6. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық басым жобаларды іске асыратын немесе 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгертілген кезде тұрақтылық кепілдігі беріледі.
7. Осы баптың 2-тармағында көзделген салықтар бойынша преференциялар бойынша тұрақтылық кепілдігі Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда қарастырылады.
Осы Кодексте белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрақтылығына кепілдіктің қолданылуы күшін жояды.
283-5-бап. Кедендік баждар салудан босату
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес технологиялық жабдықты, оның жиынтықтауыштары мен қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Лизингтік компания инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін қаржы лизингі шарты негізінде инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде жеткізілетін технологиялық жабдықты импорттау кезінде кедендік баждар салудан босатылады.
Осы тараудың мақсатында технологиялық жабдық деп инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған тауарлар түсініледі.
Қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау жөніндегі технологиялық процесс шеңберінде технологиялық жабдық деп қызметтерді ұсыну немесе жұмыстарды орындау процесін жақсартуға ықпал ететін тауарлар түсініледі.
Жиынтықтауыштар деп жиынтығында технологиялық жабдықтың конструкциялық тұтастығын құрайтын құрамдас бөліктер түсініледі.
Шикізат және (немесе) материал деп технологиялық процесс арқылы дайын өнім алу үшін пайдаланылатын кез келген пайдалы қазба, құрауыш, бөлшек немесе өзге тауар түсініледі.
2. Технологиялық жабдықты және оның жиынтықтауыштарын импорттау кезінде кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ оңайлатылған инвестициялық келісімшарт тіркелген кезден бастап бес жылдан аспайтындай болып беріледі.
3. Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін импорттау кезінде бес жылға дейінгі мерзімге кедендік баж салудан босату ұзақ мерзімді активтерге салынатын инвестициялардың көлеміне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.
Шикізатты және (немесе) материалдарды импорттау кезінде кедендік баж салудан босату жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жыл мерзімге беріледі.
Кедендік баждар салудан босату оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзіміне, бірақ жұмыс бағдарламасы бойынша ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Жұмыс бағдарламасы өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік графигін айқындайтын оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа қосымшаны білдіреді.
Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан көп ұзақ мерзімді активтерді пайдалануға беру көзделсе, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерін, шикізатты және (немесе) материалдарды әкелуге кедендік баж төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша бірінші ұзақ мерзімді актив пайдалануға берілген күннен бастап жүргізіледі.»;
10) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«284-бап. Инвестициялық жоба
Инвестициялық жоба:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа объектілер мен өндірістерді құруға, қолданыстағыларын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға;
2) басым туристік аумақтарда туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді құруға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешенін білдіреді.»;
11) 285-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «инвестициялық басым жобаны іске асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
12) 286, 287, 288, 289 және 290-баптар алып тасталсын;
13) 292-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«292-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімге қойылатын талаптар
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмелері болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.
Егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, құжаттарды мөрмен бекемдеу талап етілмейді;
3) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;
4) Қазақстан Республикасының өтінім берген заңды тұлғасы сұрататын мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттар және оны беру туралы жергілікті атқарушы органның растауы;
5) тіркелген жеріндегі мемлекеттік кіріс органының өтінім берілген күнге дейін бес жұмыс күні ішінде берген, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдар, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтамасы болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.»;
1-1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
14) 293-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«293-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім қарау үшін инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі, ол осы Кодекстің 285-бабында белгіленген талаптарға сəйкес, өтінім тіркелген күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.»;
3-тармақ алып тасталсын;
15) 294-бапта:
тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«294-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасу
1. Салықтар бойынша преференцияларды қоспағанда, инвестицияларды жүзеге асыруды жəне инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт оңайлатылған инвестициялық келісімшарт болып табылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «инвестициялық» деген сөз «оңайлатылған инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «инвестициялық» деген сөз «оңайлатылған инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «Инвестициялық» деген сөз «Оңайлатылған инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Инвестициялық» деген сөз «Оңайлатылған инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Инвестициялық келісімшарттың» деген сөздер «Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 295-1-бап алып тасталсын;
17) 295-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«295-2-бап. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу жəне тоқтату
1. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға беріледі.
Инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасуға өтінім келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осындай келісімге қол қою үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын əзірлейді.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімді жасасу, оған өзгерістер енгізу, оның қолданылуын тоқтату тəртібін жəне инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің үлгілік нысанын инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган əзірлейді жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге өзгерістер осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде белгіленген ережелердің сақталуы ескеріле отырып, тек қана инвестициялар салу графигін өзгерту бөлігінде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуы осы Кодекстің 283-2-бабының 5-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін осы тармаққа сəйкес тараптардың келісімі бойынша немесе біржақты тəртіппен тоқтатылуы мүмкін.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім қолданылатын кезеңде 283-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде, 2-тармағында, 3-тармағының екінші бөлігінде жəне 4-тармағында көзделген міндеттемелер мен шарттар орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай өткен соң инвестициялық міндеттемелер туралы келісімнің қолданылуын біржақты тəртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.
Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде осындай келісімді жасасқан заңды тұлға мұндай келісім бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес айқындалған тəртіппен қосымша салық есептілігін ұсынуға міндетті.»;
18) 295-3-бап алып тасталсын;
19) 296-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«296-2-бап. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру тəртібі
1. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілейтін нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден жəне 25 қаңтардан кешіктірмей, ұзақ мерзімді активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың жəне (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.
2. Оңайлатылған инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісім бойынша жылына екі рет енгізілуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді активтерді пайдалануға беру мерзімдерін ауыстыру бөлігінде инвестициялық келісімшартқа қосымшаға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі екі реттен аспайтын мерзімде енгізілуі мүмкін.
3. Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда ұзақ мерзімді активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.
4. Тексеру нəтижелері бойынша инвестициялар жөніндегі уəкілетті органның өкілі мен оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйі туралы актіге қол қояды.
5. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жібереді жəне бұзушылықтарды жою үшін үш ай мерзім белгілейді.
6. Егер инвестициялар жөніндегі уəкілетті орган жүргізген тексеру нəтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін əкелінген жəне кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, оңайлатылған инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференцияларға байланысты кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өсімпұлды есепке жаза отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат жəне (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
7. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы жұмыс бағдарламасын іске асыруды аяқтағаннан кейін екі ай ішінде инвестициялар жөніндегі уəкілетті органға қызмет саласындағы уəкілетті орган белгілеген ең төмен талаптарға сəйкес келетін аудиторлық ұйымның аудиторлық есебін ұсынады, онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) жұмыс бағдарламасына сəйкес инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат;
2) жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған тіркелген активтер бойынша таратып жазу;
3) жұмыс бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттардың жиынтық тізілімі;
4) оңайлатылған инвестициялық келісімшарт талаптарының орындалуы туралы мəліметтер.
8. Мемлекеттің экономикалық мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың бұзылуы туралы ақпарат:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органдарына жəне қажет болған кезде өзге де мемлекеттік органдарға;
2) мемлекеттік заттай грант берілген оңайлатылған инвестициялық келісімшарттар бойынша мемлекеттік кіріс органдарына, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уəкілетті органға жəне (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уəкілетті органға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.
9. Оңайлатылған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының оңайлатылған инвестициялық келісімшарттың қолданысы ішінде:
1) берілген мемлекеттік заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған мүліктің нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берілген мемлекеттік заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сəйкес сатып алынған мүлікті жалға беруге, иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің нысаналы пайдаланылуын бақылау Еуразиялық экономикалық комиссия айқындаған тəртіппен жүзеге асырылады.»;
20) 25-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 296-3-баппен толықтырылсын:
«296-3-бап. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау
1. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау əлеуметтік-экономикалық дамуға берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігіне талдау жүргізу үшін жүзеге асырылады.
2. Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалауды инвестициялар тарту жөніндегі саясат саласындағы уəкілетті орган өзі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырады.».
2-тармақ 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1-тарау мынадай мазмұндағы 252-1-баппен толықтырылсын:
«252-1-бап. Салық органының қаулысын санкциялау
1. Заңда белгіленген жағдайларда салық органы соттың санкциялауына жататын заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кəсіпкердің жəне жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеу туралы қаулы, мұндай шектеуді тоқтата тұру туралы, оның күшін жою туралы қаулы шығарады.
Қаулыда санкцияланатын əрекеттерді қабылдау қажеттілігін туғызған себептер мен негіздер жазылуға тиіс.
