54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын.
31. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 28-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржы саласында және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктер шегінде:
кредиттік серіктестіктер;
орталық депозитарий;
31-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
тіркеуші;
мемлекетке тиесілі немесе оларға қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор;
мемлекет қатысатын кредиттік бюро;
өзара сақтандыру қоғамдары;
«электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторы;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын қызметте;»;
31-тармақтың 2) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-қосымшада:
56-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
56. | Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия | 1. Сақтандыру шарттарын жасасу бойынша 2. Қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
58-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
58. | «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия | 1. Жазатайым оқиғалардан сақтандыру. 2. Ауру жағдайына арналған сақтандыру. 3. Автомобиль көлігін сақтандыру. 4. Теміржол көлігін сақтандыру. 5. Әуе көлігін сақтандыру. 6. Су көлігін сақтандыру. 7. Жүктерді сақтандыру. 8. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 6), 6-1) және 7) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті нұқсаннан сақтандыру. 9. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 10. Әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 11. Су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 12. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. 13. Қарыздарды сақтандыру. 14. Ипотекалық сақтандыру. 15. Кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру. 16. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының залалдарын сақтандыру. 17. Өзге де қаржылық залалдардан сақтандыру. 18. Титулдық сақтандыру. 19. Сот шығыстарын сақтандыру. 20. Ғарыш объектілерін сақтандыру. 21. Ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. 22. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру. | Иеліктен шығарылмайтын; конкурс рәсімі қолданылмайды; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып |
»;
63 және 63-1-жолдардың 3-графасындағы «5. Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру» деген сөздер «5. Туристі міндетті сақтандыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-қосымшадағы 366-жол алып тасталсын.
32. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат):
1) 10-тармақта:
10) тармақшаның жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай қаржы ұйымдарының, олардың филиалдары мен үлестес тұлғаларының, Қазақстанның Даму Банкінің, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерінің, бағалы қағаздар эмитенттерінің, кредиттік бюролардың, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, банкке ірі қатысушылардың, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға ірі қатысушылардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийлердің, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, инвестициялық қорлардың, инвестициялық портфельді басқарушыға ірі қатысушылардың, банкке ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы, банк холдингі, сақтандыру холдингі белгілері бар тұлғалардың, кәсіби ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің, төлем жүйесіне қатысушылардың, төлем жүйелерінің операторлары мен операциялық орталықтарының, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем жүйесінің жұмыс істеуі үшін қызметтер көрсетуге уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, оның ішінде олармен жасалған шарт бойынша төлем қызметтерін көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген кез келген өзге де тұлғаның, сондай-ақ валюталық операцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың, банктердің уақытша әкімшіліктерінің (уақытша әкімшілерінің), тарату комиссияларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-банктер филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері- сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі - тексерілетін субъект) қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде:»;
32) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 18-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «46-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
16) тармақшаның алтыншы және жетінші абзацтарындағы «11» деген цифрлар «13» деген цифрлармен ауыстырылсын;
3) 26-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.
33. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Сақтандыру агенттері мен сақтандыру брокерлері сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.».
34. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
26-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Орталық депозитарийдің функцияларын орындайтын мамандандырылған коммерциялық емес ұйымның қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру ерекшеліктері».
2-бап.
