2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын газ толтыру пунктінің иесімен өздеріне тиесілі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
5. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
6. Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары (бұдан әрі – өнім беру жоспары) шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының бағаларын мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып, жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары олар пайдалануға енгізілген күннен бастап жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станцияларының тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары осы баптың 3-3-тармағына сәйкес жыл сайын 1 шілдеде әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 2-4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-4. Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін белгіленетін шекті бағалар:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, халық және заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда; 2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Уәкiлеттi орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша 15 мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағасының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушы үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын жаңа электр қуаттары пайдалануға берілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-3. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде:
ірі коммерциялық тұтынушыларға;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды алдағы жылы ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.
4. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5-тармақ 2022 ж. 2 наурыздан бастап 2022 ж. 1 шілдеге дейін 34-баптың 4-тармағының редакциясында қолданылды
5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы жыл сайын 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
6. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Тауарлық газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығында көтерме саудада өткізуді немесе сұйытылған мұнай газын өнім беру жоспары шеңберінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында тауар биржаларынан тыс өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырып жібермеуге міндетті.
9. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің осы бапта белгіленген шекті бағалары:
1) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық операторға;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің ұлттық операторға;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған;
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ережелері иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығын көздейтін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие болатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) тауарлық газды өткiзу жөнiндегi қатынастарға қолданылмайды.
10. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 21-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
21-бап. Тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингі
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган:
1) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру көлемдерінің мониторингін;
2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды тасымалдау (тасу) және сақтау көлемдерінің мониторингін;
3) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өткізу, оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу көлемдерінің мониторингін;
4) Қазақстан Республикасында өткізілетін тауарлық, сұйытылған мұнай газының және сұйытылған табиғи газдың көтерме және бөлшек сауда бағаларының мониторингін;
5) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды Қазақстан Республикасының өңірлеріне және межелі елдер бойынша Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге тиеп-жөнелту көлемдерінің мониторингін;
6) Қазақстан Республикасының тауарлық газға және сұйытылған мұнай газына деген ішкі қажеттіліктерінің мониторингін қамтитын тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау, тиеп-жөнелту және өткізу мониторингін жүзеге асырады.
2. Тауарлық газды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға тауарлық, оның ішінде тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей ұсынады.
3. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары ұлттық операторға тауарлық газды тасымалдау және сақтау көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
4. Ұлттық оператор уәкілетті органға:
1) тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және оны тауарлық газ қоймаларында сақтау көлемдері туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей;
2019.30.12. № 297-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сатып алынған шикі және тауарлық газдың көлемдері туралы мәліметтерді жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей;
3) Қазақстан Республикасының тауарлық газға деген ішкі қажеттіліктерінің алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын ұсынады.
5. Өндірушілер уәкілетті органға:
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарлық және сұйытылған табиғи газды өндіру жөніндегі мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей;
2) тауарлық, сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды өндірудің алдағы бес жылға арналған болжамды көлемін жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын ұсынады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушілер уәкілетті органға:
1) меншікті сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді;
2) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде басқа тұлғаларға тиесілі көмірсутек шикізатынан сұйытылған мұнай газын өндіру көлемдері туралы мәліметтерді;
3) өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді;
4) өнім беру жоспарынан тыс сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақпен толықтырылды
5-2. Өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иелері уәкілетті органға өнім беру жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын тиеп-жөнелту және (немесе) өткізу жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.
6. Сұйытылған мұнай газын көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар аумақтарында осындай өткізу жүзеге асырылатын облыстардың, республикалық маңызды қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына сұйытылған мұнай газын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген сұйытылған мұнай газын өткізу туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
7. Облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкілетті органға:
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мыналарды:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газының көтерме және бөлшек сауда бағалары жөніндегі мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын;
2) облыстың, республикалық маңызды қаланың, астананың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамын жыл сайын, жоспарланған кезең басталғанға дейін кемінде үш ай бұрын ұсынады.
8. Сұйытылған табиғи газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға сұйытылған табиғи, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген газды өткізу туралы мәліметтерді ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінен кешіктірмей ұсынады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың 2 - 5, 5-1, 5-2 және 6 - 8-тармақтарында көзделген мәліметтер уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
2018.04.07. № 173-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органға:
1) тауарлық газды құбыржол көлігімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге және Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдау туралы;
2) сұйытылған мұнай газын және сұйытылған табиғи газды теміржол, автомобиль, құбыржол, теңіз және ішкі су көлігімен Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге әкету және Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.
11. Уәкілетті орган мониторинг деректері негізінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды балансын жасайды.
5-тарау. ТАУАРЛЫҚ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУДЫ, САҚТАУДЫ, ӨТКІЗУДІ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
22-бап. Тауарлық газды тасымалдау және сақтау
1. Тауарлық газды жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі, сондай-ақ тауарлық газды тауарлық газ қоймаларында сақтау жөніндегі қызметтерді газ тасымалдау ұйымдары көрсетеді.
2. Бір ғана жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары мен тауарлық газ қоймаларын екі және одан көп газ тасымалдау ұйымының пайдалануына тыйым салынады.
22-баптың 3-тармағы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
3. Газ тасымалдау ұйымдары тек қана:
1) ұлттық операторға;
2) тауарлық газды өндірушілерге;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушыларға;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға ниет білдірген оның иелеріне тауарлық газды магистральдық газ құбырлары арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге құқылы.».
4. Газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары:
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы баптың 3-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып, тауарлық газ иелеріне Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес магистральдық газ құбырының, тауарлық газ қоймасының немесе газ тарату жүйесінің қуаттарына тең жағдайларда қол жеткізуді ұсынуға;
2) уәкілетті органның сұрауы бойынша магистральдық газ құбырында, тауарлық газ қоймасында, газ тарату жүйесінде бос тұрған қуаттардың бар екені туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды пайдалану бағдарламасын ұсынуға;
3) тауарлық газ иелерін және (немесе) тұтынушыларды тауарлық газды тасымалдау, сақтау және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға әсер ететін жоспарланған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы хабардар етуге міндетті.
5. Газ тасымалдау ұйымы:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарлық газ техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келмеген;
5-тармағының 2) тармақшасы 2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
2) жер қойнауын пайдаланушы тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығынан ұлттық оператордың жазбаша бас тартуын не жер қойнауын пайдаланушы газ тасымалдау ұйымына жүгінгенге дейін бір ай бұрын ұлттық оператордың тасымалдануы жоспарланған тауарлық газ көлемдерін иеліктен шығару туралы коммерциялық ұсынысты алғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда, тауарлық газ иесінің тауарлық газын тасымалдаудан және (немесе) сақтаудан бас тартуға міндетті.
6. Газ тасымалдау ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында және тауарлық газды тасымалдау және сақтау жөніндегі қызметтерді ұсыну шартында көзделген тәртіппен тауарлық газды тасымалдаудан және сақтаудан негізсіз бас тартқаны үшін жауапты болады.
23-бап. Тауарлық газды көтерме саудада өткізу
23-баптың 1-тармағы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1. Тауарлық газды көтерме саудада өткізуді:
1) ұлттық оператор;
2) тауарлық газды өндірушілер;
3) өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері;
5) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге өткізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері;
6) тауарлық газ ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне өткізілген жағдайларда, газ тарату ұйымдары жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар тауарлық газды көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Газ тарату ұйымдарының ұлттық операторға және (немесе) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелеріне көтерме саудада өткізу жағдайларын қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалардан тауарлық газды сатып алған тұлғаға оны көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруына тыйым салынады.
Осы тармақтың ережелері ұлттық операторға қолданылмайды.
24-бап. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу
1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді:
1) газ тарату ұйымдары;
2) автогаз толтыру компрессорлық станцияларының иелері;
3) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) газ тұтыну жүйелері магистральдық немесе жалғастырушы газ құбырына тікелей қосылған өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газ бөлшек саудада өткізілген жағдайда, тауарлық газды өндірушілер, өздері өндірген шикі газды өңдеу процесінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелері жүзеге асырады.
Өзге тұлғалар тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
2. Жеке және заңды тұлғалардың газ жабдығын газ тарату жүйесіне қосуды, бос тұрған қуаттар болмаған жағдайда, қосылатын тұтынушылардың қосымша жүктемелерін жабуға қажетті газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды, сондай-ақ мұндай қосудың технологиялық схемасын өзгертуді газ тарату ұйымы осындай тұтынушылардың есебінен жүзеге асырады.
3. Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне тауарлық газды беруді газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы жүзеге асырады.