ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)
және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 20-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 57-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:
1) тармақшасының екінші абзацы 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«57-1) салық төлеушінің паспорты - кәсіпкерлік субъектісінің салықтық құпия болып табылмайтын және салық органы қалыптастыратын штрих-кодта қамтылатын ақпараттық картасы;»;
«61-1) салықтық мобильдік қосымша - ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділік беретін бағдарламалық өнім;»;
2) 24-баптың бірінші бөлігінде:
18) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшасының үшінші - он бірінші абзацтары 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
19) тармақшада:
бірінші бөлік «төлем карточкаларын» деген сөздерден кейін «және мобильдік төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «санаттары мен тізімін» деген сөздер «санаттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:
«21) осы Кодекстің 686-1-бабы 4-тармағының ережелеріне сәйкес мәліметтері арнаулы мобильдік қосымшаның чектері бойынша осындай қосымшаға түсетін төлемдер сомаларын қоспағанда, жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және арнаулы мобильдік қосымшаны пайдаланушылар болып табылатын дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер - жеке тұлғалар бойынша уәкілетті органға күнтізбелік ай үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған шотқа түскен төлемдердің жиынтық сомалары жөніндегі мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді;
22) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы тармақшаның бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі;
23) белгілі бір өлшемшарттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша дара кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар ретінде тіркеу есебінде тұрмаған жеке тұлғалар бойынша мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Жеке тұлғалардың банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттарын, мәліметтерді ұсыну тәртібін, нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.»;
3) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Төлем ұйымдарының уәкілетті органға ақпарат беру жөніндегі міндеті
Төлем ұйымдары осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырылған, күнтізбелік жыл үшін төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей беруге міндетті.
Уәкілетті орган ақпарат алу мақсатында осы Кодекстің 778-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді төлем ұйымдарына есепті жылдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей жібереді.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде беріледі.»;
4) 30-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) осы Кодекстің 779-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген шетелдік компаниялардың пайдасына жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер мен аударымдардың сомаларына қатысты ақпаратты уәкілетті органның алуы мақсатында осы Кодекстің 778-бабында көрсетілген мәліметтер бөлігінде екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына;»;
5) 48-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Салық төлеуші Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу кезеңі үшін осындай келісімнің қолданылу кезеңі ішінде және инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен немесе қолданысы өзгедей тоқтатылған күннен кейін бес жыл ішінде, осындай келісімнің қолданысы тоқтатылған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің сомасын есептеуге, ал салық органы есептеуге және есепке жазуға құқылы.»;
6) 49-баптың 9-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «осы Кодекстің 136-бабының 4-тармағына сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақша 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) 51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын тең үлестермен ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып, мерзімін ұзарту үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Бұл ретте салықтарды және (немесе) төлемақыларды бір жылдан астам мерзімге төлеу бойынша мерзімін ұзарту салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге қоюмен және (немесе) банк кепілдігімен ғана берілуі мүмкін.»;
8) тармақша 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 52-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғынжайы;»;
9) 59-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын не қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын;»;
10) 66-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайтын қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын не қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;»;
11) 69-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.»;
12) 73-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жіберу жолымен ұсынады.» деген сөздер «жіберу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) салықтық мобильдік қосымша арқылы жіберу жолымен ұсынады.»;
13) тармақша 2022 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
13) мынадай мазмұндағы 75-1-баппен толықтырылсын:
«75-1-бап. Салық төлеушінің паспорты
1. Салық төлеушінің паспортын қоғамдық тамақтандыру және сауда салаларында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер тікелей бақылау - касса машиналары тұрған және халыққа хабар беру үшін жалпыға бірдей қолжетімді орындарда орналастырады.
2. Салық төлеушінің паспортында мынадай мәліметтер қамтылады:
1) сәйкестендіру нөмірі;
2) дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;
3) дара кәсіпкердің, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) салық төлеушінің мәртебесі - әрекет ететін, әрекет етпейтін, салықтық есептілікті ұсынуды тоқтатқан;
5) тіркеу есебіне қойылған күн, тіркеу есебінен шығарылған күн;
6) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірі, бақылау-касса машинасын пайдалану орны;
7) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның болуы немесе болмауы.
3. Салық төлеуші паспортының мәліметтерін салық органы айына бір рет есепті айдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде қалыптастырады және ол уәкілетті органның сайтында жариялануға жатады.»;
14) 104-баптың 1 және 2-тармақтарындағы «, 433» деген цифрлар алып тасталсын;
15) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
«хабарлама салықтық мобильдік қосымшаға жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
Бұл тәсіл осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, есепті салықтық кезең үшін есептелген салықтардың сомасы туралы хабарламаға қолданылады;»;
16) 136 және 137-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«136-бап. Жалпы ережелер
1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау мен оның алдын алу мақсатында салық органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық міндеттемені мемлекетке нұқсан келтіре алатын және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы тәуекел болып табылады.
3. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың мақсаттары:
1) назарды тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
2) орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді ұлғайту;
3) тәуекел дәрежесі төмен деп айқындалған салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салықтық бақылауды барынша азайту;
4) тәуекел дәрежесіне қарай салықтық әкімшілендіру шаралары мен тәсілдерін саралап қолдану.
4. Тәуекелдердің дәрежесін (деңгейін) бағалау салық төлеушілер (салық агенттері) ұсынған салықтық есептілік деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті тұлғалардан алынған мәліметтерді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
5. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану салалары:
1) тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексеру субъектілерін (объектілерін) іріктеу;
2) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекелдің төмен, орташа немесе жоғары дәрежелі санаттарына жатқызу арқылы оларды санаттарға бөлу;
3) қосылған құн салығының асып кету сомасының анықтығын растау;
4) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтың тәуекел дәрежесін айқындау;
5) салықтық әкімшілендірудің өзге де нысандары.
6. Тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық жүйелер қолданыла отырып жүзеге асырылады.
137-бап. Тәуекел өлшемшарттары
1. Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілетін белгілердің жиынтығы тәуекел өлшемшарттары болып табылады.
Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін салық органы айқындайды және ол жария етуге жатпайтын (оның ішінде тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге) құпия ақпарат болып табылады.
2. Осы Кодекстің 136-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының мақсатында тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы Кодекстің 136-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру мақсатында құпия өлшемшарттармен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар қолданылады. Мұндай өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Бұл ретте осы Кодекстің 136-бабының 5-тармағы 1) тармақшасының мақсатында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі.»;
17) 142-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы «акциздік» деген сөз «сәйкестендіру құралдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 146-баптың 7-тармағындағы «431 және 433-баптарында» деген сөздер «431-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 152-бапта:
7-тармақтың сегізінші бөлігінің үшінші абзацы алып тасталсын;
17-тармақтағы «433 және (немесе) 434-баптарына» деген сөздер «434-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 165-баптың 1) тармақшасы «төлем карточкаларын» деген сөздерден кейін «және (немесе) мобильдік төлемдерді» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 172-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«172-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе Қазақстан Республикасына импортталған акцизделетін тауарларды бақылау
1. Акцизделетін тауарларды бақылауды салық органдары өндірушілердің, акцизделетін тауарлар айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың осы бапта айқындалған, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау, акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыру тәртібін сақтауы бөлігінде, сондай-ақ акциздік бекеттерді орнату арқылы жүзеге асырады.
2. Толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі - есепке алу-бақылау маркалары мен, темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жатады.
3. Таңбалауды акцизделетін тауарларды өндірушілер мен импорттаушылар, борышкердің мүлкін (активтерін) өткізу кезінде банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүзеге асырады.
4. Мынадай алкоголь өнімі - есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдары сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалануға жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспортталатын;
2) бажсыз сауда дүкендерінің иелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін, бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастыруға арналған;
3) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелудің (рұқсат берудің) және уақытша әкетудің кедендік рәсімдерінде әкелінетін, оның ішінде санаулы даналарда жарнама жасау және (немесе) демонстрациялау мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсімінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы өткізілетін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізілетін;
5) Қазақстан Республикасының аумағына жиырма бір жасқа толған жеке тұлға - үш литрден аспайтын шекте әкелетін (жөнелтетін) алкоголь өнімі, сондай-ақ он сегіз жасқа толған жеке тұлға екі жүз сигареттен немесе елу сигарадан (сигарилладан) немесе темекінің екі жүз елу грамынан аспайтын шекте не көрсетілген бұйымдарды жалпы салмағы екі жүз елу грамнан аспайтын ассортиментте әкелетін (жөнелтетін) темекі мен темекі бұйымдары.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін сәйкестендіру құралдары және (немесе) есепке алу-бақылау маркалары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасу түріндегі айналымына тыйым салынады.
6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарларды жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау уәкілетті орган айқындайтын мерзімдерде жүзеге асырылады.
7. Алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлға алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынады.
8. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне есепке алу-бақылау маркалары алынғанға дейін ұсынылады.
9. Өндіруші және (немесе) импорттаушы алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені ұсынбаған жағдайда есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.
10. Өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу арқылы, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:
1) банк кепілдігі;
2) кепілгерлік;
3) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.
11. Ақшаны уақытша орналастыру шотын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ашады.
12. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шоты алкоголь өнімін өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.
Ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
13. Өндіруші және (немесе) импорттаушы ақшамен қамтамасыз етілген, алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемені орындамаған кезде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткен соң ақшаны уақытша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.
14. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның ақшаны уақытша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есеп ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
15. Осы бапқа сәйкес:
1) толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін - есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұнын және қорғау элементтерін уәкілетті орган бекітеді;
2) есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнімін өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу тәртібі мен қамтамасыз ету мөлшерін уәкілетті орган бекітеді;
3) акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
4) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оларды ресімдеу тәртібі мен олардың құжат айналымы осы Кодекстің 176-бабына сәйкес белгіленеді.
16. Салық органдары этил спирті мен алкоголь өнімін (сыра қайнату өнімінен басқа), бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны мен темекі бұйымдарын өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік бекеттер орнатады.
17. Акциздік бекеттің тұрған жерін және жұмыскерлерінің құрамын, оның жұмыс регламентін салық органы айқындайды.
Акциздік бекет жұмыскерлерінің құрамы салық органының лауазымды адамдарының арасынан қалыптастырылады.
18. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын сақтауын;
2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын;
3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын;
4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе сәйкестендіру құралдарының қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.
19. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамы:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, салық төлеушінің акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға;
2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;
3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылы.
20. Салық органының акциздік бекеттегі лауазымды адамының акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру тәртібінде көзделген өзге де құқықтары бар.»;
22) 20-тарау мынадай мазмұндағы 176-1-баппен толықтырылсын:
«176-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі ұлттық қадағалап отыру жүйесі болып табылады.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден болған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуына, электр энергиясының өшіп қалуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттан туындайтын тауарлардың айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.