірмесі осындай рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.»;
3-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсатты немесе мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алуды талап етсе, өзгертілген барлау жоспары осындай рұқсат немесе тиісінше, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.»;
8-тармақтың 30) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
30) 197-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жою актісіне қол қойылған күннен бастап барлау учаскесінде (оның бір бөлігінде) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.»;
8-тармақтың 31) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
31) 198-баптың 1, 2 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындау осы баптың талаптарына сәйкес қамтамасыз етілмеген пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларға тыйым салынады.
2. Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету осы Кодексте көзделген кез келген тәсілдер үйлесімінде ұсынылуы мүмкін.»;
«4. Жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 194-бабының 7-тармағында көзделген жағдайда барлау жөніндегі жұмыстардың салдарын жою бойынша міндеттемелерді орындаудың қосымша қамтамасыз етуін ұсынуға міндетті. Мұндай қамтамасыз ету сомасы осы жағдайда жасалатын жою жоспары негізінде осы Кодекстің 219-бабының 3-тармағына сәйкес есептеледі.»;
8-тармақтың 32) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
32) 199-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Учаскенің бәрінен немесе бір бөлігінен бас тарту туралы өтінішке:
1) егер барлауға арналған лицензия бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына кепіл ауыртпалығы салынса, кепіл ұстаушының келісімі;
2) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою актісі не осы Кодекстің 197-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жасалатын зерттеп-қарау актісі қоса беріледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Барлау учаскесінің бір бөлігінен бас тарту барлауға арналған лицензияны қайта ресімдеуге алып келеді және мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтер енгізу үшін негіз болып табылады.»;
8-тармақтың 33) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
33) 204-бапта:
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) егер өтініш айрықша құқықтан бөлек берілсе, өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар;»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегіндегі отыз күндік мерзім ішінде сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшасының тұрақты болатынын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме;
2) қарыздың нысаналы мақсаты ретінде өтініш берушінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі қызметін қаржыландыруды көздейтін, сондай-ақ сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге қажетті ең төмен шығыстарды жабу үшін жеткілікті қарыз (қаржыландыру) сомасын растайтын ақша қарызы шартының (алдын ала қарыз шартының), қызметті қаржыландыру туралы шарттың көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес жасалған аудиторлық есеппен бірге, өтініш берушінің лицензия беруге өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік алты айға немесе алдыңғы күнтізбелік жылға дайындалған қаржылық есептілігі, онда өтініш берушінің таза активтерінің мөлшері оның сұралатын лицензия қолданысының алғашқы жылында өндіруге арналған ең төмен шығыстардың шамасындағы міндеттемесінен асып түседі;»;
34) 205-бапта:
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сұралатын жер қойнауы учаскесінің шекаралары жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен келісілген жағдайда құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсат алу, тиісінше осы Кодекстің 216 және 217-баптарында көзделген тау-кен жұмыстарының жоспарына және жою жоспарына сараптамалар мен келісулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Хабарлама өтініш берушіге жіберілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесін, тиісті келісулер мен сараптамалардың оң қорытындыларын өтініш беруші құзыретті органға осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген хабардар ету күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей ұсынуға тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Құзыретті орган қажетті келісулер, сараптамалардың оң қорытындылары және тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталған өндіру жөніндегі операцияларға тиісті экологиялық рұқсаттың көшірмесі ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны береді.»;
8-тармақтың 35) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
35) 215-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда - геологиялық есептерді;»;
5) тармақшадағы «есепті ұсынуға міндетті.» деген сөздер «есепті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ұстап тұру мәртебесі берілген жағдайда - жұмыстар бағдарламасының орындалуы туралы есепті ұсынуға міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген есептер құзыретті органға оның өзі бекітетін тәртіппен ұсынылады.»;
36) 216-бапта:
4-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тау-кен жұмыстарының жоспарында сипатталатын пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялар тиісті экологиялық рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. Тау-кен жұмыстарының жоспары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
«Жер қойнауын пайдаланушы осы бапқа сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспарын келіскен және тиісті экологиялық рұқсат алған жағдайда ғана пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндіру бойынша жоспарланатын жұмыстардың түрлері, әдістері және (немесе) тәсілдері, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу технологиялары, көлемдері мен мерзімдері өзгертілген, өндірістік объектілердің және инфрақұрылым объектілерінің құрамы өзгертілген жағдайда жер қойнауын пайдаланушы тау-кен жұмыстарының жоспарына тиісті өзгерістер енгізуге және оны пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Егер көрсетілген өзгерістер өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша келісуді, қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізуді және экологиялық рұқсат алуды (қайта ресімдеуді) талап етсе, тау-кен жұмыстарының жоспары енгізілген өзгерістерімен қоса, осындай келісуден, қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізілгеннен және экологиялық рұқсат алынғаннан (қайта ресімделгеннен) кейін ғана пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.»;
37) 217-баптың 1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
8-тармақтың 37) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«1. Жою жоспары өндіру учаскесінде орналасқан кенішті және басқа да өндірістік және инфрақұрылым объектілерін пайдаланудан шығару жөніндегі, өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бүлінген жерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралардың, прогрессивті жоюды жүргізу жөніндегі іс-шаралардың, өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі өзге де жұмыстардың сипаттамасын, сондай-ақ жою жөніндегі осындай іс-шаралардың болжалды құнын есептеуді қамтитын құжат болып табылады.
