25-бап. Тауарлық газды есепке алу
1. Тауарлық газдың көлемі есепке алынбайынша, оны тасымалдауға, сақтауға және өткізуге жол берілмейді.
2. Магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалданатын тауарлық газ көлемін есепке алуды газ тасымалдау ұйымы газ өлшеу станцияларында тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған тауарлық газды есепке алу аспаптары бойынша деректерді ұдайы растай отырып, газды есепке алу аспаптары арқылы жүргізеді. Газ тасымалдау ұйымдары тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректердің ұлттық операторға берілуін қамтамасыз етеді.
3. Газ тарату жүйелері арқылы тасымалданатын тауарлық газдың көлемін есепке алуды газ тарату ұйымдары есепке алу аспаптары бойынша жүргізеді. Газ тарату ұйымдары өткізілетін тауарлық газдың көлемін есепке алу жөніндегі деректердің ұлттық операторға берілуін қамтамасыз етеді.
4. Өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемін есепке алу:
1) тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша;
2) есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлеріне сәйкес келмейтін жағдайда газ тұтыну жабдығының қуаты бойынша жүргізіледі.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар, электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар пайдаланатын тауарлық газдың көлемін есепке алу тауарлық газды қабылдау (беру) пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары бойынша жүргізіледі.
5. Тұрмыстық тұтынушылар пайдаланатын тауарлық газ көлемін есепке алу:
1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;
2) көп пәтерлі үйлердегі ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
3) жеке тұрғын үйлердегі реттегіш немесе газ реттейтін пункттердің шкафтарында орнатылған ұжымдық есепке алу аспаптары бойынша;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жеке немесе ұжымдық есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмейтiн жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тауарлық газды есепке алу аспаптары техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
6-тарау. СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫН ЖӘНЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ТАБИҒИ ГАЗДЫ ТАСУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
26-бап. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу
1. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасының заңнамасында қауіпті жүктерді тасуға қойылатын талаптарға сәйкес арнайы жабдықталған және тасуға рұқсат етілген көлікпен тасуға рұқсат етіледі.
26-баптың 2-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2. Сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өз бетінше не сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаларды тарта отырып тасуды:
1) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының және (немесе) сұйытылған табиғи газдың меншік иелері;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасуды жүзеге асыруға ниет білдірген оның иелері;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.
26-баптың 3-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды тасу жөніндегі қызметтер көрсететін тұлғалар мұндай қызметтерді осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға ғана көрсетуге құқылы.
4. Сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасуға байланысты құжаттар қауіпті жүктерді тасу үшін көліктің әрбір түріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
5. Сұйытылған мұнай газын немесе сұйытылған табиғи газды сақтау және теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су көлігімен тасу құралдарының конструкциясы мен пайдалану шарттары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27-бап. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу
1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) заңды негіздерде сатып алынған сұйытылған мұнай газы топтық резервуарлық қондырғылардың, газ толтыру пункттерінің және (немесе) автогаз құю станцияларының иелеріне өткізілген жағдайда – газ толтыру станцияларының иелері;
5) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізілген жағдайда - өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан тікелей сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына тек қана:
1) сұйытылған мұнай газын өндірушілер;
2) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері;
3) өнім беру жоспарынан тыс заңды негіздерде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан сатып алынған сұйытылған мұнай газының меншік иелері ие болады.
Өзге тұлғалар сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
4. 2021 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
5. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды
27-1-бап. Өнім беру жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын өткізу
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган тоқсан сайын өнім беру жоспарын қалыптастырады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өнім беру жоспары жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға жіберетін жиынтық өтінімдер негізінде қалыптастырылады.
3-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс беру бөлігіндегі жиынтық өтінім жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде, осы баптың 11-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
4-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тармақтың қолданысы 2022 ж. 1 қаңтар - 2024 ж. 31 желтоқсан аралығында 34-баптың 5-тармағына сәйкес тоқтатылды
4. Сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы беру бөлігіндегі жиынтық өтінім сұйытылған мұнай газы сауда-саттығына қатысушылардың жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органына жіберілетін өтінімдері негізінде қалыптастырылады.
5-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2020.30.12. № 393-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5-тармақтың қолданысы 2022 ж. 1 қаңтар - 2024 ж. 31 желтоқсан аралығында 34-баптың 5-тармағына сәйкес тоқтатылды
5. Тауар биржалары арқылы беру үшін мәлімделген сұйытылған мұнай газы үлесінің жиынтық өтінімде белгіленуге тиіс мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік қырық күннен кешіктірілмейтін мерзімде монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.
6. Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияларды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті жергілікті атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құрады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұйғаруы бойынша комиссиялар құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін.
7. Жиынтық өтінім Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес дайындалады және оны сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органы бекітеді.
8. Өнім беру жоспары уәкілетті орган осындай органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері арасынан құратын өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде қалыптастырылады.
Уәкілетті органның ұйғаруы бойынша комиссия құрамына басқа адамдар да кіруі мүмкін.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімі жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде шығарылады.
Сұйытылған мұнай газын өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингінің деректері негізінде комиссия жиынтық өтінімді өзгерту туралы уәжді шешім қабылдауға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде бұл жөнінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органын хабардар етуге құқылы.
Бұл жағдайда жиынтық өтінімді сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі тиісті комиссия күнтізбелік бес күн ішінде түзетеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы уәкілетті органға жібереді.
Егер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы түзетілген жиынтық өтінімді осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімде уәкілетті органға жібермесе, онда өнім беру жоспарын қалыптастыру жөніндегі комиссияның шешімімен осындай жиынтық өтінімде көрсетілген барлық алушылар үшін сұйытылған мұнай газын беру көлемдерін пропорционалды түрде өзгерту жүргізіледі.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті орган өнім беру жоспарын өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, оның меншік иелеріне жоспарланып отырған тоқсанның алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-тармақ 2022 ж. 1 қаңтар - 2024 ж. 31 желтоқсан аралығында 34-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылады
11. Мыналар:
1) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері кейіннен топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) газ толтыру пункттерінің иелері кейіннен тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері берген бірегей кодтары бар тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізуге жататын көлемде, өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
12. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Сұйытылған мұнай газын одан әрі өткізу мақсаттары үшін өнім беру жоспары шеңберінде оны сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған сұйытылған мұнай газын осы Заңның талаптарына сәйкес тек қана Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге міндетті.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері өнім беру жоспарын орындауға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шикі газды қайта өңдеу жөніндегі инвестициялық келісімшартта көрсетілген жобаның өзін-өзі ақтауы кезеңі ішінде аталған инвестициялық жобаны іске асыру кезінде газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелеріне қолданылмайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу
1. Мыналар сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырады:
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;
2) сұйытылған мұнай газын тұрмыстық баллондарда тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру пункттерінің иелері;
3) топтық резервуарлық қондырғылар арқылы тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізген жағдайда, топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
4) автомобиль көлігі құралдарына сұйытылған мұнай газын құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, автогаз құю станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газы өнеркәсіптік тұтынушыларға бөлшек саудада өткізілген жағдайда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газының меншік иелері.
2. Топтық резервуарлық қондырғылардың иелері олардың сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
3. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесіне қосуды, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйесінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ қосудың технологиялық сызбасын өзгертуді топтық резервуарлық қондырғылардың иелері осы тұлғалар есебінен жүзеге асырады.
4. Сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы бөлшек саудада өткізу тұтынушы мен топтық резервуарлық қондырғылардың иесі арасындағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу шарты негізінде жүзеге асырылады.
5. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге міндетті газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.
Бұл ретте тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құюға газ толтыру пункттерінде жол беріледі.
6. Газ толтыру пункттерінің иелері:
1) тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
2) толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан зерттеп-қарауға;
3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелері беретін бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар белгісімен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруді жүзеге асыруға;
4) тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
5) газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
7. Мыналарға:
1) қабаты екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға;
2) нақ сол бір газ толтыру станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына;
3) сұйытылған мұнай газын өткізуге арналған газ толтыру пункттері мен автогаз құю станцияларын екі және одан да көп жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бір мезгілде пайдалануына тыйым салынады.
8. Сұйытылған мұнай газын тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне беруге арналған үй ішіндегі газ жабдығын пайдаланатын топтық резервуарлық қондырғылардың иелері оның сақталуын және жарамды техникалық жай-күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі тұрғынжай ішіндегі газ жабдығына қолданылмайды.
29-бап. Сұйытылған мұнай газын есепке алу
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Автогаз құю станцияларындағы, газ толтыру станцияларындағы, газ толтыру пункттеріндегі және топтық резервуарлық қондырғылардағы сұйылтылған мұнай газын есепке алу уәкілетті орган бекітетін тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тұтынушыларға өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алу осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, есепке алу аспаптары бойынша жүзеге асырылады.
3. Тұрмыстық тұтынушыларға топтық резервуарлық қондырғылар арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газын есепке алу:
1) жеке есепке алу аспаптары бойынша;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке есепке алу аспаптары болмаған, олар жарамсыз не газ жабдығының параметрлерiне сәйкес келмеген жағдайда - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекiтетiн тұтыну нормалары бойынша көлемдiк әдiспен жүргiзiледi.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газына қолданылмайды.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары мыналарды:
1) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелеріне қойылатын талаптар және олардың осындай талаптарға сәйкестігін растау тәртібін;
2) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейді деп танудың негіздері мен тәртібін;
3) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерін уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен үйлестіру тәртібін;
4) тұрмыстық баллондарға қойылатын талаптарды және оларды сәйкестендіру тәртібін;
5) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондар есепке алынатын шарттарды;
6) тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алу тәртібін белгілейді.
7-тарау. ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
30-бап. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
1. Газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
3. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері өзінің құрамында, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы жұмыс режиміндегі авариялық-диспетчерлік қызмет ұстауға міндетті.