6) 10-баптың 6) тармақшасындағы «қатысуға құқығы бар.» деген сөздер «қатысуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
8) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқығы бар.»;
7) 11-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «сериясын қамтуға тиіс.» деген сөздер «сериясын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) сақтандыру агентінің тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс телефонының нөмірін және жеке сәйкестендіру нөмірін (егер ол жеке тұлға болса) немесе атауын, орналасқан жерін, байланыс телефонының нөмірін және бизнес-сәйкестендіру нөмірін (егер ол заңды тұлға болса);
12) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының бар немесе жоқ екендігі туралы нұсқауды қамтуға тиіс.»;
8) 17-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициенті»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу күнінің алдындағы соңғы бес жыл ішінде сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда, сақтандырушы «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 52-1-бабының 1-тармағында көзделген тәуекелдерді басқару және андеррайтинг бойынша сақтандырушының ішкі саясатына сәйкес түзету коэффициенттерін дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың осындай шарты бойынша сақтандыру резервтерін есептеу осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері негізге алына отырып жүзеге асырылады.»;
9) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
«24-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не
қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
26. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау
Қоршаған ортаның авариялық ластану жағдайлары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
26-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсы пайдаланыла отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
26-тармақтың 4) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушы мен интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасқан кезде сақтандырушы:
1) сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;
4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, міндетті экологиялық сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібіне және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.
5. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған талаптармен осы қосылу шартын жасасуға келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
5) 11-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
6) 12-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушыны міндетті экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және міндеттермен таныстыруға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;»;
26-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы «жіберуге міндетті.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
12) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.»;
7) 13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
26-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.»;
9) 19-бапта:
26-тармақтың 9) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде қоса беріле отырып, электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
26-тармақтың 9) тармақшасының жетінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талапты электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсына алады.»;
10) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):
талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге не
міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа өтініш жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
27-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бенефициарлық меншік иесі - бұл:
клиенттің - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
клиентті өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде клиент ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;»;
2) 5-баптың 3-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер клиент мемлекеттік орган, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, сақтандыру ұйымы болса, клиенттің іскерлік қарым-қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдіктер болған жағдайларды қоспағанда, банктер, қор биржалары, орталық депозитарий осы Заңның 1-бабы 3) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тұлғаны анықтамауға және ол туралы мәліметтерді тіркемеуге құқылы;».
28-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 136-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
65-бапта:
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Акционерлік қоғамдар қайта ұйымдастырылған кезде (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу нысанында) қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың акцияларына тыйым салу қайта ұйымдастыру бойынша әрекеттер жасауға кедергі келтірмейді, сондай-ақ орталық депозитарийдің және (немесе) тыйым салынған акциялар бойынша құқықтарды есепке алуды жүзеге асыратын номиналды ұстаушылардың тиісті әрекеттер жасауына кедергі келтірмейді.
Қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) тыйым салудағы акцияларын алғаннан кейін өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғам бұл жөнінде сот орындаушысына дереу хабарлайды.
Егер бұл тыйым салу мақсаттарына қайшы келмейтін болса, өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) акционерлері арасында орналастырылған акциялары тыйым салу туралы қаулы бойынша бұрын тыйым салынған акциялардың орнына қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамның (қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдардың) акциялары сияқты дәл сондай талаптармен тыйым салуда деп есептеледі.
Сот орындаушысы бұрын шығарылған қаулыға толықтыру ретінде осы Заңның 55-бабының 5-тармағына сәйкес айқындалатын берешекті ескере отырып, бұрын тыйым салынған акциялардың орнына орналастыру нәтижесінде алынған, өзіне қосу жүзеге асырылатын немесе акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан құрылған акционерлік қоғамның акцияларына тыйым салу туралы қаулы шығаруға міндетті.»;
14-тармақтың 2) тармақшасындағы «тіркеушіге,» деген сөз алып тасталсын.
29. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) зейнетақы аннуитеті шарты - сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) соған сәйкес сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге міндеттенетін, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына өмір бойы немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенетін сақтандыру шарты;»;
2) 60-бапта:
5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) сақтандыру ұйымы сақтандыру сыйлықақысының сомасын сақтандыру ұйымына толық көлемде аударған кезден бастап зейнетақы аннуитеті шарты күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.»;
«7. Егер осы Заңның 11-бабының 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізу үшін не сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда:
1) сақтандыру төлемдерінің мерзімділігі осы баптың 10-тармағына сәйкес айқындалады;
2) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан мерзімдік сақтандыру төлемінің мөлшері қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.»;
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы сақтандыру ұйымына аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
11-тармақ алып тасталсын;
3) 61-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде немесе қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін міндетті және (немесе) ерікті зейнетақы жарналарын және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын пайдалануға;»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) зейнетақы аннуитеті шарты жасалған немесе зейнетақы аннуитеті шартына өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шарттың түпнұсқасын және (немесе) зейнетақы аннуитеті шартына қосымша келісімді ұсына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;».
30-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):