Егер жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия (лицензиялар) бойынша жер қойнауының басқа учаскесінде (учаскелерінде) орналасқан тау-кен өндіру немесе тау-кен байыту өндірісінің техногендік минералдық түзілімдерін орналастыру объектілері өндіру учаскесіндегі (өндіру учаскелеріндегі) кенішті пайдаланумен тікелей байланысты болса немесе өндірудің аралас учаскелерінде орналасқан екі кенішті пайдалану бірыңғай технологиялық процесте жүзеге асырылса, жер қойнауын пайдаланушы осы жер қойнауы учаскелерінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі барлық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жою жоспарын әзірлеуге құқылы.
Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар тұлғаны тарту арқылы жасалады және оны жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. Жою жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, ал ол жүргізілгеннен кейін - Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою бойынша жұмыстардың құнын есептеуге өзгеріс енгізуді қоса алғанда, жою жоспарына:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындыларын алған күннен бастап үш жылдан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 216-бабының 5-тармағына сәйкес тау-кен жұмыстарының жоспарына өзгерістер енгізілген жағдайда, өзгерістер енгізуге міндетті.
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларын алған жою жоспарында салдарын жою көзделмеген пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
8-тармақтың 38) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
38) 218-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою жөніндегі жұмыстар жобасын әзірлеуді, келісуді, сараптауды және бекітуді лицензия мерзімі өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы екінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өндіру учаскесінің бәрінен немесе бір бөлігінен бас тартылған жағдайда, егер осы тармақтың бесінші бөлігінің ережелерінен пайдалы қатты қазбаларды өндіру салдарын жою қажеттігі туындамаса, мұндай салдарды жою жобасы осындай бас тартуға дейін әзірленеді, келісіледі, сараптауға және бекітуге жатады.»;
«Егер өндіру учаскесінің жер қойнауын пайдаланушы бас тартқан бір бөлігін пайдалану өндіруге арналған лицензияда көзделген операциялар жүргізілместен және жер бетін (су айдындары түбін) бүлдірмей жүзеге асырылса, өндіру учаскесінің бір бөлігінде жою жұмыстарын жүргізу талап етілмейді. Бұл жағдайда жою жұмыстарын жүргізудің қажет еместігін растайтын зерттеп-қарау актісі жасалады, оған осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар қол қояды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жою актісіне қол қойылғаннан кейін өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.
5. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою актісіне (зерттеп-қарау актісіне) қол қою жер қойнауын пайдалану құқығын өзге тұлғаларға кейіннен беру үшін мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрына тиісті мәліметтерді енгізуге негіз болып табылады.»;
39) 219-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі және 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қамтамасыз ету сомасы өндіру жөніндегі операциялардың және жою жоспарына өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың соңғы оң қорытындылары алынған күннен бастап алдағы үш жылға жоспарланатын операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың жалпы есептік құнын жабуға тиіс.»;
8-тармақтың 39) тармақшасының үшінші абзацы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«4. Өндіруге арналған лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның келісімімен қамтамасыз ету сомасы жер қойнауы учаскесінде орындалған және осы Кодекстің 218-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен қабылданған жою жұмыстары бөлігінің құнына мөлшерлес азайтылуы мүмкін. Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етуді берген тұлғаны қамтамасыз ету сомасын азайту туралы жер қойнауын пайдаланушыдан өтінішті алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
8-тармақтың 40) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
40) 222-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «кендік» деген сөз алып тасталсын;
41) 223-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және оны өтініш беруші хабардар ету күнінен бастап төрт айдан кешіктірмей құзыретті органға ұсынады. Өтініш беруші құзыретті органға көрсетілген мерзімді ұзартудың қажеттігін негіздей отырып, осындай ұзартуды сұрап өтініш жасауға құқылы.»;
42) 226-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Консервациялау жобасы экологиялық рұқсатқа сәйкес әзірленеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.»;
8-тармақтың 43) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
43) 227-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
8-тармақтың 44) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
44) 230-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «аспайтын мерзімде» деген сөздер «кешіктірмей» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақтың 45) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
45) 231-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 204-бабы 3-тармағының 9) тармақшасын, 212, 213-баптарын, 215-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерін қоспағанда, осы тараудың ережелеріне қайшы келмейтін бөлігінде 28-тараудың ережелері қолданылады. Бұл ретте тек кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды реттеу мен мемлекеттік бақылауды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.»;
екінші бөліктегі «операцияларға» деген сөз «операцияларды реттеу мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 46) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
46) 232-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беруге өтініш облыстың жергілікті атқарушы органына беріледі. Өтінішті қарауды және лицензия беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, осы баптың 4-тармағының талаптарын сақтау мақсатында өтінішке жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде мемлекеттік есепте тұрған және кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екенін растайтын қорытындысы қоса берілетінін ескере отырып, осы Кодекстің 28-тарауының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.»;
8-тармақтың 47) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
47) 236-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өндіру учаскесінде барлау жүргізілген жағдайда - геологиялық есептер;»;
8-тармақтың 48) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
48) 242 және 243-баптардағы «инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган», «инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға», «Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган», «инвестициялар жөніндегі уәкілетті органды» деген сөздер тиісінше «құзыретті орган», «құзыретті органға», «Құзыретті орган», «құзыретті органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 49) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
49) 249-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнай мен газды, газ бен мұнай өнімдерін жерасты сақтау қоймаларын жер бетінен бес метр төмен тереңдікте орналастыру және пайдалану;»;
50) 257-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер санитариялық-эпидемиологиялық сараптамаға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы немесе тиісінше оның өзгерісі бойынша тиісті экологиялық рұқсатты, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындысын және келісуді алған жағдайда ғана жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға құқылы.»;
8-тармақтың 51) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
51) 258-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде алынатын тау-кен массасының, топырақтың және (немесе) орны ауыстырылатын топырақтың көлемі, егер бұл экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келсе, шектелмейді.
Алынатын тау-кен массасы мен топырақ жер қойнауы кеңістігін пайдалануды қамтамасыз ететін құрылысжайларды, құрылғыларды және басқа да объектілерді тұрғызу және пайдалану мақсатында ғана пайдаланылуы мүмкін.»;
8-тармақтың 52) тармақшасы 2021 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
52) 259-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жою актісіне қол қойылған күннен бастап жер қойнауы кеңістігін (оның бір бөлігін) пайдалану учаскесінде жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою аяқталды деп есептеледі. Жою актісіне облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың тиісті жергілікті атқарушы органы өз өкілдері мен жер қойнауын зерттеу жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдерінен құратын комиссия және жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған тұлға, ол болған кезде) қол қояды. Егер жою жеке меншіктегі, тұрақты немесе ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдаланудағы жер учаскесінде жүзеге асырылса, жою актісіне жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы да қол қояды.»;
53) 260-баптың 4, 5, 6-тармақтары және 10-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жою жоспары қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар тұлғаны тарту арқылы жасалады және оны жер қойнауын пайдаланушы бекітеді. Жою жоспары Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасына, ал ол жүргізілгеннен кейін - Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады.