Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.»;
65) 200-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«200-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғаның салық салудан босатылатын кірістері»;
66) 201-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бейрезидент жеке тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында айқындалған кірістеріне салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген мөлшерлемелер бойынша төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады.
Төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді және ұстауды салық агенті бейрезидент жеке тұлғаға кірістерді төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Кірісті шетелдік валютамен төлеу кезінде төлем көзінен салық салуға жататын кіріс мөлшері валюта айырбастаудың кіріс төленетін күнгі нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Бейрезидент жеке тұлғаның төлем көзінен салық салуға жататын кірістерінен жеке табыс салығын бюджетке аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы тармаққа сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеуді салық агенті салық шегерімдерін жүзеге асырмай, осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 155-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында айқындалған кірістерді қоса алғанда, төлем көзінен салық салынатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшаларында айқындалған кірістер сомасына қолдану жолымен жүргізеді.»;
2-тармақтың 67) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
67) 205-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кірістер мен мүлік туралы декларацияны Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісті алатын бейрезидент жеке тұлға осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімдерде салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жері бойынша салық органына осы Кодекске сәйкес ұсынады.
Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен, ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда бейрезидент жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға және жеке табыс салығын ағымдағы салық кезеңі ішінде төлеуге құқылы. Кірістер мен мүлік туралы декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейінгі кезең үшін ұсынылады.»;
2-тармақтың 68) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
68) 25-тарау мынадай мазмұндағы 205-1-баппен толықтырылсын:
«205-1-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну
Бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны бейрезидент үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.
Бейрезидент үй жұмыскері болып табылатын, салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығатын күніне дейін ұсынылады.»;
69) 221-1-бап алып тасталсын;
2-тармақтың 70) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
70) 231-баптың 3-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) жеке тұлғаның жеке мүлкін дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаның өткізуі бойынша айналым;»;
2-тармақтың 71) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
71) 248-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтерді;»;
72) 357-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік және екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген төлеушілер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында көрсетілген жұмыскердің кірістері бойынша шығыстары), сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық агентінің осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша шығыстары салық салу объектісі болып табылады.
Осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 26), 26-1), 27), 29), 31), 32) және 34) тармақшаларында және 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер, сондай-ақ:»;
73) 363-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«363-бап. Салық кезеңі және есепті кезең
1. Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
2. Күнтiзбелiк тоқсан осы Кодекстiң 67-бабының 2-тармағында көрсетілген салық декларацияларын толтыру үшін есепті кезең болып табылады.»;
2-тармақтың 74) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
74) 364-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Төлеушi жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша) орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.»;
2-тармақтың 75) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
75) 416 және 417-баптар алып тасталсын;
2-тармақтың 76) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
76) 17-бөлім алып тасталсын;
2-тармақтың 77) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
77) 428-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған дербес компьютерлерді, ойын жолдарын, карттарды, бильярд үстелдерін пайдаланып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға;»;
78) 429-бап 3) тармақшасындағы «мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.» деген сөздер «мөлшерінен аспайтын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) мынадай қызмет түрлерінің бірін немесе бірнешеуін:
сылақ жұмыстарын;
ағаш ұсташылығы мен шеберлігі жұмыстарын;
еден жабу және қабырға қаптау жөніндегі жұмыстарды;
бояу және шынылау жұмыстарын;
такси қызметін;
автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды;
сыйақы үшін немесе шарт негізінде жылжымайтын мүлікті басқаруды;
фотосурет саласындағы қызметті;
аударма (ауызша және жазбаша) ісін;
мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ойын-сауық және спорттық керек-жарақтарды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
бейнежазбалар мен дискілерді прокатқа беруді;
өзге де жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды прокатқа беруді және мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
есептеу техникасын қоса алғанда, кеңсе машиналары мен жабдығын мүліктік жалдауға (жалға) беруді;
спорттық білім және бос уақытты ұйымдастыру мамандарына білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
мәдениет аясындағы білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
басқа да білім беру саласында көрсетілетін қызметтерді;
қосалқы білім беру қызметтерін;
өнер саласындағы қызметті;
компьютерлерді және перифериялық жабдықты жөндеуді;
