10) осы Кодекстiң 250-бабының 3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушiнің кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруіне байланысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғынжай қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырылуға жататын ипотекалық тұрғынжай қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшерін кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салықтық кезеңде кешірілген жалпы сомасының салықтық кезеңнің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде азайту. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;
11) 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
12) 2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2021 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
6. Еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған, бұрын шегерімге жатқызылған сақтандыру резервтерінің есепті салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері мен осындай резервтердің алдыңғы салықтық кезең соңындағы мөлшері арасындағы теріс айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру резервтерін төмендетуден түсетін кірісі болып танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды)
7. Осы баптың 1 және 5-тармақтарында көзделген ережелер сот шешімі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, бұрын банк болып табылған заңды тұлғаға қолданылады.
233-бап. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар:
1) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеуші үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығын басқаға берген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма;
2) талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес, басқаға беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығы басқаға берілген күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма кредиттер (қарыздар, микрокредитдар) бойынша талап ету құқығын сатып алатын және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісі болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте бұрын алдыңғы салықтық кезеңдерде танылған оң айырма ескерілмейді.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқығын сатып алатын салық төлеушінің талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте, алдыңғы салық кезеңдерінде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді.
234-бап. Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс
Егер кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) шығып қалған тіркелген активтерінің осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалған құны кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) салықтық кезеңнің басындағы, салықтық кезеңде келіп түскен тіркелген активтер құны, сондай-ақ салықтық кезеңде жүргізілген және осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағына сәйкес есепке алынатын кейінгі шығыстар есепке алынған құндық балансынан асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады. Осы кіші топтың (І топ бойынша) немесе топтың (ІІ, ІІІ және ІV топтар бойынша) құндық балансы салықтық кезеңнің соңында нөлге тең болады.
Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін кіріс осы Кодекстің 270-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салықтық кезеңде танылады.
235-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерделеуге және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс
Егер осы Кодекстiң 258-бабына сәйкес жеке топты түзетін шығыстарды түзететiн сомалардың мөлшерi осы жеке топтың салықтық кезеңнің басындағы салықтық кезеңде жүргізілген шығыстар есепке алынған мөлшерiнен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады. Бұл топтың мөлшерi салықтық кезеңнің соңында нөлге тең болады.
236-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңіне қалыптастырылған кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтайтын салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық кіріске қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде, жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 252-бабына сәйкес жүргізген жылдық жиынтық кірісті түзету сомасына азайтылады.
237-бап. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар
1. Бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша өтемақы түрiнде алынған кірістерге:
1) бұрын шегерімге жатқызылған және кейiнгi салықтық кезеңдерде, оның ішінде мұндай талап ету құқықтарын басқаға беру жолымен өтелген, күмәндi деп танылған талап етулер сомасы;
2) шығындарды (шығыстарды) жабу үшін мемлекеттiк бюджет қаражатынан алынған сомалар;
3) осы Кодекстің 270-бабында көрсетілген сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру ұйымы немесе нұқсан келтірген тұлға төлеген нұқсанды өтеу сомасы;
4) бұрын шегерімге жатқызылған шығындарды өтеу бойынша алынған басқа да өтемақылар жатады.
Алынған өтемақы ол алынған салықтық кезеңнің кірісі болып табылады.
2. Салық төлеуші осы Кодекстің 288-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын жеке тұлға өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салықтық кезеңді, сондай-ақ одан кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісін азайтуға жатқызылған осындай шығыстар сомасы бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне қосылады.
3. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жинақтаушы емес сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымының сақтанушыға қайтаруына жататын немесе ол қайтарған және сақтанушы бұрын шегерімге жатқызған сақтандыру сыйақыларының сомасы олар сақтанушыға қайтарылуға жатқан немесе қайтарылған салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосылады.
238-бап. Өтеусіз алынған мүлік
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші өтеусіз алған кез келген мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны оның кірісі болып табылады.
2. Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салықтық кезеңде танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс мөлшерін айқындау мақсаттары үшін өтеусіз алынған мүліктің, оның ішінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша, бірақ беруші тараптың құжаттарында көрсетілген қосылған құн салығы ескеріле отырып, осындай мүлікті қабылдап алу-беру актісінде (ол болған кезде) көрсетілген құннан төмен емес болып айқындалады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылады.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 239-бап өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
239-бап. Әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған кіріс
Егер әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде басқа тұлғадан алынуға жататын (алынған) кірістер, осындай кірістерді қоса алғанда, жылдық жиынтық кірістің 5 пайызынан аспайтын болса, онда салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне осындай кірістердің әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын шығыстардан асып кетуі қосылады.
Салық төлеушіге меншік құқығында тиесілі:
1) мына қызмет түрлерінің бірінде немесе бірнешеуінде:
демалысты, ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы;
ғылым, мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы, тарихи-мәдени мұраны, архив құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметте пайдаланылатын;
2) тұрғынжай қорының объектісі болып табылатын мүлік әлеуметтік сала объектісі болып табылады.
