5) беру актісіне қол қойған (бірігу арқылы қайта ұйымдастырылатын акционерлік қоғамдар үшін);
6) беру актісіне қол қойған (қосылу арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда қосылатын акционерлік қоғам (қосылатын акционерлік қоғамдар) үшін);
7) бөлу балансына қол қойған (бөліну арқылы қайта ұйымдастырылған жағдайда, бөлінетін акционерлік қоғам үшін) күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей акциялар шығарылымының күшін жою үшін уәкілетті органға өтініш жасауға міндетті.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жарияланған акциялар шығарылымының күшін жою тәртібі, жарияланған акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
5-тармақта:
«кезден бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде ақпарат жариялауға» деген сөздер «бұл туралы қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде ақпарат орналастыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «, тіркеушіге» деген сөз алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
19-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 30-1-бапта:
тақырыптағы «Облигациялар» деген сөз «Мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Облигациялар» деген сөз «Мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада:
бесінші абзац «жүзеге асырған кезде» деген сөздерден кейін «мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «бірде-бір» деген сөздерден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзац «барлық» деген сөзден кейін «орналастырылған мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы «облигациялар айналымының мерзімі біткеннен кейін эмитент» деген сөздер алып тасталып, «барлық облигациялары бойынша талап құқықтарын сатып алған» деген сөздер «мемлекеттік емес облигацияларының айналыста болу мерзімі өткен соң» деген сөздермен ауыстырылсын;»
екінші бөлікте:
«Облигациялардың» деген сөз «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«эмитенттердің облигациялар» деген сөздер «эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік емес облигациялар айналысының мерзімі өткен соң олардың шығарылымының күшін жою кезінде орталық депозитарий мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының шарттарында көзделген барлық міндеттемелерді эмитент орындағанға дейін осы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы эмитентінің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алуды жүзеге асырады.»;
2-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою тәртібі, мемлекеттік емес акциялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесі және оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
екінші бөлік «Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ:
«Облигациялар» деген сөз «Мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ол шығарған» деген сөздерден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
«немесе» деген сөзден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 21) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 31-бапта:
2-тармақтағы «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ алып тасталсын;
19-тармақтың 22) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 32-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабардар ету
1. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде уәкілетті органды мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары жөнінде хабардар етеді.
2. Эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасы эмитенттің облигацияларды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағаны туралы ақпаратты қамтиды, онда мыналар:
1) облигацияларды өтеу күні;
2) облигациялардың номиналды құны;
3) облигацияларды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялардың саны туралы мәліметтер;
4) облигацияларды өтеу күніне айналыста болған облигациялардың саны туралы мәліметтер;
5) облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтық мөлшері және толық есеп-қисабы келтірілген өтеу сомасы көрсетіледі.
3. Эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасына эмитенттің есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды өтеу аяқталған күнге қаржылық есептілігі және орталық депозитарийдің эмитенттің облигацияларын өтегені туралы хабарламасы қоса берілуге тиіс.
4. Уәкілетті орган эмитенттің (төлем агентінің) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламасын қарайды және:
1) эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасы Заңның осы бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде, күнтізбелік он төрт күн ішінде эмитентке (төлем агентіне) хабарламаның қабылданғаны туралы ақпарат жібереді;
2) эмитент (төлем агенті) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну шарттары мен тәртібін бұзған және хабарламаны қарау процесінде олардың Заңның осы бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда, эмитенттің (төлем агентінің) хабарламасын назарға алмайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін ақпарат пен құжаттарды ұсынуды талап етеді.
5. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау тәртібі, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19-тармақтың 23) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 32-3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «қоғам тіркеушісінен» деген сөздер «орталық депозитарийден» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 33-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органмен келісілген» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «уәкілетті органмен келісілген» деген сөздер алып тасталсын;
19-тармақтың 25) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
25) 35 және 36-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығару
Қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту тәртібі, қазақстандық депозитарийлік қолхаттарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары, сондай-ақ қазақстандық депозитарийлік қолхаттардың эмитенті сақтауға тиісті талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
«36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелуге жатады.
