1) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толығымен растау туралы;
2) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын толық растамаудың себептері көрсетілген бөлігінде растау туралы;
3) жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын себептерін көрсете отырып, растамау туралы қорытындыларды жинақтайды.
8. Осы баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қорытындылар:
1) электрондық салық төлеушіге - веб-қосымша арқылы электронды тәсілмен;
2) қалған салық төлеушілерге - хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі.
9. Салық органдары толығымен растаған жеке табыс салығы бойынша асып кету сомалары туралы мәліметтер жеке тұлғаларға осы Кодекстің 92-тарауында белгіленген тәртіппен беріледі.
606-5-бап. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару тәртібі
1. Осы Кодекстің 159-1-бабына сәйкес есептелген, жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша мәлімдеген асып кету сомасының шегінде толығымен немесе осы Кодекстің 606-4-бабының 7-тармағында көзделген бөлігінде жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын растау туралы қорытындының негізінде жүргізіледі.
2. Жеке тұлғада салық берешегі болған кезде салық органы артық төленген салық, төлем, алым және өсімпұл сомасын есепке жатқызуды жүргізу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жеке табыс салығы бойынша асып кетуді салықтар, алымдар, төлемдер бойынша қолда бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуды жүргізеді.
3. Қолда бар салық берешегі өтелгеннен кейін кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген талапқа байланысты алдағы төлемдер есебіне есепке жатқызу және (немесе) банк шотына қайтару жүргізіледі.
4. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу туралы талапта көрсеткен салықтар бойынша алдағы төлемдер есебіне жүргізіледі.
5. Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару жеке табыс салығы бойынша асып кетуді қайтару туралы талапта көрсетілген банк шотына жүргізіледі.
6. Жеке тұлға кірістер мен мүлік туралы декларацияда бір мезгілде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және қайтару бойынша талапты көрсеткен жағдайда салық органы алдағы төлемдер есебіне жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды, ал жеке табыс салығы бойынша асып кету сомасын есепке жатқызудан кейін қалған бөлігінде - банк шотына қайтаруды рет-ретімен жүргізеді.
7. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынған жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару бойынша талап көрсетілген, бірақ банк шотының деректемелері көрсетілмеген кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған кезде жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі.
Кірістер мен мүлік туралы декларация осы Кодекстің 187-5-бабында белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған, сондай-ақ жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару бойынша талапты көрсету және банк шотының деректемелерін көрсету бөлігінде кірістер мен мүлік туралы қосымша декларация ұсынылған жағдайда жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызу және (немесе) қайтару осындай кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған күннен бастап он екі ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда есепке жатқызу және (немесе) қайтару мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.
9. Жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
93) 607-баптың 2-тармағында:
4) тармақшаның бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4) салық есептілігінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы - солар бойынша хабарлама жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны ұсыну мерзімінен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілетін корпоративтiк кіріс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жеке тұлғалар декларацияларының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынылмауы туралы - декларация ұсынылатын жылдың 15 қазанынан кешіктірмей;»;
2-тармақтың 94) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
94) 610-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өсімпұл салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, оның ішінде солар бойынша аванстық және (немесе) ағымдағы төлемді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.»;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Салық органдары тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін есептеген салық сомаларын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жер салығы мен көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.»;
95) 625-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтық бақылауды жүзеге асыру үшін, оның ішінде:»;
96) 626-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары
Осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін салық органдары салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігінің деректерін, уәкілетті мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, уәкілетті адамдардан алынған мәліметтерді, салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарды және (немесе) мәліметтерді талдауды, сондай-ақ жеке тұлғаларды камералдық бақылау нәтижелерін пайдаланады.»;
97) 643-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«643-бап. Жекелеген жағдайларда салық салуға жататын кірістерді айқындау»;
1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмеген немесе осы Кодекстің 187-2-бабында белгіленген талаптарды бұза отырып көрсетілген мәліметтер жеке тұлғалардың шығыс көздерін растау үшін негіз бола алмайды.
1-2. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 21-1-бөлімінде көзделген декларациясында көрсетілген мынадай:
1) осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттегі мүлік туралы;
2) дебитор және (немесе) кредитор болып табылатын жеке тұлға немесе заңды тұлға осы Кодекстің 224-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген жағдайда басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешектері (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешектері (кредиторлық берешегі) туралы мәліметтер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органы берген растау құжаттары болған кезде ғана жеке тұлғаның шығыстарын жүзеге асыруға бағытталған кірістерді растау үшін ескерілуі мүмкін.»;
98) 89-тарау мынадай мазмұндағы 643-1-баппен толықтырылсын:
«643-1-бап. Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірісін жанама әдіспен айқындау
1. Осы бап жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша салық міндеттемесінің туындауына әкеп соғатын декларацияларында ол көрсеткен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын айқындау мақсатында жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру барысында қолданылады.
2. Осы баптың қолданысы дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға қатысты оның осындай қызметті жүзеге асыруы кезеңінде қолданылмайды.