коммуникациялық жабдықты жөндеуді;
жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеуді;
шаштараз қызметтерін;
маникюрді және педикюрді;
ветеринариялық қызметтерді;
жер учаскелерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
тұрғын үй-жайларды жинау және үй шаруашылығын жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді;
базарларда, вокзалдарда жүк тасушылар көрсететін қызметтерді;
музыкалық аспаптарды жасауды және жөндеуді;
үй жануарларын бағуды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер қолданады.»;
79) 432-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
2-тармақтың 80) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
80) 442-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шаруа немесе фермер қожалықтары басшысының (мүшесінің) осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген кірісін қоспағанда, шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметiнен түскен кірістерден, оның ішінде осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметпен байланысты шығындарды (шығыстарды) жабуға мемлекеттік бюджет қаражатынан алынған сомалар түріндегі кірістерден алынатын жеке табыс салығын;»;
81) 556-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тәртіп жүргізілетін тұлғалардың тізбесін уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп айқындайды.»;
82) 557-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жеке тұлғалардың декларацияларын ұсынған жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі туралы;
8-2) кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке табыс салығының артық төленген сомасын қайтару жөніндегі талаптың бар (жоқ) екендігі туралы;
8-3) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жариялануға жататын;»;
2-тармақтың 83) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
83) 568-баптың 1-бабы екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Кодекстің 411 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше ойын бизнесі салығы мен бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.»;
2-тармақтың 84) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
84) 569-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«ойын бизнесі салығы салынатын қызмет бойынша осы Кодекстің 411-бабында көрсетілген тұлғалардың;»;
2-тармақтың 85) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
85) 574-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 86) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
86) 579-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «тіркелген салық бойынша, жеңілдетілген», «ұсынған» деген сөздер тиісінше «оңайлатылған», «ұсынбаған» деген сөздермен, 3-тармағының үшінші абзацындағы «тіркелген салық бойынша жеңілдетілген» деген сөздер «оңайлатылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
87) 581-бапта:
12) тармақшада:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«тексерілетін жеке тұлғаның;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметті салық органынан сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
Осы баптың 12) тармақшасының сегізінші абзацын қоспағанда, 12) тармақшасында және 12-1) тармақшасының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;»;
88) 583-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«583-бап. Уәкілеттi мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті адамдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі мiндеттерi»;
мынадай мазмұндағы 7-3, 7-4, 7-5, 7-6, 7-7, 7-8 және 7-9-тармақтармен толықтырылсын:
«7-3. Нотариустар жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары бойынша:
1) мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүліктер, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік туралы;
2) қабылданған мұра туралы;
3) егер мәміледе (шартта) көзделген баға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кетсе, осы тармақта көрсетілмеген басқа да мәмілелер мен шарттар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көрсетілген ақпаратты ұсыну нысанын, тәртібін және мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісу бойынша белгілейді.
7-4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша ұсынуға міндетті.
7-5. Брокерлер салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер жасауы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
7-6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органға жеке тұлғалар туралы қолда бар мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысанда, мерзімдерде және тәртіппен ұсынуға міндетті.
7-7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері салық органының сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
7-8. Білім беру ұйымдары салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда және тәртіппен мәліметтер ұсынуға міндетті.
7-9. Денсаулық сақтау субъектілері салық органының тексерілетін жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында медицинаға жұмсаған шығыстарды растау туралы талабын алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 606-4-бабында белгіленген нысанда және тәртіппен мәліметтер ұсынуға міндетті.»;
89) 584-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-2-тармақпен толықтырылсын:
«4-2. Жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынғаны туралы ақпарат жеке тұлғалардың декларацияларды ұсынуының осы баптың 2-тармағында белгіленген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтында орналастырылады.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қоспағанда, салық кезеңі көрсетілмесе, салық органдарына ұсынылмаған деп есептеледі. Осындай декларация ұсынылатын салық кезеңі осы Кодекске сәйкес айқындалады, немесе»;
2-тармақтың 90) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
90) 590-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Жеке тұлғаның кірісінен есептелген жеке табыс салығының бюджетке төленуге жататын, кірістері мен мүлкі туралы декларация бойынша қалыптасқан сомасы салық органында жеке тұлғаның дербес шотында:
1) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша - орналасқан жері бойынша;
2) осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлға бойынша - тұрғылықты (болатын) жері бойынша көрсетіледі.
4. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетудің расталған сомасы жеке тұлғаның дербес шотында осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген қорытындының негізінде осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке тұлғаның тұрғылықты (болатын) жері бойынша салық органында көрсетіледі.»;
2-тармақтың 91) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
91) 599-баптың 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің осы бабының және 600, 602 және 606-5-баптарының мақсаттарында:»;
2-тармақтың 92) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
92) 83-тарау мынадай мазмұндағы 2-параграфпен және 606-1, 606-2, 606-3, 606-4 және 606-5-баптармен толықтырылсын:
«2-параграф. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару
606-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген асып кету туындаған кезде салық органы осы тарауда көзделген тәртіппен жүзеге асыратын салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін жеке табыс салығы бойынша осындай асып кетуді осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімде есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқылы.
2. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару туралы талап жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізуге негіз болып табылады.
606-2-бап. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру
1. Жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеру - салық органдары кірістер мен мүлік туралы декларацияда мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау мақсатында жүргізетін рәсім.
2. Салыстырып тексеру барысында:
1) кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерді салық агенттері мен уәкілетті адамдардың деректерімен салыстыру;
2) салық шегерімдерін қолданудың негізділігін және осы Кодекстің 156-2-бабына сәйкес салық шегерімдері деп танылатын шығыстардың сомаларын растау;
3) есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау;
4) осы Кодекстің 606-3 және 606-4-баптарында көзделген құжаттарды ресімдеу жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің алшақтығы анықталған кезде жеке тұлғаға осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес жіберілген хабарламаны орындау осы Кодекстің 587-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
606-3-бап. Салық агенттерінің мәліметтері негізінде жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
Салық органы кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген мынадай мәліметтерді:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістерді;
2) салық салудан босатылатын, осы Кодекстің 156-бабында көзделген кірістерді;
3) осы Кодекстің 156-2-бабында белгіленген, төлем көзінен салық салуға жататын кіріске қолданылған салық шегерімдерін;
4) жеке табыс салығының төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген сомасын салық агенттерінің тиісті мәліметтерімен салыстырып тексереді.
606-4-бап. Білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған шығыстар бойынша салық шегерімдерінің сомасын растау үшін жеке табыс салығы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
1. Салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талапты көрсете отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың 15 қазанынан кешіктірмей:
1) тиісті уәкілетті адамдарға - Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растау туралы талапты;
2) жеке тұлғаға - медициналық қызмет көрсетулерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде алғанын растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды;
3) банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін құзыретіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау кіретін уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын ұйымдарға - жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияда көрсетілген жеке тұлғаның (шот иесінің) келісімі негізінде Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін жеке тұлға алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау туралы талапты жібереді.
2. Талаптар осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандарға - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаны кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандарға - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
3. Салық органдарының талабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында білім беруге, медицинаға, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге жеке тұлға жұмсаған шығыстар туралы мәліметтерді растауды осы Кодекстің 581 және 583-баптарында белгіленген мерзімдерде уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
1) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрғандар - веб-қосымша арқылы немесе хабарламаға кепілдікті жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша жіберу арқылы электронды тәсілмен;
2) электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмағандар - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынады.
4. Салық органдарының осы бапта көзделген талаптарының нысандарын және оларды толтыру қағидаларын уәкілетті орган тиісінше Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
5. Уәкілетті адамдар, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салық органдарының талабында көрсетілген мәліметтерді осы Кодекстің 581 және 583-баптарында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда салық органы жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей, жеке тұлғаға медициналық қызмет көрсетулерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыларды өтеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсыну қажеттігі туралы сұрау салуды жібереді.
6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда жеке тұлға келу тәртібімен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару және (немесе) есепке жатқызу туралы талап көрсетіле отырып, кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей, тұрғылықты жері бойынша салық органына:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде медициналық қызмет көрсетулерге;
2) осы баптың 5-тармағында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызмет көрсетулерге және білім беру қызметтеріне ақы төлеуге;
3) жеке тұлға тұрғын үй сатып алу үшін алған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды растау құжаттарының түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін белгіленген мерзімде ұсынбау жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растамауға және осы баптың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген қорытындыны жіберуге негіз болып табылады.
7. Уәкілетті адамдардан, банктерден немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мәліметтердің, жеке тұлғаның осы бапқа сәйкес ұсынылған құжаттары түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің негізінде салық органы жеке тұлғаның салық шегерімдерін қолдану негізділігін тексереді, есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға мәлімделген, жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растайды және мынадай: