6. Төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған банктің міндеттемелерін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-10-бабына сәйкес жүргізілетін мәжбүрлеп қайта құрылымдауға байланысты туындаған міндеттемелердің мөлшерін азайту міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске жатпайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым есептен шығарған берешек бойынша міндеттемелердің мөлшерін азайту жатпайды.
230-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша кіріс
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 322-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын, есепке жазылған кірістері бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелетін үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша кіріске алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер, осы Кодекстің 10-бөлімінде айқындалған тәртіппен есепке жатқызудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша кіріс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) жұмыскерлердің есепке жазылған кірістері бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің кірістерін есепке жазған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемені орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттеме бойынша тауар берілген, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салықтық кезеңде танылады.
3. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 246-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, шегерімге жатпайтын кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыға қолданылмайды.
231-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістері
1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:
1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары);
2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері;
3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша құрған сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірістер;
5) осы Кодекстің 237-бабында көрсетілген кірістерді қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге кірістер түріндегі кірістері сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістері болып танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі кіріс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтерінің есепті салықтық кезеңнің соңында мөлшері мен осындай активтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша құрылған қайта сақтандыру активтері түріндегі кірісі деп танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісі болып танылады.
Бұл ретте сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері жөніндегі шығыстарды өтеу түріндегі кірісі мынадай формула бойынша айқындалады:
К х (А/Б), мұнда:
К - есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кіріс;
А - 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары;
Б - шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары.
232-бап. Құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 250-бабының 1, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде - орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары танылады.
2-тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 2-бабының 6) тармақшасына сәйкес 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2. Осы Кодекстің 250-бабының 2-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кірістер деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде - орындау сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн цессия шартын жасасу жолымен талап ету құқықтарын басқаға қайта табыстау туралы шарттың, жаңарту, басқаға қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде азайтқан кезде, талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы;
3) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтердi) күтілетін кредиттік залалдардың бағалануын өзгерту нәтижесінде азайту сомалары;
4) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепке алуда көрсетілген, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың (резервтердің) есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған сомасы танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомасы банктің 2026 жылға тура келетін салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісіне қосылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
2-1. Осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар банк осы тармақта белгіленген тәртіппен және шарттарда кредит (қарыз) бойынша борыш кешірілген жағдайда, есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомаларын провизиялар (резервтер) мөлшерлерін төмендетуден түсетін кіріс деп танымайды.
Осы тармақтың ережелері сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкке немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
Осы тармақтың ережелері банк өзіне қарсы осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрған кредит (қарыз) бойынша борышқа қатысты қолданылады, ол мыналардан тұрады:
негізгі борыш бойынша берешек;
2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы бойынша берешек;
кредитке (қарызға) байланысты берешек.
Осы тармақ кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешірген жағдайда, мынадай шарттар бір мезгілде орындалған кезде қолданылады:
1) кредит (қарыз) 2009 жылғы 1 қазанға дейін берілсе;
2) кредит (қарыз) бойынша және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешек бойынша борышкер осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген болса;
3) кредит (қарыз) бойынша борышты және (немесе) кредитке (қарызға) байланысты берешекті кешіру осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің немесе бұрын осындай банк болып табылған заңды тұлғаның басқару органы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін бекіткен және 2019 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмей уәкілетті органға ұсынылған, борышы кешірілуге жататын борышкерлердің тізбесінде (тізбелерінде) көрсетілген сома шегінде жүргізілсе;
4) мыналарға берілген кредит (қарыз) бойынша бір және (немесе) одан көп құжат болса:
бейрезидентке берілген кредит (қарыз) бойынша:
борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындауға мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы шет мемлекеттің құқық қорғау органына арыз;
борышты өндіріп алу туралы, кепілге өндіріп алуды қолдану және (немесе) кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің сотына талап қою;
борышкерде және борышкермен бірлесіп аталған банк алдында ортақ немесе субсидиарлық жауаптылықта болатын үшінші тұлғаларда өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлік, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар немесе кірістер болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қабылданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, атқарушылық құжатты банкке қайтару туралы сот орындаушысының заңды күшіне енген қаулысы немесе шет мемлекеттің өзге де құжаты;
борышты өндіріп алудан, кепілге жоғалтқан құқықтарды қалпына келтіруден, борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі;
борышкерді банкрот деп тану туралы шет мемлекет сотының заңды күшіне енген шешімі және (немесе) конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы ұйғарым;
таратылуына байланысты борышкерді немесе кепіл берушіні заңды тұлғалардың тізілімінен шығару туралы шет мемлекеттің құзыретті органының құжаты;
резидентке берілген кредит (қарыз) бойынша:
борышкер-жеке тұлғаға және (немесе) лауазымды адамға немесе борышкер-заңды тұлға қабылдаған шешімдерді өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігі болған адамға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органына арыз;
банктің арызы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының шаралар жүргізгенін немесе қылмыстық іс қозғалғанын растайтын құжат.