1. Осы Заң:
1) 2018 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 19-тармағының 43) және 44) тармақшаларын, 23-тармағы 22) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын;
2) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 3), 7), 8) және 10) тармақшаларын, 4, 5 және 7-тармақтарын, 8-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 9-тармағын, 10-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 14) және 15) тармақшаларын, 17) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 55) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші, он бесінші, жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтарын, 58) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 12-тармағын, 13-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 4), 5), 6), 7), 9), 10) және 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 13) тармақшасының сегізінші абзацын, 14) тармақшасын, 15) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 16), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 26), 27) және 28) тармақшаларын, 29) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын, 30), 31), 36), 38), 43), 44) және 46) тармақшаларын, 47) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 48), 49) және 50) тармақшаларын, 15-тармағының 4), 5) және 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 16-тармағының 4), 5) және 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 17-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 12) тармақшасының бірінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 17) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 18-тармағының 3), 6) және 9) тармақшаларын, 12) тармақшасының екінші абзацын, 16) және 17) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының оныншы, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасын, 5) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының бесінші абзацын, 8), 9), 10) және 11) тармақшаларын, 14) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 25), 26), 27), 28) және 29) тармақшаларын, 31) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 33) тармақшасының үшінші және тоғызыншы абзацтарын, 35) және 36) тармақшаларын, 37) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 38) тармақшасының бесінші абзацын, 39), 42), 45) және 48) тармақшаларын, 49) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын, 50) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 51) тармақшасын, 53) тармақшасының он бірінші абзацын, 54) тармақшасының бесінші абзацын, 57), 58), 59) және 60) тармақшаларын, 21-тармағын, 23-тармағының 3) тармақшасын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 7), 9) және 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 13), 15), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларын, 24-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 5) тармақшасының екінші абзацын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 26-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 6) тармақшасының алтыншы абзацын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының екінші, үшінші және жетінші абзацтарын, 27, 28 және 30-тармақтарын, 31-тармағының 2) тармақшасын;
3) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларын, 13-тармағы 12) тармақшасының он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 13) тармақшасының бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 15) тармақшасының он үшінші абзацын, 19-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, отызыншы, отыз бірінші және отыз төртінші абзацтарын, 31) тармақшасының тоғызыншы абзацын, 49) тармақшасының жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 50) тармақшасының он екінші абзацын, 52) және 56) тармақшаларын, 23-тармағы 23) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және он төртінші абзацтарын;
4) 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 17) тармақшасының алпыс бесінші абзацын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағы 55) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7) 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 1-баптың 19-тармағы 2) тармақшасының оныншы, он бесінші және жиырма екінші абзацтары, 20-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы, 31-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
3. 1-баптың 23-тармағы 23) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
4. 1-баптың 10-тармағы 5) тармақшасының он жетінші абзацы 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін қолданылады.
5. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті лицензияны қайта ресімдеуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңның 1-бабы 21-тармағы 7) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген ассистанс беру туралы шарттың көшірмесін беруге міндетті.
6. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарын қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласы немесе «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің құрамына кіруге міндетті.
7. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданыстағы қайта сақтандыру шарттарына олардың мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізуге және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияда көрсетілмеген сыныптар бойынша, сондай-ақ қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша жаңа қайта сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы емес. Бұл ретте бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары олар бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.
«Өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданыстағы қайта сақтандыру шарттарына олардың мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізуге және «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияда көрсетілмеген сыныптар бойынша жаңа қайта сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы емес. Бұл ретте бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымы олар бойынша міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша мемлекет қатысатын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
Сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптары бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2022 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сақтандыру шарттарын қоспағанда, ерікті сақтандыру шарттары бойынша мемлекет қатысатын дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
9. Осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 6) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтарында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының акционерлері болуға және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде қатысу шарттарын жасасуға міндетті.
Сақтандыру ұйымдары «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп осы Заңның 1-бабы 14-тармағы 3) тармақшасы сегізінші абзацының талабын 2021 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей орындауға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарын 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
10. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін орталық депозитарий өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ұлттық сәйкестендіру нөмірлері берілген эмиссиялық бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ІSІN кодтарды) беруді жүзеге асырады және бұл туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
11. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркеуші эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйелерін құрайтын мәліметтер мен құжаттарды орталық депозитарийге беруді жүзеге асырады.
12. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуге арналған шарттар орталық депозитариймен ғана жасалады.
13. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін орталық депозитарий мен тіркеуші тіркеушіні орталық депозитарийге қосу нысанындағы қайта ұйымдастыру рәсімін жүзеге асыруға міндетті.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. 2019 жылғы 1 қаңтар - 2023 жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде акциялары 1993 - 2003 жылдар аралығында жекешелендірілген акционерлік қоғамдарда (олардың құқықтық мирасқорларында) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын дербес өзі немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта иеленетін акционер акционерлік қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге және қалған акционерлерден қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабында айқындалған тәртіппен сатып алуға құқылы. Осы тармақтың мақсаттарында акционерлік қоғамның дауыс беретін акциялары деп «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалған акциялар түсініледі.