3. Егер жеке тұлғаның салық декларацияларында көрсеткен кірістері оның жұмсаған шығыстарына, соның ішінде мүлік сатып алуға жұмсаған шығыстарына сәйкес келмейтін болса, салық органдары жеке тұлғаларды салықтық тексеру барысында жеке тұлғаның кірісін айқындаудың жанама әдісінің мынадай түрлерін қолдануға құқылы:
1) активтердің құн өсімі әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті сатып алуға арналған шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс осы тармақшада көрсетілген, белгілі бір кезең ішіндегі мүлік өсімінің құнын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
2) шығындарды есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстар болған жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс жеке тұлғаның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген шығыстарын жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады;
3) банк шоттарындағы қаражаттың қозғалысын есепке алу әдісі жеке тұлғада салықтық бақылаумен қамтылған кезеңде банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтары өзгерген жағдайда пайдаланылады.
Бұл әдіс банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарда жеке тұлғаның ақша жинақтарының өзгеруін жеке тұлғаның декларациясында көрсетілген кірістермен салыстыру жолымен қолданылады.
4. Салықтық тексеруді жүргізу кезінде қажет болған жағдайда салық органдары осы бапта айқындалған әдістердің комбинациясын пайдалануы мүмкін.
5. Осы бапта айқындалған әдістерді қолдану кезінде салықтық тексеруді жүргізу барысында жеке тұлғаның міндеттемелері ескеріледі.
6. Жеке тұлғаның кірістерін осы бапта көрсетілген әдістермен айқындау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.»;
99) 657-бап мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке тұлғалардың декларацияларын салық органдарының мобильдік топтарының уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қабылдауы арқылы салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көмек көрсетеді.
Осы Кодекстің мақсатында жеке тұлғаларға декларациялар толтыру жөнінде консультация беретін және салық төлеушілердің жекелеген санаттарынан осындай декларациялар қабылдауды жүзеге асыратын салық органдары қызметкерлерінен тұратын көшпелі топ салық органының мобильдік тобы болып табылады;».
3. 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-I, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат):
1) мазмұнындағы 244-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-бап. Жеке тұлғаның салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы»;
2) 244-бапта:
тақырыбы мен бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«244-бап. Жеке тұлғаның салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы
1. Жеке тұлғаның декларация ұсынуы міндетті болып табылатын жағдайларда декларацияны ұсынбау жолымен не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен салықты немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, -»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны бірінші рет ұсынбаған не аталған декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді бірінші рет енгізген жеке тұлға, егер бұл іс-әрекет салық және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, жанама әдіспен айқындалған салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша жеке табыс салығын төлеген жағдайда осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жазалаудан босатылады.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат):
169-баптың 8-тармағының 8) тармақшасындағы «ұсынуға;» деген сөз «ұсынуға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақшасы алып тасталсын.
5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
1) мазмұнында:
272-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну»;
274-баптың тақырыбы алып тасталсын;
471-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
2) 272-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«272-бап. Салық есептiлiгiн, шартты банк салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салық есептiлiгiнде толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде ұсынбау -
ескерту жасауға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
«2-1. Салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда толық емес, анық емес мәліметтерді ұсыну -
ескерту жасауға әкеп соғады.
2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Осы баптың 2-1 және 2-2-бөліктерінің ережелері активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер тиісті мемлекеттік органдарда болған кезде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда осындай мәліметтер көрсетілмеген жағдайда қолданылмайды.»;
3) 274-бап алып тасталсын;
4) 285-баптың үшінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік кіріс органының сұрау салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, салық төлеушілердің осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы ақпаратты ұсынбау түрінде орындамауы - »;
5) 471-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.»;
6) 720-баптың бірінші бөлігіндегі және 721-баптың бірінші бөлігіндегі «274,» деген цифрлар алып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж.,№ 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18,72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18,21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 г. № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат):
6-тармақтың 1) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 17-1-баптың 4-тармағының 3-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.»;
2) 50-бапта:
6-тармақтың д) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«тексерілетін жеке тұлғаға;»;
6-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың осы тармағында, 6-тармағының д) тармақшасында, 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтарында көзделген мәліметтер мемлекеттік кіріс органының сұрау салуы негізінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана уәкілетті органмен келісу бойынша ұсынылады.»;
мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3 және 6-4-тармақтармен толықтырылсын:
6-тармақтың 2) тармақшасының жетінші - он бірінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«6-2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға оның сұрау салуы негізінде мынадай:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғалардың банк шоттарының бар-жоғы, нөмірлері туралы және олардың осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
2) сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті жеке тұлғаларға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған жеке тұлғаларда активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сұратады.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұрау салуына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың тізімі қоса берілуге тиіс.
6-3. Тексерілетін жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы, оның ішінде сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомалары көрсетілген мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кіріс органдарының сұрау салулары бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұсынады.
Мемлекеттік кіріс органдары осы тармақта көрсетілген мәліметтерді тексерілетін тұлғаға салық салумен байланысты мәселелер бойынша салықтық әкімшілендіру мақсатында пайдаланады.
6-тармақтың 2) тармақшасының он төртінші абзацы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6-4. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрғын үй сатып алу үшін алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуі туралы мәліметтерді беру бөлігіндегі банктік құпия мемлекеттік кіріс органдарының талабы негізінде ашылуы мүмкін. Мемлекеттік кіріс органдарының талабы банктердің немесе жекелеген банктік операциялар түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеу туралы мәліметтер беруіне жеке тұлға (шот иесі) келіскен жағдайда ресімделеді.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 54-1-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылатын кірістер мен мүлік туралы декларацияның көшірмесін беруге тиіс.».
7-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 26-баптың 6-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпаратты, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесін және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесін ұсынады.