мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«су қорын қорғау, су үнемдеу жəне су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, судың зиянды əсерінің алдын алу жəне жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;»;
9) тармақшада:
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«коммуналдық меншіктегі жылумен, электрмен, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін жəне олардың элементтерін құру жəне реконструкциялау;»;
мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
7) 32-баптың 1-тармағында:
8) тармақшада:
жетінші абзацтағы «құрылысжайларының» деген сөз «құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «облыстық маңызы бар су қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулерін» деген сөздер «су қорғау аймақтарын, су объектілері белдеулері мен аймақтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
оныншы абзац «жүйелерін,» деген сөзден кейін «су шаруашылығы құрылысжайлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:
«су қорын қорғау, су үнемдеу жəне су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру, судың зиянды əсерінің алдын алу жəне жасанды түрде болатын қуаңшылықты болғызбау, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру;»;
9) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
8) 139-баптың 6-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету жəне өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді айналысқа жіберуге жол берілмейді.».
9) 168-бапта:
6-тармағы 9) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) осы Кодекстің 58-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, салықтық тексерулердің нəтижелері бойынша мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтық түсімдер.»;
4-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақшадағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы алып тасталсын.
7. 2025 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 23-баптың 1-тармағының 34) тармақшасындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 27-баптың 1-тармағының 11) жəне 12) тармақшаларындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 52-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 59-баптың 1-тармағындағы «су көздерінің» деген сөздер «су объектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
8-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
8. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
14-2-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сот актілерінің, сот орындаушылары мен құқық қорғау органдары қаулыларының (тыйым салуларының, қамаққа алуларының), заңды тұлғада, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде жəне дара кəсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғада қырық бес айлық есептік көрсеткіш жəне одан көп, пайда болған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегінің, кеден төлемдерін, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздар мен өсімпұлды төлеу бойынша берешегінің жəне (немесе) орындалмаған міндеттерінің, заңды тұлғаның басшысына немесе құрылтайшысына тіркелген өзге де заңды тұлғаларда əлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің болуы, сондай-ақ осы Заңның 11-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 4-1), 5) жəне 8) тармақшаларында көзделген жағдайлар өтініш берушіге бұл туралы хабар бере отырып, электрондық хабарламаны орындаусыз қалдыруға негіз болып табылады.».
9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
2025.17.12. № 241-VIIІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) 30-бапта:
2 жəне 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекеше нотариустардың нотариаттық əрекеттер жасағаны жəне өзге де көрсетілетін қызметтері үшін, сондай-ақ нотариат куəландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені жəне консультация беруді жүзеге асырғаны үшін мөлшерлемелер мөлшерін Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекітеді.»;
«5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген, жеке жəне заңды тұлғалар үшін нотариаттық əрекеттерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер осы баптың 1-тармағында белгіленген адамдар нотариаттық əрекеттерді жасаған кезде осындай тұлғаларға қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық əрекеттер жəне өзге де көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуден мыналар босатылады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер жəне басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) жəне Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз əскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен жəне медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;
2) «Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;
3) арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарында тұратын қарт адамдар - барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қорғаншылық тағайындалған созылмалы жан күйзелісі ауруымен ауыратын жеке тұлғалар - өздерінің мүлікке мұрагерлігі туралы куəліктер алғаны үшін;
5) жасына байланысты зейнеткерлер - осы Заңның 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 14), 15-1), 16) жəне 17) тармақшаларында белгіленген нотариаттық əрекеттерді қоспағанда, барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;
6) қандастар - Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға байланысты барлық нотариаттық əрекеттер бойынша;
7) жетім балалар жəне он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде;
8) «Қазақстан мүгедектігі бар адамдардың ерікті қоғамы» одағы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, сондай-ақ олардың өндірістік кəсіпорындары - белгіленген тарифтің 50 пайызы мөлшерінде.»;
2) 30-1-бап алып тасталсын;
3) 32-бап мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) нотариаттық əрекеттер жасағаны жəне өзге де көрсетілетін қызметтер үшін, сондай-ақ нотариат куəландырған құжаттардың көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені жəне жекеше нотариустардың консультация беруді жүзеге асырғаны үшін мөлшерлемелер мөлшерін бекітеді.».
10. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) сақтандыру міндеттемелері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес актуарийлік есептеулер негізінде бағаланатын міндеттемелері;»;
23) тармақшадағы «сақтандыру резервтері -» деген сөздерден кейін «пруденциялық нормативтерді есептеу мақсаттары үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 19-бапта:
2-1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру резервтерінің мөлшерін есептеу жəне сақтандыру міндеттемелерін бағалау;»;
4-2-тармақ «есептеген кезде» деген сөздерден кейін «жəне сақтандыру міндеттемелерін бағалау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ «резервтерін қалыптастыру» деген сөздерден кейін «, сақтандыру міндеттемелерін бағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 47-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Пруденциялық нормативтерді жəне уəкілетті орган белгілеген өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді сақтау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің болуы міндетті.»;
2-тармақ алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 47-1-баппен толықтырылсын:
«47-1-бап. Сақтандыру міндеттемелері
1. Сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде сақтандыру міндеттемелері болуға міндетті.
2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалауға жəне олардың құрылымына жəне оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау əдістемесіне қойылатын талаптары, оны келісу тəртібі мен мерзімдері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру міндеттемелерінің жеткіліктілігін бағалау үшін уəкілетті орган уəжді пайымдауды пайдалануға құқылы.»;
5) 53-3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) сақтандыру міндеттемелерін қосымша қалыптастыруға;»;
6) 75-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру резервтерін есептеу жəне сақтандыру міндеттемелерін бағалау бойынша міндетті актуарийлік қорытындылар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есептілігінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жылдық есептіліктің ажырамас бөлігі болып табылады жəне уəкілетті органға ұсынылуға жатады.»;
2-тармақтағы «Міндетті актуарий қорытындысының» деген сөздер «Міндетті актуарийлік қорытындылардың» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін құжатқа немесе электрондық құжатқа қол қоятын, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін заңды түрде иеленетін жəне оны өз өкілеттіктері не мемлекеттік қызметтерді көрсету нəтижелеріне, анықтамаларға, құжаттарға немесе электрондық құжаттарға қол қоюдың автоматтандырылған процесі үшін тиісті тіркеу куəлігі берілген ақпараттық жүйе шеңберінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға пайдаланады.
Куəландырушы орталық ақпараттық жүйеге берген тіркеу куəлігінен алынған электрондық цифрлық қолтаңба заңды тұлғаның бірінші басшысының - ақпараттық жүйе иесінің немесе жеке тұлғаның - ақпараттық жүйе иесінің қолтаңбасына теңестіріледі.».
12. «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
1-4), 1-5), 1-6) жəне 1-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) қыздырылатын темекісі бар бұйым - темекіні қыздыру жүйесінде пайдалануға арналған темекі бұйымы ингредиенттері қосылған немесе қосылмаған темекі шикізатынан тұратын темекі бұйымының түрі;
1-5) орам - белгілі қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бірлігі;
1-6) сəйкестендіру - белгілі бір өнімді өндіру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзіне ұқсас өнімнің арасында айырым белгілері бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететін рəсім;
1-7) сəйкестендіру құралы - штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сəйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;»;
мынадай мазмұндағы 1-8) тармақшамен толықтырылсын:
«1-8) таңбалау - тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын жəне қорабы мен орамындағы мəтін, шартты белгі жəне суреттер;».
13. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
44-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы жеке тұлғаның тапсырмасы бойынша, соның есебінен жəне мүддесінде мəмілелерді жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген талаптарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды өткізу кезінде жеке тұлғалардың құн өсімінен түсетін кірісін есепке алуды жəне есептеуді қамтамасыз етуге міндетті.
Бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушы тапсырмасы бойынша, соның есебінен жəне мүддесінде мəмілелер жүзеге асырылған жеке тұлғаға əрбір өткізу бойынша оң жəне теріс айырмалар бойынша таратып жазуды қоса алғанда, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс бойынша мəліметтерді күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей ұсынуға міндетті.».
14. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сəйкес сақтандыру міндеттемелерін бағалау мен олардың құрылымына жəне оларды бағалауды автоматтандыруға, сақтандыру міндеттемелерін бағалау əдістемесіне қойылатын талаптарды, оларды келісу тəртібі мен мерзімдерін бекітеді;»;
2) 13-5-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «сақтандыру резервтерінің» деген сөздерден кейін «жəне сақтандыру міндеттемелерінің» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
«30-1) сəйкестендіру коды - сауда қызметінде бір мəнді сəйкестендірілуі мақсатында штрих-код түрінде ұсынылған, тауарлар түрлеріне берілетін жəне Ұлттық тауарлар каталогында қамтылатын, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) Ұлттық тауарлар каталогы - тауарлар туралы ұлттық деректер тіркелімі, сондай-ақ тауарлар номенклатурасының бірыңғай көзі болып табылатын жəне сауда қызметінде тауарлар анықтамалығы ретінде пайдаланылуға міндетті «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісі;»;
2) 7-4-баптың 1-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тауарларды Ұлттық тауарлар каталогында тіркеу жəне олар туралы мəліметтерді жаңартып отыру;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) фискалдық деректер операторларының функцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық тауарлар каталогын олардың пайдалануы бойынша, оның ішінде сəйкестендіру кодын тексеру жəне бақылау-касса машиналары арқылы Ұлттық тауарлар каталогында тауарларды тіркеуге қол жеткізу үшін қызметтер көрсету, сондай-ақ тауардың біріздендірілген атауы мен сəйкестендіру кодын беру;»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) жəне 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) тауарларды өндіру немесе импорттау кезінде оларды сату жүзеге асырылғанға дейін Ұлттық тауарлар каталогында тіркеуге;
9-2) бөлшек жəне көтерме сауда кезінде тауарларды сатуды тауарлар туралы мəліметтер Ұлттық тауарлар каталогында болған кезде ғана жүзеге асыруға;»;
4) 32-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тауарлардың, жұмыстардың жəне көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптамасына сəйкес тауарлар сыныпталуға жəне Ұлттық тауарлар каталогына сəйкес олардың біріздендірілген атауы мен сəйкестендіру коды болуға тиіс.».
16. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
41-1-бап мынадай мазмұндағы 1-4 жəне 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-4. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 89-бабының 2-тармағында айқындалған жағдайларда, масс-медиа саласындағы уəкілетті орган қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа жəне (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы салық органының шешімі негізінде осындай шешімді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсқа жəне (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуін шектеу туралы нұсқама шығарады. Байланыс операторлары жəне (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет нұсқаманы орындау бойынша дереу шаралар қабылдауға міндетті.
1-5. Интернет-ресурсқа жəне (немесе) интернет-алаңға қол жеткізуді шектеуді алып тастау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген негіздер бойынша салық органы басшысының немесе оның орынбасарының шешімі бойынша жүргізіледі.
Масс-медиа саласындағы уəкілетті органның шектеуді алып тастау бойынша шаралар қабылдауы осы баптың 1-4-тармағында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.».
17. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
13-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Энергия беруші ұйым болып табылмайтын электр желілерінің меншік иесі өзіне тиесілі электр желісінің жекелеген бөлігіне (жекелеген бөліктеріне) меншік құқығын электр желісінің осы бөлігі (осы бөліктері) желілеріне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға беруге құқылы.».
18. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сəйкес оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жəне күнтізбелік жылдағы кірісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерінен аспайтын;»;
2) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Уəкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тəртібін бекітеді.».
19. «Трансферттік баға белгілеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
11) тармақшадағы «уəкілетті органдарға» деген сөздер «уəкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
12) «қол созу» қағидаты - мəмілелерге қатысушылар арасындағы мəмілелер шарттарын осы Заңда белгіленген тəртіппен айқындалған нарықтық шарттарда мəмілелерді жүзеге асыратын тəуелсіз тараптар арасындағы салыстырымды экономикалық жағдайларда жасалатын мəмілелер шарттарымен салыстыру негізінде нарықтық шарттарды, оның ішінде нарықтық бағаларды (маржаларды, рентабельділікті) айқындау үшін қолданылатын қағидат;»;
мынадай мазмұндағы 14-1) жəне 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) материалдық емес актив - физикалық пішіні жоқ сəйкестендірілетін ақшалай емес актив жəне (немесе) зияткерлік қызметтің нəтижесі, сондай-ақ өндірісте пайдалануға (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) немесе əкімшілік мақсаттарға арналған өзге де зияткерлік меншіктің объектілері;»;
«24-1) тəуекелсіз пайыздық мөлшерлеме - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес белгіленген базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып теңге үшін айқындалатын мөлшерлеме; еуро үшін Еуропалық банкаралық ұсыныс мөлшерлемесімен (EURIBOR) айқындалады; Америка Құрама Штаттарының доллары үшін «овернайт» қамтамасыз етілген қаржыландыру мөлшерлемесімен (SOFR) белгіленеді; қалған валюталар үшін мөлшерлеме шет мемлекеттің Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі негізге алына отырып айқындалады;»;
26) тармақшадағы «уəкілетті органдар» деген сөздер «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «уəкілетті органдардың» деген сөздер «уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бапта:
тақырыптағы «Уəкілетті органдардың» деген сөздер «Уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Уəкілетті органдар» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уəкілетті орган:»;
4-тармақтағы «Уəкілетті органдар» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-бапта:
1-тармақтағы «уəкілетті органдарға», «уəкілетті органдардан», «уəкілетті органдар», «уəкілетті органдармен» деген сөздер тиісінше «уəкілетті органға» «уəкілетті органнан», «уəкілетті орган», «уəкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшадағы «уəкілетті органдардың» деген сөздер «уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңда айқындалған тəртіппен уəкілетті органға мəмілелер мониторингі бойынша ақпаратты жəне есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды беруге міндетті.
Уəкілетті органның сұрау салуы бойынша мəмілеге қатысушы сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мəміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты жəне құжаттарды береді;»;
5) тармақшадағы «уəкілетті органдардың» деген сөздер «уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 2) жəне 6) тармақшаларындағы «уəкілетті органдардың» деген сөздер «уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
1 жəне 3-тармақтардағы «уəкілетті органдардың», «уəкілетті органдар» деген сөздер тиісінше «уəкілетті органның», «уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «уəкілетті органдарға» деген сөздер «уəкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-2-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы «валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы» деген сөздер «, тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық ресми валюта бағамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-3-баптың 4-тармағының екінші абзацындағы «валюта айырбастаудың тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық нарықтық бағамы» деген сөздер «, тиісті қаржы жылындағы орташа арифметикалық ресми валюта бағамы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 8-бапта:
тақырыптағы «Уəкілетті органдардың» деген сөздер «Уəкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Уəкілетті органдар» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «Уəкілетті органдар» деген сөздер «Уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан ауытқу фактісі анықталған кезде;»;
10) 10-бапта:
1-тармақтағы «мəміле бағасының нарықтық бағадан» деген сөздер «мəміле шарттарының нарықтық шарттардан немесе мəміле бағасының нарықтық бағалардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацы «бағасының» «бағалар», «бағадан» деген сөздерден кейін тиісінше «(маржасының, рентабельділігінің)», «(маржа, рентабельділік)», «(маржадан, рентабельділіктен)» деген сөздермен толықтырылсын;
5-1-тармақ «бағасы», «бағалар», «бағадан» деген сөздерден кейін тиісінше «(маржасы, рентабельділігі)», «(маржа, рентабельділік)», «(маржадан, рентабельділіктен)» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «, осы мəмілелердің есепті кезеңдегі табыстары немесе шығыстары жəне басқа да салық салу объектілері бағалар ауқымы ескеріле отырып, нарықтық баға тұрғысынан айқындалатын жағдайдағыдай болып есептелетін» деген сөздер алып тасталсын;