Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.
5. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
6) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «алуға құқылы.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 19-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
4) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге құқылы.»;
7) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 5) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;»;
«6) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
7) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.»;
16-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін береді.»;
9) 19-бапта:
16-тармақтың 5) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтанушы не аудиттеу субъектісі сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда қояды.
Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажет құжаттар қоса беріле отырып, электрондық көшірмелер немесе электрондық құжаттар түрінде электрондық нысанда жіберілуі мүмкін. Бұл ретте электрондық нысандағы сақтандыру төлемі туралы талаптар өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқаларын сақтандырушының орналасқан жері бойынша ұсынудан босатпайды.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
16-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге міндетті.
Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы талабын электрондық нысанда жөнелткен жағдайда, сақтандырушы оған осы анықтаманы электрондық нысанда ұсынуы мүмкін.»;
10) 4-тарау мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:
«19-1-бап. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде сақтанушы (пайда алушы):
талаптарын көрсете отырып және оны талап етуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша өтінішін сақтандырушыға (оның ішінде, сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге не аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін өтінішін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) немесе сотқа жіберуге құқылы.
2. Сақтандырушы сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып жазбаша жауап береді.
3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, сақтандырушы сақтанушының (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.».
17. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәбірленуші - тасымалдауды жүзеге асыру кезінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жолаушы;
2) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға;
3) жолаушының мүлкі - тасымалдау кезінде зиян келтірілгені үшін тасымалдаушы жауап беретін жолаушының багажы және жолаушының өзімен алып жүретін қол жүгі;
4) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
6) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
7) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
9) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
10) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
11) сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
12) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады;
13) тасымалдаушы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде, қалалық рельстік көлікті қоса алғанда, теміржол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігі құралын иеленетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды және олардың мүлкін ақы төлеу немесе жалдау бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
14) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген өтеу міндеті;
15) франшиза - сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.»;
2) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізгі қағидаттары:
жәбірленушілердің мүліктік мүдделерін осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен қорғауды қамтамасыз ету;
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы;
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету болып табылады.»;
17-тармақтың 3) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспай жолаушыларды тасымалдауға жол бермеу
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушыларды тасымалдауына жол берілмейді.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын тасымалдаушы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
3. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері және көліктік бақылау органдары құжаттарды тексеру кезінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті тасымалдаушының орындауын тексеруге міндетті.
4. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы баптың 1-тармағын бұзғаны үшін тасымалдаушы лицензиясының қолданысын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.»;
4) 8-баптың 5-тармағы алып тасталсын;
5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жолаушылар көлігіндегі оқиға және оның салдары туралы ақпарат қолында бар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтандырылушыға, пайда алушыға және сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.»;
17-тармақтың 6) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 10-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеуі арқылы жасалады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін сақтанушының өтініші негіз болып табылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілуге жататын талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтанушы мен сақтандырушы арасында сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресімделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленеді.»;
6-тармақ алып тасталсын;
17-тармақтың 7) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 3-тарау мынадай мазмұндағы 10-1-баппен толықтырылсын:
«10-1-бап. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушыға және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу кезінде сақтандырушының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу үшін өтініш беру кезінде сақтанушыдан мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды пайдалану талап етілмейді.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
2. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасындағы электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтандырушы:
1) сақтанушыға тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаны электрондық хабар түрінде дереу жөнелтуді;
2) сақтанушының тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандырушының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электрондық нысанда сақтауды;
4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін бағалауды жүргізу;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтініштерді, хабарламаларды және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандырушыға жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде, осы сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтанушымен сақтандырушы ұсынған талаптарда жасалды деп есептеледі.
5. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу кезінде сақтанушы осы Заңда көзделген сақтандыру талаптарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді, сол арқылы өзіне ұсынылған талаптарда осы қосылу шартын жасасуға өзінің келісетінін растайды.
6. Сақтандырушы тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
8) 12-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан және осы сақтандырушымен тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жаңа шартын жасасқан кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
ССБ = СС * n/N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
СС - тасымалдаушыны міндетті сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
n - тасымалдаушыны міндетті сақтандыру шарты күшіне енген күннен бастап, өтініш жасалған күнді қоса алғанда, оны мерзімінен бұрын тоқтатқан күнге дейін өткен мерзім (күнмен);
N - тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған мерзім (күнмен).»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың 3-тармағында көзделген шарттар сақталмаған кезде сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде мынадай мөлшерлерде ұстап қалуға құқығы бар:
р/с | Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты күшіне енген кезден бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған кезге дейін өткен мерзім | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан пайызбен) |
1 | 2 | 3 |
1 | 1 айды қоса алғанға дейін | 20 |
2 | 1 айдан 2 айды қоса алғанға дейін | 30 |
3 | 2 айдан 3 айды қоса алғанға дейін | 40 |
4 | 3 айдан 4 айды қоса алғанға дейін | 50 |
5 | 4 айдан 5 айды қоса алғанға дейін | 60 |
6 | 5 айдан 6 айды қоса алғанға дейін | 70 |
7 | 6 айдан 7 айды қоса алғанға дейін | 75 |
8 | 7 айдан 8 айды қоса алғанға дейін | 80 |
9 | 8 айдан 9 айды қоса алғанға дейін | 85 |
10 | 9 айдан 10 айды қоса алғанға дейін | 90 |
11 | 10 айдан 11 айды қоса алғанға дейін | 95 |
12 | 11 айдан жоғары | 100 |
»;
9) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
17-тармақтың 9) тармақшасының екінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
10) 14-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын тараптардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруға;
2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;»;
мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде, оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға;»;
«5-1) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талабын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;
5-2) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алынған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;»;
11) 15-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 24-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;»;
17-тармақтың 12) тармақшасының бірінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) 16-бапта:
17-тармақтың 12) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалана отырып жасалған жағдайда, сақтандырушының ұйғаруы бойынша сақтанушыға осы бапқа және осы Заңның 17-бабына сәйкес есептелген, төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының он пайызынан аспайтын мөлшерде шегеріс берілуі мүмкін.
Бұл ретте тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір мезгілде сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы мен шегеріс (болған кезде) ескерілген сақтандыру сыйлықақысының сомасы көрсетілуге тиіс.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланбай өзге тәсілдермен, оның ішінде сақтандыру агенттері арқылы жасасу кезінде шегерістер беруге жол берілмейді.»;
13) 17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Теміржол тасымалынан басқа, жолаушылар тасымалының өзге де түрлерін жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша ұлғайтуы мүмкін, бірақ ол 2 еседен аспауға тиіс.»;
17-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 18-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлеу мүмкіндігін сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы береді.»;
15) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ тасымалдау кезінде жолаушылардың мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктеледі.»;
16) 20-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бөлек көрсетілуге және кемінде мынадай мөлшерлерді құрауға (айлық есептік көрсеткіштермен):
әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға алып келсе:
қаза табуға - 5 000;
мүгедектіктің:
І тобы белгіленсе - 5 000;
ІІ тобы белгіленсе - 3 500;
ІІІ тобы белгіленсе - 2 500;
мүгедек балаға - 5 000.
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбеген өзге де зақымдануына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге іс жүзіндегі шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден аспауға;
әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден аспауға тиіс.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: