Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың осы режим шеңберінде қызметті жүзеге асырудың есепті айында алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.»;
6) 102-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-1-бап. Интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды əлеуметтік қамсыздандыру
1. Оператор Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жəне интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сəйкес міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жəне əлеуметтік аударымдарды, «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды жəне ұстап қалған сомаларды аударуды жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін осы режим шеңберінде олардың есепті айда Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кіріс əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Бұл ретте айына əлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен жəне Қазақстан Республикасының Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін белгіленген шектен аспауға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын, интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылатын орындаушылардың осы режим шеңберінде есепті айда интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға белгіленген шектен аспауға тиіс.
5. Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, əлеуметтік аударымдарды жəне міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын ұстап қалу жəне аудару тəртібін уəкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласында, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органдармен жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша айқындайды.»;
7) 118-баптың 3-тармағында:
төртінші бөліктегі «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда» деген сөздер «Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша əлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кəсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салынуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі есепке алынады.»;
8) 122-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында аталған адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты жəне (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде қызметі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 115-бабының 6-тармағына жəне 117-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сəйкес тоқтатыла тұрған (факт салық органына ұсынылған нөлдік салық есептілігінің жəне (немесе) тоқтата тұру туралы салықтық өтініштің болуымен расталады) дара кəсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жəрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда жəне (немесе) əлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі.»;
9) 181-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша əлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кəсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі есептеледі.»;
3-1-тармақтағы «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда» деген сөздер «Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 206-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі;»;
11) 210-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кəсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысқан кезеңдері үшін, сондай-ақ жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшері кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сəйкес белгіленеді.»;
12) 224-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.»;
13) 226-баптың 11-тармағының үшінші жəне төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру төлемдері деректемелері зейнетақы аннуитеті шарттарында көрсетілетін алушының банктік шотына аударылады.
Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға жəне төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
14) 240-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда» деген сөздер «Осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдар үшін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдайдың, шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңіне қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша əлеуметтік төлемді алу кезеңдері, еңбек, кəсіпкерлік қызмет кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша əлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ жұмыс берушісі квазимемлекеттік сектордың субъектісі болмаған жəне телевизиялық бағдарламаларды жасау жəне тарату жəне (немесе) радиохабарларын тарату жəне (немесе) газеттерді, журналдарды жəне (немесе) мерзімді жарияланымдарды басып шығару жөніндегі қызметпен айналысқан жұмыскердің осы қызметтен түскен 2020 жылғы 1 сəуір - 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асырған кезеңі есептеледі.»;
15) 243-баптың бірінші бөлігінде:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) интернет-платформаларды жəне (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар жатады.»;
16) 244-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-3-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 822-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 245-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған жұмыскерлер мен адамдар үшін жұмыс берушінің мынадай түрінде төлейтін шығыстары əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:
жұмыскердің төлем көзінен салық салуға жататын, салықтық кезең үшін есептелген кірісі
алу
салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары
алу
салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 429-бабының 1), 2), 3) жəне 7) тармақшаларында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
Жұмыс берушінің шығыстарына əскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай қамтылуы енгізіледі.
Бұл ретте бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болса, онда əлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшеріне қарай есептеледі жəне төленеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) жəне 8) тармақшаларында аталған адамдарға қолданылмайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдар үшін мыналар əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады:
жеке тұлғаның салықтық кезең үшін есептелген, нысанасы төлем көзінен салық салуға жататын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс сомасы
алу
салықтық кезең үшін міндетті зейнетақы жарналары
алу
салықтық кезең үшін төлем көзінен салық салуға жататын, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген кірістен азайтылатын кіріс.
Бұл ретте бір төлеушіден əлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған адамдардың кірістерінен ұсталған əлеуметтік аударымдарды төлеушілер уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен аударады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-2-бабында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 821-бабында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жергілікті атқарушы органдар жəне өзге де заңды тұлғалар осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігінің 6) тармақшасында аталған адамдарға төлейтін кірістер олар үшін əлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға əлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекшінің кірісін қоспағанда, Қорға əлеуметтік аударымдар салық салу мақсатында жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайтын кірістерден төленбейді.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауына сəйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне, сондай-ақ осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісіне қолданылмайды.»;
18) 246-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Осы Кодекстің 101-1-бабында аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын адамдардың əлеуметтік аударымдарды төлеуі күнтізбелік жылдың ағымдағы жəне кейінгі айлары үшін жүзеге асырылуы жəне кіріс алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте əлеуметтік аударымдар жəне (немесе) олардың уақтылы жəне (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешек арнаулы мобильдік қосымшаның чектері негізінде орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы алу кезеңіндегі кірістен есептеледі жəне төленеді.»;
19) 248-бапта:
4-тармақ 3) тармақшасындағы «жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.» деген сөздер «жеке тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар өздері дербес жүзеге асырады.»;
9-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «2), 3) жəне 4) тармақшаларында» деген сөздер «2) жəне 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара кəсіпкерлер, шаруа жəне фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына - есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;»;
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Кодекстің 101-1-бабында аталған өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салықтық режимін қолданатын жеке тұлғалар - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жəне күнтізбелік жылдың ағымдағы жəне кейінгі айлары үшін жүзеге асырады;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Оператор - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
10-тармақтағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 823-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 249-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшаның бірінші жəне екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 248-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, адамның əлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын алатын кірісі түсініледі.»;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 251-бапта:
1-тармақтың алтыншы абзацындағы «5 пайыз» деген сөздер «егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, 5 пайыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігі «Бұл ретте» деген сөздерден кейін «, осы Кодекстің 101-1 жəне 102-1-баптарында аталған адамдардың кірісін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 89-1-тарауында» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 94-тарауында» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 256-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік кіріс органы төлеушіде əлеуметтік аударымдар бойынша, агентте міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек түзілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлеушіге немесе агентке республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі берешек сомасы туралы хабарлама жібереді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген кезде мемлекеттік кіріс органы:
банктік шоттар бойынша - əлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы шегінде;
касса бойынша - кейіннен əлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналарын, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлды төлеу есебіне аудару үшін қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу жəне тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операциялары бойынша оған хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң төлеушінің немесе агенттің шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.»;
23) 263-баптың 5-1-тармағы алып тасталсын.
6. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 24-баптың 1-тармағында:
7), 10), 11) жəне 12) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
«27) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы.»;
2) 25-баптың 1-тармағында:
2), 3) жəне 4) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы.»;
3) 26-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
4) 27-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
5) 30-баптың 1-тармағының 8) тармақшасында:
екінші жəне үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«су қорын басқару, қорғау жəне пайдалану саласындағы саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ету;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу жəне бағалау бойынша іс-шаралар өткізу;»;
мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші, абзацтармен толықтырылсын:
«жерасты суларын мониторингтеу, іздеу, қорғау жəне бағалау бойынша іс-шаралар өткізу;
су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, оның ішінде су беруге байланысты еместерін күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу, реконструкциялау, сондай-ақ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
мемлекетаралық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды жөндеуге үлестік қатысу;
табиғат қорғау мақсатындағы су жіберулерді жүзеге асыру;»;
6) 31-баптың 1-тармағында:
8) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
сегізінші абзац «жүйелерін,» деген сөзден кейін «су шаруашылығы құрылысжайлары мен» деген сөздермен толықтырылсын;