ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:
1) 187-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы мəліметтерді ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) -
лицензиядан айыра отырып, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - он жеті, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) мүдделі мемлекеттік органдарға жəне туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - отыз бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
2) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «187 (бірінші жəне төртінші бөліктерінде),» деген сөздер алып тасталсын.
2. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
1) 226-баптың 5-1-бөлігіндегі «28-1-баптарында» деген сөздер «27-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 228-бап алып тасталсын;
3) 30-тарау алып тасталсын;
4) 302-баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасы алып тасталсын;
5) 44-тарау алып тасталсын;
6) 465-баптың төртінші бөлігіндегі «жеке» деген сөз «кассациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 467-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «туралы істер;» деген сөздер «туралы істер жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктің 6) тармақшасы алып тасталсын.
3. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексіне:
1) 3-баптың үшінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараттарының жəне соттары кеңселерінің» деген сөздер «сот əкімшілігі саласындағы уəкілетті мемлекеттік орган мен оның облыстардағы, астанадағы жəне республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері аппараттарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының» деген сөздер «айқындалатын тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармағы 2) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
12) тармақша алып тасталсын:
16) тармақшадағы «, бейнежолданым» деген сөз алып тасталсын;
37) тармақшада:
«басқару органдарының,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғалардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жолданым дауды реттеудің сотқа дейінгі тəртібі сақталғаннан кейін берілуі мүмкін.»;
4) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Əкімшілік рəсімдер мен əкімшілік сот ісін жүргізудің ақылға қонымды мерзімі
1. Жекелеген процестік əрекеттерді жүргізуді қоса алғанда, əкімшілік сот ісін жүргізуде, сондай-ақ əкімшілік рəсімдерді жүргізу кезінде ақылға қонымды мерзім қолданылады.
2. Ақылға қонымды мерзімді айқындау кезінде əкімшілік істің құқықтық жəне нақты күрделілігі, əкімшілік іске қатысушылардың құқықтарды пайдалану жəне міндеттерді орындау дəрежесінен көрінетін мінез-құлқы, əкімшілік органның, лауазымды адамның, соттың əкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асыратын əрекеттерінің жеткіліктілігі мен тиімділігі сияқты мəн-жайлар ескеріледі.
3. Жолданымдарды, əкімшілік істердің жекелеген санаттарын қарау жəне шешу осы Кодексте белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
5) 20-баптың екінші бөлігінде:
«басқару органы,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғалар,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 22-баптың екінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «шағым жасау барысында» деген сөздер алып тасталсын;
7) 28-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақшадағы «, айғақтар беруге жəне» деген сөздер «беруге,» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «айғақтар,» деген сөз алып тасталсын;
8) 35-баптың бірінші бөлігіндегі «адам не саңыраумен, мылқаумен, керең-мылқаумен қарым-қатынас жасау техникасын еркін» деген сөздер «, оның ішінде ымдау тілін жəне (немесе) Брайль əліпбиін» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 62-баптың екінші бөлігіндегі «қабылданған кезден» деген сөздер «тіркелген күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 63-баптың екінші бөлігінің 5) тармақшасы «не электрондық цифрлық қолтаңбасы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 64-бапта:
екінші бөлікте:
«басқару органына,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы «жолданым» деген сөзден кейін «жұмыс күні аяқталғаннан кейін немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармағы 11) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
бесінші бөліктегі «немесе бейнежолданым» деген сөздер алып тасталсын;
жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Əкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтару себептерін көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде:
1) осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, əкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзім өткеннен кейін;
2) егер:
бұрын берілген жолданым сол бір əкімшілік органда қаралған не оны сол бір лауазымды адам қараған жағдайда, арыз иесі ол бойынша əкімшілік рəсім тоқтатылған, мəселенің мəні бойынша мазмұны бұрын қаралған жолданымға ұқсас жолданымды берсе, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады. Бұл ретте мұндай жолданым жаңа дəлелдерді немесе жаңадан ашылған мəн-жайларды қамтымайды;
жолданымда былапыт не балағат сөздер, оның ішінде əкімшілік органға, əкімшілік органның жұмыскерлеріне, лауазымды адамға қатысты болса, жолданым тіркелгеннен кейін қайтарады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1 жəне 7-2-бөліктермен толықтырылсын:
«7-1. Осы баптың жетінші бөлігінің күші ұжымдық жолданымдарға да қолданылады.
7-2. Осы баптың жетінші бөлігінің күші дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер туралы мəліметтер жолданымдарда қамтылған, мемлекеттік органдарға құзыреттеріне сəйкес дереу одан əрі жолдануға жататын жағдайларға қолданылмайды.»;
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді. Осы баптың жетінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жолданым қайта берілген жағдайда, оны қайтарғаннан кейін мұндай жолданым оған жауап берілмей, бұрын қаралған əкімшілік істің материалдарына қоса тігіледі.»;
12) 67-бап мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:
«11. Əкімшілік орган, лауазымды адам қабылданған шешім туралы əкімшілік рəсімге қатысушыны ол қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.»;
13) 69-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші абзацта:
«Мемлекеттiк» деген сөз «Жеке қабылдауларды, мемлекеттік» деген сөздермен ауыстырылып, «тəртібі» деген сөз алып тасталсын;
«мемлекет» деген сөз «мемлекеттік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац «жолданымдар» деген сөзден кейін «, «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес валюталық шарттарды есептік тіркеуді жүзеге асыру, шетелдік банктердегі шоттар жəне осындай шоттарды есептік тіркеу туралы хабардар ету мəселелері бойынша келіп түскен жолданымдар» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «Мемлекеттік органдардың» деген сөздер «Осы Кодекстің 87-бабының екінші бөлігінде көрсетілген субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 70-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «адам» деген сөзден кейін «осы Кодекстің 64-бабы жетінші бөлігі 1) тармақшасының негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 73-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацында:
1) тармақша «қатысушыны» деген сөзден кейін «осы баптың үшінші бөлігіне сəйкес өтінішхат бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «арқылы» деген сөзден кейін «жазбаша немесе ауызша нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
3) тармақшадағы «үш күндік мерзімнен аз уақыт» деген сөздер «бес жұмыс күнінен аз мерзім» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «берілмеген жағдайларға қолданылмайды.» деген сөздер «берілмеген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) əкімшілік рəсімге қатысушыға қатысты шығарылған, белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу талап етілетін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы немесе əкімшілік рəсімге қатысушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуына негіз болған заңды күшіне енген сот актісі болған;
9) əкімшілік орган, лауазымды адам жеке қабылдауға тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған;
10) əкімшілік рəсім осы Кодекстің 88-бабының бірінші бөлігі негізінде тоқтатылған жағдайларда қолданылмайды.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Əкімшілік рəсімге қатысушы əкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылық беруге немесе айтуға құқылы.
Тыңдауды ауызша нысанда өткізу үшін əкімшілік рəсімге қатысушы алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішхат мəлімдеуге құқылы.
Бұл ретте тыңдауды өткізудің нысаны, күні, уақыты мен орны туралы күні бұрын жəне тиісті түрде хабардар етілген əкімшілік рəсімге қатысушыдан жазбаша немесе ауызша қарсылықтардың болмауы қаралатын əкімшілік істің мəні бойынша шешім қабылдауға кедергі бола алмайды.
Əкімшілік рəсімге қатысушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда əкімшілік орган, лауазымды адам тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Жазбаша нысанда тыңдау кезінде хаттама жүргізілмейді.»;
3-тармағы 15) тармақшасының он жетінші жəне он сегізінші абзацтары ҚР Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Əкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді əкімшілік рəсімге қатысушыға, кейіннен одан осы алдын ала шешімге жазбаша (қағаз жəне (немесе) цифрлық) нысанда қарсылық ала отырып, жіберу жазбаша нысанда тыңдау деп танылады.»;
16) 74-бапта:
тақырыптағы, бірінші бөліктегі, екінші бөліктің бірінші абзацындағы жəне үшінші бөліктегі «Тыңдау», «тыңдау» деген сөздер тиісінше «Ауызша нысанда тыңдау», «ауызша нысанда тыңдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«Тыңдау» деген сөз «Ауызша нысанда тыңдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«хатшы» деген сөзден кейін «ауызша нысанда тыңдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «тыңдау» деген сөз «ауызша нысанда тыңдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «тыңдау» деген сөз «ауызша нысанда тыңдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Барлық ескерту əкімшілік іске қоса тігіледі.»;
17) 75-баптың бірінші бөлігіндегі «іс қаралғаннан кейін» деген сөздер «істі қарау барысында да, одан кейін де» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«76-бап. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімдері жəне оларды есептеу тəртібі
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімі жолданым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
2. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсім мерзімінің (күнмен не тəулікпен есептелетін) өтуі жолданым тіркелгеннен кейінгі не осы Кодекстің 65-бабында көзделген жағдайларда əрі қарай жолданған кезде ол уəкілетті əкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскеннен кейінгі келесі күні басталады.