2. Бір номиналды ұстаушының клиенттері арасында мәміле жасалған кезде бағалы қағаздармен мәмілелерді және операцияларды тіркеуді номиналды ұстаушы жүзеге асырады және ол орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.
Әртүрлі номиналды ұстаушылардың клиенттері арасында мәміле жасалған кезде бағалы қағаздармен мәмілелерді және операцияларды тіркеу олардың орталық депозитарийдегі жеке шоттары бойынша, кейіннен номиналды ұстаушыларды есепке алу жүйесінде көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
Осы тармақта айқындалған тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде тіркелген мәміле орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.
3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалатын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
4. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу:
1) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрық берген адамның өкілеттіктерін және осы бұйрық нысанының белгіленген талаптарға сәйкес келуін тексеруді;
2) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықтың тіркелуін;
3) бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жасау мүмкіндігін тексеруді;
4) бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болмаған кезде бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықта көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруды;
5) клиентке бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрығының орындалғаны туралы есепті жіберуді қамтиды.
5. Бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орындаудан бас тартуға негіздер болған кезде орталық депозитарий бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге бұйрық берген адамды бас тарту негіздері туралы хабардар етуге міндетті.
Егер осы мәмілені тіркеу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағының талаптарына сәйкес келмесе, орталық депозитарий эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілені орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеуден бас тартуға міндетті.
6. Номиналды ұстауға берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркеу депоненттердің немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған тиісті бұйрықтары не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Депонент бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиентінің бұйрығы негізінде ресімдейді.
7. Соттың шешімі бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 226-бабына сәйкес ресімделген сот шешімі негізінде жүзеге асырады.
8. Бағалы қағаздармен мәмілені тіркеуге арналған бұйрықты орындауды орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында бұйрықты орындаудың өзге мерзімі көзделмесе, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде қарсы бұйрық алған кезде жүзеге асырады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде орталық депозитарий, номиналды ұстаушы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша өз бетінше жазбалар енгізуге құқылы емес.
10. Жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша жазбалар енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақтауға жатады.
11. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты құқықтарды есепке алу мен растау ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ банктер қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.»;
19-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 38-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру арқылы жүзеге асырылады.»;
екінші бөлікте:
«және тіркеушінің» деген сөздер алып тасталсын;
«ішкі құжаттарында» деген сөздер «қағидалар жинағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 27) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 39-бап алып тасталсын;
19-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 40-баптың 1-тармағындағы «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері» деген сөздер «Орталық депозитарийдің есепке алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 29) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
29) 41-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия
Эмитенттің акционерлері және осы эмитенттің өздеріне тиесілі акцияларының саны туралы, эмитент және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу және сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары туралы мәліметтерді қоспағанда, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының бар-жоғы, қалдықтары, қозғалысы және иелері туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайды.»;
30) 43-бапта:
2 және 2-1-тармақтар алып тасталсын;
3-тармақта:
8) тармақшадағы «мекемелерге берілуге тиіс.» деген сөздер «мекемелерге;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша өзінің құқықтарына қатысты не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде оның өкіліне;
10) эмитентке: өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарға қатысты;
11) лицензиаттың бас ұйымына: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін;
12) қор биржасына: оның ішкі құжаттарында айқындалған көлемде;
13) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, оның өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде;
14) өзінің пайдасына эмиссиялық бағалы қағаздардың немесе басқа да қаржы құралдарының ауыртпалығы, оның ішінде кепіл тіркелген тұлғаға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша оның құқықтарына қатысты ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және мұндай мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға ұсыну тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
4-тармақ алып тасталсын;
31) 45-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет, сондай-ақ депозитарийлік қызмет, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет және бірыңғай оператордың мемлекетке тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет болып табылады.
Бірыңғай оператор мемлекетке тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
19-тармақтың 31) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін:
1) депозитарийлік қызметті;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті;
19-тармақтың 31) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті;
19-тармақтың 31) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың, қор биржасы мүшелерінің қаржы құралдарын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өз меншігіндегі активтерінен бөлек есепке алады және ол банкрот болған жағдайда, мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына енгізілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Бірыңғай оператор өз қызметін жүзеге асыру барысында осы Заңның 47-1, 49-1, 53 және 53-1-баптарында белгіленген талаптарды сақтайды.
Осы Заңның 54-бабының талаптары бірыңғай оператордың басшы қызметкерлеріне қолданылады.»;
32) 49-бапта:
1-тармақтағы «қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткіштері мен өлшемдерін (нормативтерін)» деген сөздер «қаржылық тұрақтылықтың сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «, сондай-ақ пруденциялық нормативтер мәнінің сақталуы мен есеп айырысу тәртібін сипаттайтын көрсеткіштердің, лицензиат сақтауға тиісті қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткіштері мен өлшемдерінің (нормативтерінің) түрлері» деген сөздер «түрлері, лицензиаттың сақтауы міндетті қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттері, олардың мәндерін есептеу тәртібі және әдістемелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 52-бапта:
1-тармақта:
19-тармақтың 33) тармақшасының үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«бірыңғай тіркеуші және» деген сөздер алып тасталсын;
«депозитарий» деген сөзден кейін «және бірыңғай оператор» деген сөздермен толықтырылсын;
«есептер беруге» деген сөздер «есептерді уақтылы ұсынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«туралы» деген сөзден кейін «анық және толық» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«Лицензиаттардың» деген сөз «Бағалы қағаздар нарығын дағы қызмет туралы есептердің тізбесі, нысандары, лицензиаттардың, орталық депозитарий мен бірыңғай оператордың оларды ұсыну кезеңділігі, мерзімдері және тәртібі» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 33) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«, бірыңғай тіркеушінің және орталық депозитарийдің» деген сөздер алып тасталсын;
«бағалы қағаздар рыногындағы қызметі туралы есептерді беру кезеңділігі, есептердің нысандары және оларды табыс ету тәртібі» деген сөздер алып тасталсын;
34) 53-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «консультациялық» деген сөзден кейін «және ақпараттық» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «мамандардың біліктілігін арттыру бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қор биржасы осы баптың 1-тармағында белгіленген жағдайлардан басқа:
1) қор биржасының интернет-ресурсында қор биржасы мен оның мүшелері ұсынатын көрсетілетін қызметтер туралы жарнаманы, сондай-ақ қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де ақпаратты жариялауды;
2) қор биржасының материалдық-техникалық құралдарын және өзге де жабдықтарын жалдауға (жалға) беруді жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметі Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінің талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4. Осы баптың 1-тармағының күші трансфер-агенттің қызметіне қолданылмайды.»;
19-тармақтың 35) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
35) 54-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «трансфер-агент тіркеушісінің» деген сөздер «трансфер-агенттің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «тіркеушінің,» деген сөз алып тасталсын;
19-тармақтың 36) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) 56-бапта:
2-тармақтағы «сауда жүйесінде осы мәміле жасалған,» және «қор биржасы» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақта:
«жасақтау» деген сөз «құру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«және қор биржасының ішкі құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
37) 56-1-бапта:
19-тармақтың 37) тармақшасының екінші үшінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы директорлар кеңесінің және листинг комиссиясының мүшелері;»;
4-тармақта:
19-тармақтың 37) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшадағы «(туынды қаржы құралдарымен)» деген сөздер «және өзге де қаржы құралдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «ұсынымдарды» деген сөзден кейін «немесе ұсыныстарды» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 57-бапта:
1-тармақ «дилер» деген сөзден кейін «және мемлекетке тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру бөлігінде бірыңғай оператор» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «күнтізбелік үш күн» деген сөздер «үш жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 38) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктегі «орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша жүзеге асырылады, оны ашуды орталық депозитарийдің бұйрығы негізінде тіркеуші жүргізеді» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 39) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
39) 62-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «тіркеушінің,» деген сөз алып тасталсын;
40) 63-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы негізінде мынадай банк операцияларын жүзеге асыруға құқылы:
1) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
4) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктік қарыз операциялары;
5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруды қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру.
Брокердің және (немесе) дилердің осы тармақта көзделген банк операцияларын жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
2-тармақта:
«, кәсіптік ұйымның ішкі құжаттарында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаудың осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртібін және (немесе) шарттарын бұзғаны үшін брокер және (немесе) дилер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;