Осы бапта белгіленген шарттар сақталмаған кезде әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан болатын кірістер мен шығыстарды салықтық есепке алу жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
240-бап. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс (залал)
1. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін кіріс кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
2. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болатын залал кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша өткізу құны мен берілетін міндеттемелердің өткізу күнгі бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша баланстық құнына азайтылған, берілетін активтердің баланстық құны арасындағы теріс айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан болатын залалды ауыстыру осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
241-бап. Жылдық жиынтық кірісті түзету
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық төлеушілердің жылдық жиынтық кірісінен:
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) дивидендтер;
2) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған банктердің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған кепілдік жарналар сомасы;
5) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алған сақтандыру ұйымдарының міндетті, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
6) жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өздерінің өтелген депозиттер мен жүзеге асырылған кепілдікті және өтемақы төлемдері бойынша талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысы аяқталғаннан кейін төлемдер бойынша талаптарды қанағаттандыру тәртібімен Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы алған ақша сомасы;
8) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына бағытталған инвестициялық кірістер;
9) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;
10) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес алынған және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерін ұлғайтуға бағытталған инвестициялық кірістер;
2018.04.07. № 174-VI ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) мыналар:
акционерлік инвестициялық қорлар Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлық қорлар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қызметтен алған және акционерлік инвестициялық қордың кастодианы ескерген;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген инвестициялық қорлар алған және инвестициялық қордың кастодианы немесе басқарушы компаниясы ескерген инвестициялық кірістер;
12) арнайы қаржы компаниясы Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес секьюритилендіру мәмілесі бойынша алған, борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін кірістер;
13) сенімгерлік басқару құрылтайшысы алған (оның алуына жататын), мүлікті сенімгерлік басқарудан түсетін таза кіріс;
14) 2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қабылдау кәсiпорындарынан алған жыл сайынғы міндетті жарналар сомасы;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры жүзеге асырылған кепілдік төлемдер жөніндегі талаптарды қанағаттандыру тәртібімен алған ақша сомасы;
17) мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалға тапсырудан (жалға беруден) және (немесе) өткізу кезінде алған кірістер;
18) инвестициялық депозиттер түрінде алынған ақшаларды басқару процесінде ислам банкі алған, осы инвестициялық депозиттер депозиторларының шоттарына бағытталған және соларда болатын кірістер алып тасталуға жатады. Мұндай кірістерде ислам банкінің сыйақысы қамтылмайды;
19) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компаниясы алған борышты талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірістер;
20) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алған, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістер алып тасталуға жатады.
Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;
21) трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасында айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
22) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдікті жағдайларды реттеу үшін резервті ұлғайтуға бағытталған қаражат шегіндегі инвестициялық кірістері;
23) осы Кодекстің 289-бабында белгіленген шарттар сақталған кезде, коммерциялық ұйымның осы Кодекстің 289-бабының 2-тармағында көзделген кірістері;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
24) білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген өкілінің (агентінің) бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік білім беру кредиттері мен мемлекеттік студенттік кредиттерді қайтару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты ұйғарылған тұрақсыздық айыбы түріндегі кірістері;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған венчурлік қор өтеусіз алған және осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға өтеусіз беруге арналған мүліктің құны;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
26) зиянды өтеу резервін және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін ұлғайтуға бағытталған қаражат шегінде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының инвестициялық кірістері;
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
27) банк (микроқаржылық ұйым) берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде:
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды осындай тұлға үшін төлеуі нәтижесінде қарыз алушы алған кіріс түрінде пайда болған кіріс;
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 28) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
28) салық төлеуші жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын тізілімге енгізілген кезде көрсетілген жергілікті атқарушы орган құрған комиссияның шешімі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген мүліктік зиянның өтеміне алған ақшаның сомасы алып тасталуға жатады.
1-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 2-бабының 6) тармақшасына сәйкес 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының жылдық жиынтық кірісінен Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін, осындай ұйымның жылдық жиынтық кірісіне қосылған және бас банкке аударылған кірістері алып тасталады.
Бұл ретте, алынуға жататын кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістерге жатқызу уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
Банктің жылдық жиынтық кірісінен екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымнан осындай ұйымға бұрын берілген, кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алынған талап ету құқығын беруден түсетін кірістер алып тасталады.
2. Жылдық жиынтық кірістен:
1) 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2-тармақтың 2-бөлігі 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер тұтастай алғанда дивидендтер төлейтін заңды тұлға бойынша есептелген корпоративтік табыс салығының жалпы сомасында 100 пайызға азайтылған корпоративтік табыс салығының үлесі 50 және одан көп пайыз болу шартымен, өзінде азайту жүргізілген кезең үшін осындай дивидендтер есепке жазылған жағдайда, осындай азайту көзделген қызмет бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды жүргізетін заңды тұлға төлейтін;
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар төлейтін дивидендтерге қолданылмайды.
2020.10.12. № 382-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі алған дивидендтер алып тасталуға жатпайды. Бұл ретте, осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 645-бабы 9-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында айқындалған шарттар орындалған кезде дивидендтерге қолданылмайды.
3. Салық төлеушi осының алдындағы салықтық кезеңде қолданған запастарды бағалау әдiсiнен өзге әдiске ауысқан кезде, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық кірісі жаңа бағалау әдiсiн қолдану нәтижесiнде түзілген оң айырма сомасына ұлғайтылуға және терiс айырма сомасына азайтылуға жатады.