15. Осы баптың 6, 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген талаптар сақталмаған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және өзге де тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16. 1-баптың 13-тармағының 12) тармақшасы он төртінші абзацының және 13) тармақшасы жетінші абзацының күші акционерлік қоғамның жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша төленуі 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде жүзеге асырылуға тиіс болған, бірақ акционерлік қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтердің болмауына байланысты 2019 жылғы 1 шілдеге дейін төленуі жүргізілмеген дивидендтерге қатысты қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 2 шілде
№ 166-VІ ҚРЗ
«Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне сақтандыру
және сақтандыру қызметі, бағалы
қағаздар нарығы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2018 жылғы
2 шілдедегі № 166-VI Қазақстан
Республикасының Заңына қосымша
«Туристі міндетті сақтандыру
туралы» 2003 жылғы
31 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына
қосымша
ТУРИСТІ МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
р/с | Сақтандыру жағдайы ретінде танылатын оқиғалар және өтеуге жататын шығыс түрлері | Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) (АҚШ долларымен/еуромен) |
1-бағдарлама | 2-бағдарлама | 3-бағдарлама |
1. | Жазатайым оқиға: | | | |
1.1 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар; медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, уақытша болатын елден (жерден) Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасу бойынша шығыстар; мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
1.2 | жазатайым оқиға салдарынан болған жарақат алу нәтижесінде стоматологиялық қарап-тексеруге, рентгендік зерттеуге, тістерді жұлуға немесе пломбалауға жұмсалатын шығыстар; | 100 | 300 | 300 |
1.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
1.5 | сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін оның қонақүйде тұруына (бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар; шетелде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар. | 800 | 1 000 | 1 200 |
2. | Денсаулығына елеулі зиянды болғызбау немесе өміріне төнген қауіпті жою үшін сақтандырылушыға шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді талап ететін кенеттен қатты ауыру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы және (немесе) созылмалы ауруының асқынуы: | | | |
2.1 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, емдеуші дәрігер тағайындаған диагностикалық зерттеулерге, дәрілік заттарға, таңу құралдарына және бекіту құралдарына (гипс, бандаж) жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, стационарлық және амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасу бойынша шығыстар; медициналық персоналдың бірге ілесіп жүруіне жұмсалатын шығыстарды (сақтандырылушының медициналық көрсетілімдер бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы тұратын жеріне өз бетінше қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда) қоса алғанда, шет мемлекеттен Қазақстан Республикасына шұғыл медициналық тасуға жұмсалатын шығыстар; мәйітті ашып қарауға, бальзамдауға және оның мәйітханада болуына, табытты сатып алуға, Қазақстан Республикасының аумағына тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеуге жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, мүрде салынған сауытты немесе мәйiттi (сүйекті) қайтаруды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстар; | 10 000 | 30 000 | 50 000 |
2.2 | медициналық көрсетілетін қызметтерге, жүктілік кезінде асқыну болған жағдайда сақтандырылушыны шұғыл және кезек күттірмейтін мән-жайлар бойынша медициналық мекемеге тасуға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, амбулаториялық емдеу бойынша шығыстар; | 300 | 500 | 600 |
2.3 | егер сақтандырылушының денсаулық жағдайын емдеуші дәрігер мен ассистанс компанияның медициналық өкілі ауыр, өміріне қауіп төндіретін деп бағаласа және медициналық мекемеде болу мерзімі күнтізбелік он күннен асатын болса, жалғыз немесе кәмелетке толмаған балаларымен саяхаттап жүрген сақтандырылушының стационарлық емделу орнына кәмелетке толған бір жақын туысының жол жүру құжатына (билетіне) жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.4 | сақтандырылушымен болған сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалған сақтандырылушының кәмелетке толмаған балаларын, егде жастағы жақын туыстарын тасу үшін ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; | 800 | 1000 | 1200 |
2.5 | сақтандырушының, ассистанс компанияның атына жүзеге асырылатын хабарламаларға, телефон қоңырауларына және өзге де көрсетілетін байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; сақтандырылушыны стационардан шығарған күннен бастап Қазақстан Республикасының аумағына кеткен күніне дейін қонақүйде тұруына, бірақ күнтізбелік бес күннен аспайтын күнге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар; жол жүру құжаттарының күшін жоюға немесе оларды ауыстыруға байланысты шығыстар; шетелде болу мерзімінің пайдала-нылмаған бөлігі үшін қонақүйдегі брондалған нөмірден, сондай-ақ сақтандырылушыға ұсынылған басқа да туристік көрсетілетін қызметтерден бас тартуға байланысты шығыстар. | 800 | 1 000 | 1 200 |