7-тармақ алып тасталсын;
6) 12-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:
1) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;
2) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру кезінде акционерлік инвестициялық қордың акцияларына ақы төлеу;
3) акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертацияланатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды акционерлік инвестициялық қордың акцияларына конвертациялау;
4) акционерлік инвестициялық қордың жарғысы және акционерлік инвестициялық қор акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде акционерлік инвестициялық қордың орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік инвестициялық қор акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақта көзделген жағдайларда акционерлік инвестициялық қордың акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.»;
3-тармақтағы «сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйесіне» деген сөздер «қор биржасының сауда жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 13-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «тіркеушісіне» деген сөз «орталық депозитарийіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестициялық пай қоры активтерінің ең төмен мөлшері инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады.»;
23-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 17-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «тіркеуші,» деген сөз алып тасталсын;
23-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 20-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «күнтізбелік отыз күн» деген сөздер «он бес жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 21-бапта:
23-тармақтың 11) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелеріне» деген сөздер «қор биржасының сауда жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 23-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру аяқталған күні пайларды ұстаушылардың саны бестен кем болмайтын жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;
23-тармақтың 13) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
13) 27-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 28-баптың 7-тармағында:
бірінші бөлікте:
«Инвестициялық» деген сөз «Ашық немесе аралық инвестициялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«баспасөз басылымында» деген сөздер «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жабық инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жабық инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген тәртіппен күшіне енеді.»;
23-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 29-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 30-баптың 7-тармағындағы «тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 31-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «тіркеушісіне» деген сөз «орталық депозитарийіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «тіркеушіге» деген сөз «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 36-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасында:
«тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«инвестициялық пай қоры тіркеушісінің» деген сөздер «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасындағы «тіркеушінің» деген сөз «орталық депозитарийдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 37-бапта:
9-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшадағы «он бес» деген сөздер «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік «бағалы қағаздарына» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы баптың 9-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шығарған (берген) қаржы құралдарына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың талаптары тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялау қорларына және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Инвестициялық қордың активтері есебінен дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшері:
1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының отыз пайызынан;
2) акционерлік инвестициялық қор мен жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының елу пайызынан аспауға тиіс.
Осы тармақтың талаптары тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялау қорларына және жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды.»;
21) 39-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «дивидендтік саясат» деген сөздердің алдынан «таза кірісті бөлу тәртібін және дивидендтер төлеуге жіберілетін ақшаның ең төмен мөлшерін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 40-бапта:
2-тармақтағы «акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қордың пай ұстаушыларының өкілі болып табылады, оның дауыс беретін акциялары осы қордың активтерінің құрамына кіреді» деген сөздер «осы қор активтерінің құрамына кіретін эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың жалпы жиналыстарында қордың пайларын ұстаушылардың өкілі болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақтың 22) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алады.»;
23) 41-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) инвестициялық қор активтерінің есебінен қайтарылуға жататын ақшаны немесе өзге де мүлікті қарыз шарттарының талаптарымен алуға;»;
19-тармақтың 23) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) тармақшадағы «сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда-саттық жүйесінде ашық сауда-саттық әдістерімен» деген сөздер «қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) және 12) тармақшалар алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
19-тармақтың 23) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөліктегі «сауда-саттықты ұйымдастырушының» деген сөздер «қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағы 6) тармақшасының талабы:
1) осы баптың 2-тармағының төртінші бөлігінде көзделген шарттар сақталған кезде жылжымайтын мүлік қорларына;
19-тармақтың 23) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеге дейін қолданылды
2) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың қағидаларына сәйкес сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларына;
19-тармақтың 23) тармақшасының он төртінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) инвестициялық декларацияға немесе инвестициялық қордың қағидаларына сәйкес қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен мәмілелер жасау жағдайларына;
4) осы баптың 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, қордың ақша нысанындағы активтері осы үшін жеткіліксіз болған кезде қарыз ақшаны инвестициялық қордың акцияларын немесе пайларын сатып алу үшін пайдалану жағдайларына;
5) акционерлік инвестициялық қордың борыштық бағалы қағаздарды шығаруына және орналастыруына қолданылмайды.
1-2. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін басқарушы компания Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.».
24. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Авариялар, оқыс оқиғалар мен қауіпті өндірістік факторлар және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның бөлімшелері, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
24-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 8-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушының өтініші объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
24-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:
1) сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;
4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.
5. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасауға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
5) 12-баптың 1-тармағында:
24-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
6) 13-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен және 5) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;»;
«6) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
7) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті»;
7) 14-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
24-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 17-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.»;
9) 19-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
24-тармақтың 9) тармақшасының төртінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының тұрған жері бойынша ұсынудан босатпайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.»;
10) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:
«21-1-бап. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (үшінші тұлға, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
25. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;»;
2) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшеліктері
Бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бір сақтандырушылардың басқаларының алдында негізсіз артықшылықтар беруіне немесе алуына, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге бағытталған қызметке жол берілмейді.»;
3) мынадай мазмұндағы 6-2-баппен толықтырылсын:
«6-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және қызметкердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
4) 8-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқығы бар.»;
5) 9-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
5-2) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге;»;