3. Жолданым негізінде қозғалған əкімшілік рəсімнің мерзімі əкімшілік орган басшысының, оның орынбасарының немесе аппараты басшысының уəжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ əкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттігіне орай мұндай шешім қабылданған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, əкімшілік рəсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
4. Шешім қабылдауға уəкілеттік берілген адам əкімшілік рəсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес тəртіптік жəне өзге де жауаптылықта болады.
5. Егер əкімшілік рəсім мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе, келесі жұмыс күні мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.»;
19) 80-бапта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасы «немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасы «ұқсас əкімшілік актілерді» деген сөздерден кейін «(бұл ретте ұқсас əкімшілік актілердің біріншісі негізделген болуға тиіс)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Əкімшілік актіде немесе оған қосымшада қарау үшін шағым берілуі мүмкін жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес шағымдарды қарауға уəкілеттік берілген өзге де əкімшілік орган, лауазымды адам, осындай шағымды беруге болатын мерзім жəне осы актіге шағым жасау тəртібі міндетті түрде көрсетіледі.
Жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес шағымдарды қарауға уəкілеттік берілген өзге де əкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда əкімшілік актіде немесе оған қосымшада осы актіге сотқа дау айту тəртібі мен мерзімі көрсетіледі.»;
20) 84-бапта:
екінші бөліктегі «күші жойылуы мүмкін» деген сөздер «күшін оны қабылдаған əкімшілік орган, лауазымды адам немесе жоғары тұрған əкімшілік орган, лауазымды адам не сот жоя алады» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші бөліктегі «Заңсыз» деген сөз «Осы баптың алтыншы бөлігінің 1) жəне 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«9. Əкімшілік рəсімге қатысушы осы Кодекстің 66-бабында көзделген тəртіппен заңсыз қолайлы əкімшілік актінің күшін жою туралы хабардар етіледі.»;
21) 86-баптың бірінші бөлігіндегі «барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар» деген сөздер «əкімшілік органдар, лауазымды адамдар, жеке жəне заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 87-бапта:
екінші бөлікте:
«басқару органы,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлға,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«басқару органына,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік заңды тұлғаға,» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекет» деген сөз «жарғылық капиталына мемлекет» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 88-бапта:
бірінші бөлік 3) тармақшасындағы «баяндалмаса, оңайлатылған əкімшілік рəсім тоқтатылуға жатады.» деген сөздер «баяндалмаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) арыз иесінен хабарды, ұсынысты, үн қосуды немесе сұрау салуды кері қайтарып алу қабылданса, оңайлатылған əкімшілік рəсім тоқтатылуға тиіс.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген мəн-жай болған кезде оңайлатылған əкімшілік рəсімді тоқтату туралы шешімді субъектінің өзге уəкілетті тұлғасы қабылдай алады.»;
24) 89-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Хабарды, ұсынысты, үн қосуды, сұрау салуды қарайтын субъектілер жəне лауазымды адамдар арыз иесіне əкімшілік істі қараудың нəтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабар береді. Бұл ретте, егер ұсыныста осы Кодекстің 90-2-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мəселелер қозғалса, мұндай ұсынысты қарайтын субъект оған жауап бермей назарға алуы мүмкін. Бұл ретте арыз иесі бұл туралы хабардар етілуге тиіс.»;
25) 90-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«90-бап. Жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органды қоспағанда, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары жəне олардың орынбасарлары жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғалардың өкілдерін осы органның, лауазымды адамның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.
2. Жеке қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органдардың қызметкерлері жолданымның мəнін нақтылау үшін осы Кодексте белгіленген тəртіппен қосымша ақпарат сұратуға құқылы.
Бұл ретте осы əкімшілік əрекет жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізуді жоққа шығармайды.
3. Жеке тұлғаларды жəне заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тиісті мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сəйкес айына бір реттен сиретпей, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
4. Егер жолданымды лауазымды адам қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады жəне онымен жазбаша жолданым ретінде жұмыс жүргізіледі.»;
26) 91-бапта:
үшінші бөлік мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы бөліктің екінші абзацының күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 жəне 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың төртінші бөлігінің ережелері мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылады.
