41) 64-баптың 2-2-тармағындағы «Бағалы қағаздар рыногында» деген сөздер «Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 42) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42) 12-тарау алып тасталсын;
19-тармақтың 43) тармақшасы 2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
43) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.»;
19-тармақтың 44) тармақшасы 2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
44) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.»;
19-тармақтың 45) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45) 72-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «тіркеушіге,» деген сөз алып тасталсын;
46) 72-1-бапта:
12-тармақтың бірінші бөлігіндегі «күннен бастап үш ай» деген сөздер «күннен кейін елу жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Осы баптың 14, 15, 16 және 18-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.»;
47) 77-1-бапта:
2-тармақтағы «қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және аударым операцияларына лицензиясы бар өзге де ұйым» деген сөздер «қор биржасы және (немесе) клирингтік ұйым және (немесе) аударым операцияларына арналған лицензиясы бар өзге де ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ «бұйрықтары» деген сөзден кейін «және (немесе) қор биржасының мәміле жасасу фактісін растайтын құжаты және (немесе) есеп айырысу ұйымы өзінің қағидаларына сәйкес есеп айырысулар үшін негіз ретінде қабылдайтын өзге де құжат» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Клиринг ұйымының қағидаларын сақтау клиринг ұйымының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.»;
19-тармақтың 48) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 78-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзге де жеке және заңды тұлғалар.»;
19-тармақтың 49) тармақшасының бірінші - жиырма жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 80-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«80-бап. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру тәртібі
1. Депозитарийлік қызметті жүзеге асыру процесінде орталық депозитарий:
1) депоненттерге қаржы құралдарын номиналды ұстау қызметтерін көрсетеді;
2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша және оның депоненттерінің (депоненттердің өздерінің арасында; бір жағынан депонент және екінші жағынан басқа депоненттің клиенті арасында; әртүрлі екі депоненттің клиенттері арасында), сондай-ақ өзге де клиенттердің қатысуымен ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің қағидалар жинағына сәйкес мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға депозитарийлік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;
4) аударым операцияларын: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындауды жүзеге асыруға құқылы.
Орталық депозитарийде уәкілетті органның осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде, орталық депозитарий қаржы құралдарын өтеу және (немесе) олар бойынша кірісті төлеу кезінде төлем агентінің функцияларын жүзеге асыруға құқылы.
3. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырады немесе клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығының орталық контрагенттеріне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген шарттармен және тәртіппен қызметтер көрсетеді.
4. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде:
1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін қалыптастыруды, жүргізуді және сақтауды;
2) тіркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуды;
3) тіркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді;
4) тіркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарды растауды;
5) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін өзекті жай-күйде ұстауды;
6) бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыстағы бағалы қағаздар санының уәкілетті орган тіркеген санына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;
7) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған мәселелердің тізбесі бойынша бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат беруді;
8) эмитентке оның сұрау салуы негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын ақпаратты беруді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін құрайтын мәліметтерді алу құқығына ие мемлекеттік органдарға осы Заңның 43-бабына сәйкес ақпарат беруді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
6. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитенті орталық депозитариймен бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуге арналған шарт жасасуға міндетті.
19-тармақтың 49) тармақшасының жиырма сегізінші - отыз үшінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7. Бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының саудасын ұйымдастыру жөніндегі қызмет шеңберінде орталық депозитарий мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану және ұстау;
2) өз клиенттеріне бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсыну;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу үшін орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының белгіленімдерімен алмасуды ұйымдастыру;
4) орталық депозитарий клиенттерінің арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы хабарлар алмасуды ұйымдастыру;
5) осы Заңда көзделген өзге де функциялар.
19-тармақтың 49) тармақшасының отыз төртінші - қырық екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
9. Орталық депозитарий мынадай:
1) өз мұқтажы үшін сатып алынған мүлікті жалдауға (жалға) беруді қоса алғанда, өз мүлкіне билік ету;
2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсыну;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет мәселелері бойынша арнайы әдебиеттерді ақпарат жеткізгіштерінің кез келген түрлерінде өткізу;
4) бағалы қағаздар нарығындағы қызмет саласында оқытуды ұйымдастыру;
5) орталық депозитарийдің интернет-ресурсында орталық депозитарий мен оның клиенттері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған өзге де ақпаратты жариялау;
6) орталық депозитарийдің материалдық-техникалық құралдары мен жабдықтарын жалдауға (жалға) беру жағдайларын қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
10. Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.»;
50) 81-бапта:
19-тармақтың 50) тармақшасының бірінші - он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орталық депозитарийдің қағидалар жинағында:
1) депозитарийлік қызметті жүзеге асыру;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
3) мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;
4) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
5) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;
6) төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде);
7) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда, туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
8) бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірлерін (ІSІN кодтарын) және үлестер мен өзге де қаржы құралдарына сәйкестендіргіштер беру;
19-тармақтың 50) тармақшасының он екінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі;
19-тармақтың 50) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қағидалар қамтылуға тиіс.
