11) құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу);
12) эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есепке жазылған сыйақыны толық өтеу туралы;
13) солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы;
14) сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау;
15) бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру);
16) мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі;
17) эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы мәліметтер түсініледі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты жариялаудың (бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің) өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитент осы ақпаратты ол туындаған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде жария етеді.
Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интрнет-ресурсында осы баптың талаптарына сәйкес ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде жария етуді қамтамасыз етеді.
7. Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Эмитенттің ақпаратты жария ету тәртібі, жария етілуге жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ ақпаратты қор биржасының интернет-ресурсында жария ету мерзімдері қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
8. Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттеріне және халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.»;
19-тармақтың 59) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
59) 105-бапта:
1-тармақта:
«тіркеушіге» деген сөз «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіндегі және» деген сөздер «орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күнтізбелік он күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Тіркеуші» деген сөз «Орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бағалы қағаздарды ұстаушылардан», «бағалы қағаздарды ұстаушылардың» деген сөздер тиісінше «тіркелген тұлғадан», «тіркелген тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және» деген сөз «және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 60) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
60) 106-бап алып тасталсын.
20. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының;
20-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
тіркеушінің;
орталық депозитарийдің;
мемлекетке тиесілі немесе оларға қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;
өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі;»;
2) 9-баптың 1-тармағының 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) қаржы ұйымдары, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;»;
3) 11-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілейді;»;
3) тармақша алып тасталсын;
5) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сақтандыру полистерінің мазмұнына және оларды ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;»;
«8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;»;
4) 12-баптың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттік тіркеуді, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар (облигациялық бағдарламалардың проспектілері), исламдық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілеріне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуді жүзеге асырады;
акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаларды қарайды және бекітеді;
акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізеді;
3) бағалы қағаздарды, оның ішінде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу шарттары мен тәртібін айқындайды;».
21-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат):
1) тақырыптағы және бүкіл мәтін бойынша «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін», «Туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін», «туроператордың немесе турагенттің жауапкершілігін» деген сөздер тиісінше «Туристі», «туристі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ассистанс - ассистанс компанияның сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де жәрдемдесу арқылы көмекті ұйымдастыруы;
2) ассистанс компания - туристі міндетті сақтандыру шарты шеңберінде сақтандырушымен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) ассистанс беру туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
3) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
4) сақтандыру жағдайы - басталғанынан кейін туристі міндетті сақтандыру шартында сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін оқиға;
5) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
6) сақтандыру сертификаты - жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін сақтандырушы ресімдеген, сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екені туралы куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыруды жабу талаптары туралы ақпаратты қамтитын құжат;
7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушының туристі міндетті сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы оған төлеуге міндетті болатын ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - «жалпы сақтандыру» саласында немесе «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушыға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру ұйымы;
11) сақтандырылушы - шетелге шығатын турист;
12) сақтанушы - сақтандырылушының пайдасына сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор;
13) турагент - шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді алға ілгерілету мен өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) туристі міндетті сақтандыру - сақтандырылушының осы Заңда көрсетілген оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстардың туындау тәуекеліне байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.»;
3) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристі міндетті сақтандырудың мақсаты осы Заңда көрсетілген, сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар салдарынан күтпеген шығыстар туындаған жағдайда, сақтандырылушының мүліктік мүдделерін сақтандыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «туристің мүліктік немесе өзге де» деген сөздер «сақтандырылушының мүліктік» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шарты болған кезде әрбір туриске қатысты өз қызметін жүзеге асыруы;»;
3) тармақшадағы «немесе» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Туристі міндетті сақтандыру объектісі
Осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы салдарынан өміріне, денсаулығына зиян келтірілген сақтандырылушының мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.»;
5) 5-бапта:
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шығу туризмі саласындағы туроператордың осы Заңда белгіленген туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылауды туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«3. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 6 және 7-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын тұлғалар
Сақтандырылушының мүліктік мүдделерін міндетті сақтандыруды шығу туризмі саласындағы туроператор жүзеге асырады.
7-бап. Шығу туризмі саласындағы туроператордың туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай қызметті жүзеге асыруына жол бермеу
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристі міндетті сақтандыру шартын жасаспай туристік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.»;
7) 7-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туристі міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейін:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын;
2) сақтандырылушы уақытша болатын елде (жерде) тәулік бойы жұмыс істейтін көптілді үйлестіру орталығы және өңірлік желісі бар ассистанс компаниямен шетелге шығатын туриске (сақтандырылушыға) осы Заңда көрсетілген сақтандыру жағдайлары ретінде танылатын оқиғалар басталған кезде ассистанс беру туралы шарт жасасуға немесе сақтандырылушыға ұсынылатын қызметтерді көрсетуге лицензиялары бар тасымалдаушылармен, медициналық және өзге де мекемелермен шарттар жасасуға міндетті.