4-2. Мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымын қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда арыз иесі мұндай бас тартуға осы бапта, Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы. Бұл ретте осы норма Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты берілген шағымға қолданылмайды.»;
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы бөліктің күші мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның басқа мемлекеттік органның, мемлекеттік заңды тұлғаның шешіміне жасаған шағымына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе. Осы Кодекстің 3-бөлімінің 13, 14, 15-тарауларының мақсаттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы əкімшілік актісіне, əкімшілік əрекетіне (əрекетсіздігіне) əкімшілік (сотқа дейінгі) тəртіппен шағым жасалуы мүмкін əкімшілік органға теңестіріледі.»;
27) 92-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Егер əкімшілік актіде немесе оған қосымшада əкімшілік актіге шағым жасаудың осы Кодекстің 80-бабының бесінші бөлігінде көрсетілген ықтимал құқықтық тəсілдері көзделмесе, мұндай əкімшілік актіге шағымды əкімшілік рəсімге қатысушыға əкімшілік актінің қабылданғаны туралы белгілі болған күннен бастап алты айдан кешіктірмей беруге болады.»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «бірінші бөлігінде» деген сөздер «бірінші жəне 1-1-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 93-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша:
«жеке сəйкестендіру нөмірі» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«бизнес-сəйкестендіру нөмірі» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «дау айтылатын» деген сөздер «шағым жасалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 95-баптың бірінші бөлігі 4) тармақшасындағы «болса, шағымды қараусыз қалдырады.» деген сөздер «болса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) шағым жасалатын əкімшілік актіге, шағым жасалатын əкімшілік əрекетке (əрекетсіздікке) соттың қарауында жатқан əкімшілік талап қою берілгені анықталса, шағымды қараусыз қалдырады.»;
30) 96-бапта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағым беру мыналарды:»;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«2. Қолданылатын жағдайларда əкімшілік актіде осы баптың бірінші бөлігінің 1) жəне 3) тармақшаларында көзделген ерекшеліктерге нұсқаулар, шағым беру актінің қолданылуын тоқтата тұрмайтынын куəландыратын оларды қолдану негіздемелері қамтылуға тиіс.»;
31) 98-баптың үшінші бөлігіндегі «дау айтылатын» деген сөздер «шағым жасалатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«99-бап. Шағымды қарау мерзімі
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шағымды қарау мерзімі шағым тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, шағымды қарау мерзімін ұзартуға жол берілмейді.»;
33) 101-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы:
«жеке сəйкестендіру нөмірі» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
«бизнес-сəйкестендіру нөмірі» деген сөздерден кейін «(ол болған кезде)» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 107-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы «екінші жəне үшінші бөліктеріндегі» деген сөздерден кейін «жəне 25-тарауындағы» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөліктегі «жатпайтын» деген сөз «жататын» деген сөзбен ауыстырылсын;
35) 113-баптың төртінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «жəне адамның» деген сөздер «жəне жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 116-баптың екінші бөлігіндегі «жəне олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген əкімшілік актіні қабылдау мақсаттарына сəйкестігін (мөлшерлестігін)» деген сөздер «, əкімшілік актінің немесе əрекеттің (əрекетсіздіктің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарға мөлшерлестігі мен сəйкестігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 118-баптың үшінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «заңдарына» деген сөз «заңнамасына» деген сөзбен ауыстырылсын;
38) 119-баптың екінші бөлігіндегі «кез келген» деген сөздер алып тасталсын;
39) 124-баптың екінші жəне үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот осы Кодекстің 123-бабының 3) тармақшасында көзделген процестік мəжбүрлеу шарасын қолдану туралы ұйғарым шығарады.
Ақшалай өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарымға ол табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жекеше шағым беруге жол беріледі.
Осы ұйғарымға шағым жасалуы процестік мəжбүрлеу шараларының орындалуын жекеше шағым мəні бойынша қаралғанға дейін тоқтата тұрады.
3. Таңдап алынған процестік мəжбүрлеу шарасы нəтижелер бермеген жағдайда процестік мəжбүрлеудің өзге шарасын қолдануға жол беріледі немесе олар қайталап қолданылуы мүмкін.
Ақшалай өндіріп алу түріндегі процестік мəжбүрлеу шарасы осы Кодекстің 127-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген ерекшеліктермен қолданылады.»;