3-тармақтағы «күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 51) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
51) 82-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдің ережелер» деген сөздер «егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына және орталық депозитарийдің қағидалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшада:
«депонент (оның клиенті) туралы» деген сөздер «орталық депозитарийдің клиенті (орталық депозитарий депонентінің клиенті)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«депоненттің (оның клиентінің) жеке шотында (қосалқы шотында)» деген сөздер «орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоттарда (қосалқы шоттарда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «депоненттер мен олардың клиенттерінің» деген сөздер «орталық депозитарий клиенттерінің және орталық депозитарий депоненттері клиенттерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 52) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
52) 84-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы орталық депозитарийге қолданылмайды.»;
53) 85-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларын сақтау сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.»;
3-тармақта:
«немесе бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы баға белгілеу ұйымының баға белгілеуді айырбастау жүйесінде» деген сөздер алып тасталсын;
«мен оның мүшелері (клиенттері)» деген сөздер «, оның мүшелері, клиенттері және сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын өзге де тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу және осындай айналысты тоқтату шарттары мен тәртібін;»;
19-тармақтың 53) тармақшасының он бірінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 21-2) тармақшамен толықтырылсын:
«21-2) бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және оның жұмыс істеу, сондай-ақ бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының тізбесін қалыптастыру және бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберу тәртібін;»;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың талаптары орталық депозитарийге қолданыл майды.»;
54) 88-бапта:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) бағалы қағаздар болып табылмайтын қаржы құралдарын қор биржасында айналысқа жіберу және осындай айналысты тоқтату шарттары мен тәртібін айқындау;»;
19-тармақтың 54) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақшадағы «қор биржасында айналымға жіберілген» деген сөздер алып тасталсын;
13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-2) тармақшамен толықтырылсын:
«18-2) бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құрады, оның жұмыс істеуін және оны техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;»;
19) тармақшадағы «қор биржасының» деген сөздер «осы Заңда және қор биржасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қор биржасы өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құрады, оның жұмыс істеуін және оны техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қор биржасының мүшелері, өзге де заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланушылар бола алады. Бағалы қағаздар биржалық нарығының интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесіне орналастыруға және айналысқа жіберілмейді.
Қор биржасы бағалы қағаздар биржалық нарығының ақпараттық жүйесінде айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының тізбесін қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қалыптастырады.»;
55) 89-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акционерлік қоғамдар үшін корпоративтік басқару кодексінің болуы міндетті.»;
19-тармақтың 56) тармақшасы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
56) 90-бап алып тасталсын;
19-тармақтың 57) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
57) 101-бап алып тасталсын;
19-тармақтың 58) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
58) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Эмитенттің ақпаратты жария етуі
1. Бағалы қағаздар нарығында ақпаратты жария ету деп Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы ақпаратты алу мақсаттарына қарамастан, осыған мүдделі барлық тұлғаларға оның қолжетімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
2. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңінде осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында:
1) эмитенттің корпоративтік оқиғалары туралы ақпаратты;
2) жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты;
3) акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді;
4) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамын;
5) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін;
6) эмитенттің жылдық қаржылық есептілігін және эмитенттің аудиторлық есептерін («Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудитке жататын эмитенттер аудиторлық есептерді жария етуді жүзеге асырады);
7) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды ескере отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару проспектісін;
8) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
Осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көзделген талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқаруға байланысты ақпарат пен мәліметтерге қолданылмайды.
Эмитент қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін уәкілетті органның жойғаны туралы және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздарын өтеу туралы ақпаратты жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асыруға міндетті.
3. Бағалы қағаздары қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитент қор биржасының интернет-ресурсында осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жария етуді қосымша қамтамасыз етуге міндетті.
4. Шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңі деп мыналар түсініледі:
акциялар үшін - уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
облигациялар үшін - облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең, оның ішінде облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
пайлар үшін - уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең, оның ішінде пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін;
өзге эмиссиялық бағалы қағаздар үшін - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең, оның ішінде осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін.
5. Корпоративтік оқиғалар туралы ақпарат деп:
1) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер;
2) эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер;
3) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын иеленетін акционерлердің (қатысушылардың) құрамындағы өзгерістер;
4) эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің мынадай шешімдерді қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органы қабылдаған:
акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру;
орналастыру (өткізу), оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы;
егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, эмитенттің орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару;
ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасасу жөніндегі шешімдер;
5) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын және (немесе) өзге де ақшалай міндеттемелерін акционерлік қоғамның жай акцияларына конвертациялау;
6) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау;
7) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдар тізіміндегі өзгерістер;
8) акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы мәліметтер түсініледі.
Соның нәтижесінде акционерлік қоғам активтері мөлшерінің он және одан көп пайызы сомасына мүлік сатып алынатын не иеліктен шығарылатын мәміле туралы ақпарат мәміленің тараптары, сатып алынған немесе иеліктен шығарылатын активтер, мәміленің мерзімдері мен шарттары туралы мәліметтерді, сондай-ақ болған кезде, мәміле туралы өзге де мәліметтерді қамтуға тиіс;
9) эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі;
10) эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару;