7) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін (облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) шарт жасасу эмитенттің бастамасымен болған жағдайда);
8) ұйымдастырылған нарыққа облигациялар орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімінде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйыммен жасалған шарттың көшірмесін (осындай ұйыммен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген жағдайда);
9) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібін;
10) эмитенттің аудиторлық есептермен расталған, соңғы екі қаржы жылындағы жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелерін, сондай-ақ аудиторлық есептердің көшірмелерін (жаңадан құрылған эмитенттерді қоспағанда);
11) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берер алдында соңғы тоқсанның аяғындағы не мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берер алдында соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін ұсынған жағдайда, соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесін ұсынуға міндетті;
Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда, эмитент ағымдағы жылғы 1 қаңтар - 1 маусым аралығындағы кезеңде уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін қаржылық есептілікті және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады. Аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есеп пен қаржылық есептілікті эмитент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде ұсынады.
2. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент уәкілетті органға қосымша мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент орналасқан мемлекеттің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі, дұрыстығын нотариат куәландырған оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса тіркеледі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің құрылтай құжаттарының көшірмелері, дұрыстығын нотариат куәландырған оның қазақ және орыс тілдеріндегі аудармалары қоса тіркеледі;
3) шетел мемлекетінің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейін үш айдағы кезеңде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің пруденциялық нормативтерді және бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтауы туралы хаты (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса).
3. Құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін ғана эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.
4. Микроқаржы ұйымдарының, кредиттік серіктестіктердің, өзара сақтандыру қоғамдарының және ломбардтардың мемлекеттік емес облигациялар шығаруға құқығы жоқ.
5. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және эмитентке облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) береді (жібереді).
6. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) еркін нысанда жазылған өтінішті;
2) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтыруларды;
3) электрондық түрдегі өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісі);
4) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге негіз болған шешімнің (хаттаманың) көшірмесін;
5) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасын (облигациялар саны азайған, мемлекеттік емес облигациялар түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде) ұсынады.
7. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган эмитентке:
1) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу туралы өзгертілген куәлікті (мемлекеттік емес облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі, айналыс мерзімі өзгерген, эмитенттің атауы өзгерген, эмитенттің орналасқан жері өзгерген кезде);
2) егер енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар бұрын берілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерді өзгертуді көздемесе, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны;
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды береді (жібереді).
8. Осы баптың 1-тармағының 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, егер осы құжаттар мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) немесе мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылатын күнге дейін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған болса, эмитент уәкілетті органға ұсынбайды.
9. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері
1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуді уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялардың алғашқы шығарылымын мемлекеттік тіркеу эмитенттің қалауы бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте осы құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Тіркелген облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға ұсынған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
2. Осы Заңның 10-бабының 1-тармағында айқындалған негіздерден басқа, уәкілетті орган:
1) эмитенттің бастамасы бойынша еркін делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілген;
2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста жүрген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асып кеткен;
3) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күні эмитенттің өзі шығарған, қор биржасының тізіміндегі борыштық бағалы қағаздар болмаған және осы Заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, эмитентке облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы.
Осы тармақтың күші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымына немесе бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде қолданылмайды.
3. Эмитент облигациялық бағдарлама шегінде құрылымы бойынша әртүрлі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымдарын жүзеге асыруға құқылы.»;
7) 15-бапта:
тақырыптағы «Облигациялар» деген сөз «Мемлекеттік емес облигациялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «Егер» деген сөзден кейін «мемлекеттік емес» деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақтың 7) тармақшасының бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарудың шарттарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
19-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығару
1. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және олардың айналысы қор биржасының сауда жүйесінде ғана жүзеге асырылады.
2. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау тәртібі, сондай-ақ айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 18-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19-тармақтың 10) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 18-2-бапта:
1-тармақтағы «6), 10), 11)» деген цифрлар «2), 3), 4), 5), 6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Эмитент облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде (егер бұл облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын орналастырады.»;
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «8-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ол қабылданған күннен бастап» деген сөздер «қабылданған күнінен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және тіркеушіні» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «6), 10), 11)» деген цифрлар «2), 3), 4), 5), 6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «6), 10), 11)» деген цифрлар «2), 3), 4), 5), 6) және 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 11) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 18-3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«18-3-бап. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарудың ерекшеліктері»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау тәртібі, сондай-ақ номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, номиналы шетел валютасында көрсетілген мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
12) 18-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-4-бап. Орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды сатып алу
1. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды қайталама нарықта сатып алуға құқылы.
2. Эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды:
1) эмитенттің органы облигациялардың делистингі туралы шешім қабылдаған;
2) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған ақпаратты қор биржасына ұсыну бөлігінде арнайы (листингтік) талаптарды орындамау себебімен қор биржасы эмитент облигацияларының делистингі туралы шешім қабылдаған;
3) эмитент облигацияларды ұстаушылардың бұрынғы өкілімен шартты бұзған немесе оның қолданысын тоқтатқан күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен асатын мерзімде облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасаспаған (егер облигацияларды ұстаушылардың өкілімен шарт жасасу міндеті осы Заңның талаптарында көзделген және (немесе) оны жасасуға эмитент бастамашылық жасаған жағдайда) жағдайларда сатып алуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылу шарттары қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттарына сай келетін, екінші деңгейдегі банктерге және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар шығарған (шығаратын) мемлекеттік емес облигацияларға қатысты қолданылмайды.
3. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде қосымша ковенанттар (шектеулер) белгіленуі мүмкін, олар басталған кезде эмитент өзі орналастырған облигацияларды сатып алуға міндетті.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда, эмитент орналастырылған мемлекеттік емес облигацияларды мына бағалардың ең жоғарысы бойынша:
жиналған сыйақыны ескере отырып, мемлекеттік емес облигациялардың номиналды құнына сәйкес келетін бағамен;
мемлекеттік емес облигациялардың әділ нарықтық бағасымен сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.»;
13) 19-баптың 1-тармағындағы «Облигациялардың шығарылымы мен айналымы» деген сөздер «Қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облигацияларды шығару, орналастыру, олардың айналысы және оларды өтеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 22-бапта:
19-тармақтың 14) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақта:
«Эмитент» деген сөз «Бағалы қағаздарға ақы төлеу «төлеміне қарай беру» қағидаты бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, эмитент» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тіркеушіге» деген сөз «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Эмитент мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.»;
19-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
1. Акционерлік қоғам акционерлік қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Андеррайтер акционерлік қоғамның акцияларын одан әрі орналастыру мақсатында оларды қатаң міндеттемелер әдісімен сатып алған жағдайда, акционерлік қоғам акцияларды орналастырудың есепті кезеңінің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Егер есепті кезеңде акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
2. Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларының шығарылымы мемлекеттік тіркелген күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың бірінші есепті кезеңі басталған күн болып табылады.
Өткен он екі айлық есепті кезеңнің аяқталған күнінен кейінгі күн акционерлік қоғамның акцияларын орналастырудың келесі есепті кезеңі басталған күн болып табылады.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын есептен шығару бойынша соңғы операция күні акционерлік қоғамның жарияланған акциялары толық орналастырылған күн болып табылады, осы операция жүргізілгеннен кейін эмитенттің осы жеке шотында акционерлік қоғамның жарияланған акциялары қалмайды.
3. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
2) акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті;
3) акционерлік қоғамның акцияларына ақы төлеуді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
4) акцияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған айдың немесе акционерлік қоғамның барлық жарияланған акциялары орналастырылған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша жасалған шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті ұсынады.
4. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, акционерлік қоғам уәкілетті органға акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.
5. Акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті қарау және бекіту үшін акционерлік қоғам уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) еркін нысанда жасалған ілеспе хатты;
2) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті;
3) акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастауға негіз болған шешімнің (хаттаманың) көшірмесін ұсынады.
6. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті уәкілетті орган сегіз жұмыс күні ішінде қарайды.
Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітеді.
7. Егер осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қарау процесінде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталатын болса, уәкілетті орган акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартады.
Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекітуден бас тартылған жағдайда, акционерлік қоғам бас тарту алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде пысықталған есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
8. Акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту тәртібі, акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті бекіту үшін құжаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ акционерлік қоғамның акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есепті, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті жасау және ресімдеу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
19-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «эмиссиялық бағалы қағаздарды» деген сөздер «акционерлік қоғамның акцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «Тіркеуші және орталық депозитарий» деген сөздер «Орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 17) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың тоқтатыла тұратыны туралы хабарлауды эмитент ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы жүргізеді.»;
19-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 29-бапта:
3-тармақтағы «, тіркеушіге» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтағы «Тіркеуші және орталық депозитарий» деген сөздер «Орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «, тіркеушіге» деген сөз алып тасталсын;
19-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Акционерлік қоғам:
1) акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
2) ерікті түрде таратылатын акционерлік қоғамның тарату балансын бекіткен;
3) акционерлік қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімін алған;
4) акционерлік қоғамды шаруашылық серіктестік немесе өндірістік кооператив етіп қайта құру кезінде беру актісіне қол қойған;