2. Соттың санкциялауына жататын қаулыны салық органы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кəсіпкердің жəне жеке практикамен айналысатын адамның тұрғылықты жері бойынша сотқа ұсынады.
Қаулыға санкцияланатын əрекеттерді қабылдау негізділігін растайтын материалдар қоса беріледі.
3. Сот салық органының қаулысын материалдар санкциялауға келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
4. Салық органының қаулысын жəне оған қоса берілген материалдарды қарап, сот заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысының (оны алмастыратын адамның), дара кəсіпкердің жəне жеке практикамен айналысатын адамның Қазақстан Республикасынан кетуін уақытша шектеуге, мұндай шектеуді тоқтата тұруға немесе күшін жоюға санкция береді не санкция беруден бас тартады.
Санкция беру салық органының қаулысына судьяның қолтаңбасымен куəландырылатын «Санкциялаймын» деген сот мөртабанын басу арқылы жүзеге асырылады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья санкция беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Сот салық органының электрондық құжат нысанында ұсынылған қаулысына санкция беруді судьяның электрондық цифрлық қолтаңбамен куəландыру арқылы жүзеге асырады. Санкция беруден бас тартқан жағдайда, судья электрондық құжат нысанында санкция беруден бас тарту туралы уəжді ұйғарым шығарады.
5. Салық органының сот санкциялаған қаулысына Қазақстан Республикасының əкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Қаулыға санкция беруден бас тарту туралы сот ұйғарымына шешімі түпкілікті болып табылатын апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін.».
3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
65-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасында тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен айқындалады. Егер тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде шетел валютасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеу жүргізу талап етілетін болса, мұндай қайта есептеу, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні белгіленген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы (бұдан əрі - валюталар бағамы) бойынша жүргізіледі.»;
2) 89-баптың 3-тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабына жəне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабына сəйкес қосылған құн салығы есепке жатқызу əдісімен төленген, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рəсімімен орналастырылған тауарларға қатысты кеден органдарының жəне төлеушілердің талаптары бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.»;
3) 417-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 202-бабында көзделген шартты түрде шығарылған тауарларға, өздеріне қатысты 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабында, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабында жəне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 508-бабында көзделген пайдаланылуы жəне билік етілуі бойынша шектеулер бар тауарларға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 416-бабының 6-тармағында көзделген жүргізілетін камералдық кедендік тексеру нысанасы алдыңғы камералдық кедендік тексерулерде қамтылмаған жағдайларда қайтадан камералдық кедендік тексеруге жол беріледі.».
4. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
120-баптың 2-тармағындағы «бірыңғай жер салығын төлеушілер болып табылатын» деген сөздер «шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2023 жылғы 20 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Əлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
18) тармақшада:
бірінші бөлік «фермер қожалығы,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Салық кодексінде аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлға,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында аталған адамдар үшін əлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы əлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;»;
36) тармақшадағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
119) тармақшада:
бірінші бөлік «жеке немесе заңды тұлға» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 820-бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы міндетті зейнетақы жарналарын, осы Кодекстің 102-1-бабында аталған адамдар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады.»;
2) 17-баптың 1-тармағының 22-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«22-2) интернет-платформа операторы жүргізген əлеуметтік аударымдардың, міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының жəне (немесе) олардың уақтылы жəне (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлдардың қате (артық) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруды;»;
3) 78-баптың 2-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты кірісінен айырылған жағдайдағы əлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде əлеуметтік аударымдар жүргізілген əрбір айдағы кіріс айына іс жүзінде түскен əлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»;
4) 85-баптың 1-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін бала күтіміне байланысты əлеуметтік төлемді есептеу кезінде əлеуметтік аударымдар жүргізілген əрбір айдағы кіріс айына іс жүзінде түскен əлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.»;
5) мынадай мазмұндағы 101-1-баппен толықтырылсын:
«101-1-бап. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдарды əлеуметтік қамсыздандыру
1. Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген шарттарға сəйкес келетін жеке тұлғалар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдар деп танылады.
2. Осы Кодекстің 102-1-бабында көрсетілгендерді қоспағанда, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар осы Кодекске сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жəне əлеуметтік аударымдарды, «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды өздері алған кірістерден төлеуді жүргізеді.
3. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың төлеуіне жататын əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырған есепті айда алған кірісі олар үшін əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте əлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
4. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленген.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алынған кіріс түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
5. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленген.