2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары және топтық резервуарлық қондырғылардың иелері шарт негізінде авариялық жағдайларды жою үшін өзге де ұйымдардың авариялық-диспетчерлік қызметін тартуға құқылы.
7. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері болып табылады. Энергиямен жабдықтау ұйымдарына газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдаланатын ұйымдармен келіспей, газбен жабдықтау жүйелері объектілерінде энергия тұтынудың белгіленген лимиттерін шектеу жөніндегі режимдік іс-шараларды жүргізуге тыйым салынады.
8. Бірыңғай техникалық дәлізді екі және одан да көп ұйымдардың пайдалануына тыйым салынады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау
Газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
32-бап. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймағы
1. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болғызбау, сондай-ақ газбен жабдықтау жүйелері объектілерін қауіпсіз пайдалану үшін жағдай жасау мақсатында оларға іргелес жатқан аумақтарда күзет аймақтары белгіленеді. Бірыңғай техникалық дәліз үшін бір күзет аймағы белгіленеді.
2. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарының шекаралары техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес белгіленеді.
3. Газбен жабдықтау жүйелері объектісінің күзет аймағында газбен жабдықтау жүйелерінің объектісін пайдаланатын ұйым беретін жазбаша рұқсатсыз құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзуге, алаңдарды, автомобиль көлiгi тұрақтарын жайластыруға, базарларды орналастыруға, материалдарды қоймаға жинауға, қоршаулар мен дуалдар соғуға, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастауға және төгуге тыйым салынады.
4. Газбен жабдықтау жүйелері объектісін пайдаланатын ұйымның жазбаша рұқсатынсыз шаруашылық қызметті жүргізетін тұлғалар күзет аймағындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
33-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
34-бап. Өтпелі ережелер
1. Осы Заң осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қолданысқа енгізілгенінен кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бір жылдан асатын мерзімге жасалған шикі, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату, сондай-ақ коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсету шарттары бойынша сатушы немесе орындаушы осы Заңның ережелерін ескере отырып, 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде оларды қайта жасасуды жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың ережесі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау шеңберінде жасалған шикі, тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату шарттарына қолданылмайды.
3. Газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар аталған қызметті газ желісі ұйымдары ретінде жүзеге асыруды жалғастыру үшін өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге және 2012 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде аккредиттеу рәсімінен өтуге міндетті.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мыналар:
1) осы Заңның 20-бабының 5-тармағы 2022 жылғы 2 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.»;
2) осы Заңның 27-1-бабының 11-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:
1) газ толтыру станцияларының иелері;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
3) газ толтыру пункттерінің иелері;
4) автогаз құю станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес бекітеді.».
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы Заңның 27-1-бабы 4 және 5-тармақтарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында тоқтатыла тұрсын.
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң:
1) 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 9-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 14, 15-баптарды, 22-баптың 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын, 26-баптың 2 және 3-тармақтарын;
2) 2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 5-баптың 6) тармақшасын, 20-баптың 4 және 7-тармақтарын;
3) 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 6-баптың 18) тармақшасын, 17-баптың 2 және 4-тармақтарын, 23-баптың 1-тармағын, 24-баптың 1-тармағын, 27-баптың 1 - 3, 5 - 7-тармақтарын, 28-баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;
4) 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 28-баптың 7-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2012 жылғы қаңтардың 9-ы.
№ 532-ІV