Әрбір сақтандырылушы және сақтандыру жағдайы бойынша ассистанс компания беретін ассистанс көлемі сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемімен айқындалады.
Сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 7-2-баппен толықтырылсын:
«7-2-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растау және сақтандырылушының мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды өтеудің мөлшерін айқындау үшін қажетті ақпаратқа ие мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
9) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристі міндетті сақтандыру осы Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында сақтандырылушының пайдасына жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Сақтандырылушының ерікті сақтандыру шартын жасасуы сақтанушыны туристі міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
«пайда алушыға» деген сөздер «сақтандырылушыға (пайда алушыға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туристің моральдық зиянды және ала алмаған пайданың өтеміне байланысты талаптарын» деген сөздер «моральдық зиянды және ала алмаған пайданы өтеуге байланысты талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға электрондық нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертификатын ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушы туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде уақытша болатын елге (жерге) және туристік қызмет көрсету шартында көрсетілген саяхат күндерінің санына қарай осы Заңға қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі (сақтандыру сомасы) және өтеуге жататын шығыстардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттардың және сақтандырылушы уақытша болатын ел (жер) заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректер қамтылатын сақтанушының өтініші туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
Сақтанушы тек қана турагент арқылы:
әрбір сақтандырылушыға сақтандыру сертификатын беруге;
сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.
5-1. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мазмұнына қойылатын және оларды ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.»;
7-тармақта:
«сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің» деген сөздер «сақтанушы мен сақтандырылушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбірленушінің» деген сөздер «сақтанушы мен сақтандырылушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 3-тарау мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Сақтандыру ұйымдарының туристі міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түріндегі хабарламаның сақтанушыға, сақтандырылушыға дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының, сақтандырылушының дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы туристі міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы, сақтандырылушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, туристі міндетті сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;
4) сақтанушыға, сақтандырылушыға:
мәліметтерді өзгерту, туристі міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібі мен хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.
5. Туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы туристі міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.»;
11) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданысы
1. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісін алған кезден бастап, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен кейін күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі туристік қызмет көрсетуге арналған шартта айқындалған сапар мерзімінен кем болмайды. Туристі міндетті сақтандыру шарты сақтандырылушы сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен кезге дейін, бірақ турист рейстің кідіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болған жағдайды қоспағанда, туристі міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру мерзімі аяқталған күннен кешіктірілмей қолданылады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты бірінші басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз қолданысын тоқтатпайды.
Сақтандырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде болған және туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша саяхат күндерінің саны көбейген кезде сақтанушы сақтандырылушының уақытша болатын елде (жерде) қосымша болу күндеріне туристі міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасады.
3. Туристі міндетті сақтандыру шартының қолданылу аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызметтер көрсету аумағы болып табылады.
Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Егер туристі міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, мыналар:
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары баруға ұсынбайтын аумақтар;
2) сақтандырылушының уақытша тұруға рұқсаты немесе сақтандыру аумағында 90 күннен астам үзіліссіз болуға рұқсат беретін өзге құжаты болатын мемлекеттер;
3) сақтандырылушы азаматы болып табылатын мемлекеттер сақтандыру аумағынан алып тастауға жатады.
Туристі міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін сақтандыру аумағы осы тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген алып тастауға жататын жағдайларда сақтандыру аумағын алып тастау туралы талап қолданылмайды.»;
12) 11-баптың 2-тармағындағы «не сақтандыру жарналарын» деген сөздер алып тасталсын;
13) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Сақтанушының және сақтандырылушының құқықтары мен міндеттері»;
1-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтанушы:
1) тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға;
2) туристі міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша) міндетті. Ауызша нысандағы хабар кейіннен жазбаша расталуға тиіс;
4) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға туристі міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Сақтандырылушының:
1) туристі міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтандырушыны таңдауға;
2) сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде сақтандыру полисін алуға;
3) сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көрсетілген туристі міндетті сақтандыру талаптары мен тәртібін, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
4) туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша көрсетілетін қызметтер ұсынылмаған, толық немесе сапалы ұсынылмаған жағдайлар туралы сақтандырушыға хабар беруге;
5) сақтандырушы жүргізген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;
6) туристі міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 20-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
7) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;
8) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;