Бейрезиденттерге берілген кредиттер (қарыздар) бойынша осы тармақшада көзделген құжаттардың болуы мынадай жағдайларда талап етілмейді:
ипотека шартын жасасу күні негізгі борышты толық қамтамасыз еткен кепілге қойылған мүлік соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта негізгі борыш сомасынан төмен баға бойынша сатылғаннан кейін кредит бойынша өтелмеген борыш сомасы кешірілген кезде;
банк талап ету құқығын беру күні бейрезидент болып табылатын үшінші тұлғаға кредит (қарыз) бойынша дисконтпен талап ету құқығын берген кезде, егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны - бағалаушы мен осындай үшінші тұлға немесе банк не банктің мүддесін білдіретін немесе осындай банктің мүддесі үшін мүлікті басқаруға шет мемлекеттің соты тағайындаған тұлға арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған банктің талап ету құқығының нарықтық құнына тең болса, талап етілмейді. Осы абзацтың мақсаттары үшін дисконт деп банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен кредит бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма танылады;
банктің басқару органы мынадай құжаттардың болмауына байланысты шет мемлекеттің құқық қорғау органына немесе сотына жүгіну мүмкін емес екенін құжаттамалық растаған жағдайда:
қылмыстық және (немесе) азаматтық істер бойынша Қазақстан Республикасы мен осындай шет мемлекет арасындағы құқықтық көмек туралы келісім;
кредит (қарыз) берілгенін растайтын шарттың түпнұсқасы;
кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банктің талап ету құқығының бағалаушы мен борышкер немесе осындай банк арасындағы шарт бойынша бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны арасындағы айырма ретінде айқындалатын борыштың бір бөлігі борышты кешіру күні бейрезидент болып табылатын борышкерге кешірілген кезде, бұл ретте, егер:
кредит (қарыз) берілген шартқа борыштың қалған бөлігін (бұдан әрі - борыш қалдығы) өтеу шартымен борыштың бір бөлігін кешіру көзделетін, борышкер қол қойған өзгеріс болса;
осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген банк:
осы баптың 1-тармағына сәйкес борыш қалдығы мөлшерінде құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерін төмендетуден түсетін кірісті таныса;
осы Кодекстің 286 және 287-баптарында көзделген кіріске түзету жүргізбесе;
борыштың бір бөлігі кешірілгеннен кейін құрылған, борыш қалдығының сомасына қарсы провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызбаса;
5) кредит (қарыз) бойынша кредиттік бюрода Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес банк берген, осындай кредит (қарыз) бойынша борыш сомасы туралы ақпарат болса;
6) кредит (қарыз) бойынша осы Кодекстің 250-бабының 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) құрылған осындай кредит (қарыз) бойынша бастапқы бухгалтерлік құжат болса;
7) кредит (қарыз) бойынша кредиттік тіркелімде банк Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берген ақпарат болса, қолданылады.
Бұл ретте, борышы кешірілуге жататын кредиттер (қарыздар) бойынша борышкерлердің тізбесінде әрбір кредит (қарыз) бойынша:
1) кредиттік дерекнаманың нөмірі;
2) кредитті (қарызды) беру күні;
3) қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;
4) кредит (қарыз) бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепке жазылған сыйақы және негізгі борыш бөлінісінде кешірілуге жататын борыштың шекті сомасы көрсетіледі.
Осы тармақтың ережелері банк жұмыскеріне, банк жұмыскерінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына берілген кредиттерге (қарыздарға) қолданылмайды.
3. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
4. 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
Бірінші абзацтың қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 29-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
5. Есепті және (немесе) алдыңғы салықтық кезеңдерде шегерімге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi мынадай жағдайларда азайтылған кезде осы Кодекстiң 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн төмендетуден түсетiн кiрiс деп танылмайды:
1) борышкер-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша сот шешімімен таратылуына байланысты оны Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тастау;
2) борышкер-жеке тұлғаны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп тану немесе оны заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау;
3) борышкер-жеке тұлғаға бірінші, екінші топтардағы мүгедектiк белгiлеу, сондай-ақ борышкер-жеке тұлғаның қайтыс болу жағдайы;
4) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 29-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
4) борышкердің және осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші алдында борышкермен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілігі бар үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша сот орындаушысы қолданған, Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасында көзделген шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысының заңды күшіне енуі;
5) тармақшаның қолданысы 2027 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 29-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
5) осы Кодекстің 250-бабының 1, 2, 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушіге борышкердің мүлкіне, оның ішінде ақшасына, бағалы қағаздарына, немесе кірістеріне өндіріп алуды қолданудан бас тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
6) борышкер-дара кәсiпкердiң Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес банкрот деп танылуына байланысты оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiнен шығару;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығы басқаға берілген күні екінші деңгейдегі банк, ипотекалық ұйым, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (ломбардты қоспағанда) басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны мен екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) борышкерден алуына жататын кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқығының құны арасындағы теріс айырма бөлігінде екінші деңгейдегі банктің, ипотекалық ұйымның, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ломбардты қоспағанда) кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы, микрокредит) бойынша талап ету құқықтарын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаларға беруі;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан, 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті салықтық кезеңде борышкерге салық төлеушінің мұндай талап қою құқығын толық немесе ішінара тоқтатуы болмаған жағдайда, осы Кодекстің 250-бабының 1 және 7-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуда төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) және ол бойынша сыйақы, құжаттық есеп айырысулар және кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес азайтуы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) осы Кодекстің 250-бабының 1, 3-тармақтарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушінің кредит (қарыз, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмітсіз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты борышкерге қойылатын талап ету мөлшерін кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыз, ипотекалық тұрғын үй қарызы) бойынша үмітсіз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар, ипотекалық қарыздар, ипотекалық тұрғын үй қарыздары) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;